Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 14:30, реферат

Описание работы

Бұл рефератта негізінен, біз банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздерімен, яғни негізгі бөлімінде біз банктің депозиттік емес ресурстарымен және коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуімен танысамыз. Банктің депозиттік емес ресурстарына:
банктің қысқа мерзімді өтелімдігін қолдау мақсатында тартылатын банкаралық несиелер,
Ұлтық банктің несиелері,
банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары,
отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім

2.1.Банктің депозиттік емес ресурстары

2.2.Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері..docx

— 39.85 Кб (Скачать)

     Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар  типтес, яғни банкке  табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.

     Лизинг  – бұл лизинг берушiнiң өзiне тиесiлi құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру  техникаларды, өндiрiске және сауда  саттыққа арналған құрылғыларды, машина және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтiк төлем төлеу шартымен, белгiленген мерзiмге пайдалануға  беруiн қарастыратын жалға беру шарты.

     Лизингтiң  несиеден айырмашылығы келiсiмшартта  көрсетiлген төлемдер төленiп, мерзiмi аяқталғаннан кейiн де лизинг объектiсiнiң лизинг берушiнiң банктiк меншiк объектiсi ретiнде қарыз алушының берген кепiлдiгi қалады.

     Лизингтiк  мәмiлелердiң бiрнеше түрлерi бар. Барлық лизингтiк операциялар екi түрге бөлiнедi: шұғыл және қаржылық лизингтер.

     Шұғыл лизинг – бұл мүлiктiң қызмет ету мерзiмiне қарағанда, оның пайдалану мерзiмiнiнiң қысқалығын және мүлiктiң құнын толық өтеуiн сипаттайды.

     Қаржы лизинг – уақытша пайдалануға  берген лизинг затының мерзiмi iшiнде  өзiнiң толық амортизациялық құнын  төлеп шығарумен немесеөзiн-өзi өтеуiмен  байланысты сипатталады.

     Лизингтiң  артықшылықтары мен кемшiлiктерi келесiдей.

     Лизингтiң  қарапайым несиеден келесідей артықшылықтары бар:

     Лизинг  көмегiмен кепiлге беретiн мүлкi жоқ ұсақ кәсiпорындарды несиелеуге болады;

     Лизинг 100%-ға дейiн несиелеудi ұсынады, яғни кәсiпорынға қысқа мерзiм iшiнде  өзiнiң меншiктi капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсiптiк өнiм шығаруға және пайда  табуға мүмкiндiк бередi;

     Кәсiпорынға  мүлiктi несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебi, бұл  жерде ол мүлiк кепiл ретiнде  болады;

     Құрал-жабдықтың  лизинг берушiнiң меншiгiне болатындығына  байланысты, өнiмнiң құнына лизингтiк  төлемдер ғана қосылып, мүлiкке салынатын  салықты жалға берушiнiң өзi төлейдi. Сөйтiп, лизинг алушы салықтық жеңiлдiктер алады.

     Лизинг  операцияларының кемшiлiктерiне келесілер  жатады:

     Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының  жоғарылауынан ештеңе ұтпайды;

     Ұйымдастырудың  күрделiлiгi;

     Лизинг  құны несиеге қарағанда жоғары, бiрақ  та ескiрген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдiң лизинг берушiнiң басында  болатынын ұмытпау қажет.

     Ендi жалпы лизингтiк операциялардың типтiк сипатын анықтайтын келесi схеманы көру арқылы лизингтiк бизнестiң iске асуын анықтайық. Оны келесi суретен көре аламыз:

     Мұндағы сандармен берiлген байланыстардың мәндерi келесiдей:

  • лизинг берушi мен лизинг алушы арасындағы лизинг келiсiм шарты;
  • лизинг компаниясы мен жеткiзушi кәсiпорын арасындағы сатып алу-сату келiсiм шарты;
  • лизинг берушi банктердiң арасындағы несиелiк қорытынды;
  • жабдықтаушы кәсiпорынның құрал-жабдықтарды лизингтiк компанияға өткiзуi;
  • лизинг берушi фирмалардың жеткiзушi кәсiпорындарға алған құрал-жабдықтарының құнын төлеуi;
  • лизинг берушi мен сақтандыру компаниясының арасындағы келiсiмдердi сақтандыру щаралары;
  • лизинг алушының лизинг берушiге  тұрақты төлеп отыратын төлемдерi;
  • лизинг берушiге банктiк несиелердi қолданғаны үшiн пайыздық қойылымдар;
  • лизинг берушiлердiң мемлекеттiк жергiлiктi бюджетке төлеп отыратын төлемдерi және лизингтiк компанияны қолдаааау мақсатындағы мемлекеттiк жеңiлдiктер мен көмектер.

    Коммерциялық  банктердiң ең көп таралған делдалдық  қызметiнiң бiр түрi – факторинг.        Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшiн уақытын кешiктiрiп төлеуге беретiн тауар формасындағы және ашық шот түрiнде рәсiмделетiн коммерциялық несиенiң болын сипаттайды. Факторинг – клиенттiң айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бiр түрi. Бұл жерде факторингтiк компания клиенттердiң шотын 90%-ға дейiн төлеу шартымен сатып алады. Факторингтiң мақсаты кез-келген несиелiк операциялардың ажырамас бөлiгi болып табылатын тәуекелдi қалпына келтiруiн шешуге бағытталады.

   “Фактор”  сөзi ағылшын тiлiнен “factor”, аударғанда “маклер, делдал” деген мағынаны бiлдiредi. Экономикалық жағынан алғанда бұл – делдалдық операция. Факторинг – жабдықтаушы-клиенттiң жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтерi үшiн төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

   Келiсiмшартқа  сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттерi өздерiнiң қарызын өтегенiне қарамастан төлем талабындағы соманы төлеуге  мiндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктiк кепiлдеменiң арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктiк кепiлдеме бойынша банк өзiнiң есебiнен, оған тиiстi соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге мiндеттi болып табылады. Факторингтiк қызметтiң мақсаты төлеушiнiң төлем қабiлетiне байланыссыз факторингтiк келiсiм шартта көрсетiлген мерзiмде тез арада қаражатты алу болып табылады.

   Факторинг операциясы бүгiнгi таңда, отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингтi енгiзу сынағы, негiзiнен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсiп құрылыс банкiмен жүзеге асырылып, кейiннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтiп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметiнiң банктер үшiн тиiмсiздiгiн айқындап, нәтижесiнде отандық банктерiмiз күнi бүгiнге дейiн бұл операцияға салғырттық танытуда.

   Факторинг операциясына үш тарап қатысады:

1.     Факторингтiк компания (банктiк факторинг бөлiмi) — өздерiнiң клиенттерiнен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.

2.     Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие  берушi)  фактоинг компаниясымен келiсiм шарт жасасушы өнеркәсiптiк мекеме.

3.     Кәсiпорын (қарыз алушы) – тауарды сатып алушы фирма.

Фактоинг  мәмiлесiн ұйымдастыруды келесі суреттен көре аламыз.

Факторингтiң бiрегей құқықтық негiзiн құру үшiн 1988 ж. Халықаралық факторинг туралы конвенция бекiтiлген. Халықаралық факторинг туралы  кез-келген келiсiмшарт төменде берiлгендердiң кемiнде екеуiн қамтуға тиiс:

  • Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
  • Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының  шоттарын бухалтерлiк жағынан өңдеу;
  • Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;
  • Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабiлетсiздiгi жағдайынан қорғау.
  • Факторингтiк операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшiн банктерде арнайы бөлiмдер ашылуға тиiс.       Факторингтiк операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:
  • Жеке тұлғалардың қарыздық мiндеттемелерi бойынша;
  • Бюджеттiк мекемелердiң қоятын талаптары бойыша;
  • Банктiң несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабiлетiнсiз деп танылған кәсiпорындар мен ұйымдардың мiндеттемелерi бойынша;
  • Кәсiпорындардың филиалдары немесе бөлiмдерiнiң мiндеттемелерi бойынша.

   Факторинг пен форфейтинг операциялары өзара  ұқсас болып келедi. Бiрақ форфейтингтiң факторингтен айырмашылығы – форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бiр рет жасалатын операцияны бiлдiредi. Сондай-ақ экспортердiң форфейтингтiк қызметi орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi несиелеумен байланысты болса, ал факторингке несие беру мерзiмi небары 6 айды құрайды.

   Форфейтинг  – бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктiң немесе арнайы компанияның  экспортерға импортердiң төлеуге  тиiстi төлем талабын сатып алуы.

   Форфейтинг  мәмiлесiде үш қатысушы болады:

  • Экспортер, яғни тауарды орта мерзiмдi кезеңге несиеге берушi;
  • Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
  • Форфейтор, яғни мәмiленi қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.

   Мұндағы, 1 – мәмiлеге қатысушылар арсында  келiсiмшарт жасалады; 2 – тауарын  несиеге бередi; 3 – аудармалы  вексельдi (5-7 жылға) жазып бередi; 4 –  аудармалы вексельдi қайта сатады; 5 – аудармалы вексельдi есепке алады; 6 – мерзiмi жеткенде төлеуге ұсынылады; 7 – вексель бойынша мiндеттемесiн  өтейдi.

Форфейтинг  механизмiн мынадай екi мәмiле түрiнде пайдаланады:

     Қаржы мәмiлесiнде – орта мерзiмдi қаржы  мiндеттемесiн тез арада iске асыру  мақсатында.

     Экспорттық  мәмiле бойынша – шетелдiк сатып  алушыға несиеге тауар бергенi үшiн экспортерға қолма-қол ақшамен  түсiм түсуге ықпал ету мақсатында.

     Форфейтинг  мәмiлесiнiң мерзiмi 180 күннен 5 жылға  дейiнгi аралықты құрайды, кей жағдайларда  – 7 жыл.

     Қ.Р-дағы екiншi деңгейдегi банктер өздерiнiң  кассалық операцияларын 1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банктiң Басқармасының қаулысымен бекiтiлген “ҚР екiншi деңгейдегi банктерге  кассалық операцияларды жүргiзу”  ережесiне сәйкес жүзеге асырады.

     Осы ережеге сәйкес, кассалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сортау, орау және сақтаумен байланысты операцияны бiлдiредi.

     Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге  кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу  үшiн банктерде мынадай бөлiмшелер болуға тиiс:

  • кiрiс кассасы;
  • шығыс кассасы;
  • кiрiс-шығыс кассалары;
  • қайта санау кассасы;
  • кешкi касса;
  • сыртқа шығатын касса.
 

   Банк  кассасына клиентерден қолма-қол  ақшаларды қабылдау және оларды ағымдық  және корреспонденттiк шоттар бойынша  есепке алу мынадай кiрiс кассалық құжаттар көмегiмен жүргiзiледi:

  • қолма-қол ақшаны салатындығының хабарламасы;
  • кiрiс кассалыө ордер бойынша.

   Кассадағы қолма-қол ақшаны өткiзу үшiн клиент кiрiс кассалық құжатты толтырады  және оған қосымша бетте кассаға  өткiзiлетiн банкнота мен монеталардың тiзiмiн жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай-ақ банкноталар мен монеталардың сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетедi.

   Қолма-қол  ақшаны қабылдап алғаннан кейiн, кассир қабылдаған соманы, кiрiс кассалық құжатындағы  сомамен салыстырады, сома сәйкес келген жағдайда кассир кiрiс кассалық құжатқа  қолын қойып, түбiртекке “Кiрiс кассасы” деген мөр басып, оны ақшаны тапсырушыға  бередi.

   Банк  клиентiнiң ағымдық және корреспонденттiк  шотынан қолма-қол ақшаны беру мынадай  құжаттар арқылы жүзеге асырылады:

  • ақшалай чекпен;
  • шығыс кассалық ордермен.

   Банк  клиентi қолма-қол ақша алуға арналған кассалық құжаттарын операциондық жұмыскерге бередi, ол құжаттарға қажеттi тексерулер жүргiзiп, оларды бақылаушы-бухгалтерлерге бередi, сөйтiп шығыс кассалық ордерiнде  көрсетiлген қолма-қол ақша сомасы шығыс  жөнiндегi кассалық журналда есепке алынады.

   Шығыс құжатын алған бақылаушы-бухгалтер  мынадай жұмыстарды жүогiзуге мiндеттi:

  • қолма-қол ақшаны беруге құқығы бар банктiң жауапты тұлғаларының қолдарының барлығын тексерiп, оны қол қою үлгiсiмен салыстыруға;
  • құжатта көрсетiлген соманың саны мен жазба түрдегiсiн салыстыруға;
  • клиентттiң лауазымды тұлғаларының шығыс құжатында қолдарының болуын тексеру және оларды үлгiде қойылған қолдарымен өзара салыстыру.

   Содан соң барып кассир қолма-қол ақшаны алушыны кассаға чектегi номерi бойынша шақырып, тағы да қандай соманы алатындығын нақтылап алып, содан кейiн ақшасын бередi.

Информация о работе Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері