Бағалы қағаздар есебінің экономикалық мәні мен мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 21:38, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық үлгідегі дамыған мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықты реттеу механизмінде бағалы қағаздар нарығы маңызды рөл атқарады.
Бағалы қағаздар нарығы ғана, кез келген тұлғаның (заңды немесе жеке тұлғаның) ҚР Конституциясына сәйкес меншікке болуға, басқаруға құқығын барынша жоғары деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдай болып саналады, ол өз кезегінде әрбір мүлік иесінің өз мүлкін пайдалы және тиімді пайдалану мүдделігін арттыруы тиіс. Бұл сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік прогреске ықпал етеді. Сондықтан да бағалы қағаздар нарығының (БҚН) қалыптасуы мен қызмет істеуі республиканың экономикалық саясаттың өзекті міндеттерінің бірі болып саналады.

Работа содержит 1 файл

2 семестр.docx

— 62.43 Кб (Скачать)
  • ҚР мемлекеттiк және мемлекеттiк емес бағалы қағаздармен операцияларын жүзеге асыру;
  • банкаралық несие нарығында ұлттық және шетел валютасында операцияларды жүргізу;
  • iшкi және сыртқы валюталық нарықта конверсиялық операцияларды жүргіз;
  • банктiң ақша қажеттiлiгiн қамтамасыз ету;
  • мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату бойынша клиент тапсырысын қабылдау және орындау;
  • банктiң бос ресурстарын Қазақстан Республикасының аукционында мемлекеттiк және мемлекеттiк емес бағалы қағаздардың екінші нарығында орналастыру;
  • мемлекеттiк бағалы қағаздардың екiншi нарығында және банкаралық несие нарығында (БАН) банк қажеттiлiгi үшiн қаражаттарды тартуды және орналастыруды жүзеге асыру;
  • жоғары табысты және өтiмдi бағалы қағаздар қоржынын құру және оны басқару;
  • инвесторлармен, клиенттермен және қаржы нарығының басқа да контрагенттерiмен төрелiк мәмiле жасау;
  • инвесторлармен, клиенттермен және қаржы нарығының басқа да контрагенттерiмен фьючерстiк мәмiле жасау;
  • мемлекеттiк бағалы қағаздарды кепiлге ала отырып несиелеу;
  • конъюктураны және әр түрлi қаржы нарығының табыстылығын талдау.

   Банктiң қазынашылық мiндеттемелерi мен басқа да жоғары өтiмдi мемлекеттiк бағaлы қағаздары өтiмдiлiктi демеу үшiн Ұлттық банк ұсынатын ломбардты несиелердi қамтамасыз ете алады.

      Банк  шығаратын бaғалы қағаздар есебi

   Бaғалы қағаздардың айналысқа шығару кезiнде банк олардың атаулы құнына тең келмейтiн бaға бойынша сатуы мүмкiн. Бұл ең алдымен бағалы қағаздар бойынша сыйақы (купон) алдын ала белгiленуiмен байланысты, ал нарықта күнделiктi сыйақы мөлшерлемесi, сәйкесiнше табыстылық та өзгерiске ұшырап отырады.

   Шығарылған  бағалы қағаздар бағасы мен оның атаулы құны арасындағы айырма әр түрлi себептердің  нәтижесi болып табылады, соның iшiнде  бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесi мен сыйақының орташа нарықтық мөлшерлемесi арасындағы айырмашылықтар. Бұл айырмашылықтар банк балансында есептеледi:

  • тepic – шығарылған  бaғалы қағаздар бойынша жеңілдiк ретінде;
  • оң – шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйақы  peтiндe.

   Бағалы  қағаздарды өтеу олардың атаулы құны бойынша жасалады, сонымен бiрге  белгiленген сыйақы сомасы төленедi.

    Бағалы  қағаздарды айналысқа жеңлдiк ретiнде  шығару:

  • сатылу сомасына:

   Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

   Кт 2301 «Айналысқа шығарылған облигациялар»

   2303 «Айналысқa шығарылған басқа да бaғалы қaғаздар»;

  • жеңілдік сомасына:

   Егер  бағалы қағаздың номиналы валютада болса, онда сыйақы валютада есептеледі:

   шығындар сомасына:

   Дт 1858 «Банктiң шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»

   2858 «Банктiң шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы»

         Кт 2730 «Айналысқа шығарылған өзге бағалы қағаздар бойынша есптелген шығыстар»

   және бiр уақытта есептелген шығындар сомасына теңге бойынша жазылу жасалынады:

         Дт 5301 «Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сый -ақы төлеуге байланысты шығыстар»

   Кт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетiлген қарсы құны (валюталық ұзақ позиция)».

   2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетiлген қарсы құны (валюталық қысқа позициясы)».

   Есептелген  сыйақыны төлеу бaғалы қағаздарда мерзiмде жүзеге асырылады. Көп жағдайларда әрбiр жыл сайын жүргiзiледi:

   Дт 2730 «Айналысқа шығарылған өзге бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар»

   Кт 1050 «Корреспондентiк шот».

   Егер  бағалы қағаздар валюта да болса:

  • сыйақыдан алғашқы сату:

   Дт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»

   2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы»

   2803 «Айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың атаулы құны мен олардың сату бaғасы арасындағы айырма» (сыйлықақының амортизация сомасына)

   Кт 1050 «Корреспонденттік шот».

   Егер  эмитенттер, пайыздың мөлшерлемесi, өтеу мерзiмi, бaғалы қағаздардың нарықтың бағасы бойынша ұқсас басқа бaғалы қағаздарды сатып-алу жүргізiлсе, онда ол операция РЕПО операциясы болып саналады.

   РЕПО операциясын жүргiзу кезiнде сату бaғасы бойыншa кор респонденция жасаладыI:

   Дт 1050 «Банктердiң корреспондентгiк есепшотгары»

   Кт 2255 «ҚҰнды қағаздармен жүргiзiлeтiн  операциялары» .

   Ай  сайын сыйақы есептелiнедi:

   Дт 5250 «Құнды қағаздармен жүргiзiлeтiн «РЕПО» операциялары бойыншa сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»

   Кт 2730 «Айналысқа шығрылған өзге бaғалы қағаздар бойыншa есептелген Iшығыстар».

   Бaғалы қағаздарды қайтадан сатып алу кезiнде:

   Дт 2255 «Құнды қағаздармен жүргiзiлетiн «РЕПО» операциялары»

   Кт 2730 «Айналысқа шығарылған өзге бaғалы қағаздар бойыншa есептелген шығыстар»

   5250 «Құнды қағаздармен жүргiзiлeтiн «РЕПО» операциялары бойынша сыйaқы төлеуге байланысты шығыстар»

   1 050 «Банктердің корреспонденттiк есепшоттары».

   Егер  банктер өздерінің бағалы қағаздарын қайта сатып алмайтын болса, онда олар баланстан шығарылу қажет:

   Дт 2255 «Құнды қағаздармен жүргiзiлетiн «РЕПО» операциялары»

   2730 «Айналысқа шығарылған өзге бaғалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар» (РЕПО шығыстар сомасына)

         Кт 5510 «Бaғалы қағаздарды сатьш алу-сату бойынша шығыстар».

   Осылайша  РЕПО операциялары оларды банк жүйесiнiң өтiмдiлiгiн басқаруда қолданумен қортындыланатын макроэкономикалық мәнге ие. 

Бaғалы қaғаздарды бiр санаттан басқаға  ауыстырумен

байланысты  операция есебi 

   Бaғалы қағаздарды бip санаттан бaсқаға ауыстырy кезiнде олар ауысатын 6ағалы қағаздар санатының ece6iнe сәйкес бағалы қағаздардың есеп тәртібі мен қағидалары да өзгередi.

   «Caтуға жарамды бағалы қағаздар» және «өтеуге дейiн ұсталатын бағалы қағаздар» санатына сауда үшін арналған бағалы қағаздарды аудару кезiнде келесi бухгалтерлiк жаз6а жасалады:

    1) caтyғa жарамды бағалы қағаздар санатына:

    а) баланстық құнға:.

    Дт 1452 «Caтyға жарамды бағалы қағаздар»

    Кт 1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар»;

    а) оң қайта бағалау сомасына

    Дт 4709 «Саудаға арналған және caтyғa жарамды бағалы қағаздардың құнын өзгертуден кіріс»

      Кт 3561 «Caтyғa жарамды бағалы қағаздардьщ құнын қайта бағалау резервтерi»;

      б) Tepic қайта бағалау сомасына

      Дт 3561 «Сатуға жарамды бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау резервтерi»

      Кт 5709 «Саудаға арналған және caтyғa жарамды бағалы қағаздар құнын өзгерiсiн қайта бағалау шығысы»;

      в) сыйақы алумен байланысты есептелген та6ыс сомасына 

Дт 4201«Саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кipicтep»

         Кт 4452 «Caтуға жарамды бағалы қағаздар бойынша сыйықы aлyға байланысты кipicтер;

   Банк  инвестицияларының талдамалық есебiн (жарна және үлес мөлшерi) банктiң құнды қағаздар Департаментi жүзеге асырады. Жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша, сол сияқты, жыл iшiнде кәсiби қатысушылардың жарғылық капиталдағы банк үлесi өзгерген жағдайда, Департамент, жарғылық капиталына банк қатысып oтырған заңды тұлғалардың акция ұстаушылардың тіркемесінен үзiндiсiн талап етiп, алып отырады. Ол хат алысып берiсудi жүзеге асырады және акцияларға және үлестерге иелiк етiп отырған кәсiби қатысушылармен және заңды тұлғалармен байланыс орнатады; Банк инвестициясын растайтын құжаттарды жүйелендiредi. (құрылтайшы келiсiмшарттардың, жарғының, акцияларды сатып алу-сату келiсiм шарттарының, төлем құжаттарының, 1471, 1472 баланыс шоттардың қалдықтарының ведомостарының компьютерден шығарылған көшiрмелер), банктiң бекiтiлген iс-қағаздар тiзiмдемесiне сәйкес олардың есебiн жүргiзедi, құжаттарды тиiстi сақтауды және белгiленген уақытты өткен жағдайда банк архибiне өткiзудi қамтамасыз етеді.

   Сол сияқты, ҚP-дағы акциялардың басым бөлiгiнiң нарығы өтiмсiз eкенін де айтпай кетуге болмайды, егер де аяқ астынан құнды қағаздарды сату қажеттiлiгi туындай қалса, сатып алушы табылмайтын жағдайлар болып қалуы мүмкін. Жоғарыдағы аайтылғандарды қортындылай келе мынадай болжам жасауға болады, қазіргі уақытта Қазақстандық мемлекеттік емес эмитенттердiң акция нарығы бос ақша қаржы қаражаттарын салудың нақ сенiмдi орны бола алмай отыр, тек кәсiби басқарудың негiзiнде спекулятивтi капитал улесiн орналастыру үшін қолданылады.

   Ic жүзiнде коммерциялық банктердiң кәсiпорындардың акцияларымен жүргiзiлетiн операциялар, клиенттердiн; бұйрығы бойынша, инвестициялып және арбитраждық операцияларға ұсастырылады. Қаржыларды нарықтығы акцияларға орналастыру кезiндегi тәуекелдiлiк өте жоғары болғандықтан, бұл бағыт уақытша бос ресурстарды орналастыру мiндетi бар құралдардың нарығына қойылатын талаптарға сәйкес келетiн ретiнде қаралуы мүмкін. 
 

    2.2  Бағалы қағаздармен жасалатын  операциялардың түрлері және  оларға салынатын салықтар. 

   Бағалы  қағаздармен жасалатын операциялар: эмиссия, бастапқы орналастыру, бағалы қағаздардың қайталама нарығында  айналым жасау сияқты циклдармен байланысты.

   Эмиссия өзіне мыналарды енгізеді: шығару мөлшерін анықтау, әзірлік және басып  шығарылғанын жариялау; бағалы қағаздар бланкілерін басып шығару; басып  шығарылғаны туралы хабарламаны  жариялау.

   Эмитент оларды бағалы қағаздар жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясында тіркелген  сәттен бастап, тіркеуге жататын  бағалы қағаздар шығару құқына ие болады.

   Бағалы  қағаздарды мемлекеттік тіркеуден  өткізу эмиссияның жалпы көлеміне және оларды орналастыру тәсіліне қатыссыз түрде жүргізіледі, сондай-ақ бағалы қағаздар жөніндегі ҚР Ұлттық Комиссиясына өтініш берген сәттен бастап 30 күннен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.

   Акционерлік қоғам заңды тұлға ретінде  оны тіркеген сәттен бастап 3 айдан  кешіктірмей акциялар эмиссиясын тіркеуден  өткізуге, оны шығаруға және эмиссияға  мемлекеттік тіркеу нөмірін алған  күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзім ішінде оларды орналастыруға  міндетті.

   Одан  кейінгі эмиссияларды орналастыру  мерзімі олардың мемлекеттік  тіркеуден өткен сәтінен бастап 6 айдан асып кетпеуі тиіс.

   Бағалы  қағаздарды орналастыру 2 тәсілменжүзеге асырылады:

  • жабық тәсіл, жалпы саны елуден асып кетпейтіндей күні  бұрын белгіленген тұлғалар шеңбері немесе тек эмитент құрылтайшылары арысында ғана орналастырылады;
  • ашық тәсіл, бағалы қағаздар шеңбері күні  бұрын айқындалмаған тұлғалар арасында  орналастырылады.
  • Эмиссиялық проспект мынадай бөлімдер арқылы таныстырылған: эмитент туралы негізгі мәліметтер; эмитенттің қаржылық жағдайы туралы деректер; алда бағалы қағаздар шығару туралы мәлімет. Эмиссия проспектісі екі маңызды қызметті орындайды:
  • бағалы қағаздарды шығарудың  заңдылығы  туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді;
  • компаниялардың қызметі туралы толық ақпараттардың «жариялылығы» арқылы инвестордың мүдделерін қорғайды.

     Бағалы қағаздарды орналастыру  – айналым  аясындағы алғашқы  баға беру, бағалы қағаздың эмитент  қолынан оның алғашқы иесіне  өтуі.

Информация о работе Бағалы қағаздар есебінің экономикалық мәні мен мазмұны