Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 20:50, реферат

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келгенрелдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.

Работа содержит 1 файл

Бағалы қағаздар нарығының мәні.docx

— 211.73 Кб (Скачать)

Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің қандай да бір басқа түрлерімен қатар  қолданылмайтын айырықша түрлеріне  мыналар жатады:

  • бағалы қағаз иелерінің тізімін жүргізу;
  • депозиттік қызмет - тек клирингтік қызметпен ғана қатар қолданыла алады;
  • инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелін басқару;
  • қор биржалары;
  • биржадан тыс нарықтың баға белгілеу жүйесі;

Айрықша қызмет түрлерін есепке алмағанда, кез келген басқа қызмет түрлерімен кастодиандық қызмет қатар жүргізіле береді, ал бағалы қағаздар портфелін басқару брокерлік, дилерлік және кастодиандық қызмет түрлерімен қатар қолданыла алады.

Бағалы қағаздар нарығындағы кез келген қызметтің  міндетті шартына заңды түлғалар үшін мемлекеттік лицензияны алуы жатса, жеке тұлғалар үшін - ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің біліктілік куәлігі қажет.

2004 жылы Қазақстан  Республикасы бағалы қағаздар  нарығындағы кәсіби қызметті  50-ден аса компания жүзеге асырды. Олардың 38-і бұл құқыққа 1996 жылдың басында ие болды. Кәсіби қатысушылардың құрамына екінші деңгейлі 23 акционерлік банк кіреді.

 

&&& 

            $$$002-006-099$3.2.6.3.Бағалы қағаздар нарығының негізгі қаржылық құралдары және олардың жіктелінуі

Бағалы қағаздар нарығының құралдарына бағалы қағаздар жатады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес формалар мен реквизиттерде белгіленген мүліктік құқықты куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Бұл бағалы қағаздың жүзеге асырылуы мен берілуі тек оны ұсынғанда ғана мүмкін болады. Бұл оның заңды анықтамасы болып табылады. Ал оның экономикалық мағынасы бүкіл тауар әлемінің екіге бөлінетініне байланысты анықталады: тауарлар (материалдық игіліктер, өндіріс құралдары, қызмет көрсетулер) және ақшалар. Ақша жай және жаңа ақшаны әкелетін капитал ақша боп бөлінуі мүмкін. Заңды немесе жеке бір тұлғадан екіншісіне ақша берудің қажеттілігі ұдайы болып тұрады. Қаржы нарығының әлемдік іс-тәжірибесі акша берудің екі негізгі тәсілін - несиелеу процесін және бағалы қағаздарды айналасқа шығаруды тандап алды. Тауар нарығында да мұндай жағдайлар болып тұрады: тауарды табыс ету сәтінде оның өлі жеткізілмегеніне немесе өндірмегеніне байланысты тауар болмай қалған жағдайда осындай жағдай орын алады. Алайда бағалы қағаз - ақша немесе материалдық тауар емес. Оның құндылығы - өз иесінің қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыруына мүмкіндік беретін құқықта. Сатып алушы өзінің ақшалай капиталын бағалы қағаздарға айырбастай алады. Бұл арада оның меншік құқығы, сонымен бірге қарызға берілген капиталдың пайыздары немесе дивидендтері түрінде нақты жүйелі табысты алу құқығы сақталады.

Ақша да, тауар да осы заманғы жағдайда капиталдың әр түрлі формалары болып табылады. Эқономикалық тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар - бұл тауарлық, өндірушілік және ақшалай капитал формаларынан өзгеше болатын капитал формасы. Оның өзгешелігі - оны басқа капитал формаларының орнына беруге болады әрі нарықта тауар ретінде айналыста болып, табыс әкеледі (немесе табыс әкелуі ықтимал).

Бағалы қағаздар - бағалы қағаздар нарығында айналыста болатын ерекше тауар, алайда ол заттай тауар немесе қызмет немесе ақша болып табылмайды. Оны ақшаға жақындататын бірқатар өз ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі ең басты ерекшелігі - оны әр түрлі формадағы ақшаға айырбастауға (етеу, сату-сатып алу, эмитенпі қайтару, құқықты қайта табыстау және т.б. жолдармен) болады. Ол есеп айырысуда пайдаланылуы мүмкін, кепіл де бола алады, оны бірнеше жыл сақтауға да немесе мұра бойынша мерзімсіз беруге де болады, оны сыйлық ретінде біреуге ұсынуға да болады.

Осылайша  бағалы қағаз өз иесіне біршама табыс  әкелетін, құқығы мен міндеттемесі үшінші тұлғаға жаңа келісімшартсыз, берілетін, үлгісі қатаң тәртіппен белгіленетін құжатты білдіреді. Оның құқығы мен міндетін жаңа келісімшартсыз басқа біреуге табыс ете аласың - міне, бағалы қағаздардың негізгі ерекшелігі, айрықша өзгешелігі осында. Қолда бар келісімшарт бойынша басқа тұлғаға құқық пен міндеттерді табыс ету үшін жаңа келісім-шартты әзірлеу керек. Ал бағалы қағаздар бойынша құқықты табыс етуде жаңа келісімшартқа отырудың қажеті болмайды. Бұл бір жағынан қолайлы, екінші жағынан  трансакциялық шығындарды азайтады.

Бағалы қағаздар қоғамдық маңызы бар бірқатар функцияларды орындайды;

  • экономиканың салаларына, аумақтар мен елді мекендерге, халыққа, мемлекетке және т.б. ақшалай қаражатты (капиталды) қайта бөледі;
  • өз иесіне мынадай нақты қосымша құқықтар береді: капиталға, ақпаратқа, ең алдымен, белгілі бір жағдайларға сәйкес келетін басқару ісіне қатысуға;
  • капиталдан табыс алуды жөне (немесе) капиталдың өзін қайтаруды қамтамасыз етеді.

 

Казақстандағы бағалы қағаздардың жіктелінуі

 

Сипаттамасы

Бағалы қағаздың турлері

1

2

Эмитенті бойынша

  • мемлекеттік
  • корпорациялық
  • жекеменшіктік
  • шетелдік

Эмитент міндеттемелері бойынша

  • үлестік
  • борыштық
  • тауарды иелену құжаты

Айналыс аумақтары бойынша

  • аймақтық
  • ұлттық
  • халықаралық

Құқықты жүзеге асыратын формадары бойынша

  • атаулы ұсынбалы • ордерлік

Шығарылатын формалары бойынша

  • құжаттандырылған
  • құжаттандырыдмаған

Айналыс мерзімі бойынша

  • мерзімсіз
  • мерзімді
  • қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
  • орта мерзімді (1 жылдан 10 жылға дейін)
  • ұзақ мерзімді (10 жылдан жоғары)

Базистік активі бойынша

  • негізгі
  • туынды

Табысты төдеу тәсілдері бойынша

  • ұдайы (жүйелі) төлеммен
  • бір жолғы төлеммен
  • тіркелген % мөлшерлемесімен
  • өзгермелі % молшерлемесімен

Табысты алу тәсілдері бойъшша

  • инвестициялық
  • нарықтық

Эмиссия тәсілдері бойынша

  • эмиссиялық
  • эмиссиялық емес

Валюта бойынша номинал

  • ұлттық валютаның номинал құнымен
  • шетелдік валютаның номинал құнымен
  • қос номиналмен
  • номиналсыз

Айналыс шарттары бойымша

  • қайтарымды
  • қайтарымсыз

 

Қазақстан Республикасында  қолданылатын барлық бағалы қағаздар мынадай санаттарға бөлінеді:

Негізгі бағалы кағаз - олардың негізіне қандай да бір активке, әдетте, тауарларға, акшаға, капиталға, мүлікке әр түрлі ресурстарға жәие т.б. бершғен мүліктік құқық жатады.

Туынды бағалы қағаз - бұл қандай да бір базиске активке арналған бағалы қағаз; базистік активтер бағаларына пайыздық мөлшерлемелер, индекстер жатады. Базыстік активтерге тауарлар (мұнай, алтын, астық және т.б.), негізгі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және т.б.) жатады. Туынды. бағалы қағаздарға: фьючерстік келісімшарттар (тауарлық, валюталық, пайыздық, индекстік және т.б.), варрантар, құқықтар және еркін айналыста болатын опциондар жатады.

Үлестік бағалы кағаз - кәсіпорын таратылғанда өз иесінің мүліктің бір бөлігіне ие болу құқығын беісітіп береді, өз иесіне жарғылық капиталды құруға қатысуына мүмкіндік береді, пайданың бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқаруға қатысуына құқық береді. Үлестік бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлері, иивестициялық пайлар жатады.

Борыштық  бағады қағаз - қарыз иелері мен эмитенттері арасындағы қарыз қатынасын бейнелейді. Олар оны сатып алу және белгілі бір пайыз төлеу міндеттерін өз мойындарына алады. Борыштық бағалы қағаздың ұлгілеріне облигацияларды, ипотекалық куәліктерді, қазынашылық міндеттемелерді, ҚР Ұлттық банкінің ноталарын жатқызуға болады.

Бағалы қағаздардың  меншік құқығын жүзеге асыратын формалар бойынша мыналар бөліп көрсетіледі:

Атаулы  багалы қағаз - олардың барлық иелерін сәйкес-тендіруді қарастырады. Иелері туралы ақпарат тізілімінде болады, ал осы бағалы қағаздармен бекітілген меншік құқығының басқаға өтуі оларды сәйкестендіруді қажет етеді.

Ордерлік  бағалы қағаздар - ол бойынша құқық бағалы қағазда аталған тұлғаға тиесілі болады және осы бағалы қағазда табыстау жазуын индоссаментті орындау жолымен бершеді. Оның үлгілеріне вексельдер, ипотекалық куәлік жатады.

Ұсынбалы  бағалы қағаз - осы қағазбен куәландырылған құқық оны ұсынатын адамға тиесілі болады. Осы бағалы қағазға бекітіліи берілген құқықты жүзеге асыру үшін аталған бағалы қағазды ұсынса жетіп жатыр.

Кұжаттандырылған - қағазбен тасымалдаушыға эмитенттеледі.

Құжаттандырылмаған - шотқа жазу жолымен эмитенттеледі.

Нарықтык, бағалы қағаз - бағамдық айырмашылық ретінде одан табыс алуға мүмкіндік береді.

Инвестициялық бағалы қағаз - дивидендтер, купондар, пайыздар түрінде осы бағалы қағаз бойынша ағымдағы табысты алу мақсатында ұзақ мерзімге сатып алынады.

Қайтарылымды  бағалы қағаз - мерзімнен бұрын етелуі мүмкін.

Қайтарылымсыз - айналыс мерзімі біткенше айналыстан алынбайтын бағалы қағаз.

Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес бағалы қағаздың мынадай  түрлері айналысқа түседі:

  • мемлекеітік бағалы қағаздар;
  • акциялар;
  • облигациялар;
  • коносаменттер;
  • ипотекалық куәліктер;
  • туынды бағалы қағаздар;
  • жай қоймалық куәліктер;
  • қосарлы қоймалық куәліктер (қоймалық  +  кеиілдікті куәлік);
  • ҚР-дағы айналысқа жіберілген шетелдік эмитенттің бағалы қағазы;
  • Заң актілерімен белгіленген тәртіпте бағалы қағаздардың қатарына жатқызылған басқа да құжаттар.

Бағалы қағаздардың  Қазақстан нарығындағы қаржылық құралдарына қарай оның құрылымын  былайша көрсетуге болады:

 

 

 

 

. Қазақстан бағалы қағаздар  нарығының негізгі сегменттері

 

Акция. Оны (акцияны) ұстаушының (акционердің) акционерлік қоғамға түскен пайданың бір бөлігін дивидендтер түрінде алу құқыгын, оның істерін және мүліктің бір бөлігін акционерлік қоғам таратылғаннан кейін де басқаруға қатысу құқығын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады.

Акция - акционерлік  қоғамның капиталына қатысуға мүмкіндік  беретін бағалы қағаз. Оны мемлекеттік  органдар емес, тек акционерлік қоғамдар ғана шығарады. Бұл арада корпорациялар қалыптастыратын капитал корпорация таратылғанда қарыз капиталы ретіндегі (оның ішінде облигация ретіндегі) міндттемелер төленбегеннен кейін екінші кезекте орны толтырылатын өзіндік капиталдың құрамдық бөлігі болып табылады. Акционерлер өздері салған акция сомасының мөлшерінде ғана қоғам міндеттемелеріне жауап береді. Сондықтан эмитент банкротқа ұшыраған жағдайда акцияға инвестицияланған ақшаны қайтарып алудың кепілдігі болмайды.

Акцияларды  былайша жіктеуге болады:

1. Акция бір  акционерден екіншісіне берілу  тәсілі бойынша мыналарға бөлінеді:

  • атаулы;
  • ұсынбалы.

Атаулы  акция - оның (атаулы акцияның) иелері міндетті түрде акционерлердің тізіліміне тіркеледі.

Ұсынбалы  акция акционерлердің тізіміне тіркелмейді. Әдетте, АҚ олардың иелерін білмейді. Бұл акцияның нақты иесі ғана акционердің меншік құқығын растай алады.

2. Табысты  алу құқығына қарай:

  • жай;
  • артықшылықты.

Бұлардың  арасындағы негізгі айырмашылық  мынада: артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер АҚ-ның таза табысының мөлшеріне қарамастан әрдайым төленеді. Коғам таратылған жағдайда артықшылықты акция ұстаушылар басқа акционерлерге қарағанда өздеріне тиесіліні алдымен алады, алайда номинал құнының орнын олардың акциялары толтыратын дивидендтерді толық алмайды. Сондай-ақ компания таратылғанда да артықшылықты акция ұстаушыларының мүдделері несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін ескеріледі, алайда жай акция ұстаушыларының талаптары қанағаттандырылмастан бұрын ескеріледі.

Өз кезегінде  артықшылықты акцияларды мыналарға  жіктеуге болады:

  • кумулятивті - егер дивидендтер уақтылы төленбесе, онда олар жинақталып, кейін толық көлемде төленуі мүмкін;
  • қайтымды басқа акцияларға қарағанда олар өздеріне тән мерзімсіздік секілді өзгешелігіне қайшы келетін эмитенттермен өтелуі мүмкін;
  • айырбасталатвн - осы эмитенттің жай акцияларының белгілі бір көлеміне айырбасталуы мүмкін;
  • дауыс құқығы бар және ең аз шамадағы нақты дивидендтердің мөлшеріне ие акциялар;
  • дауыс құқығы болмайтын,  ең аз шамадағы дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар; бұл арада олар дивидендтерге қатысты артықшылықты құқықтарға ие болады және оларға қоғам таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігін алуына мүмкіндік тудыратын артықшылықты құқық беріледі. Егер дивиденд бұрынғы акция бойынша 3 айдың ішінде төленбесе, онда бұл акцияның иесіне АҚ-ны қайта кұруға және таратуға,  акционерлердің құқығын шектейтін Жарғыға өзгерістер енгізуте қатысты мәселелерді шешуде дауыс құқығы беріледі.

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес акционерлік қоғам  құжаттандырылған формадағы атаулы акцияны ғана шығара алады. Ал артықшылықты акцияларға келсек, Казақстанда оның екі түрі бар: дауыс құқығы болмайтың, ең аз шамадағы дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар және дауыс құқығы бар, ең аз шамадағы дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар.

Облигация - бұл оны, номинал құны немесе басқадай мүліктік эквивалентті шығаратын тұлғадан осыларды өз иесінің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация, сонымен бірге өз иесіне оған тіркелген номинал құнынан немесе басқадай мүліктік кұқықтан пайызды алуына мүмкіндік береді.

Қосымша қаражатты  тарту үшін эмитент оны пайда  болған уақытынан бастап үшінші жылынан  кешіктірмей оларды толық төлеу  шартымен және жылдық баланстың осы  уақытына бекітуге жатқызу шартымен жарғылық қордың мелшерінен аспайтын сомада шығаруға құқылы.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары