Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 05:59, курсовая работа
Сондықтан бұл жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы, төлемқабілетсіз болу себептері, оның салдары және оның алдын алу бағыттарын анықтау, банкроттыққа қарсы басқарудың ролі мен маңызын зерттеу болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес және мәселенің зерттелу маңыздылығына қарай міндеттері:
-«банкроттық» ұғымының әлеуметтік-эконмикалық, экономикалық-құқықтық мазмұнын ашу;
-кәсіпорындағы банкроттықтық жағдайлардың пайда болу себептері мен белгілерін анықтау;
-кәсіпорын дәрменсіздігінің даму кезеңдерін сипаттау;
-банкроттыққа қарсы басқарудың кәсіпорында дамуын жетілдіру;
КІРІСПЕ
Ι-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні
1.2 Кәсіпорын банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің пайда болу себептері
ΙΙ-ТАРАУ. «Алтын жіп» АҚ-ның шаруашылық қызыметі мен банкроттық мүмкіндігіне анализ
2.1 касіпорынның технико-экономикалық мінездемесі
2.2 «Алтын жіп» АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайына талдау жасау
ΙΙΙ-ТАРАУ.КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛАЙ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САУЫҚТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Банкроттыққа қарсы стратегиялық жоспарлау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бұл модель 1968 жылы болжаудың бас факторлы моделі ретінде пайда болған. Осы модельді жасау барысында Э. Альтман 66 өнеркәсіп орындарын зерттеген, оның жартысы банкроттыққа ұшырап, жартысы табысты болған. Ол мүмкін болатын банкроттықты болжау үшін ұжымды болып келетін 22 талдау коэффициентін зерттеген.
Банкрот болған америка фирмаларының қаржылық жағдайын, гүлденіп оөсіп келе жатқан кәсіпорындар көрсеткіштерімен салыстыра отырып, олардың банкроттық ықтималыдығына байланысты дәрежесін және салмақтық коэффициентісін анықтап, бас негізгі көрсеткішті шығарған. Э. Альтманның жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттілік индексі) мынадай:
Мұндағы; К1 = меншікті айналым қаражаттар/активтер;
К2 = бөлінбеген табыс/активтер;
К3 = пайыз бен салық төлуге дейінгі табыс/активтер;
К4 = акцияның нарықтық құны/активтер;
К5 = өткізуден түскен табыс/активтер;
Z индексінің шекті мәні статистикалық сұрыптау мәліметтері бойынша Э. Альтманның есептеуінше 2,675 болды. Осы өлшеммен нақты кәсіподақ үшін есептелген несие қабілеттілік индексінің мәні салыстырылады.
Бұл кәсіпорындар арасында шек коюға және болашақта (2-3 жыл) біреулерінің банкроттыққа ұшырап (z < 2,675 болғанда) және (z>2,675 болғанда) басқалардың қаржылық жағдайы тұрақтануы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар 1977 жылы Э. Альтман 7 факторлы моделін ұсынды, ол модельдің дәлдігі 70% дейін болды және банкроттықты бос жылға жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл жеті факторлы модель келесі көрсеткіштерді қамтиды.
-активтердің рентабельбілігі;
-пайданың динамикасы;
-несие бойынша пайызды өтеу коэффициенті;
-ағымдағы өтімділік коэффициенті;
-автономия коэффициенті;
-жиынтық активтер;
Бұл модельдің құндылығы өте дәлдігінде, бірақ қолданылуына ақпараттық жетіспеушілігі қиындық туғызады (талдау есебінің мәліметтері қажет, ал ол сыртқы пайдаланушыларда жоқ).
Сонымен бірге банкроттыққа сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Сыртқы факторларға халықаралық, ұлттық, рыногтық, ал ішкі факторларға фирманың бәсекелестік ортасы, қызмет принципі, ресурстар мен оларды пайдалану, маркетингтік стратегиялар мен саясаты және қаржы менеджменті жатады. Сыртқы факторлар:
1.Халықаралық факторлар.
1.1.Жалпыэкономикалық: -экономикалық даму циклдылығы;
-дүниежүзілік қаржы жүйесінің жағдайы;-транұлттық банктердің қаржы саясаты;
1.2.Халықаралық саясаттың тұрақтылығы:-халықаралық келісім-шарт жасасу; -еркін экономикалық аймақтар құру;-тарифтік келісімдер;
-халықаралық маркетингі.
1.3.Халықаралық бәсеке:-бірлескен кәсіпорындар құру;-лицензиялық сауда;-фирмлық бәсекенің нарықтығы үлесін арттыру;
2.Ұлттық факторлар.
2.1.Саяси:-қаржы жүйесінің жағдайы;-меншікке деген қатынас;-мемлекеттік жер саясатының принциптері;-мемлекеттің кәсіпкерлікке қарым-қатынасы;-салық саясаты;-монополизмді шектеу;-бәсекені қолдау;-тұтынушылар мен кәсіпкерлерді құқын қорғау шаралары;
2.2.Экономико-демографиялық факторлар:-халықтың табысының деңгейі;-сатып алушылардың қабілеттілік денгейі;-несие алу мүмкіндігі;-кәсіпкерлік белсенділігі;
3.Рыногтық факторлар.
3.1.Психологиялық:-
3.2.Ғылыми-технологиялық:-
1.Фирманың бәсекелік ортасы:-саланың қызметінің мақсаты;-дәстүрлер, репутация және имидж;-персоналдың біліктілік құрамы;-нарықтағы үлесі және циклдық кезеңдері.
2.Қызметтің принциптері:-меншік формасы;-басқарудың ұйымдастырушылық формасы;-инновациялық қызмет;-өндірісті басқару жүйесін ұйымдастыру;-өндірістің диверсификациясы.
3.Ресурстар мен оларды пайдалану:-өндірісітің әдістері мен құрылымын жетілдіру;-өндірістік циклдың ұзақтылығы;-өндірістік қорладың денгейі;-қаражаттар айналымы.
4.Маркетингтік стратегиялар мен саясаты:-нарықты сегменттеу;-тауар саясаты;-баға саясаты;-өткізу, сату саясаты;-стратегиялық мақсаттар мен сатуды болжау.
5.Қаржы менеджменті:-баланстың құрылымы;-төлемқабілеттілік;-
Сонымен қатар келесі сызбада ұйымдағы банкроттықтың субьективті және обьективті себептері көрсетілген.
Сызба-1 Ұйымдағы дағдарыстың субьективті және обьективті себептері.
Жалпы төлемқабілетсіздіктің ерекше себептеріне 1-ден, нарық тапсырысынан артта қалушылық, яғни ұсынылатын ассортимент, сапа, баға, т.б. туралы айтуға болады; 2-ден, кәсіпорынның қанағаттанарлықсыз қаржылық басқарылуы, яғни оның міндеттемеге жүктелуі. Бұл жағдайда қаржылық басқару дертіне ұшырайды /5,9б/.
Кәсіпорынның дәрменсіз, төлемқабілетсіз қызмет атқаруы келесі факторларға байланысты:
1. Акция қаражаттырының қозғалысының жалпы міндеттемелерге қатынасын көрсететін көрсеткіштің айтарлықтай шамасы;
2. Төмен рентабельдік
3. Тұрақсыз табыс
4. Акционерлік қоғамдық акциясының бағасы бірден төмендеуі;
5. Дивиденд төлемдерінің азаюы;
6. Тұрақты шығындардың жалпы шығындарға қатынасының жоғарғы көрсеткіші;
7. Акцияның нарықтық құны мен оның баланстық құны арасындағы айырмшылықтың орны алуы;
8. Айналымнан тыс активтердің қажетті деңгейін қолдауда қабілетсіздік таныту
9. Қарыз міндеттемелерінің жоғарғы мөлшері;
Ал сапалық факторларына:
1.Қаржы есебі жүйесінің нашарлығы және шығындарды бақылауға қабілетсіздігі;
2. Басшылық тәжірибесіздігі
3. Міндеттемелерін уақытылы өтей алмау;
4. Заңсыз іс-әрекеттердің орын алуы;
5. Кәсіпорынды басқаруда бөліксіздік таныту;
6. Қосымша қаржылану көздерін алуға кәсіпорынның қабілетсіздігі;
7. Басшылықтың сыртқы ортадағы өзгерістерге тез бейімделе алмауы;
8. Бухгалтерлік және қаржы есебінің жеткіліксіз сапалы жүйесі;
9. Қарыз келісім-шарттарын жиі қарау;
10. Жалға беру мен жалға алу келісім-шарттарын жиі құрастыру;
Америка Құрама Штатында кәсіпкерлікті тұрақты түрде мемлекеттік қолдауға ие. Әр түрлі мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық базаға негізделген. Солардың бірі “шағын бизнес туралы заң”. Америка Құрама Штатының когрессінде шағын бизнес проблемаларымен екі комитет айналысады.
Федералдық деңгейде шағын бизнес әкімшілігі қызмет атқарады. Әкімшіліктің басты функциясы-шағын бизнесті жан-жақты қолдау.Әрбір штатта әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жұмыс істейді. Аймақтық бөлімшелер шағын бизнес субъектілеріне нарық туралы ақпарат береді, оның мәселелерін шешуге көмектеседі.
Сонымен қатар, Америка Құрама Штатының кәсіпкерлік саясатының негізгі бағыттарының бірі-ол қаржы түсімдерін реттеу болып табылады. Ол екі бағытта жүзеге асырылады:
1)бюджеттен мақсатты бағытталған субсидиялар;
2)қаржыландыру үшін жеке капиталдарды тарту;
Бұл бағытты іске асыруда АҚШ-та Шағын Бизнестің Әкімшілігі құрылған және ол шағын кәсіпкерлікке қаржылық,кеңестік,материалдық көмектеседі, кәсіпкерлерді оқыту мен дайындауды жүзеге асырады.Шағын Бизнес Әкімшілігі шеңберінде келесі бағдарламалар жүзеге асырылады:
1) халықаралық саудада көмек;
2) ғылыми-техникалық зерттеулер;
3) әйел-кәсіпкерлерге көмектер;
4) ардагер-кәсіпкерлерге көмек көрсету жұмыстары;
5) ұлттық кәскерлікті дамыту және т.б.
ΙΙ-ТАРАУ. «Алтын жіп» АҚ-ның шаруашылық қызыметі мен банкроттық мүмкіндігіне анализ
2.1 касіпорынның технико-экономикалық мінездемесі
«Алтын жіп» АҚ трикатажды өндіріске орта нөмірлі мақта қағазды тоқыманы өндіретін маманданған кәсіпорын болып табылады.
Кәсіпорын 1942 жылы Мәскеу аймағындағы Реутовский және Краснополянский тоқыма мақта фабрикаларының құрал – жабдықтарының негізінде құрылды. Алғашында кәсіпорын шет елдік «Говард-Булло» мен «Платт» фирмалардың 1895-1905 жылдары шыққан, қуаттылығы 12 мың тоқыма құрайтын, тоқыманың шығарылымы 222 тоннадан аспайтын, құрал – жабдықтарымен жабдықталған еді.
«Алтын жіп» АҚ – дағы жұмыстар үнемі жаңа құрал – жабдықтардың, механизацияның және өнімнің автаматизациясы арқылы жүргізіледі.
Технико-экономикалық көрсеткіштердің динамикалық өзгерістері 1- кестеде көрсетілген.
1- кесте. «Алтын жіп» АҚ 2004-2005 жылдарға арналған технико-экономикалық көрсеткіштері
№
| Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | 2004 ж | 2005 ж | Ауытқу |
1 | Өткізілген өнімнен түсетін табыс | мың. тг | 18022,6 | 25564,5 | 141,8 |
2 | Өткізілген өнімнің өзіндік құны | мың. тг | 20685,5 | 23449,6 | 113,4 |
3 | Жалпы табыс | мың. тг | (-2662,9) | 2114,8 | - |
4 | Кезең шығындары | мың. тг | 12197,3 | 11368,9 | 111,5 |
5 | Таза табыс | мың. тг | (-10036,2) | (-5687,0) | - |
6 | Негізгі құралдардың орташа жылдық құны | мың. тг | 50141,7 | 37045,4 | 73,9 |
7 | Еңбек ақы қоры | мың. тг | 61555,3 | 76090,3 | 123,6 |
8 | Жұмысшылардың орташа саны | адам | 353 | 321 | 90,9 |
9 | Бір жұмысшының орташа айлық еңбек ақысы | тг | 14531 | 19753,4 | 125,7 |
10 | Өткізілген өнімнің 1 тг шығыны | тг | 1,14 | 0,92 | 80,0 |
11 | Бір жұмысшының еңбек өнімділігі | мың. тг | 51,05 | 79,64 | 144,3 |
12 | Жұмыскерлер саны | адам | 60 | 59 | 1 |
1-ші кестеде көрсетілгендей 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда өнімді өткізуден тускен табыс 7541,9 мың теңгеге өскен,ол 41,8% құрайды. Өнімнің өзіндік құны 2005 жылы 2764,1 мың теңгеге немесе 13,4% - ға өскен, ол 23449,6 теңге. Сонымен қатар жалпы табыстың өскен, ол 4777,7 мың теңгеге өскен, яғни 2114,8 мың теңге, сонымен қатар кезең шығындары да 11368,9 мың теңгеге , яғни 11,5% - ға өсті. Негізгі құралдардың орташа жылдық құны 37045,4 мың теңгеге төмендеген. Анализ көрсеткендей жұмысшылар саны 32 адамға және жұмыскерлер саны 1 адамға азайған.
2004 жылы жұмысшылардың жалпы саны 353 адам, ал 2005 жылы -321 адам, немесе 9,1%-ға төмендеді.
Сонымен қатар 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 1 жұмысшының еңбек өнімділігі 132,92 немесе 44,3%- ға өсті. Еңбек ақы қоры 1454 мың теңгеге жоғарылады, яғни 23,6% -ға өсті. Орташа айлық еңбек ақы 2004 жылмен салыстырғанда 11535,0 теңгеге өсті, яғни ол 123,6%.
Жұмыстың қортындысы мен өндіріске кеткен шығындарды 1 теңгеге кеткен шығындардан көре аламыз. Бұл көрсеткіш 2004 жылғы 1,14 теңге, ал 2005 жылы 0,92 болды, яғни -0,22 теңгеге немесе 20%- ға төмендеген.
Негізгі капиталдың қолданылу деңгейі, бір жағынан технологиялық саясаттың прогрессивтілігімен, ал екінші жағынан өнімнің шығарылу технологиясымен анықталады. Мұндай жағдайда басшылыққа, ең алдымен негізгі қорлардың қалай қолданылып жүргенін анықтау қажет.
Бұл көрсеткіштерді жүзеге асыру үшін негізгі капиталды қолдануға біртұтас жүйе құрылған.
Бұл көрсеткіштердің ең маңыздысы қор қайтарымдылығы, қор сиымдылығы. Қор қайтарымы өнімді өткізіден түскен табысты негізгі қорлардың орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады.
2-кесте 2004-2005 жылға негізгі капиталдың қолданылу көрсеткіштері
№ |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2004 ж |
2005 ж | Өсу қарқыны % |
1 | Қор қайтарымдылық |
Тенге |
0,35 |
0,69
|
191,7 |
2 | Қор сйымдылық | Тенге | 2,78 | 1,44 | 52,2 |
3 | Қормен қарулану | Тыс.тенге/адам | 835,7 | 627,9 | 75,1 |
4 | Тозу коэффициенті |
% |
60,5 |
60,5 |
100 |
5 | Жарамдылық коэффициенті |
% |
39,5 |
39,5 |
100 |
Информация о работе Банкроттыққа қарсы стратегиялық жоспарлау