Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 14:30, реферат

Описание работы

Бұл рефератта негізінен, біз банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздерімен, яғни негізгі бөлімінде біз банктің депозиттік емес ресурстарымен және коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуімен танысамыз. Банктің депозиттік емес ресурстарына:
банктің қысқа мерзімді өтелімдігін қолдау мақсатында тартылатын банкаралық несиелер,
Ұлтық банктің несиелері,
банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары,
отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім

2.1.Банктің депозиттік емес ресурстары

2.2.Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері..docx

— 39.85 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым  министрлігі

Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-і 
 

Реферат 
 

Тақырыбы: Банктік операцияларды  қорландырудың депозиттік емес көздері. 

                                                                        Орындаған: Сюмағанбетова Б.М.

                                                                                           Қаржы – 233 топ

                                                                             Тексерген: Қасымбекова Г.Р. 
 
 
 
 
 

                                               Алматы 2011

Жоспар: 

Кіріспе

Негізгі бөлім

    2.1.Банктің  депозиттік  емес  ресурстары

      2.2.Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

   Бұл рефератта негізінен, біз банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздерімен, яғни негізгі бөлімінде біз банктің  депозиттік  емес  ресурстарымен және коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуімен танысамыз. Банктің депозиттік емес ресурстарына:

  • банктің  қысқа  мерзімді  өтелімдігін  қолдау  мақсатында  тартылатын банкаралық  несиелер, 
  • Ұлтық  банктің  несиелері,
  • банктердің  меншікті  бағалы  қағаздарын  эмиссиялау  нәтижесінде  тартқан  ресурстары, 
  • отандық  және  шетелдік  басқа  да  қаржы  нарығынан  сатып  алынған  ресурстары  жатады.

   Қазақстан Респупликасының активтік банктік  операциялары:

  • Несиелік операциялар;
  • Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;
  • Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);
  • Кассалық операциялар
  • Делдалдық-комиссиондық операцияларбойынша бөлінетіндігін де білетін боламыз.
 
 

    
 
 
 
 
 
 

2.1.Банктің  депозиттік  емес  ресурстары 

     Банкаралық  несие – бұл  коммерциялық банктердің  бір–біріне беретін несиелері. Банкаралық  несие  бұл  басқа  ресурстармен  салыстырғанда  өте  қымбат  ресурс  болып  табылады. Банкаралық  несиенің  негізін  банкаралық  депозиттер – бұл  банктердің  бір – бірінде ашқан корреспонденттік  шотындағы қаражат қалдықтары.

     Депозиттік  емес  қаражаттардың  бір  түріне  Ұлттық  банктің коммерциялық банктерге  қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған  мынадай несиелерін  жатқызуға  болады: овернайт  (бір  түндік)  және  күндізгі  заемдар.

     Овернайт  – банктердің  Ұлттық  банктегі  корреспонденттік  шотында  дебеттік  қалдықтың  пайда  болуына  байланысты  бір  түнге  берілетін  несие. Мысалға,  оны  бүгін  кешке  алған  жағдайда,  ертеңіне  кешке  қайтаруға  тура  келеді.  Кей  жағдайда  бұл  несиені  алу  жұмыс  аптасының  соңғы  күні  немесе  жұма  күнге  түссе,  онда  несие  келесі  аптаның  бірінші  күні  қайтарылуы  тиіс.

     Күндізгі  заем – банктік  жұмыс  күні  ішінде  банктердің  Ұлттық  банкте  ашқан  корреспонденттік  шотында  уақытша  қаражат  жоқтығына  немесе  жетіспеуіне  байланысты  ақшалай  ауларымдар  иен  төлемдер  жасау  мақсатында  берілетін  несие.

     Бұл  аталған  несиелер қысқа  мерзімді.  Ұлттық  банк  екінші  деңгейдегі  банктерге  бүгінгі  күні  орта  және  ұзақ  мерзімде  несиелер  бермейді. Бағалы  қағаздарды  қайта  сатып  алу  негізінде  сату  келісімі  (РЕПО  операциясы) – қазыналық  міндеттемелермен  қамтамасыз  етілетін  қысқа  мерзісді  займның  түрін  білдіреді. Мұндағы  қарыз  алушының  міндеттемесі,  яғни  ол  келісілген  күні  және  алдын  ала  белгіленген  бағада,  өзінің  сатқан  бағады  қағазын қайта сатып алуды көздейді.

     Ұлттық  банктерде  вексельдерді  қайта  есепке  алу  және  несие  беру – бұл  қосымша  қаражатқа  деген  қажеттілікке  байланысты  коммерциялық  банктердің  Ұлттық  банкке  өздерінің  вексельлерін  кепілге  бере  отырып,  ресурстар  тарту  тәсілі.

     Банктік  ресурстарды  тартудың  жаңа  бір  формасына  банктің  вексельдерін  жатқызуға  болады.  Банктер  тек  қарапайым  вексельді  ғана  шығарады.  Банк вексельдерін шығарудағы артықшылықтарға:

  • біріншіден, вексельді тауарлар  мен  көрсетілетін  қызметтер  үшін  есеп айырысуда пайдаланылады; 
  • екіншіден, вексельдер несие  алу  барысында  кепілдік  ретінде  жүреді; 
  • үшіншіден, вексельді жеке  және  заңды  тұлғалар  қолдана алады; 
  • төртіншіден, вексельдің өтімділігі  жоғары; 
  • бесіншіден, вексельдер бойынша  дисконт  мөлшерлемесі  жоғары; 
  • алтыншыдан,  вексельдің заңды  немесе  жеке  тұлғаға  өту барысында шектеулік болмайды;
  • жетіншіден, вексельдің мерзімі  әр  түрлі болады.

   Коммерциялық  банктер  өздерінің  меншікті  капиталы  мен  банктік  ресурстар  көлемін  ұлғайту  мақсатында  облигациялау  арқылы  қосымша  қаражат  тартады.  Облигацияларды  отандық  тәжірбиеде  көбіне  ірі  коммерциялық  банктер  шығарып  отыр.  Мұндай  қарыздық  міндеттемелер  түрлерін  шығару  бір  жағынан банк  капиталын,  екінші  жағынан,  оның  ресурстарын ұлғайтуға мүмкіндік береді.  Бұл операциялардың  басты мақсаты – банктің өтімділігін жақсарту. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2. Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі

     Активтік  операциялар бұл банктердің табыс  алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар  ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.

     Банктің активтік операцияларының маңызды  бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды.

     Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару  шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетiн ссудалық капитал қозғалысы. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылығы бар. Несие – банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бiр формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.

     Қарыз берушi – қарызды беретiн несиелiк  қатынастардың бiр жағы. Қарыз  берушi – бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi  субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.

     Қарыз алушы – бұл несиенi алушы және оны қайтаруға мiндеттi, несиелiк  қатынастардың екiншi жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлi.

     Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар  несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объектi де жатады. Беру объектiсi – бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құн.

     Несие түрi – бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi қызметтерiнiң, яғни әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық сақталатын көрiнiсiн  бiлдiредi. Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн нсеиенi – коммерциялық, ал ақша түрiндегi несиенi банктiк деп атйды.

     Банктiк  несие – бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде  берiлетiн несиенi бiлдiредi. Банктiк несие – бұл экономикадағы кеңiнен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк несие бойынша несиелiк қатынастардың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк және арнайы қаржы мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде: кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты – пайыз түрiнде табыс алу.

     Несиелер  берiлу шартына қарай келесi түрлерге бөлiнедi:

     Тұтыну  несиесi – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшiн және тұрмыстық қызметтердi өтеуге берiлетiн  несие.

     Ипотекалық  несие – бұл қозғалмайтын мүлiктердi (тұрған үйдi, өндiрiс ғимараттарын, жердi және т.с.с.) кепiлге ала отырып, ұзақ мерзiмге берiлетiн несие.

     Овердравт несиесi – клиенттiң шотынан қаражатты  шегеру, дебеттiк қалдық бойынша  берiлетiн қысқа мерзiмдi несиенiң  формасы.

     Овернайт  несиесi - өтiмдiлiктi қолдау мақсатында бiр түнге берiлетiн банкаралық несиенiң түрi;

     Онкольдық несие – кредитордың алғашқы  талабы бойынша өтелетiн қысқа  мерзiмдi несие;

     Банкаралық  несие – банктердiң бiр-бiрiне беретiн несиесi;

     Ломбардтық  несие – тез iске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепiлге  алып, берiлетiн несие;

     Лизингтiк  несие – құрал-жабдықтарды жалға  алумен байланысты берiлетiн несие;

     Сенiм  несиесi – банктiң сенiмiне кiрген, төлем қабiлетi жоғары клиенттеге берiлетiн  несие;

     Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсiмдi алу мерзiмi арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Мысалы, бұл несие  ауыл шаруашылығында жиi кездеседi.

Жалпы қорытындылай келе,         банктер несие беру барысында  несиелiк саясатты iске асырады. Несиелiк саясат – банктiң несиелiк жұмысын ұйымдастыру негiзiн және несиелеу процесiне қажеттi құжаттар жұйесiн жасау шарттары.

     Банктің инвестициялық операциялары – несиелік опеарциялардан кейінгі орында тұрады. Бұл операциялар негізінен бағалы қағаздар портфелі арқылы қалыптасады. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырдың мақсаттарына банкке табыс әкелу және өтімді активтер қатарын толықтыру.

     Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

  • Мемлекеттік бағылы қағаздар;
  • Корпоративтік бағалы қағаздар.

Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық  операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер  бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.

     Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да  орналастыруы дамы пкеле жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:

1)    Акциялар;

2)    Облигациялар;

3)    Депозиттік және жинақ сертификаттары;

4)    Ипотекалық куәліктер;

5)    Депозитарлық қолхаттар.

     Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық  операциялардың негізгі бөлігі акция  мен облигация негізінде дамып  отырғаны белгілі.

Информация о работе Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері