Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 05:59, курсовая работа
Сондықтан бұл жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы, төлемқабілетсіз болу себептері, оның салдары және оның алдын алу бағыттарын анықтау, банкроттыққа қарсы басқарудың ролі мен маңызын зерттеу болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес және мәселенің зерттелу маңыздылығына қарай міндеттері:
-«банкроттық» ұғымының әлеуметтік-эконмикалық, экономикалық-құқықтық мазмұнын ашу;
-кәсіпорындағы банкроттықтық жағдайлардың пайда болу себептері мен белгілерін анықтау;
-кәсіпорын дәрменсіздігінің даму кезеңдерін сипаттау;
-банкроттыққа қарсы басқарудың кәсіпорында дамуын жетілдіру;
КІРІСПЕ
Ι-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні
1.2 Кәсіпорын банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің пайда болу себептері
ΙΙ-ТАРАУ. «Алтын жіп» АҚ-ның шаруашылық қызыметі мен банкроттық мүмкіндігіне анализ
2.1 касіпорынның технико-экономикалық мінездемесі
2.2 «Алтын жіп» АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайына талдау жасау
ΙΙΙ-ТАРАУ.КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛАЙ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САУЫҚТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Банкроттыққа қарсы стратегиялық жоспарлау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Олар кәсіпорынның табыстылығын әр түрлі тұрғысынан өлшейді және нарықтық алмасу, экономикалық процеске қатысушылардың ойласуымен топталады. Табыстылық коэффициенті кәсіпорын табысының құрылуына бірден-бір әсер етуші фактор болғандықтан, олар салыстырмалы талдаудың және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың негізгі элементі болып табылады. Зерттеліп отырған кәсіпорында табыстылық коэффициенті 2005 жылы айтарлықтай өсті. Бірақ сату көлемінің табыстылығының өзі 0,0827 – ге дейін жетті. Бұл кәсіпорын қызыметінің тиімділігін және жұмыс белсенділігінің төмендегенін көрсетті.
Кәсіпорынның жұмыс белсендігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың соңғы этапы болып табылады.
8 – кесте «Алтын жіп» АҚ – ның жұмыс белсенділігін бағалау
№ | Көрсеткіштер | 2004 ж | 2005 ж | Ауытқу % |
1 | Капитал айналымдылық коэффициенті | 0,2798 | 0,3784 | 135,2 |
2 | Жеке капиталдың айналымдылық коэффициенті | 0,3168 | 0,4992 | 157,6 |
3 | Негізгі капиталдың айналымдылық коэффициенті | 0,1911 | 0,2735 | 143,1 |
4 | Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті | 0,6628 | 0,8333 | 125,7 |
5 | Ағымдағы активтердің күндік айналымы | 543,1 | 432,0 | 79,5 |
6 | Материалды айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті | 0,4209 | 0,5020 | 119,3 |
7 | Дебиторлық қарыздардың айналымдылық коэффициенті | 1,6452 | 2,8259 | 171,8 |
8 | Дебиторлық қарыздардың орташа мерзімі | 0,5422 | 0,8552 | 157,7 |
9 | Кредиторлық қарыздардың айналымдылық коэффициенті | 664,0 | 420,9 | 63,4 |
10 | Кредиторлық қарыздардың орташа мерзімі | 5,1131 | 11,2184 | 219,4 |
11 | Ақша қаражаттарының айналымдылвық коэффициенті | 70,4 | 32,1 | 45,6 |
12 | Ақша қаражаттарының айналым ұзақтығы | 0,7291 | 1,5326 | 210,2 |
13 | Пермонентті капиталдың айналым жылдамдығы | 493,8 | 234,9 | 47,6 |
14 | Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті | 0,3168 | 0,4992 | 157,6 |
Құралдардың айналымдылық жылдамдылығына байланысты кәсіпорынның жұмыс белсенділігінің анықталады. Жұмыс белсенділігін талдау әртүрлі қаржы айналымдылық коэффициенті және деңгейлерін зерттеумен тікелей байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған құралдардың қаншалықты тез айналатындығына тікелей тәуелді.
8 – ші кестеде жұмыс белсенділік көрсеткіштері есептелген .
Біріншіден, капитал айналымдылық коэффициенті көрсетілген . Ол кәсіпорынның барлық капиталының айналым көлемін, барлық ресурстарды қаншалықты тиімді пайдаланғандығын көрсетеді. Біздің кәсіпорында капитал айналымдылығы 2004 жылы 0,2798, 2005 жылы 0,3784 рет айналған.
Негізгі құралдар айналымдылығы кәсіпорынның негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін көрсетеді. Біздің кәсіпорын бойынша қор қайтарымдылық коэффициенті 43,1 %-ке өсті, 2004 жылы 0,1911, 2005 жылы 0,2735. Коэффициент жоғарлаған сайын, есептеу кезеңіндегі кемшіліктер төмендейді.
Айналымдағы активтердің немесе айналым құралдарының айналымдылық коэффициентін талдайық. Бұл коэффициент 2004 жылы 0,6628, 2005 жылы 0,8333 – ке тең, сонда айналым активтерінің айналымдылығы 0,17-ге өсті.
Айналым активтерінің бір айналым ұзақтығы , қарастырылып отырған кәсіпорында 2004 жылы 543,1 күн, 2005 жылы 432 күн.
«Алтын жіп» АҚ –ның қаржылық коэффициенті айтарлықтай жақсы емес. Сондықтан біз «Алтын жіп» АҚ –на банкроттық кезеңнің басталуын талдайық.
9 кесте «Алтын жіп» АҚ – на банкротқа ұшырау қаупі
Көрсеткіштер | Екі фактолық модель | Z – Альтман есептеуі | Таффлер әдісі | Сайфуллин әдісі | Зайцева әдісі | Кавалев әдісі | Вищняков әдісі |
2004 жыл | -3,4910 | 4,7845 | 0,3484 | 1,4047 | 0,1907 | 250 | 64,3242 |
2005 жыл | -2,3887 | 2,3366 | 0,3156 | 0,9412 | 0,2258 | 127 | 34,0354 |
Екі факторлы жәй әдіске байланысты , (Z) нәтиже кері, 2004 – 2005 жылдарға банкротқа ұшырау қаупі үлкен емес. Z мәні банкротқа ұшырау қаупінің аз екендігін көрсетті. Егер Z <0 болса, банкротқа ұшырау қаупі 50% - ке төмен 2004 жылы «Алтын жіп» АҚ – да ол 2005 жылға қарағанда төмен болды.
Альтман есептеу әдісі бойынша 2004 жылы банкротқа ұшырау қаупі төмен, 2005 жылы ол айтарлықтай жоғары.
Таффлер әдісі бойынша кәсіпорынның 2004 және 2005 жылдары да ұзақ мерзімді перспективалары айтарлықтай жаман емес.
Саифуллин әдісі бойынша 2004 жылғы нәтиже қанағаттандырарлықтай, бірақ 2005 жылы ол айтарлықтай төмен.
Зайцева әдісі бойынша банкроттықтың кешенді коэффициентінің мөлшерімен салыстырады. Осыған байланысты 2004 – 2005 жылдар бойынша банкротқа ұшырау қаупі өте жоғары.
Кавалев әдісі бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы, егер ол жүзден асса, ал егер 100 төмен болса, ол қауіп төндіреді. «Алтын жіп» АҚ – ның қаржылық жағдайын мына әдіспен есептеу қолайлырақ.
10 кесте «Алтын жіп» АҚ – ның 2005 жылдың басы мен соңына баланс құрылымын бағалау
№ | Көрсеткіштер | Жыл басына | Жыл соңына | Коэффициент мөлшері | Мүмкін шешімдер |
1 | Ағымдық ликвидтік коэффициент |
3,6191 |
1,8769 |
2,0 | Баланс құрылымы жыл басында қанағаттандырады, ал жыл соңында қанағаттандырмайды |
2 | Жеке құралдармен қамтамас етілу коэффициенті |
0,7237 |
0,4672 |
0,1 | |
3 | Төлем қабілеттілігінен айырылу коэффициенті |
1,8471 |
Х |
| Кәсіпорын үш айдың ішінде төлем қабілеттілігінен айрылмайды |
4 | Төлем қабілеттілігін қайта қалыптастыру коэффициенті |
Х |
0,349 |
1 | Кәсіпорында 6 айда Төлем қабілеттілігін қайта қалыптастыру мүмкіндігі жоқ |
Бұл кестеден кәсіпорынға банкроттық қауіп төнгенін көреміз. 2005 жылдың басына кәсіпорынның баланс құрылымы қанағаттанарлықтай, өйткені ликвиттік коэффициенті 2 - ден жоғары, жеке құралдармен қамтамассыз етілу коэфиценті 0,1 –ден төмен . Сондықтан кәсіпорын үш айдың ішінде төлем қабілеттілігінен айрылмайды.
2005 жылдың соңына кәсіпорын баланстық құрылымы қанағаттандырарлықтай емес. Өйткені ликвиттік коэффициенті 2 – ден төмен. Кәсіпорында 6 айда төлем қабілеттілігін қайта қалыптастыру мүмкіндігі жоқ.
Осы көрсеткіштердің нәтижелері бойынша кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмендегенін көреміз.
Келесі кестеде төлем қабілетсіз кәсіпорынды көрсетеміз. Бұған: таза табыстың кері мөлшері, құралдардың тозу деңгейі, ағымдағы ликвиттік коэффциенті, айналым құралдарымен қамтамассыз етілу коэффициенті, аяқталмаған өндіріс деңгейі кіреді.
11 кесте Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсететін қызмет көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | 2004 ж | 2005 ж | Ауытқу % |
1 | Таза табыс | Мың. тг | (-10036,2) | (-5687,0) | - |
2 | Құралдардың тозу деңгейі | % | 60,5 | 60,5 | 100 |
3 | Ағымдағы ликвидтік коэффициент | 2 | 3,6191 | 1,8769 | 50 |
4 | Жеке айналым капиталы мен қамтылу коэффициенті | 0,1 | 0,7237 | 0,4672 | 65,3 |
5 | Аяқталмаған өндіріс | Мың.тг | 159,2 | 2815,2 | 1768,3 |
«Алтын жіп» АҚ –ы өзінің төлем қабілеттілігін қайта қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ, бухгалтерлік баланс құрылымы қанағаттандырылмаған, төлем қабілетсіз кәсіпорындар қатарына жатады. Сондықтан «Алтын жіп» АҚ – ның басшылығына кризиске қарсы басқару шараларын жедел және қарқынды түрде жүргізу қажет.
ΙΙΙ-ТАРАУ.КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛАЙ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САУЫҚТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Банкроттыққа қарсы стратегиялық жоспарлау
Банкроттыққа қарсы кәсіпорындарды басқаруда маңызды шаралардың бірі жаңа жоспарлау, стратегиямен байланысты жоспарларды жүзеге асыру қажеттілігі болып табылады.
Сондықтан «стратегиялық жоспарлауң ұғымы жаңа қоғамдық мәнге ие болуы деуге болады: нарықтық экономикада тек банкроттыққа қарсы жоспарлау бар, бірақ стратегияны жүзеге асыру, отандық кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін және тиімділігін көтеру эконмикадағы мемлекеттің ролі мен қызметінің кеңеюімен байланысты.
Дамыған елдерде мемлекетпен анықталатын стратегиялар экономиканың жақын онжылдығының дамуын анықтаған. Мемлекеттің нарықтық процестерде белсенді қатысудағы бағыттарының бірі банкроттық процесін басқарудағы оның ролінің өсуін атауға болады. Стратегиялық жоспарлау негізінен көптеген факторларға байланысты:-таңдаған даму стратегиясы;-қаржылай жағдайы;-қосымша несие алу мүмкіндіктері;-кәсіпорынның материалдық кепілдіктері;-салаладағы және нарықтағы бәсеке;-халықаралық орта;-экономикалық, саяси, әлеуметтік факторлар;-персонал сапасы мен жетілуі;-басшылық деңгейі мен кәсіпорындағы ұйымдастырылған мәдениет. Банкроттыққа қарсы басқаруды жүйелік тәсілдеме арқылы, яғни банкроттықтың алдын ала диагностикасын, оны жою әдістеріне дейінгі шаралар жиынтығын қарастыру. Бұл тұрғыда, тек кәсіпорынның банкроттықтық жағдайдан шығуын ғана емес, сонымен бірге банкроттықты болжау, оның себептерін талдау, теріс салдарын азайту шараларын жүзеге асыру мен оның факторларын келешектегі дамуына қолдануға бағытталады.
Келесі суретте банкроттыққа қарсы басқаруда стратегиялық жоспарлаудың негізгі бағыттары көрсетілген:
Информация о работе Банкроттыққа қарсы стратегиялық жоспарлау