Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 20:50, реферат
Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келгенрелдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.
Опциондар «колл» және «пут» деп бөлінеді. «Колл» типіндегі опцион бұрын келісілген баға бойынша акцияны сатып алуға құқық береді, ал табыс ағымдағы биржа бағамы опционда айтылған бағамнан жоғары көтерілгенде ғана пайда болады, сол себепті де оны өткізу тиімді (пайдалы), яғни опционды сатушыдан акцияны сатып алу керек. Опционның екінші типі - «пут» - акцияны сатуға құқық береді. Мұндағы табыс ағымдағы биржа бағамы опционда айтылған бағамнан төмен түскенде пайда болады, сол себепті де биржада акцияны сатып алған тиімді болады, содан кейін опционды сату қажет, яғни опцион сатушысын бұл акцияны айтылған бағам бойынша сатып алуға міндеттеу керек.
Американдық депозитарлық қолхаттар (АДК) 50-жылдары американдық инвесторлардың халықаралық нарыққа шығу жолдарын іздестірудің нәтижесінде пайда болды. Олардың пайда болуына мәмілелер инвестор бағалы қағаздарды сатып алғысы келген елдердің биржасында емес, Америка биржасында жасалғанда ғана қатер деңгейінің кемитіні ең басты себеи болды.
АДҚ-ты «Морган
Гарантии» компаниясы 1920 жылдың соңында
«Селфриджиз» атты белгілі британ әмбебап
дүкенінің шығарған жария акциясын
орнадастыруда американдық
Депозитарлық қолхат - жергілікті нарыққа депозиттелген негізгі бағалы қағаздар иесінің құқығын айғақтайтын куәлік; жергілікті нарыққа қатысы жоқ адам бағалы қағаздың иесі (инвесторы) болады, яғни бағалы қағаз шетеддерде депозитарлық қолхаттар арқылы орналасады.
АДҚ-тан басқа ғаламдық депозитарлық (ОБК) және интернационалдық депозитарлық қолхаттар (ШК.) болады. Бас әріппен жазылғандардың мағынасы осы қолхаттар американдық, ғаламдық және интернационалдық қолхаттар айналысқа түсетін нарықтың атауын білдіреді. Олардың барлық түрі құжаттандырылған және құжаттандырылмаған формада шығарылады.
Басқа мемлекеттің
бағалы қағаздарына езінің ақшалай
каражатын салғысы келген инвестор
өз кезегінде жергілікті брокерге өтініш
жасайтын халықаралық брокерге өтініш
беруі керек. Ал жергілікті брокер қажетті
бағалы қағаздарды жергілікті нарықтан
іздейді. Бағалы қағаздар сатып алынған
жағдайда, ол жергілікті брокердің
атына кастодиан-банкісіне
Американ депозитарий-банкісі мен кастодион-банкісі жасалған келісімге сәйкес жұмыс істейді. Біріншісі барлық шығынды екіншісіне төлейді. Ал инвестор бұл шығындарды американ депозитарий-банкісіне өтейді.
Кастодиан-банктің шотына бағалы қағаздар, ал американ депозитарий-банкіне депозиттік қолхаітар тіркеледі. Кастодиан-банк брокермен (атаулы иесімен) немесе орталық депозитариймен орын алмастыруы мұмкін.
Егер инвестор депозитарлық қолхатты сатқысы келсе, онда ол халықаралық брокерге өтініш жасайды. Ол (халық-аралық брокер) оны халықаралық нарықта сатудың міндеттемесін өз мойнына алады. Сатылған кезде бұл туралы жазба депозиттік есеп айрысу жүйесіне (ДЕЖ) өтеді, ал американ депозитарлық-банкінде ол шоттан алынады, кастодион-банкте депозитарлық қолхаттар берілген акция шоттан алынады. Бұл арада халықаралық брокер депозитарлық қолхаттарды халық-аралық нарықта сатуға құқылы, жергілікті нарықта акцияны сатуы мүмкін.
АДҚ біршама көп инвесторлардың мүдделерін жүзеге асыратын құрал ретінде пайда болды, өйткені ол инвестордың жергілікті нарыққа жүгінгенінен гөрі қауіпті азайтады.
АДҚ-ның мына түрлері бөліп көрсетіледі:
Демеушілік көрсетілетіні I, II, III, IV деңгейлерге бөлінеді: 1 деңгей - ең әлсіз талап, қайталамалы нарықтағы бағалы қағаздар, қолхаттарды тіркеудің рәсімдері қарапайым, қаржылық есеп берулер мен талаптардың орындалуын АКДІ-тың биржасы мен бағалы қағаздар бойынша комиссиясыңа ұсынудың қажеті болмайды.
ІІ деңгей - листингтен өту қажет, бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға қолхаттарды тіркеудің рәсімдері күрделі болады, аудитор тексерген қаржылық есеп берулер бірнеше жылда ұсынылады.
III деңгеп - жергілікті нарықтың шегінен тыс жерлерге капитал тартқысы келген эмитентгің жариялы ұсынысы, бастапқы нарық ұйымдастырылады, қолхаттарды тіркеудің рәсімдеріме өте қатаң талап қойылады. Өйткені III деңгейдің бағалы-қағаздары американдық және еуропалық нарықта айналысқа түседі, эмитенттер өздері тіркелген биржаның ережесі мен нормаларын сақтауы қажет.
IV деңгей - жаңа эмиссияларды жеке орыаластыру, қолхатты тіркеуғе қойылатын талап қатаңдау болады, қаржылық есеп берулер алдыңғы екі деңгейдегі секілді болмайды. Бұл деңгейдің депозитарлық қолхаттары американдық жеке инвесторға берілмейді, аса ірі институционаддық инвесторлар қол жеткізе алады. Еуропалық қор биржаларында листинг ұйымдастырылуы мүмкін.
Бұлардың бәрі негізгі бағалы қағаздардың активтілігі мен өтімділігін арттыруға мүмкіндік береді, халықаралық нарықтарға жол ашады, әсіресе III және IV деңгейлері капиталды тартуға мүмкіндік береді.
Әдетте, депозитарлық
қолхаттар негізінен жай
ҚР-да қазақстандық депозитарлық колхаттар (КДҚ) бар. Олар мемлекет заңдарына сәйкес шығарылғаы ҚР резиденті болып табылмайтын эмитенттердің эмиссиялық бағалы қағаздарының белгілі бір мөлшеріне меншік құқығын айғақтайтын туынды эмиссиялық бағалы қағазды білдіреді.
Информация о работе Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары