Банктік маркетингтің

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 21:01, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасындағы сауда банктерінің өнімдер мен қызметтерді көрсету тәжірибесінің сарптамасы, Қазақстан Республикасындағы депозиттік және несиелік нарықа талдау, жаңа банктік өнімдерін талдау. Банк өнімдері нарығында пайда болатын қиындықтарды шешу жолдары көрсетілген.

Содержание

КІРІСПЕ
1 БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Банктік маркетингтің түсінігі, мәні, функциялары
1.2 Банктік маркетингінің ерекшеліктері
1.3 Банктік өнімдер нарығы
2 ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАНКТІК ӨНІМДЕРГЕ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының депозиттер нарығын талдау
2.2 Қазіргі кезеңдегі несиелік нарықтық дамуын талдау
2.3 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жаңа банктік өніміне талдау
3 БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Банктік өнімдер мен қызметтер нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары.
3.2 Банктік маркетингінің дамуындағы жаңа тендециялар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

банктик маркетинг.doc

— 649.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

 

 

1 БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Банктік маркетингтің  түсінігі, мәні, функциялары...................................6

1.2 Банктік маркетингінің  ерекшеліктері.......................................................17

1.3 Банктік өнімдер  нарығы.............................................................................22

 

2 ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН  БАНКТІК ӨНІМДЕРГЕ ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасының  депозиттер нарығын талдау....................26

2.2 Қазіргі кезеңдегі  несиелік нарықтық дамуын талдау.............................37

2.3 «Қазақстан Халық  Банкі» АҚ жаңа банктік өніміне талдау..................44

 

3 БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ  ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 

3.1 Банктік өнімдер  мен қызметтер нарығында туындайтын  мәселелерді        шешу  жолдары..................................................................................................49

3.2 Банктік маркетингінің дамуындағы жаңа тендециялар..........................54

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................64

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................66

 

ҚОСЫМША...........................................................................................................68

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Президенттің «Жаңа  әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында елдің бейтараптандыру жағдайындағы қаржы жүйесінің тұрақтылық пен бәсекеге қабілеттіліктің жаңа деңгейіне жету өз қаржыларын инвестициялау ісіне белсенді салуларына көмектесу жолдары арқылы да қарастырылған.

2030 даму стратегиясына  сәйкес Қазақстан Республикасы  алдыңғы қатарлы мемлекетерінің қатарына қосылу мақсат қойып отыр. Мақсатқа жету үшін 2030 саратегиясың барлық бөлімдерінде соның ішінде қаржы нарығында, банктік секторда реформаларды жүзеге асыра жете аламыз.

Банктік жүйе-нарық эканомикасының ең қажетті және бөлінбейтін құрлымы. Банктер қаржылық делдалдар есебінде шаруашылықтардың қаржысын, халықтың сақтаған ақшалары мен шаруашылық әрекеті негізінде босайтын ақша құралдарын тартып, оны уақытша несие алушыларға береді, ақша есептеулері мен экономикаға қажетті өзге де түрлі қызметтерді жүзеге асырады, сол арқылы өндіріс тиімділігіне оңды әсерін тигізеді.

Елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформа банк ісін дамытуда жаңа кезеңге жол ашты. Нарық жағдайына  өтуде банктерді дамыту мен оны  тәжірибеде  жүзеге асыру мәселелері басты назарға алынып отыр.

Қойылған мақсатты орындау  үшін Қазақстандық және шетел банктері жұмысын жете зерттеп, ең тиімді деген  жолдорды тәжірибеде орындау қажет.       Бұл зерттеу тақырыбының өзектілігін  бекіте түседі.

Соңғы жылдары банктік  өнім нарықтары-ақша және капитал нарықтарының дамытылуы жедел түрде жүзеге асып жатыр. Соңғысының дамытылуы сақталған ақшаны мобилизациялау мен ақша құралдарын инвестициялау процестерінсіз мүмкін болмайды. Сақталған ақша кіріс пен тұтыным арасындағы айырмашылық.

Инвестициялар – пайда алу мақсатымен ақша салымын жасау. Оның алуан түрлері болуы мүмкін: өндіріске ақшаны тікелей салу немесе ақша иесі мен оны тұтынушы арасында қаржылық дәнекерлер әрекет ететін жанама түрі. Ең бастысы, салынған ақша өндірістің дамуы мен экономиканың жандануына оң әсерін тигізсе болғаны.

Өз әрекеті барысында  пайда табу мақсатымен банк бәсекелестер, тұтынушылар, мемлекет секілді әртүрлі  аудиториялармен байланысқа түсуі  мүмкін.

Бірақ бұл банк өнімдер  нарығында банк атқаратын жалғыз әрекет емес. Бұдан өзге банктер қаржы ресурстарының икемділігі мен кірісі, банк атағын жасамдау мен көтеру және т.б., істерімен айналысады. Өз кезегінде банктің жақсы атағы оған келетін тұтынушылар санын арттырады. Банк пен тұтынушылар арасындағы қатынас банк өнімдерін сату, сатып алу процесінде туындайды. Оның құрамына: несиелер беру, депозит есепшотторын алу, құнды қағаздарды шығару, сатып алу мен сату опрерциялары, валюталық қатынастар, есеп операциялары, траст қызметтері, асыл бұйымдарды сақтау және т.б., енеді.

Көп тұтынушылармен  банктік операцияларды орындау-дамыған несиелік жүйесі бар әлем банктерінің ең маңызды ерекшелігі.

Өз кіріс базасын  кеңейтіп, рентабельділік пен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Қазақстанның жетекші сауда банктік маркетингті  кеңінен қолданып, тұтынушылар санын көбейтуге тырысады. Және бір маңызды нәрсе банк ісін дамыту үшін тұтынушыларға минималды қызмет ақысы мен бағалар ұсынылуы керек.

Тиімді және икемді банктік  өнімдер жүйесі  ішкі салымдарды мобилизациялауға жағдай туғызуы қажет. Бұл ретте экономиканың үнемі өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне жауап бере алатын банк өнімін ерекше назарға ілінеді.

Банк өнімдері нарығындағы  бәсекелестік банктік қызмет көрсетудің сандық және сапалық мінездемелеріне  де әсерін тигізеді. Ақпаратық технологияларға  назар аудармастан қызмет көрсетудың классикалық түрін қолдану  банкроттыққа алып келуі мүмкін. Сондықтан банктердің барлығы жаңа техналогияларды ендіруге көп күш салуда.

Жаңа өнімдер қатарына пластикалық карточкалар, банкаралық электронды есептер, әлемдік Интернет желісінде қаржы нарығын құру және т.б. жатады./5,28-30 б/

Халықтың ақшасын депозитерге  тарту, несиелер беру мен есеп-кассалық қызмет көрсету секілді дәстүрлі қызметтермен қатар, өз еліміздегі банк институттары электронды қызметтерді  де көрсетуде. Олардың қатарына пластикалық карточкалар, банкаралық электронды есептеулер, әлемдік Интернет желісінде қаржы нарығын құру жатады. Тұтынушылар тапсырыстары бойынша маркетингтік зерттеулер, валюталық операциялар, трасттік,      ақпараттық-кеңес беру, қор қызметтері және т.б. көрсетіледі.

Халыққа қызмет көрсететін банктердің мәні – тұтынушылар көңілінен  толықтай шығу, жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер сапасын жаңарту, қызметтер  шегін ұлғайтып, өзіндік құнын  төмендетуде жатыр.

Банк өзіне жаңа клиенттерді  тарту үшін нарыққа жаңа немесе жаңартылған өнім шығару қажет. Банктік маркетингті қолдана отырып банктер нарыққа сапалы өнім шығара алады. Банк өнімін жаңа дәрежеге шығару үшін банкирлер көбіне банктік маркетингті қолдануда, сол сепептен менің дипломдық жұмысымның тақырыбының өзектілігін айқындай түседі.

Аталған жұмыстың теоретикалық және тәжірибелік негізі - өз елімізде және батыс елдері сауда банктерінің  жұмыстарын сараптау процесінде алынған  мәліметтер мен басылым материалдары.

Банктік маркетингтің негізгі  теориялық ережелері мен оның ерекшеліктерін түсіну аталмыш тақырыптың мақсаты болып саналады. Міндеті-банктік маркетингке анықтама беру, түрлері мен тәсілдерін, сондай-ақ Қазақстан банктеріндегі маркетингтің даму стратегиясын көрсету./6,10 б/

Диплом жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасындағы сауда банктерінің өнімдер мен қызметтерді көрсету тәжірибесінің сарптамасы, Қазақстан Республикасындағы депозиттік және несиелік нарықа талдау, жаңа банктік өнімдерін талдау. Банк өнімдері нарығында пайда болатын қиындықтарды шешу жолдары көрсетілген.

Жұмыстың негізгі міндеттері. Диплом жұмысының мақсатына сәйкес келесі міндеттер қойылып, шешімі табылады:

-  банк маркетингінің теориялық аспектілерімен танысу; 

-  қолданыстағы және жаңа банк өнімдерін бағалау және талдау жасау;

-  банк өнімдері нарығының дамуының негізгі бағыттарын анықтау;

-  банк өнімдері нарығында туындайтын мәселелерді қарастыру мен оларды шешу жолдарын анықтау;

Жұмыстың әдістемелік  негізі ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық және нормативтік актілері банк істеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі актілері, Қазақстан Республикасы сатистика Агенттігінің материалдары қолданылады. Жұмыс барысында ғылыми, статистикалық және экономика математикалық  әдістер қолданылды.

Жұмыстың тәжірибелік  негізі ретінде «Қазақстан Халық Банкінің» нормативтік және қаржылық құжаттары алынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.

 

Банктік маркетингтің негізгі  теориялық ережелері мен оның ерекшеліктерін түсіну аталмыш бөлімнің мақсаты болып саналады.   Міндеті– банктік маркетингке анықтама беру, банктік маркетингтің қажеттілігін, оның функцияларын ашып көрсету.

 

1.1 Банктік  маркетинг тусінігі, мәні, функциялары.

 

Банк ісіндегі маркетинг XX ғ. 70ж. бастап қолданыла бастады. Мұның себебі бәсекелестік.

1. 70 ж. көптеген американдық банктер европа және азия нарықтарына енді және керісінше. Банк индустриясын орталықтандыру тенденциясы байқалды. АҚШ банктерін негізге алған аталған ел банктері өзге де елдер мен құрлықтарға еніп, жергілікті банктермен бәсекелес болды. Пайда болған банктер капитал жасап қана қоймай жаңа банктік қызметтерін клиенттер сұранысын қанағаттандырудың жаңа бағыттарын ойлап тапты.

2. Салымдардың дәстүрлі жүйесін көшіретін капиталдардың жаңа нарықтары ашылды. 70 ж. банк депозиттерінің көп пайызы өзге банк құралдарынан құралды.  Алғашқыда еуропалықтар Лондонда орналасты, кейіннен аталған капитал рыноктары әлемнің негізгі қаржы орталықтарына жинақталды.

3. АҚШ банктерінің енуіне жауап ретінде еуропалықтар ескі әлем банктері өзінше құрылып, АҚШ-тың ішкі рыногында бәсекелестікке қол жеткізді.

4. Банктік индустрия АҚШ заңнамасы тыйымына қарамастан, көптеген елдерде диверсификацияны бастап та кетті. Бұл аралық сақтандыру мен кепілдік операциялар, кепілдеме мен компьютер қызметтерін қозғамағаннан пайда болды. Осының нәтижесінде 70 жж. аяғында бәсекелестік қысымы әсерінен коммерциялық несие мен өзге де ақылы операциялар көлемі төмендегеніне қарамастан банктер өз қызметтерін кеңейту мүмкіндігіне ие болды. Аталған қызметтер көп мәнге ие бола бастады.

5. Банк индустриясына  технология көп әсер ете бастады.  Әсіресе бұл қағаз ағымы мен  операциялар құны көп жеке  тұлғаларға қызмет көрсету саласына  қатысты еді. Ол көлемді басқару  үшін банктер пластикалық карточкалар, ЭЕМ кассалық автоматтарын одан соң автоматикалық касса машиналарын енгізуге тырысты. Сөйтіп көптеген мекемелер автоматтандырылды да, қызмет көрсетудің жаңа түрі пайда болды.

6. Жекелеген тұлғаларға  қызмет көрсету саласында да  бәсекелестік күшейе бастады. Жинақ және ссудалық банктер жүзеге асырған салымшылар ақшасын тиімді ету коммерциялық банктермен бәсекелестікке алып келді. Сөйтіп 70 ж. аяғына таман банктік индустрия бәсекелестікке анағұрлым қабілетті атанды. Қаржы институттары арасындағы дәстүрлі ерекшеліктер тез арада өшірілді. Бәсекелестердің көбі ұлттық шекарадан тыс кетіп, әлемдік масштабта әрекет ете бастады. Жаңа технологиялар мен альтернативті қызметтердің пайда болуы банктердің дәстүрлі әдістері үшін аса қауіпті болатын.

80 ж. банк индустриясындағы өзгерістер мүлдем көп болды. Бұл кезеңде мынадай тенденциялар байқалды:

І. Жеке тұлғаларға қызмет көрсету ісінде.

Мысалы, «Lynch» брокерлік  үйі компьютерлік жүйелерді қолдана  отырып, қолма-қол ақшаны басқарудың өзіндік жүйесін енгізген, соған сәйкес ақша нарығындағы салымдар бойынша тиімді ссудалық пайыз 20 мың доллар және одан астам. Одан басқа бұл фирма есепшоттағы ақша соммасына негіздеп VISA карточкалары мен чек кітапшасы иелеріне автоматты түрде займ беруді енгізген. Осы типті операциялардағы сәттілік банктің жауапты қадам жасап, ақша нарығы көрсеткіштеріне сүйене отырып, ағымдағы есепшоттар бойынша пайыздар ұсынды. Бірақ басқа компаниялар өз клиенттері үшін жаңа қызмет түрлерін ендіру үстінде еді. Нәтижесінде коммерциялық бактердің депозиттік базасы қысқарды.

Ақпаратты қағаз жүзінде  өңдеуге негізделген жүйелерді  алмастыру жүзеге асырылып жатыр.

70-80 жж. банктер жұмысы  тұтынушылық қызмет құнын төмендетуге  бағытталған, бұл банк ісінің  максималды автоматтандырылуына  алып келді. Адам еңбегін машинамен алмастыру жедел дамытылып келеді, өйткені ақпарат тасушы жаңа технологиялық жүйелер құны төмендеп барады, ал есепшілер мен өзге қызметкерлерге шығын қсіп барады.

Ақша тартудағы секілді  несие беруде де бәсекелестік байқалды. 80 жж. өз клиенттеріне қаржылық қызметтер көрсететін банктер мен өзге де қаржылық институттар арасындағы бәсекелестік ұлғайды. Жеке тұлғаларға қызмет көрсетуші аталған сегменттерге банктерден өзге де ұйымдар кіре бастады. Оған American Express, Sears&Roebuc секілді қаржылық институттармен байланысқа түскен кепілдемелік ұйымдар толық қатысты.

Мұндай бәсекелестік өзге де көптеген елдерде байқалды. Ұлыбританияда қосымша сақтандыру компаниялары, құрылыс қоғамдары, шетелдік банктер мен сауда фирмалары  арасында болды. Германияда банктің дәстүрлі әрекетіне несие карточкаларының кештетіп енгізілуі әсер етті, бұл карточка қолданатын сауда фирмалары, әртүрлі компаниялар, жинақ және шетелдік банктердің депозт базасы үшін күресуіне мүмкіндік берді. Жапонияда коммерциялық банктер әрекетіне кепілдемелік компаниялар мен пошта қауіп төндірді.

ІІ. Өндіріске қызмет көрсететін банк ісінде мынаны атап көрсету  керек:

1. Бәсекелестің күшеюі. Банктердің күресі 10жыл жалғасты. 70 ж. американдық халықаралық банктер орнына Париж Ұлттық Банкі, Неміс Банкі, Жалпы Банк, Лиондық несие секілді еуропалық банктер келді. 70 ж. дейін негізгі бәсекелес банктер қатарына «Жапониялық индустриялды банкі», «Токио банкі» және т.б. мүлдем кірмейтін. Аталған банктер күшті әрі бәсекеге қабілетті, ұлттық шекара аясынан шыққан соң Жапонияның халықаралық аренадағы жағдайын бекітіп берді. 80 ж. ортасына таман әлемнің 10 жетекші банкінің құрамына 5 жапон банкі кірді. Бұдан өзге жақын болашақта әлемдік банк ісіне «Бразилия Банкі», Hong Kong және Shanghai және Парсы шығанағы мемлекеттерінің банктері келмек.

Информация о работе Банктік маркетингтің