Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 05:59, курсовая работа
Сондықтан бұл жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы, төлемқабілетсіз болу себептері, оның салдары және оның алдын алу бағыттарын анықтау, банкроттыққа қарсы басқарудың ролі мен маңызын зерттеу болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес және мәселенің зерттелу маңыздылығына қарай міндеттері:
-«банкроттық» ұғымының әлеуметтік-эконмикалық, экономикалық-құқықтық мазмұнын ашу;
-кәсіпорындағы банкроттықтық жағдайлардың пайда болу себептері мен белгілерін анықтау;
-кәсіпорын дәрменсіздігінің даму кезеңдерін сипаттау;
-банкроттыққа қарсы басқарудың кәсіпорында дамуын жетілдіру;
КІРІСПЕ
Ι-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні
1.2 Кәсіпорын банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің пайда болу себептері
ΙΙ-ТАРАУ. «Алтын жіп» АҚ-ның шаруашылық қызыметі мен банкроттық мүмкіндігіне анализ
2.1 касіпорынның технико-экономикалық мінездемесі
2.2 «Алтын жіп» АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайына талдау жасау
ΙΙΙ-ТАРАУ.КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛАЙ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САУЫҚТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Банкроттыққа қарсы стратегиялық жоспарлау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3) Қажетті ресурстарды табу.
Бұл ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы деңгейден қаталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен байланысты теріс зардаптарды бағалау жұмыстары жүзеге асырылады.
4) Құрылған кәсіпорынды басқару.
Әрбір кәсіпорынды басқару мәселесі - нақтыланған өнім стилінің басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы шешім қабылдаудан тұрады.
Ал жалпы жаңа кәсіпорын құру процесі 3 негізгі кезеңнен тұрады:
1-ші кезеңді дайындық кезеңі деп аталады, мұнда кәсіпкердің қызмет түрін және көлемін анықтау және ұйымдастырушылық- құқықтық формасын таңдайды;
2-ші кезең, яғни құрылтайшылық кезеңде құрылтайшы құжаттарды дайындау процесиері мен мемлекеттік тіркелу және кәсіпорынның атрибуттарын енгізу мәселелері шешіледі,
3-ші ұйымдастырушылық кезеңінде жаңа шағын кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын құру мәселесі қарастырылады, яғни негізгі өндірістік құрылымын, басқару құрылымы, персоналдық құрылым және өндірістік инфрақұрылым.
ған нұсқалармен салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдығы. Шаруашылық тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтежиелердің ара-қатынасы жатады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті тиімді ұйымдастырудың мәнді сипаттамалары да бар және олар келесідей:
1) Мақсатты анықтау.Ол пайдалылықтың негізін енгізуде маңызды болады. Кезінде Барух Спиноза әлемді билейтін мүдде деп атап көрсеткен екен.Ал Аристотельде мүдде туралы: игілік барлық жерде екі шартты сақтауды талап етеді Біріншісі-қандай қызмет болмасын ең соңғы мүддені дұрыс табу. Екіншісі-сол түпкі мүддені іске асыру үшін керекті құралдарды табу.
2) Мақсатқа жету жолдары. Мақсатқа жету жолында кәсіпкер жету құралдарын, әдістерін анықтауы қажет. Бұл тұрғыда пайда алу мен басқару сапасының өзара үйлесуінің қамтылуы қажет.
3) Мадақтау мен жазалау жүйесінің болуы. Мұнда жұмысты ұйымдастыруда шығармашалақ ықылас көрсеткені үшін марапаттау туралы айтылады. Жазалау-ықыластың жоқтығы үшін мәселені қою жөнінде болады. Кәсіпкер алдына жаңа мәселелерді іздеп қояды және оларды шешудің жолдарын іздейді. Бұл жағдайда ғылыми тәсіл қолданылады.
4) Басқару стилі. Мұнда кәсіпкерге төнетін қаіп-қатер де, адамдарды жұмысқа жұмылдыру, оларды марапаттау және тағы басқа факторлар да жатады.
5) Ұйымдастырушылық құрылым. Бұл жерде оның икемділігі туралы сөз болады,яғни оның негізгі объектісі-өндіріс болып табылады. Құрылым өндіріске қарағанда екінші болып, рынок жағдайына байланысты бағытталуы тиіс.
6) Кәсіпкерлік кәсіпорындардың айырмашылығы, яғни сонымен қатар, сандық сипаттары бары: жұмыскерлер саны, капиталдың жылдық айналымы, кәсіпорындардың шамалары.
7) Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі қасиеттері- ол қызмет еркіндігі, субъектілердің тәуелсіздігі, сонымен қстар, кәсіпкерлік қызмет өрісінде тәуелсіздік.
8) Қандай басқару тәсілін таңдау қажеттілігі. Еркіндік өндіріс бағдарламасын қарастыруда көрінеді,мысалы бағдарлама, өндіріс жоспары.
9) Тәуекелдікке қатынасы. Жасағыштық тәуекел және тәуекелдік түрлерінің жиынтығының тепе-теңдігі болып саналады.
Енді кәсіпкерге тән сипаттарды анықтайтын болсақ ол келесідей болады:
1) қызмет өрісін кәсіпшілік біліммен басқару;
2) өндірістік-маркетингтік қызметті басқару үшін басқарушы білімі мен тәжірибесі болу;
3) өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білу және рыноктағы жағдайды ескеру, қаржы құралдарын тарта білу,
4) экономикалық ойлау қабілеттілігі, құзыретті болу, іскерлік мәдениетті, тәжірибелі болу,
5) өндірісті ұйымдастыруды білу, қойған мақсатқа жету үшін тәуекелге бару,
6) талдай білу және рыноктің мүмкіндіктерін пайдалану, жаңашыл ойлар болуы.
Сонымен қатар кәсіпкерлік бірнеше белгілер мен қызметіне байланысты жіктелінеді:
біріншіден, көлемі бойынша:-шағын,орта,ірі;
екіншіден, меншік түріне қарай:-жеке, мемлекеттік және аралас;
үшіншіден, аумағы бойынша:-жергілікті, аймақтық, республикалық, халықаралық;
төртіншіден, салалық бағыты бойынша:-өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс, көліктік, саудалық, инфрақұрылымдық;
бесіншіден, атқаратын қызметтеріне байланысты:-өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңестік;
алтыншыдан, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы бойынша:
индивидуалды кәсіпкерлік, өндірістік кооперациялар;
толық серіктестіктер; -сенім серіктестіктері;
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер;
біріккен кәсіпорындар формалары;,
акционерлік қоғамдар.
Ал жалпы экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш негізгі нысанан кездестіруге болады: жеке шаруашылық, серіктестік, корпорациялар.
1) Жеке шаруашылық дегеніміз әрбір меншік иесі жеке өзі ғана шешім қабылдап, шаруашылықтың барлық ісіне жкек жауапкершілікті алатын, өндірісті ұйымдастыру болып табылады. Мысалы, 80-жылдар ортасында АҚШ-та 7 миллионға таяу жекеше шеруашылықтар болған.
Артықшылығы: барлық істің жүруіне меншік иесі -қожайынның толық бақылауы.
Кемшілігі: капитал мөлшерінің аздығы, шығын, зиян және тағы басқалары үшін жеке жауапкершілік.
2) Серіктестік дегеніміз-екі немесе бірнеше кәсіпкерлер кәсіпорын үшін бірге шешім қабылдап, бірге жауап беретін өндірісті ұйымдастыру түрі болып саналады. Мысалы, АҚШ-та 80-жылдардың ортасында 1 миллионнан астам серіктестік түрінде кәсіпкерлік болған.
Артықшылығы: капитал мөлшері жоғары, барлық серіктестіктер бірдей иелік етеді және шығын үшін де, зиян үшін де бірдей жауап береді.
Бұл кәсіпкерлік түрі көбінесе сауда, делдалдық қызметтерде, қызмет көрсету салаларында көбірек тараған, немесе көпшілік жағдайда ол өндіріске байланыссыз болады.
3)Корпорациялар акционерлік меншік негізінде ұйымдастырылады. Айырмашылығы: кәсіпкер жеке меншік пен жеке меншік иесінен бөлінген, оның қаржылық қызметі шектелген.
Артықшылығы: акцияларды сату арқылы едәуір капиталды іске қатыстыру мүмкіншілігі, корпорацияның иелері ешқандай материалдыжауапкершілікке тартылмайды.
Кемшіліктері: акция иелерінің барлығы бірдей корпорацияны басқару ісіне қатыса алмайды,салық жалпы табысқа салынуымен қатар әрбір акция иелерінің дивидендіне де салынады.
1.2 Кәсіпорын банкроттығы мен төлемқабілетсіздігінің пайда болу себептері
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.
Жалпы абсолютті төлемқабілетті кәсіпорын деп міндеттемелері жоқ және капиталының құрамы толық өзіндік капитал болып табылатын төлемқабілетті кәсіпорындар жатады. Кәсіпорынның төлемқабілетсіздігі міндеттемелердің мөлшеріне тура пропорционалды және пайда көлеміне кері пропорционалды болады.Сондықтан кәсіпорынның төлемқабілетсіздігінің негізгі себептеріне, 1-ден, пайда көлемінің төмендеуіне әсер ететін факторлар, 2-ден, міндеттемелердің өсуіне әсер ететін факторлар жатады .
Пайданың өсу деңгейінің бәсеңдеуі немесе оның абсолютты азаюы орын алады, егер:
-тауарбастылық жағдайда, яғни өнімнің сапасы қанағаттанарлықсыз, бағасы жоғары және оған қажеттілік деңгейі төмен болса, рынокта ол өніміне деген сұраныс азаяды;
-жіберілген өнімге төлемнің қайтарылмауының (невозврат) өсуі, яғни кәсіпорын сенімсіз сатып алушылармен байланыста болып немесе сатып алушыларды еріксіз таңдағанда орын алады;
-тыйым салу, квота, кедендік кедергілер, т.б. шектеулер орнату арқылы рынокты шектеу;
Ал міндеттемелердің озып өсуі келесі жағдайларда орын алады:
-кәсіпорынның тиімсіз ұзақмерзімді қаржылық салымдарды жүзеге асыруы;-кәсіпорынның өндіріс көлемі мен табысының өсуіне әкелмейтін, жұмыс істемейтін қорлармен жүктеуі; -кәсіпорын құралдары пайдаға қатысы жоқ есеп айырысулармен жүзеге асырылуы; -кәсіпорынның зиян шегуі;
Жоғарыдағы аталған төлемқабілетсіздіктің жалпы себептерінің жиыны мемлекет өндірісі мен нарыққа тәуелсіз өз міндеттемелері бойынша уақытылы есептесу қыиндықтарына душар болған барлық кәсіпорындарға тән.
Сонымен бірге, ақшалай ағымдарды жоспарлау мен басқарудың болмауынан жағдай қиындайды.
Жалпы төлемқабілетсіздіктің ерекше себептеріне 1-ден, нарық тапсырысынан артта қалушылық, яғни ұсынылатын ассортимент, сапа, баға, т.б. туралы айтуға болады; 2-ден, кәсіпорынның қанағаттанарлықсыз қаржылық басқарылуы, яғни оның міндеттемеге жүктелуі. Бұл жағдайда қаржылық басқару дертіне ұшырайды.
Сонымен қатар, банкроттықтың пайда болуының объективті және субъектвті себептері бар.
1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
-экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
-инфляцияның аса жоғары деңгейі;
-фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
-бәсекелестіктің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі және сәйкесінше өндіріс шығынының төменемеуі;
2. Шаруашылық жүргізуіне тікелей қатысты субъективті себептер:
-банкроттықты уақытында болжап және келешекте сақтану;
-жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы сұранысты толық зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
-өндіріс көлемінің төмендеуі;
-ұқсас бірақ сапасы жоғары өнімдерінің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;
-ақталмаған жоғары шығындар;
-өнімнің төменгі рентабельдігі;
-өндіріс циклының өте көлемді болуы;
-үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
-ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік танытпауы, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімділік таңдай алмауы;
Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі мезанизмі қалыптасқан. Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:
-банкроттықты құқықтық реттеу;
-кәсіпорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау процестерінің нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;
-келешегі бар (перспективалы) тауар өндірушілерді қолдау мақсатында төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;
-банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
-кең ауқымды қоғам үшін банкрот жайында ақпараттар жариялылығын қамтамасыз ету;
Реселік зерттеулер жоғарыдағы аталған факторлар жиынынан, яғни кәсіпорын дамуына кедергі келтіретін факторларды екі топқа бөледі: сандық және сапалық.
1) Сандық, тәжірибеде сандық индикатор қолданылады, ол банкроттықты болжауға мүмкіндік беретін – «z-есебің, оның негізінде қаржылық көрсеткіштердің қатынасы өлшенген салмада болады:
“Z есебі” = айналым капиталы/активтер * 1,2 + бөлінбеген пайда/активтер *1,4 + өндірістік пайда/активтер * 3,3 + акцияның нарықтық құны/активтер * 0,6 + сату көлемі/активтер * 1; (1)
Банкроттықтың ықтималдығы:
“Z есебі” = 1,80 немесе аз жағдайда - өте жоғары;
“Z есебі” = 1,81-2,7 жағдайында жоғары;
“Z есебі” = 2,8 – 2,9 – мүмкін,
“Z есебі” = 3,0 және одан жоғары болса – ықтималдығы аз.
Z<1,81 – банкроттықтың жоғарғы ықтималдық аймағы;
Z>3,0 – банкроттықтың төмен ықтималдық аймағы;
2) Банкроттықты болжайтын сапалық факторларға:
-қаржы есебінің нашарлығы және шығындарды қадағалау қабілетсіздігі;
-өнеркәсіптің құлдырауы;
-компания басшылығының тәжірибемсіздігі;
-ұзартылған міндеттемелерді өтей алмауы;
-кәсіпорынды қосымша қаржыландыруға қабілетсіздігі;
-коммерциялық тәукелдің жоғары деңгейі;
-нарықтық өзгерістерге жылдам бейімделуге қабілетсіздігі;
-коммерциялық тәуекелдің жоғары деңгейі;
-нарықтық өзгерістерге жылдам бейімделуге қабілетсіздігі;
-жеткіліксіз сападағы бухгалтерлік және қаржы есебі жүйесі;
-тұтынушылардың талап-тілектерінің өзгеруіне сәйкес өндірісті бейімдеуге қабілетсіздігі;
Кәсіпорынның банкроттық ықтималдығын болжау үшін нарықтық экономикасы дамыған шет елдерде жай және айрықша акциялардың нарықтық құны, қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп және кәсіпорын балансының негізінде есептелетін Э. Альтманның көп факторлы моделі кеңінен қолданылады.
Информация о работе Банкроттыққа қарсы стратегиялық жоспарлау