Банк өтімділігін басқару және талдау тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 15:53, курсовая работа

Описание работы

Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұрғысында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуя) 14-15ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының рете кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған. 15-16ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Гамбургте, саудагер клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы қағаздардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................
тарау. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасуы........................................................................................................
1.1. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы..........................................................................................................................
1.2. Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру...................................
2- тарау. Банк өтімділігін басқару және бағалау.............................................
2.1. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар.........................................
2.2. Банк өтімділігін басқару әдістері .....................................................................
3- тарау. «АТФ Банктің» болашаққа жоспары мен стратегиялық бағдарламалары.............................................
3.1. «АТФ Банктің» жетілдіру жолдары мен олардың мақсаттары............................................................................
Қорытынды..............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................
Қосымшалар....................................................................

Работа содержит 1 файл

Банк өтімділігін басқару және бағалау.doc

— 242.50 Кб (Скачать)

ЖОСПАР 
 
 

Кіріспе........................................................................................................................ 

  1. тарау. Қазақстан  Республикасында   банк жүйесінің қалыптасуы........................................................................................................

1.1.  Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы..........................................................................................................................

1.2. Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру................................... 

2- тарау.   Банк  өтімділігін басқару  және бағалау............................................. 

2.1. Банк  өтімділігі және оған ықпал  етуші факторлар.........................................

2.2. Банк  өтімділігін басқару әдістері .....................................................................       

3- тарау. «АТФ Банктің» болашаққа жоспары мен стратегиялық бағдарламалары.............................................

3.1. «АТФ Банктің» жетілдіру жолдары мен олардың мақсаттары............................................................................ 

Қорытынды..............................................................................................................  

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................. 

Қосымшалар............................................................................................................. 
 
 

Кіріспе  

     Курыстық  жұмыстың тақырыбы «  Банк өтімділігін   басқару және талдау тәсілдері » болып табылады.

     Банк  жүйесінің маңызды элементі -  банктер болып табылады. Ежелгі  ғасырлар  тарихы  кейінгі ұрпаққа  банктердің  қашан пайда болғаны  туралы ғана емес, сондай-ақ олардың  қандай операцияларды орындағандығы  туралы да   толық мәлеметтер қалдырмаған секілді.

     Кейбір  ғалымдардың пікірінше, алғашқы  банктер  капитализмнің мануфактура  тұрғысында  және ең бастысы Италияның  жекелеген  қалаларында (Венеция, Генуя) 14-15ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде  банк тауар шаруашылығының ерекше институты  ретінде тауар шаруашылығының рете кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының  дамуына байланыссыз, ақша айналысын  реттеу үшін пайда болған. 15-16ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Гамбургте, саудагер клиенттер арасында  қолма-қол ақшасыз есеп  айырысуларды жүзеге асыру үшін  жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің  клиенттері арасында  белгілі салмағы бар  бағалы қағаздардан  жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің  бос ақша қаражаттарын жиробанктер  мемлекеттке,  қалаларға  және артықшылығы бар компанияларға ссудаға береді.

     Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап экономикада түбегейлі өзгерістер орын алғаны белгілі. Бұл өзгерістердің  бәрі нарықтық реформаларды жүргізумен  тығыз байланысты. Ал, аталмыш реформаларды жүзеге асыру кезінде үкіметтің алдында көптеген шешімін таппаған түйінді мәселелер тұрды сонда ең басты проблемалардың бірі елімізде тұрақты да сенімді банк жүйесін құру болатын.

         Нарықтық қатынастар жағдайында банктер әрбір елдің экономикасының жағдайының басты индикаторы болып саналады. Тәуелсіздік алғаннан бері 10 жылдық ішінде Қазақстан терең экономикалық дағдарысты және онымен байланысты барлық тауар мен қызметтерге бағаның бұрын соңды болмаған өсімін (соның нәтижесі тұрғындардың өмір сүру деңгейінің біршама нашарлауы) кешті.

       Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамалардың бірі. 

  Курстық  жұмыстың мақсаты  -  Банк   өтімділігін басқару және талдау ,  олардың көрсеткіштері , әдістері  Коммерциялық  банк мысалында банк  баллансын талдап ашып көрсету болып табылады.

        Банк өнімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.

    Банктің міндеттемелерін нақты  және потенциалды деп екіге  бөлінеді. Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, таратылған  банкаралық ресурстар, несие берушілердің  қаражаттары түрінде банктің  баланысында көрсетіледі. Ал, потенциалды немесе баланыстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепіл – хаттар, клиенттерге несие желілерін ашу , т.б. арқылы көрсетіледі.

    Егер коммерциялық банктің борыштық  және қаржылық міндеттемелері  уақтысында орындау үшін қолма  – қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса онда, бұл өтімді банк болып табылады.

  Курстық жұмыстың  құрамы  кіріспеден,  үш тараудан,  қорытындыдан  және қорлданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

     Бірінші бөлімде Қазақстан  Республикасында  банк жүйесінің қалыптасуы   қарастырылған.

     Екінші  бөлімде банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар және банк өтімділігін басқару әдістері  қарастырылған.

       Үшінші бөлімде  «АТФ Банктің» болашаққа жоспары мен стратегиялық бағдарламалары  қарастырылған.

     Курстық жұмысты жазу барысында  көптеген авторлардың еңбегі  басшылыққа алынды.

1 - тарау. Қазақстан  Республикасында банк жүйесінің қалыптасуы 

    1. Қазақстан Республикасында  банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы
 

      Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан одақтас  республикалардың бірі болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесі болған жоқ. Қазақстан территориясында КСРО – ның орталықтанған банк – несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО – ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.

      Ресейдің  банк жүйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда әлдеқайда кеш қалыптаса бастап, өз даму жолында бірнеше кезеңдерден өтті. Алғашқы банктер 18 ғасырдың екінші жартысында мемлекеттік  (қазыналық) банк түрінде пайда болып, 19 ғасырдың аяғы және 20 ғасырдың басында Ресейдің банк жүйесі негізінен мынадай банк – несие мекемелерінен құрылды:

    • мемлекеттік банк (1860 жылы құрылған);
    • қоғамдық қалалаық (252 банк) және жер банктері;
    • көп буынды жеке банктер: акционерлік банктер, өзара несиелейтін қоғамдар, коммерциялық банктер, несие – жинақтау серіктестіктері және т.с.с.

      Бұлардан  басқа банктік операциялардың көпшілігін жүргізіп, сонымен қатар жоғары қауіпті операциялар жүргізу үшін клиенттердің қаражатын тартумен шұғылданатын банктік кеңселер, сауда үйлері, айырбастау дүкендері болды.

      1917 жылы қазан төңкерісінен кейін  банк ісін ұйымдастыруды мемлекет

монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде  жеке коммерциялық банктер мен басқа  несие мекемелері Мемлекеттік банкпен  біріктірілді. Сонымен қатар Кеңес  үкіметінің алғашқы жылдарында кооперативтік , жеке, мемлекеттік – капиталистік, шетел капиталының қатысуымен және басқа банктер құрыла бастады. 1922 жылы Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банкі құрылды.

      1924 жылы  акционерлік қоғам үлгісіндегі  Сыртқы сауда банкі құрылып,  оның акционерлері мемлекет, кооперативтік  және қоғамдық ұйымдар болды. Ол КСРО – ның Мемлекеттік банкісінің құрамында болып , сыртқы сауда операцияларын және халықаралық есеп – айырысу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп 1925 жылы КСРО – да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және Ауыл шаруашылық банкі болды. Сондай – ақ Орталық коммуналды банкі (Цекомбанк), Кооперативтік банк (Всекобанк) және акционерлік, салалық , аймақтық (Қиыр Шығыс, Орта Азия) банктер құрылды. Ұсақ тауарлы өндірістің дамуына байланысты өзара несиелеу қоғамдары, ауыл шаруашылығын несиелейтін қоғамдар, жинақ кассалары, несиелік кооперативтер пайда болды.

      1927 жылы КСРО Орталық атқару комитеті  мен Халық комиссариаты Кеңесінің  "Несие жүйесін құру принциптері  туралы"  қаулысына сәйкес бүкіл  банк жүйесін тікелей басқару  Мемлекеттік банкке тапсырылды. Сол қаулыға сай маманданған банктер және банктердің проценттік саясат жүргізудегі дербестік құқығы жойылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да ажыратылды. 1928 жылы Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай өнеркәсіп пен Электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиені басқа шаруашылық салаларының бәріне олардың тоқсандық жоспарларына сай  Мемлекеттік банк беруі тиіс болды. Жалпы 1927 – 1929 жылдары банктердің өзіне тән ерекше қызметі – банктік несие беру жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне айналды.  

      1930 – 1932 жылдары жүргізілген несие реформасы елдегі банк жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы еді. Бұл кездле 1929 жылы қабылданған халық шаруашылығын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспары бойынша елді индустрияландыру және ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мемлекеттік бірыңғай жоспар бойынша орталықтан қаржыландырылуы қажет еді. Ол үшін ақша қаражатын қаржы – несие жүйесіне жинақтап, одан соң жоспарлы түрдее шаруашылық салаларына  бөліп беру керек. Бұл міндеттерді оған дейін айналым қаражатын өз бетімен жоспарсыз бөлумен шұғылданған әр түрлі несие мекемелері орындай алмады. Онымен қоса ірілі – уақты өнеркәсіп орындары біріне – бірі коммерциялық несие бергенде есеп – айырысуды вексель берумен жүргізіп, банк бақылауынан тыс қалды. Іс жүзінде банктің несие алушымен, яғни тауар сатып алушымен байланысы болмады. Нәтижесінде шаруашылық орындарының бірін – бірі несиелеуі (яғни коммерциялық несие) тікелей мемлекеттік жоспарлы басқарумен қайшы келіп, елдегі несие қатынастарын түбегейлі өзгерту қажеттілігін тудырды.

      Несие реформасын жүргізу үшін елде біраз  алғы шаралар жүргізілді.

      Біріншіден, бұл кезде экономика салдарында біраз жетістіктерге қол жетті  және олардан жеке капитал ығыстырылды. Сөйтіп, 1930 жылы мемлекеттік сектордың өнеркәсіптегі үлес салмағы 99,1 процентке, көтерме саудада 97,2 процентке, ал бөлшек саудада 86,5 – ке жетті. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік және ұжымдық шаруашылықтар тауарлы астықтың 55 процентін өндірді.

      Екіншіден, халық шаруашылығын тікелей мемлекеттік жоспарлы басқару жүзеге аса бастады. 1928 жылы Халық шаруашылығын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспары дайындалып, олар шаруашылықтың әрбір буынына жеткізілді. Жоспар кәсіпорынның өндірістік және қаржылық іс - әрекеттерін қамтыды.

      Үшіншіден, шаруашылықтың негізгі буыны - өнеркәсіп  мекемесі шаруашылық есепке көшірілді.

      Төртіншіден, коммерциялық вексельді айналымнан шығарып, оның орнына есеп айырысуды  тек банк арқылы жүргізудің және қысқа  мерзімді несиені тек банктерде  жинақтаудың нәтижесінде 1929 жылдың 1 қарашасында халық шаруашылығына берген қысқа мерзімді несиенің 80 процентке жуығы банктер үлесіне тиді.

      Сонымен, несие реформасын жүргізу үшін алғы шаралар жасалып,  1930 жылдың қаңтарында несие реформасы жүргізіле бастады. Несие реформасының мақсаты – несиелеу мен несие – есеп жұмыстарының жаңа түрлерін енгізу.

      Несие реформасы төрт кезеңде жүргізіліп, негізгі мына мәселелер шешілді:

  • шаруашылық орындарының бірін – бірі коммерциялық несиелеуін тікелей банктік несиемен өзгерту;
  • мемлекеттік банктің бағытын нығайтатын есеп жұмысының жаңа түрін – шаруашылық есепті енгізу;
  • халық шаруашылығын қысқа мерзімді несиелеу поцесін Мемлекеттік банкке шоғырландыру. Өндіріс мекемлерінің өзінің және қарызға алғанқаражаттарының жұмсалу бағыттарын ажырату, шаруашылықты несиелеудің принциптерін бекіту;
  • несие – банк жүүйесін қайта құру, яғни Мемлекеттік банк пен ұзақ мерзімді несие беретін арнаулы банктердің қызметін ажырату.

      Сөйтіп, несие реформасының негізгі мақсаты  коммерциялық және жанама банктік несиелеуді тікелей банктік несиемен алмстыру жүзеге асырылды. Банктік несие деген несие алушыға, яғни тауар сатып алушы кәсіпорынға жоғары басқару органының жоспары бойынша тікелей банк беретін несие. Бұл банктік несиенің коммерциялық несиеден негізгі айырмашылығы.

      Дегенмен  банктік несиенің бұл артықшылығы  несие реформасын жүргізуде жіберілген қателерге байланысты халық шаруашылығына  бірден өзгеріс енгізе қойған жоқ. Банктің  жіберген қателері төмендегілер еді:

    • есептесудегі автоматизм (санасыз, тек бұрын қалыптасқан дағды бойынша істелетін әрекет): жабдықтаушының банкісі сатып алушыға жіберілген барлық тауарлар үшін ақшаны дағдылы автоматты түрде аударса, ал сатып алушының банкісі де дәл солай автоматты түрде оның шотынан түскен тауарлар құнын шығарып отырды; жіберген жүктің дұрыстығы және шаруашылық органдардың арасындағы келісімнің орындалуы бақыланған жоқ;
    • несие берудегі автоматизм (немесе жоспармен несие беру): жоспардың нақты орындалуын тексермей – ақ, банк шаруашылық мекемелеріне жоспарлы түрде несие берді, несиенің мөлшері жоспарды орындау үшін қажетті айналым қаражатының жалпы жетіспеуіне қарай анықталып,оның пайдалану мақсаты мен қайтарылу мерзімі көрсетілмей  - ақ берілді;
    • шаруашылықтардың өзінің және қарызға алған айналым қаражаттарын ажыратпауы (араластыруы): әрбір шаруашылық мекемесіне банкте бір шот ашылып, онда өз қаражатының да, банктік несиенің де барлық кірісі де, шығыны да есептелді, олардың арасындағы ерекшеліктер көрсетілмеді;
    • банктің несиелеу және есеп айырысу реформасын жүргізуге техникалық дайынсыздығы: ережелер, нұсқаулар, құжаттардың түрлері алдын ала дайын болған жоқ, сондай – ақ банктің төлем жүргізуге қабылдайтын құжаттары саны жағынана да қарастырылмады. Есеп айырысудың жаңа тәртібі бойынша аз сомаға толтырылған құжаттардың тасқынын банк өңдей алмауының нәтижесінде халық шаруашылығындағы есеп айырысу ісі қиындап кетті.  (12: 21- беттер)

Информация о работе Банк өтімділігін басқару және талдау тәсілдері