Банк өтімділігін басқару және талдау тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 15:53, курсовая работа

Описание работы

Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұрғысында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуя) 14-15ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының рете кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған. 15-16ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Гамбургте, саудагер клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы қағаздардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................
тарау. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасуы........................................................................................................
1.1. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы..........................................................................................................................
1.2. Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру...................................
2- тарау. Банк өтімділігін басқару және бағалау.............................................
2.1. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар.........................................
2.2. Банк өтімділігін басқару әдістері .....................................................................
3- тарау. «АТФ Банктің» болашаққа жоспары мен стратегиялық бағдарламалары.............................................
3.1. «АТФ Банктің» жетілдіру жолдары мен олардың мақсаттары............................................................................
Қорытынды..............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................
Қосымшалар....................................................................

Работа содержит 1 файл

Банк өтімділігін басқару және бағалау.doc

— 242.50 Кб (Скачать)

      Несие реформасының келесі кезеңдері осы  жіберілген кемшіліктер мен бұрмаушылықтарды жойып, шаруашылық органдарының арасындағы келісім тәртібін нығайту мен Мемлекеттік банктің ролін күшейтуге арналды.

      Сонымен 1930 – 1932 жылдары жүргізілген несие реформасының қорытындысында жоспарлы экономикаға сәйкес үйлестіру типіндегі несие – банк жүйесі құрылып, Мемлекеттік банк өндіріс пен тауар айналымын есептейтін және бақылайтын бірыңғай аппаратқа айналды. Коммерциялық банктердің ролі төмендеп, кейін елде тек мемлекеттік банктерден тұратын монобанктік жүйе қалыптасты.

      Банк  жүйесі көрсететін қызмет белгілеріне  қарай қайта ұйымдасып, қысқа  мерзімді несие беретін жалпы мемлекеттік банк және күрделі қаржымен қамтамасыз ететін маманданған банктер жүйесі құрылды. Бұндай бір буынды банк жүйесіне : КСРО Мемлекеттік банкі және күрделі қаржымен несиелейтін төрт Одақтық маманданған банктер - Өнеркәсіп банкі, Ауыл шаруашылық банкі, Орталық коммуналдық банк, Сауда банк кірді. Сонымен біргеорталық банк жүйесіне шетел банктерімен кең корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыратын  Сыртқы сауда банкі және халықтың бос қаржысын тарту, төлемдерін жүргізумен мемлекеттің заемдарын орналастыру арқылы халыққа қызмет көрсететін бірыңғай жалпы мемлекеттік несие мекемесі, яғни жинақ кассалары қарады.

      1959 жылы ұзақ мерзімді несие беретін  банк жүйесі қайта қаралды.  Ауыл шаруашылық банкі мен  Орталық коммуналдық банк таратылып,  олардың қызметтері Мембанкке берілді. Өнеркәсіп банкі мен Сауда банкісінің негізінде күрделі қаржы беретін Одақтық банк  - Құрылыс банкі құрылды. Ол халық шаруашылығының әр түрлі салаларының (ауыл шаруашылығынан басқа) ұйымдары мен кәсіпорындарын қаржыландырумен және ұзақ мерзімді несиелеумен шұғылданды. Осы өзгерістерден кейін  1960 жылдан  1988 жылға дейін  КСРО банк жүйесінің құрамы келесідей болды: Мемлекеттік банк, Мемлекеттік Құрылыс банкі, Сыртқы сауда банкі және Мембанк құрамына кіретін жинақ кассалар жүйесі.

      Елдің әлеуметтік – экономикалық өркендеуін жеделдету және ақша – несие қатынастарының маңызын арттыру мақсатында Кеңес Одағы Орталық Комитетінің Пленумы 1988 жылы 1 қаңтарынан бастап банк жүйесін қайта құру туралы Қаулы қабылдады. Оған дейін бұрынғы КСРО  - да және Шығыс Еуропа социалистік елдерінде банк жүйесінің құрылымы негізінен бірдей болды. Олар: елдің эмиссиялық, несие беру, есеп айырысу және кассалық орталығы – Мемлекеттік банк; күрделі құрылысқа қызмет ететін мемлекеттік банк және сыртқы сауда – саттыққа қызмет көрсететін Мемлекеттік банк.

      Сан жағынан шамалы несие мекемелерінде  банк ісін шоғырландыру және несие  беруді, есеп жүргізуді, мемлекеттік  валюталық монополияны жоспарлы ұйымдастыру негізінде банктерді  басқаруды орталықтандыру сияқты ерекше нышандар сол кездегі барлық социалистік елдердің банк жүйесіне тән еді. Дамыған мемлекеттердің банк жүйесінің әр буыны атқаратын көптеген банктік қызметтерді бұл елдерде тек Мемлекеттік банк атқарды. Шын мәнінде Мемлекеттік банк жан – жақты қызмет көрсететін әмбебап несие институты ретінде болды.

      Шаруашылық  механизмінің жалпы бағыты – банктердің құрылымы мен ондағы қызметкерлер санын анықтайтын басты фактор. Бір банктік жүйе – басқаруды қатал орталықтандыру мен шоғырландырудан шыққан нәтиже. Ал монополизмді бұзу концепциясы, экономиканы басқаруды жергілікті жерлерге беру бірнеше дербес банктердің құрылуына себеп болады. Бастапқыда осы жолды бұрынғы соцтиалистік елдер  - Венгрия, Қытай, Югославия – таңдап алды. Әлемдік тәжірибеде орталық банкпен қатар көптеген жеке және мемлекеттік емес несие институттарының  (коммерциялық, кооперативтік, арнаулы және басқа) қызмет істеу үлгісі кең тараған.

      Сөйтіп 1988 жылы қаңтарынан бастап КСРО – да банк жүйесін түбегейлі өзгертетін реформа жүргізіле бастады. Оның алғашқы кезеңінде елдегі Мемлекеттік банк пен Құрылыс банкінің негізінде мемлекеттік банкпен қатар 5 салалық мемлекеттік маманданған банктер құрыла бастады. Олар:

  • КСРО Мемлекеттік банкі; оның міндеті - "банктердің банкісі" ретінде елдің ақша айналымын ұйымдастыру. Ол бұрынғыдай мекемелер мен ұйымдардың кассалық және несие – есеп қатынастарын жүргізбейді, оның клиенті - маманданған мемлекеттік банктер;
  • КСРО Өнеркәсіп банкі; Оның міндеті - өндіріс, құрылыс, транспорт, байланыс салаларындағы негізгі жұмыстарды несиелеу және олардың есеп айырысу жұмыстарын жүргізу;
  • КСРО Аграрлы - өнеркәсіптік кешендерінің мекемлері мен ұйымдарына қызмет көрсету;
  • КСРО Тұрғын үй және әлеуметтік банкі – ол тұрғын үй шаруашылығы мен әлеуметтік салалар мекемлеріне қызмет көрсету үшін құрылды;
  • КСРО Жинақ банкі – ол бұрынғы жинақ кассаларын біріктіру арқылы құрылған, оның негізгі міңдеті – халыққа қызмет көрсету;
  • КСРО Сыртқы экономикалық банкі – ол бұрынғы Сыртқы сауда банкінің негізінде қайта құрылған банк. Оның міндеті – экпорт – импорт операцияларын ұйымдастыру және ол бойынша есеп жүргізу, сыфртқы экономикалық байланыстағы шаруашылық орындарын несиелеу , жинақ валюталық жоспардың орындалуын бақылау, елдің валюта ресурстарын тиімді пайдалану, халықаралық валюта және несие нарығында операция жүргізу жұмыстарын қамтамасыз ету.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
    1. Банктерді ашу және олардың  қызметін ұйымдастыру

     ҚР-дағы коммерциялық банктер өз қызметінде  1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР  ҰБ» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған  «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңдарын басшылыққа алады.

      Коммерциялық  банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды  шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік  операциялар мен қаржылық қызметтерді  жүзеге асырады.

      Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары 14 жыл  тарихы бар. Коммерциялық банктердің соңғы 8 жылдағы сандық құрамы 2.2 кестеде  көрсетілген.

      Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады.Қазақстандағы берілетін лицензияның дамыған шетелдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.

      Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР ҰБ валюталық  операцияларды жүзеге асыруға Бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруға қажетті саналатын банктер қатарыменкорреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шетелдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.

      Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚРҰБ лицензия береді.

      1995 жылдың 31 тамызында қабылданған  «ҚР-дағы банктер және банктік  қызмет туралы» ҚР заңына сәйкес  ҚР банкті ашу немесе оның  қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

  1. Банк ашуға ҰБ рұқсат алу;
  2. Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
  3. Банк операцияларын жүргізуге ҰБ лицензия алу.

     Банк  ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш 3 ай әрі кеткенде 6 ай мерзімі ішінде ҰБ қаралады.

     ҰБ  банк ашуға рұқсат беру өтініштердің есебін жүргізеді.

     Сонымен қатар, ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер  өз қызметін жүзеге асыру барысында  филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша  алады.

     Банктің филиалы-филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербнес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.  ( 18: 17- беттер)

     Банктің өкілдігі-банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.

     Еншілес банк-жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі және өзінің дербес бухгалтердік балансы бар заңды тұлға.

     Есеп  айырысу-кассалық бөлімі (жинақ  кассасы) – Қазақстан аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, ҰБ келісімі негізінде құрылатын банктік аумақтық бөлімшесі.

     Қазақстандағы банктік заңдарға сәйкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50%-тен кем емес бөлігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар басқа  да материалды құндылықтармен (ғимарат, техника, автокөлік) төленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғни 50%-ке жуығы жыл бойына салынуға тиіс.

ҚР-ның  Конституциясына және заңдарына  сәйкес банк емес несие мекемелері өзінің негізгі немесе қосымша қызметтері ретінде депозиттер қабылдауға құқы жоқ. Сондай-ақ өзінің атауында, құжатттарында, хабарландырулар мен жарнамаларында «банк» деген сөзді, ия болмаса депозиттер қабылдап, басқа банктік операциялар жүргізеді немесе банк ісіне аудиторлық бақылау жүргізеді деген ұғым қалыптастырылатын туынды сөздерді қолдануға тыйым салынады. Бұл тыйым ҰБ-ке, банктердің филиалдары мен өкілдіктеріне, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды. ҰБ-тің лицензиясыз жүзеге асыралған банк операциялары жарамсыз деп табылады.

   Егер банк мемлекеттік банк болмаса және банкпен мемлекет өзара міндеттеме алмаған жағдайда банктермен мемлекет бір-бірінің міндеттемелеріне жауапты емес.

    Банк жүйесінің екінші деңгейдегі банктер өз қызметтерін үйлестіру, ортақ мүдделерді қорғау және білдіру, бірлескен жобаларды ісіне асыру, сондай-ақ басқа да ортақ мақсаттарын орындау үшін банктік ассоциациялар және одақтар құруға құқылы.

    Ассоциациялар коммерциялық ұйымдар емес. Оларды банк жүйесіндегі бәсекелестікті шектеу, процесттік мөлшерді реттеу, несие беру және басқа банктік қызметтер жағдайларын үйлестіру мақсатында қолдануға болмайды.

    Банктер Қазақстанның кез-келген жерінде және оның шекерасынан тыс жерлерде өзінің еншілес банктерін, филиалдарын және өкілдіктерін ашуына болады.

    Банктер алғашында ұсынушы акциясын шығаруға құқы жоқ жабық типті а/қ формасында ұйымдастырылады. Егер банк ҰБ-тің депозит қабылдауға берген лицензиясын алғаннан кейін бір жыл ішінде үздіксіз шығынсыз қызмет істеп және ақша формасында несие беріп, сондай-ақ жыл бойы ҰБ бекіткен лимиттер мен міндетті нормаларды орындаған жағдайда ашық типті а-қ болып қайта құрылғаннан кейін қандай да болсын қосымша артықшылығы болмайды немесе олар басқа акционерлерге қарағанда қандай да бір қосымша міндет атқармайды.

    Банк құрушы заңды немесе жеке тұлға Ұлттық банкке банк ашуға рұқсат алу үшін өтініш беруі керек. Арызға келесі құжаттар қоса тіркеледі:

  • жаңадан құрылатын банктің құрылтай құжаттары; құрылтай шарты, жарғысы, жарғыны қабылдаған және банктің органдарын бекіткен хаттама;
  • құрылтайшылар туралы мағлұмат, құрылтайшы-заңды тұлғаның соңғы екі жылдағы бухгалтерлік балансы, құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық фирманың қорытындысы;
  • егер құрылтайшылардың біреуі немесе одан көбі ҚР-ның резиденті болмаған жағдайда: сол мемлекеттің мемлекеттік немесе қадағалау органының ҚР-ның резидент-банкісінің жарғылық қорына қатысуға берген жазбаша рұқсаты.

      Ұлттық  банк- банк ашуға рұқсат беру үшін қажет  басқа да қосымша құжаттарды сұрап  алуы мүмкін.

      Банк  құрылтайшылар шарты негізінде  құрылып, өзінің жарғысына сай қызмет атқарады. Банк құру туралы құрылтайшылар  шартында шаруашылық серіктестіктері туралы заңда қарастырылған мәліметтерден басқа міндетті түрде төмендегі анықтамалар болуы керек:

  • құрылтайшылар туралы мәліметтер, оның ішінде олардың әрқайсысының толық фирмалық атауы және тұрған мекені, сондай-ақ оларды мемлекеттік тіркеуден үшін- аты, азаматтығы, тұрған жері және басын куәландыратын құжаттағы белгілер.
  • акцияның мөлшері, категориясы және көрсетілген құны туралы мәліметтер.

     Банктің жарғылық қоры оның міндеттемелерін  қамтамасыз етіп, банктік операциялар  жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Алғашқы ол ( мемлекеттік банкті қоспағанда ) акция сату есебінен, ия болмаса құрылтайшылардың жарнасынан қалыптасады. 
 
 
 

Информация о работе Банк өтімділігін басқару және талдау тәсілдері