Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 20:50, реферат

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келгенрелдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.

Работа содержит 1 файл

Бағалы қағаздар нарығының мәні.docx

— 211.73 Кб (Скачать)

Облигация - бұл эмитенттің қарыздық міндетемесін растайтын құжат, ол оның активтеріне  карсы қойылады. Оның көмегімен жұмылдырылған  капитал акционерлік капитал  болмайды. Облигацияны шығару - капитал  қарызының бір формасы.

Мерзімді  қарыздық міндеттеме ретінде облигацияны  өтеудің кепілдігіне эмитент  тарапынан берілетін жалпылама  кепілдік жатады. Ол облигация ұстаушыға - эмитет банкротқа ұшыраған жағдайда өз міндетеемесін орындамаса мүліктің бір бөлігін алуына мүмкіндік  беретін құқығын береді.

Облигациялар  акциялар секілді әр түрлі корпорацияға арналған инвестицияның маңызды көзі ретінде қызмет етеді. Алайда бұл бағалы қағаздардың бір-бірінен көп айырмашылыгы бар:

1. Облигациялардың  иесі несие беруші болып табылады, ал акционерлер - корпорация мешдік  иелерінің бірі.

2. Облигациялардың иесі эмитенттің табысына қарамастан облигация бойынша пайыз алады. Акционерлер дивидендтерді алуы мүмкін, бірақ олар жай акцияның иелері үшін тіркелмейді әрі табыс болмаған жағдайда төленбейді.

3. Облигация иелерінің дауыс құқығы  болмайды, олар акционерлердің жиналысына қатыспайды және корпорацияны басқаруға қатыстырылмайды. Акционер өзінің мүліктік мүддесіне қатысты барлық мәселелерді шешуде дауыс қүқығына ие болады.

4. Облигация  бойынша төленген  пайыздық төлемдер корпорацияның шығынына жатқызылады және салық салынатын табысты   кемітеді. Сонымен   қатар салық салынғаннан кейін корпорацияның алатын таза табысы дивидендтердің көзін құрайды.

5. Облигациялар, өдетте, белгілі бір мерзімге шығарылады, ал акциялар мерзімсіз бағалы қағаз болып табылады.

Облигация жіктелімін былайша көрсетуге болады:

  1. Эмитентіне байланысты:
  • мемлекеттік;
  • муниципалдық;
  • корпоративтік;
  • шетелдік.
  1. Облигациялық қарыздың мерзіміне қарай:
  • өтеу күні бойынша:
  • қысқа мерзімді - 1 жылға дейін;
  • орта мерзімді - 1 жылдан 3 жылға дейін;
  • үзақ мерзімді - 3 жылдан 25 жылға дейін.
  • өтеу мерзімі тіркелмейтін облигациялық қарыз;
  1. Шығарылатын формаларьша қарай:

шотқа жазу түріндегі қолма-қол облигациясыз;

қолма-қол  облигация;

  1. Иелену тәртібіне қарай:
  • ұсынбалы облигация;
  • атаулы.
  1. Табыс алу тосіліне қарай:
  • табыстық, ол бойынша пайыз компанияда осығаи жеткілікті пайда болғаңда ғана төленеді;
  • пайызсыз, дисконтпен сатылады, ягаи номинал қүнынан арзан;
  • өзгермелі пайызы бар облигация, мұнда облигация бойынша пайыздық банк пайызының мөлшерлемесіне тіркелсе, онда ол нақты шамадан төмен немесе жоғары болмауы керек.
  1. Өтеу әдісіне қарай:
    • сериалды;
    • бір реітік.
  1. Айналыс сипаты бойынша:
  • айырбасталатын;
  • айырбасталмайтын.
  1. Қамтамасыз етілуіне қарай:
  • кепілмен қамтамасыз етілген;
  • үшінші тұлғаның кепіддігімен қамтамасыз етілген;
  • қамтамасыз етілмеген.
  1. Айналысына қарай:
  • еркін айналыста болады;
  • айналыс шеңбері  шектеулі.

Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) - орталық және жергілікті үкімет органдары шығарған борыштық бағалы қағаздар. Олар ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыздың формалары болып табылады.

Ішкі МБҚ  қарыз қатынасында оның ұстаушысының мүліктік құқығын айғақтайды. Оның қарыз алушыларына ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкісі, жергілікті атқару органдары  жатады. Сыртқы нарықта мемлекеттің  еурооблигациясы айналыста болады.

Қазақстан Республикасында олардың алғашқы орналасуы әдетте КР Қаржы министрлігі немесе ҚР Ұлттық банкісі арқылы өтеді. Барлық МБҚ құжаттандырылмаған формада шығарылады.

МБҚ әр түрлі  әдістермеы (аукцион, сауда-саттық, ашық сату, жабық тарату және т.б.) орналастырылады. Кез келген занды және жеке тұлғалар, сондай-ақ резидент еместер де оның сатып алушьшары болуы мүмкін. Негізгі инвесторларына тұрғындар, екінші деңгейлі банктер, зейнетақы және инвести-циялық қорлар, сақтандыру компаниялары жатады.

 

Казақстанда мемлекетттік бағалы қағаздардың жіктелінуі

 

Сипаттамалары

Түрлері

Эмитент түрі бойынша

• үкіметтік 

• муниципалды 

• ҚР Ұлттық банкісі

Айналыс мерзімі бойынша

• қысқа мерзімді (1 жылға дейін)

• ұзақ мерзімді (1 жылдан жоғары)

Айналыс тәсілдері бойынша

• нарықтық

• нарықтық емес

Табысты алу тәсілдері бойынша

• пайыздық

• дисконттық

• құрамдастырылған

• инфляция бойынша индекстелген

• девольвация бойынша  индекстелген

Пайызды есептеу тәсілдері бойынша

• тіркелген паиыз мөлшерлемесі

• өзгермелі пайыз мөлшерлемесі

Шығарылатын валютасы бойынша

• ұлггық валютада

• шетелдік валютада


 

Нарықтық - МБҚ алғашқы орналасуынан кейін еркін қайта сатылады.

Нарықтық  емес - қайта сатылмайтын, белгілі бір мерзім өткенңен кейін эмитентке қайтарылуы мүмкін мемлекеттің бағалы қағазы.

Дисконттық - МБҚ номинал қүнынан төмен бағамен шығарылады, бірақ номинал қүны бойыыша өтеледі. Нарықтық және номинал қүндардың арасындағы айырмашылық осы бағалы қағаз иесінің табысын құрайды.

Купондық - белгілі бір пайызды есептеумен номинал құны бойынша шығарылады әрі өтеледі.

 

ҚР БҚН-да айналысқа түскен мемлекетгік бағалы қағаздардың

кейбір түрлері

 

Мемлекеттік бағалы қағаздардың атауы

Эмитент

Шығарылым жағдайы

1.

МЕККАМ (ГККО)

ҚР Қаржы министрлігі

Бағалы қағаздар нарығын әртарап-тандыру, бюджет қатшылығын информациялық емес жабу кездері үлесінің үлғаюы, мақсатгы мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру. Номиналы – 100 теңге, дисконттық болып табылады, бір жылға дейінгі мерзіммен шығарылады. .

2.

МЕОКАМ (ГСКО)

ҚР Қаржы министрлігі

Бағалы қағаздар нарығын әртарап-тандыру, бюджет қатшылығын информациялық емес жабу көздері үлесінің ұлғаюы, мақсатты мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру. Номиналы - пайыздыңтіркелген мөлшерлемесімен 1000 теңге, 2-3 жылға айналысқа шығады.

3.

МЕАКАМ (ГДКО)

ҚР Қаржы министрлігі

Бағалы қағаздар нарығын әртарап-тандыру, бюджет қатшылығын информациялық емес жабу көздері үлесінің үлғаюы, мақсатты мемлекеттік бағдарламаларды қаржы-ландыру. Номиналы - пайыздың тіркелген мелшерлемесімен 1000 теңге 10 жылға айналысқа шығады.

4.

АВМЕКАМ

ҚР Қаржы министрлігі

Нарыққа 1999 жылдың 12 сәуірінде жиңақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары активтерінің девальвациясынан сақтану мақсатында шығарылды. Айналым мерзімі 5 жыл, 6,14% жылдық купондық мөлшер-лемесі АҚШ-тың долларыиа ірілен-дірілген. АВМЕКАМ айналысқа зейнетақы қорларының портфель-деріндегі индекстелмеген МБҚ-ны айырбастау арқылы енгізілген. Бұл міндеггердің негізгі бөлігі.Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының портфеліне тиесілі.

5.

МЕКАВМ

ҚР Қаржы министрлігі

Номиналы АҚШ долларымен берілетін (бұл жағдайда - 100 долл.) дисконттық қағаз болыпта былады және қағаздар доллармен берілген дисконттық бағамен орналастырылады. Бастапқы нарықта алған кезде инвесторлар эмитентке ақшамы теңгемен алған күндегі ресми бағам бойынша аударылады, ал өту кезінде эмитент инвесторларға теңгемен өту күніндегі доллардың ресми бағамы бойынша қағаздың атаулы құнын төлейді.

6.

МЕИКАМ

ҚР Қаржы министрлігі

Номиналы 1000 теңге индекстелген қазыналық міндеттеме. Инфляци-ядан сақтау мақсатында айналысқа шығады. Инфляцияның қарқынына байланысты, пайыздың құбылмалы мөлшерлемесі бар пайыздық болып табылады.

7.

НСО

ҚР Қаржы министрлігі

Бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабу үлесінің артуы, халықтың жинағын  инфляция барысындағы құнсыздаиудан сақтау. Номиналы - 1000 теңге, МЕККАМ-3-тің кірістілігіне байлаиысты пайыздың құбылмалы мөлшерлемесі бар пайыздык болып табылады.

8.

Ұлтгық банктің ноталары

ҚР Қаржы министрлігі

Айналымдығы ақшаны реттеу, инфляциялық  процестер мен бағаларға ықпал  ету, төлем баланысын реттеу, республикалық  бюджеттің кассалық жүзеге асуын  қамтамасыз ету.


 

Бағалы қағаздар нарығының туынды қаржылық құралдары

Туынды БК, - болашақта базистік активтің баға ауытқуынан пайда алуды кездейтін БҚ тобы.

Туынды БҚ-ның  негізгі ерекшеліктері:

  • бағасы базистік актив негізіндегі бағаға құрылатын басқа БК, (акция, облигация және т.б.);
  • туынды БҚ-ның айналысының формасы негізгі БҚ-ның формасынан сырттай айырмашылығы болмайды;
  • базистік активпен (акциялар - мерзімсіз, облигациялар - жылдар мен ондаған жылдарға созылады) салыстырғанда өмірлік кезеңі шектеулі болады;
  • эмиссиялық емес бағалы қағаз болып табылады.

Туындыларга мыналар жатады: варранттар, фьючерстік келісімшарттар, еркін айналыста болатын опциондар жөне т.б.

Варрант өз иесіне компания шыгарған бағалы қағаздардың белгілі бір мөлшерін алдын ала тіркелген бағамен нақты мерзім ішінде сатып алуына құқық береді. Варранттың эмитенті - негізгі бағалы қағаздарды шығаратын комиания. Қоғам оны акцияның немесе облигацияның эмиссиясымен бірге шыгаруға құқылы. Варранттар шығарылғаннан кейін бағалы қағаздардан бөлінеді және варрантта көрсетілген бағалы қағаздар сатылғанга дейін бағалы қағаздар нарығында дербес айналыста болады. Варрант бөлініп алынғаннан кейін багалы қағаздардың сатылу құны варрант құнына кемітіледі.

Варранттың   бағасы   оны   сатып   алудың   құқытын   ғана бейнелейді және варрантқа  тіркелген құн мен бағамдық құнның арасындағы айырмашылыққа тәуелді  болады. Оның айналыс мерзімін, өтеу тәртібін және бағасын оны шығару барысында қоғам өзі анықтайды.

Варранттар  әрекет ету механизмі жағынан  және езінің экономикалық мазмұны жағынан  құқықтарға ұқсас. Алайда әрекет ету  кезеңі жағынан олардың айырмашылығы бар: кұқықтар - нарықта 3-4 апта жұмыс  істейтін кысқа мерзімді бағалы қағаз, ал варранттың әрекет ететін мерзімі - 3-5 жыл немесе одан да көп.

Құқықтар  бағалы қағаздарды инвесторларға тартымды етіп көрсету үшін акциялармен және облигациялармен бірге шығарылады. Варрант дербес бағалы қағаз ретінде шығарылады әрі оны өзі тіркелген акциядан немесе облигациядан бөлек сатуға және сатып алуға болады және ол қосымша акцияны сатып алута құқық береді. Алайда ол көптеген жағдайларда басқа құндылықтарды, атап айтқанда бағасы жеңілдетілген облигацияларды, алтынды және т.б. алуға мүмкіндік береді.

Фьючерс - тараптардың бекіту барысында белгіленген бағасы бойынша келешекте сатылатын және сатып алынатын биржалық (базистік) активтің стандартты  биржалық келісім-шартыы білдіретін туынды бағалы қағаз.

Фьючерстік  келісімшарттар көптеген елеулі ерекшеліктерімен айрықшаланады. Ең алдымен оның өрбір  нақты актив тұріне стандартгы болып  табылатын шартты әзірлейтің биржада  ғана бекітілетінін атап айту керек. Бұл шарт фьючерстердің өтімділігін  жоғары етеді, олардың ауқымды қайталама  нарығы болады, өйткені ол өзінің шарты  бойынша барлық инвесторларға бірдей. Бұл арада биржа қайталамалы  нарықты тиісті келісімшарт бойынша  құруды, яғни оларды тұрақты түрде  сататын немесе сатып алатын дилерлер институты негізінде ұйымдастырады. Осылайша, инвестор фьючерстік келісімшарттарды әрдайым сатуға немесе сатып алуға  және кейін өз ұстанымын офсеттік мәмшелердің (кері операциялар арқылы ұстанымды жабу) көмегімен оңай жоюға  сенімді болады. Бұл фьючерстік келісімшарттардың  иесіне артықшылықтар береді. Сонымен  қатар келісімшарттағы шарттың  стандараты сипаты конртагенттер үшін қолайсыз болуы мүмкін. Мәселен, олар тауардың фьючерстік келісімшарттарда қарастырылғандардан  өземше   басқа мөлшерде, басқа орында және басқа уақытта тауардың жеткізілуін  қажет етеді. Оның үстіне, биржада  контрагенттер қызығушылық танытатын  активке қатысты фьючерстік шарттың  мүлдем болмай қалуы да ықтимал. Демек, фьючерстік мәміледе нақты жеткізудің (активті қабылдаудың) мақсаты көзделмейді, онда контрагенттердің ұстанымын хеджирлеу  немесе баға айырмашылығынан ұту  көзделеді. Фьючерстік келісімшарттар бойынша инвесторлар көптеген станымдарын  келісімшарттың әрекет ету процесінде өздері жояды.

Опцион - опциондық шарттың бекітілгенін айғақтайтын туынды бағалы қағаз. Онда қатысушылардың бірі айтылған баға бойынша біршама уақыт ішінде бағалы қағаздарды сату құқығына немесе сатып алу құқығына ие болады, ал басқа қатысушы ақшалай сыйақы (опцион бойынша сыйақы) үшін қажет болған жағдайда бағалы қағаздарда анықталған келісімшарт бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға міндеттенеді.

Опционның иесі оны сатып алуға (сатуға) немесе одан бас тартуға құқылы. Оның опцион бойынша сыйлықақы төлеуден басқа  міндеттемесі болмайды. Сондықтаы да сатып алушы өзінің коммерциялық мүддесінің негізінде оның әрекеті  мақсатқа қаншалықты лайықты болатынын  анықтайды.

Опционды  сатып алушы езі сатып алған  құқықты опционның айналыс кезеңіндегі  акция бағамының қозғалысына  қарай өткізетіні (немесе өткізбейтіні) жөнінде шешім қабылдайды. Сатып  алушы мен сатушы болжаған биржалық бағам қозғалысының бағыты бір-біріне қарама-қайшы болады, сол себепті  де олар табыс алуды көздейді. Опцион үшін сатып алушы төлеген төлем  сомасы опцион өткізілмеген жағдайда сатушының табысын құрайды.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары