Банк өтімділігін басқару және талдау тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 15:53, курсовая работа

Описание работы

Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұрғысында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуя) 14-15ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының рете кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған. 15-16ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Гамбургте, саудагер клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы қағаздардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................
тарау. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасуы........................................................................................................
1.1. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы..........................................................................................................................
1.2. Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру...................................
2- тарау. Банк өтімділігін басқару және бағалау.............................................
2.1. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар.........................................
2.2. Банк өтімділігін басқару әдістері .....................................................................
3- тарау. «АТФ Банктің» болашаққа жоспары мен стратегиялық бағдарламалары.............................................
3.1. «АТФ Банктің» жетілдіру жолдары мен олардың мақсаттары............................................................................
Қорытынды..............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................
Қосымшалар....................................................................

Работа содержит 1 файл

Банк өтімділігін басқару және бағалау.doc

— 242.50 Кб (Скачать)
  1. Өтімділікті басқарудың келесі әдісіне – «банктегі банктер» әдісі жатады. Бұл әдіс активтердің қалыптасуы жалпы сомаға және тартылған ресурстардың құрамына байланысты болатынын сипаттайды. Мұнда әрбір қалыптасу көзінің қаражаттары айналымдылығына байланысты әр түрлі қамтамасыз етуі және  сәйкесінше міндетті резервтер нормасын талап етеді.

Қаражаттардың                            Қаражаттардың

көздері                                           орналасуы

 Талап ету                                      Алғаш резервтер

салымдары банкі

Мерзімді  салымдар                       Екінші ретті   

банкі                                                резервтер

                                                        Займдар

Негізгі капитал                              Бағалы қағаздар   

банкі                                                Ғимараттар мен жабдықтар   

  

                   «Банктегі банктер» әдісі

     Осы әдіске сәйкес әр түрлі көздерден  тартылған қаражаттарды орналастыру  үшін пайдаланатын «табыстылық - өтімділік» орталары анықталады. Мұндай орталар «банктегі банктер» деп аталады, яғни банкте «талап ету салымдар банкі», «мерзімді салымдар банкі» және «негізгі капитал банкі» болады. Талап ету салымдары өтімді активтермен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуді талап етеді, сондықтан «талап ету салымдар банкісі» қаражаттардың үлкен бөлігін алғашқы резервтерде орналастырады. Ал, талап ету салымдарының қалған бөлігі екінші ретті резервтерге бағытталады және аз бөлігі ғана қысқа мерзімді ссудаларға беріледі. «Мерзімді салымдар банкі» мерзімді салымдардың басым бөлігін екінші ретті резервтерді қалыптастыруға, орта және ұзақ мерзімді ссудаларға, сондай – ақ  ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға бағыттайды.

  «Банктегі  банктер» әдісінің «қаражаттардың  ортақ қоры» әдісінен артықшылығы  есептеудің арқасында жоғары  өтімді активтердің үлесін дәлірек анықтауға және олардың азаю есебінен қосымша ресурстарды жоғары өтімді активтерге, яғни кәсіпорындар мен ұйымдардың қарыздарына салуға мүмкіндік береді.

  1. Активтерді басқарудың «ғылыми басқару» әдісі. Ол ғылыми әдістер мен операцияларды зерттеу көмегімен банк  баланысындағы және табыстар мен шығыстар туралы есебіндегі әр түрлі баптар арасында күрделі байланысты талдау үшін қазіргі математикалық аппарат пен өте күрделі модельдерді пайдалануды ұйғарады.( 6: 189- беттер)

        Ғылыми басқару әдісі мынадай үш сұрақтарға жауап беруге тырысады: Мәселенің мәні неде? Оны шешудің қандай варианттары бар? Варианттардың ең жақсысы қандай?        

         Басқару бойынша мамандар өндірістік мәселесін шешу үшін сызықтық бағдарламалау деп аталатын ғылыми әдістерінің бірін қолданады. Бұл әдіс операциялардың табыстылық  пен өтімділік жағынан шектеулерді ескеріп, пассивтерді басқарудағы проблемалы активтерді басқару мәселесімен байланыстырады. Сызықтық бағдарламалау бір ғана ықшамды шешімге әкелетін детерминдеу моделін ұйғарды, шектеулердің сипаты дәл анықталуы тиіс. Мақсатты қызметі үздіксіз және нақты анықталу қажет, яғни шешімді анықтайтын әр айнымалы мақсатты қызметке және шектеулерді көрсететін теңдеуге өз үлесін қосуы керек. Сонда бағдарламаны бірнеше рет қосқанда да, ол бір ғана шешімді беруі тиіс, яғни іс жүзінде басшылар кейбір шектеулердің немесе бағаланатын әрекеттестіктердің өзгеруінің тиімділігін тексеру үшін бағдарламаны бірнеше рет жіберуі мүмкін.

       Ғылыми әдістердің негізгі кемшілігі – олар ұзақ банктерде қолданылмайды, себебі оған сәйкес дайындығы бар кеңесшілер немесе қызметшілер және ірі модельдерді есептеуге қуаттылығы жететін есептеуіш жабдықтар болуы керек, ал мұның барлығы үлкен шығындармен байланысты.

        Шетел тәжірибесінде коммерциялық банктің өтімділігі мынадай екі әдіспен есептеледі:

  • баланыстың өтімділігін көрсететін және баланстар бойынша есептелінетін қаржылық коэффиценттер негізінде;
  • сәйкес кезеңдердегі банк балансының активтері мен пассивтері бойынша айнымалдардың талдануын ескеріп, өтімді қаражаттарға потенциалды қажеттілігін анықтау негізінде.

      Коэффициенттік әдіс баланс баптары арасында белгілі бір сандық  қатынастарды бекітуді білдіреді. Бұл әдіс әр түрлі көрсеткіштерді пайдаланады.

     Алғашқы тобының екі көрсеткіші өтімді активтер мен депозиттер арасындағы қатынасты көрсетеді:

  1. Алғшқы резервтер (касса + Орталық банктегі корреспонденттік шот) / Депозиттер;
  2. (Алғашқы резервтер – Екінші реттегі (мемлекеттік бағалы қағаздар) резервтер) / Депозиттр

   Бірінші көрсеткіш деңгейі банктің өтімділігін қамтамасыз ету үшін 5 – 10%-дан төмен болмау керек, ал екіншінің деңгейі 15 – 25%-дан, Жапонияда 30%-дан төмен емес болуы міндетті.

       АҚШ-та өтімділікті бағалау үшін бірнеше көрсеткіштер қолданылады. Оның бірі – берілген несиелер мен дипозиттер сомалардының қатынасы. Олардың арасында мынадай тәуелділік бар: бұл қатынастың мәні неғұрлым 1-ден көп болса, банк өтімділігі соғұрлым төмен болады. Сонымен қатар, несиелердің жалпы активтер сомасындағы үлесі есептелінеді, ол активтердің диверсификациясын көрсетеді. Бұл көрсеткіш 65-70%  аралығында болуы керек. Және активтің қолма – қол қаражаттарға тез алмастыру қабілетін бейнелейтін көрсеткіш: өтімді активтердің жалпы активтер сомасына қатынасы арқылы табылады.

   Банктің ресурс базасының сапасын сипаттайтын көрсеткіштер тобы да қарастырылды.

   Депозиттер тұрақтылық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш негізгі депозиттер (талап ету депозиттер + жинақ шоттар) сомасының жалпы депозиттер мөлшеріне қатынасы немесе тұрақсыз депозиттердің (мерзімді және жинақ салымдары) таратылған ресурстар сомасындағы үлесі түрінде есептелінеді. Егер негізгі депозиттердің үлесі 75 пайыздан жоғары болса, онда банк өтімді болып есептелінеді.

   Банк ресурс базасының сапалығы коммерциялық банктің сыртқы көздеріне банкаралық несиелерге шығу мүмкінділік көрсеткішпен сипатталады, оның формасы:    

       Көптеген елдерде, мысалы Францияда,  Ұлыбританияда, Германияда коммерциялық  банктің өтімділік көрсеткіштері  мерзім бойынша  топтастырылған  баланстың активті және пассивті баптардың қатынасы негізінде есептелінеді. Мысалы, 3 ай мерзімге салынған активтер осы мерзімге тартылған талап ету депозиттерге, мерзімді депозиттерге және басқа да ресурстарға қатынасы арқылы өтімділік коэффициенті шығарылады.

  Банк өтімділігі динамизм жағдайында болатындығын ескеріп, шетел сарапшыларының пікірлері бойынша, өтімділік деңгейі баланыстық қатынастар негізінде есептелген қаржылық коффициенттерімен толық бағаланбайды. Сондықтан банктің бар активтері мен пассивтері бойынша қолма – қол қаражаттарының ағыны негізінде өтімділікті бағалау тәжірибесі біртіндеп енгізілді.

  Осы әдіспен қиыншылығы – кейбір қаржылық құралдары бойынша төлем мерзімдері талап етілгенге дейінгі депозиттер қарастырылмаған, ал екінші қиыншылығы – бөлек қарыздарды өтеу перспективасын дұрыс бағалауда жатыр. Сол себептен осы әдістің қолданылуы мынаны білдіреді:

  • Активтер мен пассивтер бойынша төлем мерзімдері туралы ақпараттың жоғары сапалылғы мен уақтысында алынуы.
  • Банктің қарыздар мен депозиттер жағдайының өткен және болашақтағы тенденцияларын талдаудың жоғары сапалылығы.

  Осы  әдіс Жапония, АҚШ және басқа  еуропа елдерінде кеңінен пайдаланылады.

  Біздің  тәжірибемізге пруденциалық нормативтер  қатарындағы өтімділік коэффициенті  көмегімен активтер мен міндеттемелерді  өзара салыстыру арқылы банк өтімділігіне баға беріледі.   

    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3- тарау.  «АТФ Банктің» болашаққа жоспары мен стратегиялық бағдарламалары

3.1. «АТФ Банктің»  жетілдіру жолдары  мен олардың

мақсаттары

           Банктің  активтерін  талдау

Көрсеткіш Формула Есепті жылдың басы Есепті жылдың соңы
К1 Кірісті активтер/активтер 37079+819194/1160931=0,73 20599+619800/920750=0,7
К2 Кірісті активтер/ақылы  пассивтер 856273/241817+292565+328265=0,99 640399/245261+321185+139249=0,9
К3 Ссудалар/міндеттемелер 819194/1001956=0,81 619800/840712=0,73
К4 Банктік займ/банктік  ссудалар - -
К5 Ссудалар/капитал 37079/158975=0,23 20599/80038=0,25
К6 Мерзімі өткен  ссудалар/ссудалар - -
К7 Ссудаларға  резервтер/ссудалар - -

          

      Банктің  пассивін  талдау.

К11 Капитал/активтер 158975/1160931=0,13 80038/920750=0,08
К12 Анкольды және мерзімді міндеттемелер/активтер 292565+241817/1160931=0,46 321185+245261/920750=0,61
К13 Займдар/активтер - -
К14 Анкольды міндеттемелер/барлық міндеттемелер 292565+241817/1001956=053 321185+245261/840712=0,67
К15 Мерзімді салымдар/барлық міндеттемелер (292565+241817)*40%/1001956=0,21 (321185+245261)*40%/840712=0,27
К16 Займдар/барлық міндеттемелер - -
К17 Басқа міндеттемелер/барлық міндеттемелер 3307/101956=0,003 3854/840712=0,04
К18 Стержіндік  капитал/меншікті капитал 96380/158975=0,6 60013/80038=0,75
 

      Банктің  өтімділігін  талдау.

К8 Кассалық активтер/анкольды міндеттемелер 69795/(292565+241817)*60%=0,002 99594/(321185+245261)*60%=0,002
К9 Кассалық активтер/анкольды және мерзімді міндеттемелер 69795/292565+241817=0,13 99594/321185+245261=0,17
К10 Бағалы қағаздар портфелі/міндеттемелер - -
 

      Банктік  іс  әрекеттің  тиімділігін  талдау.

К19 Пайда/активтер 59297/1160931=0,05 16468/920750=0,01
К20 Пайда/кіріс 59297/181768=0,32 16468/80193=0,2
К21 Кіріс/активтер 181768/1160931=0,15 18093/920750=0,19
К22 Пайда/капитал 59297/158975=0,37 16468/80038=0,2
К23 Капитал мультипликаторы/капитал 1160931/158975=7,3 920750/80038=11,5

Информация о работе Банк өтімділігін басқару және талдау тәсілдері