Бағалы қағаздар есебінің экономикалық мәні мен мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 21:38, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық үлгідегі дамыған мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықты реттеу механизмінде бағалы қағаздар нарығы маңызды рөл атқарады.
Бағалы қағаздар нарығы ғана, кез келген тұлғаның (заңды немесе жеке тұлғаның) ҚР Конституциясына сәйкес меншікке болуға, басқаруға құқығын барынша жоғары деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдай болып саналады, ол өз кезегінде әрбір мүлік иесінің өз мүлкін пайдалы және тиімді пайдалану мүдделігін арттыруы тиіс. Бұл сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік прогреске ықпал етеді. Сондықтан да бағалы қағаздар нарығының (БҚН) қалыптасуы мен қызмет істеуі республиканың экономикалық саясаттың өзекті міндеттерінің бірі болып саналады.

Работа содержит 1 файл

2 семестр.docx

— 62.43 Кб (Скачать)

КІРІСПЕ 

      Нарықтық  үлгідегі дамыған  мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай  нарықты  реттеу  механизмінде  бағалы қағаздар нарығы  маңызды рөл атқарады.

      Бағалы  қағаздар нарығы ғана, кез келген тұлғаның (заңды немесе жеке тұлғаның) ҚР Конституциясына  сәйкес  меншікке  болуға, басқаруға  құқығын барынша жоғары деңгейде  жүзеге асыруға  мүмкіндік беретін  жағдай болып саналады, ол  өз кезегінде  әрбір мүлік иесінің өз мүлкін  пайдалы және тиімді пайдалану  мүдделігін  арттыруы тиіс. Бұл сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік прогреске ықпал  етеді. Сондықтан да  бағалы қағаздар нарығының (БҚН) қалыптасуы мен қызмет істеуі  республиканың экономикалық саясаттың  өзекті міндеттерінің  бірі болып саналады.

      Бағалы  қағаздар нарығын дамытудың негізгі  мақсаты – ҚР экономикасының  тиімді дамуына, бірінші кезекте  нарықтық экономиканың  барлық субъектілері қызметінің белсенділігін арттыру  негізінде қаржылық тұрақтылық  пен экономиканың  өркендеуіне  көмектесу болып саналады.

      Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығы (БҚН) қазіргі  уақытта қалыптасу  сатысын басынан  өткеруде. Бұл айрықша бір жүйе емес, нарықтық экономиканы бүтіндей жан жақты  дамытусыз қызметін  жүргізу мүмкін емес сегмент болып  табылады. Қаржы нарығының жай-күйі бірсыпыра  факторларға қатысты  болады, оның ішінде  инфляция қарқыны  басты рөл  атқарады. Мәселе мынада: өндірістің  құлдырауы  мен инфляцияның  тоқтаусыз  өсуі  кезінде,  жинақтарды  инфляциядан  қорғайтын, әрқашан  сенімді  құрал болып  саналып  келген қор  нарығының  көптеген басымдықтары құр сандыраққа  айналады.

      Бағалы  қағаздар нарығы механизмі экономиканың  барлық  субъектілерінде қажетті  инвестициялық  ресурстарды  тарту  мүмкіндігігін білдіреді. Акцияларды шығару бұл ресурстарды шектеусіз  мерзімге алуға  мүмкіндік береді, ал облигацияларды шығару неғұрлым пайдалы  жағдайларда  ақша ресурстарын  алуды қамтамасыз етеді. Мемлекет бюджет тапшылығын  жабу үшін,  сондай-ақ ақша белгілері эмиссиясына емес, мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруға  жүгіреді.

      Барлық  елдерде көптеген  қатынастарда  бағалы қағаздар нарығы (БҚН) экономиканың  өсуін қаржыландыратын  ең үздік  және неғұрлым  ұғынықты  механизм болып саналады.

      Курстық жұмыстың басты мақсаты: ҚР-сының  коммерциялық банктің функцияларын және операциларының дамуын талдап мәселесін  ашу. Осы мақсатын ашу үшін мына міндеттемелерді орындау керек:

  • Бағалы қағаздың мәнін ашу, түрлеріне тоқтала кету;
  • Бағалы қағаздар құрылымын қарастыру;
  • Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен байланысты операцияларын қарастыру;
  • Банктегі бағалы қағаздарды ұйымдастырылуын талдау;

      Екінші  деңгейлі банктердің қызметтерін жетілдіру  жолдарын қарасытыру.

      Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.БАҒАЛЫ  ҚАҒАЗДАРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ  ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Бағалы қағаздар есебінің экономикалық мәні мен мазмұны 

   Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның конституциясына негiзделген және Қ.Р. Азаматтық кодекiсiнен, 2-шiлде 2003 жылғы «құнды қағаздар нарығы туралы»  Қ.Р. заңынан және басқа Қ.Р. нормативтiк  құқықтық актiлерден тұрады. Егер де Қазaқстан  Республикасы қол қойған келiсiмшаpттарда заңда қарастырылғаннан басқа  ережелер бекiтiлген болса, онда халықаралық  келiсiмшарт ережелерi қолданылады.

         Бағалы қaғаздар бекiтiлген нысанда және мiндетті деректемелердi сақтай отырып оны ұсынған кезде  ғана жүзеге асуы мүмкін болатын мүлiктiк  құқықты куәландыратын құжат.

   Бағалы  қағаздардың экономикалық мәнін  ашуда құжаттың бағалы қағаздар мәртебесіне  ие болуы үшін қосымша сапаларын  анықтау қажет.

   Бiрiншiден, бaғалы қағаздар өз кезегiнде меншік дәрежесi нысанындағы мүлiктiк құқықты (корпорация акциялары, вексельдер, коносаменттер  және т.б.) немесе құжат иесi мен оны  шығарушы тұлға арасындағы корпорациялармен мемлекет облигациялары, сертификаттары, қарыздық қатынасты куәландыратын  ақшалық құжаттарды бiлдiредi.

   Eкiншіден, бағалы қағаз қорларды инвестициялау  туралы куәландыратын құжат peтiндe қызмет етедi. Бұл әcipece бaғалы қағаздардың  рөлi мен экономикалық мәнін  түciнy үшiн өте маңызды. Бұл  жерде олар инвестицияның жоғары  нысаны peтiндe басты рөль атқарады.

   Үшіншіден, бағалы қағаздар – бұл нақты активтерге (акцияларғa, чектерге, коносаменттерге, тұрғын үй сертификаттарына және т.б.) талаптар көрсетiлетiн құжаттар.

   Tөpтiншiдeн,  бaғалы қaғаздардың экономикалық  мәнін түсiнудiң маңызды сәті  – олардың табыс әкелуi болып  табылады. Иелерi үшін олар капитал болып табылады. Алайда, мұндай капиталдың нақты капиталдан айырмашылығы бар: ол өндірістік үдерісте қызмет етпейдi немесе қатыспайды.

   Сонымен қатар бағалы қағаздардың өтiмдiлiк, айналымдылық, нарықтық сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиеттермен азаматтық айналымда қатысуын атамай өтyгe болмайды.

   Өтімділіктің  астарында бағалы қағаздардың сатылуы  нәтижесінде ақша қаражаттарына  айналу мүмкiндiгi жатыр. Ол үшін бағалы қағаз нарықта айналыста болуы  кажет. Бағалы қағаздардың айналымдылық қасиеті сатып алу-сату негiзiнде (акция, о6лигация және т.6.) немесе 6acқa тауарлар нарығымен (чектер, вексельдер, коносаменттер, жекешелендiру құжаттары) айналымды 6айланыстырып, төлем құралы peтінде іске асырылады.

   Бағалы  қағаздар өзiне тиесiлi ұйымдары және онда жұмыс істey ережелерi 6ар нарығы болатын  ерекше тауар ретiнде өмip сүредi. Алайда 6ағалы қағаздар нарығында  сатылатын тауарлар ерекше тауарлар болып табылады. Ceбeбi бағалы қағаздар - бұл тек меншiк титулы, табыс  алуға құқық бepeтін, бірақ нақты  капитал алуға құқығы жоқ құжат. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы олардың осы сапасымен анықталады, нарық көп жағдайда epкін және тез қол жеткiзiлетiн құнды қағаздарды бip тұлғадан екiншi тұлғаға берумен  сипатталады.

   Бағалы  қағаздар нарығы басқа нарықтар сияқты техникалық циклдардың жоғары деңгейдегi толықтылығы мен аяқталғандылығы  болатын күрделi ұйымдық және экономикалық жүйе болып табылады. Онда бағалы қағаздар баға кешенiн қолдану арқылы сатып  алу-сату заты ретiнде пайдаланылады, бұл жай тауарлардан ерекшеленеді.

   Бағалы  қағаздардың айналымға түсу yaқыты мен әдiсiне байланысты олардың нарығы алғашқы және екiншi болып бөлiнедi. Алғашқы нарықта жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды олардың алғашқы иемденушiлерiне сатады; екiншi нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иемденушiлерiнің ауысуы. Бағалық қағаздардың атаулы (атаулы құн - оларды шығару кезiнде анықталатын бағалы қағаздар құныныың ақшалай көрінісi), эмиссиялық және нарықтық бағасы болады.

   Атаулы  баға дивиденттердi, пайыздарды есептеу  базасы ретiнде нақты есептiк мәні бар және одан кейiнгi есеп айырысуларда қолданылады. Эмиссиялық баға - бағалы қағадарды алғашқы орналастырy кезiндегi сатылу бағасы. Ол табыстылық және несиелiк пайыз деңгейiмен анықталады. Нарықтық баға - бағалы қағаздардың екiншi нарықта айналу бағасы. Оның көлемiне сұраныс пен ұсыныстың нарықтағы арақатынасы әсер етеді.

   Сонымен, бағалы қағаздар шаруашылық қызметте қолданатын әр түрлi құжаттардың жиыны. Сонымен бipгe олар өздерiне тиiстi жалпы  бip белгi онда көрсетiлген мүлiктiк құқықты  өткiзу үшiн ұсыну қажеттiлiгiмен  бiрiктiрiледi. Бағалы қағаздарды иемденудің мақсаты табыстылық, өтiмдiлiк және қаржыландыру кезiнде қажеттiлiктердi қанағаттандыру болып табылады.

   Келесідей негізгі (іргелі) талаптарға (қасиеттерге) жауап беретін ресурстарға құқық  қана бағалы қағаздар түрінде танылады:

  1. Айналымдылық – нарықта бағалы қағаздардың сатылып алушылық және сатушылық, сондай – ақ көптеген жағдайларда басқа тауарлардың қозғалысын жеңілдететін дербес төлем құралы түрінде қатысу қабілеті.
  2. Азаматтық айналым үшін түсініктілік – бағалы қағаздардың  тек сатып алушылық және сатушылық  қана емес,  сонымен бірге барлық  мәмілелерді өзіне енгізіп отырып (займ, сыйға беру, сақтау, тапсырма беру), басқа азаматтық  қатынастардың объектісі бола білу қабілеті.
  3. Стандарттық – бағалы қағаздың стандарттық мазмұны болуы тиіс (бағалы қағаздар беретін, құқықтардың стандарттылығы, қатысушылардың стандарттылығы, сауданың мерзімдері мен орындары, есеп жүргізу ережесі, бағалы қағаздарды бір қолдан бір қолға өткізумен байланысты  мәмілелердің стандарттылығы , бағалы қағаздар формаларының стандарттылығы), стандарттылық қана, бағалы қағаздарды айналым жасауға қабілетті тауар жасайды.
  4. Сериялық – бірыңғай сериялармен, кластармен  шығару мүмкіндігі.
  5. Бағалы қағаздардың құжаттылығы – бұл қағаз сертификаты формасында немесе шоттар (счеттар) бойынша аударымдар формасындағы жазбалар түрінде  өмір сүретіндігіне қатыссыз, әрқашанда құжат болып табылады. Бағалы қағаздың құжат ретінде міндетті түрде реквизиттері болуы тиіс. Олардың тым болмағанда біреуінің  болмауы бағалы қағаздардың жарамсыздығына әкеледі.
  6. Реттелгіштігі және мемлекеттің  тануы – бағалы қағаздар (БҚ) мәртебесіне таласушы (үміткер) қор құралы, оның жақсы реттелушілігі мен халықтың сенімін қамтамасыз ететіндей түрде мемлекет таныған болуы тиіс.
  7. Нарықтылық – егер айналымдылық – бағалы қағаздардың  тек айрықша тауар екендігін көрсететін болса, онда тауар сол бойынша жұмыс ережесі мен өзіне тән ұйымдастыру белгісі бар өз нарығы болуы тиіс.
  8. Өтімдік (ликвидтілік) – нарық құнының көп ауытқымауы мен өткізуге жұмсалатын шығындардың  көп болмауы жағдайында, оның иелері үшін түбегейлі шығындарсыз, бағалы қағаздардың  ақшаға тез айналушылығы мен тез сатылушылық қабілеті.

   Бағалы  қағаз бірқатар міндетті реквизиттерге  ие және тараптар арасындағы мүліктік қатынастарды білдіретін, қандайда бір  мүлікке немесе ақша сомасына  құқығын  бекітетін, тиісті түрде ресімделген  құжат болып саналады.

   Осы құқықтарды жүзеге асыру  мүмкіндіктерін  айқындайтын қандайда бір жағдайларға  қатысты, бағалы қағаздардың  әралуан  түрлері шығарылады.   
 
 
 
 
 
 

    1.2 Бағалы қағаздар классификациясы 

   Бағалы  қағаздардың түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы және бiрдей белгiлердiң жиынтығы. Бағалы қағаздар жiктелуін және бағалы қағаздар түрлерiнің жіктелуін айыра бiлу керек.

         Бағалы қағаздардың  жiктелуi мен бағалы қағаздар түрлерiнiң  жiктелуiн бөлiп қарастыруға болады.

         Бағалы қағаздардың  жіктелуі – бұл бағалы қағаздардың  өздерiне тісті белгiлерi бойынша  бөлiнyі.

   Бағалы  қағаздар түрлерінің жіктелуі – бұл бip түрдегi бағалы қағаздарды топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу. Өз кезегiнде түрлердi одан әpi бөлуге болады. Әрбip төменгі жiктеу жоғары тұрған жiктеудің құрамына кіреді. Мысалы, акция - бағалы қағаздардың бiр түpi. Қарапайым акция бiр дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе номиналсыз болуы мүмкін.

         Бағалы қағаздар жоғарыда айтылғандай белгiлi бiр  сипаттың  жиынына ие.

   Уақытша сипаттамасы:

  • қызмет ету мерзiмi: айналысқа қай уақытта шығарылған, қай yaқыт кезеңіне немесе мерзiмсiз;
  • пайда болуы: басы өзінің бiрiншi негiзiнен келе ме немесе басқа бағалы қағаздардан.

   Кеңiстiк сипаттамасы:

  • қызмет ету нысаны: қағазды немесе заңды түрде айтқанда құжатты нысан немесе қағазсыз, құжатсыз нысан;
  • ұлттық белгiсi: отандық немесе басқа мемлекeттiк, яғни шетелдік;
  • аймақтық белгiсi: елдiң қай аумағында шығарылған.

    Нарықтық сипаттамасы:

  • бағалы қағаздар негiзiнде жатқан актив түpi немесе оның шығy негізi (тауар, ақша, фирманың жиынтық активi және т.б.);
  • иемдену тәртiбi: ұсынушыға, атаулы, ордерлi. Атаулы бағалы қағаздар - онда көрсетiлген тұлғаның құқығын куәландыратынын көрсетедi. Ұсынушы бағалы қағаздары – құқық оны ұсынушы адамға жатады. Ордерлі бағалы қағаздар – құқық онда аталған aдaмға тиесілі.
  • меншiк нысаны және бaғалы қaғаздарды нарыққа шығарушы эмитент түрі: мемлекет, корпорациялар, жеке тұлғалар;
  • айналыс сипаты: нарықта epкін немесе шектеулi айналады;
  • бағалы қағаздар ұсынатын құқық түрі негiзiнде экономикалық мәні;
  • тәуекел деңгейi: жоғары, төмен және тағы басқа;
  • табыс көзi: бaғалы қағаздар бойынша табыстың қандай да болса бөлiгiн төлей ме, жоқ әлде төлемей ме;
  • қаражат салымының нысаны: ақша қарызға немесе меншік құқығын иемденуге қаржылана ма.

Информация о работе Бағалы қағаздар есебінің экономикалық мәні мен мазмұны