Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 19:08, курсовая работа
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты - бағалы қағаздар нарығының негізгі мәнін ашып, оның құрамдас бөліктерін және Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын зерттеу болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында келесі міндеттер қойылған:
•Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы;
•Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау;
•Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму перспективаларын анықтау.
Кіріспе......................................................................................................................3
1 Бағалы қағаздар нарығының дамуының теориялық негіздері.........................5
1.1 Нарықтық экономикадағы бағалы қағаздардың мәні....................................5
1.2 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы.......................................................11
2 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау.........................17
2.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы.....17
2.2 Бағалы қағаздар нарығының қазіргі кездегі жағдайын талдау..................19
3 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары............23
3.1 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының реттеу мәселелері..................23
3.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары...................................................................................................25
Қорытынды............................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29
Сонымен,
Қазақстан Республикасының
Қорытынды
«Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы» атты курстық жұмысында зерттеулер жүргізіліп және жұмыстың басында оған қойылған мақсат орындалды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге бағытталған мемлекеттік саясат жайында айтады:
“Біз тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құруымыз керек. Халықты өзінің жинақ ақшасын бағалы қағаздарға салуға кеңінен тартпайынша, оның дамуы мүмкін емес. Халықты инвестициялық сауаттылық әліппесі бойынша нысаналы оқыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізу де қажет”
Сонымен қатар, «Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері» атты тарауында: “Ырықтандыру жағдайында біз қаржы жүйесінің тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа деңгейіне көтерілуге міндеттіміз.
Біздің тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құруымыз керек. Оның дамуы халықты өз салымдарын бағалы қағаздарға белсенді инвестициялауға тартпайынша мүмкін емес”\№7\
Бағалы қағаздар нарығының негізгі функцияларын толық ашылды. Брокерлер диллерлер сияқты азаматтық-құқықты келісім шарттарды орындайды. Компанияның басқарушысы бағалы қағаздарды да басқара алады. Қазақстанның жекеменшік банкілері заңмен рұқсат етілген әр түрлі жұмысты атқара алады. Тіркеушілер номиналды ұстаушылар сияқты бағалы қағаздар иелерінің есебін жүргізеді. Депозитарий - бағалы қағаздарды сақтауға міндетті болады. Инвестициондық қор өзінің акцияларын саудалап және басқа алуан түрлі бағалы қағазға инвестиция жасайды.
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму кезеңдерін бөліп көрсеттім.
Біріншіден, қарапайым бағалы қағаздар нарығының дамуы ұлттық экономика дамуымен қатар жүреді. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының өңделуі және тұрақталуы, өндірудің төмендеуімен қатар жүріп жатты. Бұндай диспропорция бағалы қағаздар нарығының динамикасында және жалпы экономикалық процессте кризиске әкеледі.
Екіншіден, нарықтың «мөлдірлік еместігіне», операциялардың қаупі және мемлекеттің бюджеттің дефицитін жабу үшін қысқа мерзімді бағалы қағаздардың шығуы. Бұл өз жағынан еркін қаражатты ұзақ мерзімді инвестициядан бөледі, ол өз жағынан экономикалық өсуінің маңызды факторы.
Үшіншіден, Қазақстан бағалы қағаздар нарығына инфляция тұрақсыздығы әсер етеді. Бұл экономикасы өтпелі мемлекеттерге тән нәрсе. Ақшаның құнсыздану қаупі инвесторларды ұзақ мерзімді стратегиялық салымдардан бас тартады. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей инфляцияның белгілі бір мөлшеріне индексті бағалы қағаз шығаруға арқылы ұстауға болатыны. Бұндай қағаздар табысы индексті дұрыстаумен инфляцияның өсу темпін баяулатады. Бұндай индексті бағалы қағаздар біздің елде әлі қалыптаспаған, сондықтан инфляция бағалы қағаздар нарығына әсер етеді.
Төртіншіден, Қазақстанда бағалы қағаздар дамуына заңдар және реттеу құралдары дұрыс жұмыс істемейді. Сонымен қатар коммуникациялы инфроқұрылым сапалы еместігі бағалы қағаздар нарығының дамуын баяулатады.
Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуы жүріп жатыр. Бағалы қағаздар нарығының дамуы күрделі экономикалық кезеңде өтіп жатыр. Инфляция өсуі, қаржы тұрақсыздығы, республикалық бюджеттің дефициті және т.б. Бұл факторлар менің ойымша бағалы қағаздар нарығының толығымен дамуына әсер тигізеді.
Үкімет бағалы қағаздар нарғының дамуына үнемі әр түрлі шараларды қолданады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті бағалы қағаздарға қатаң бақылау жасап отырады. Бұл өз жағынан отандық компанияларға жаңадан инвесторларды тартады.
Сонымен, Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы көптеген мәселелермен кездескеніне қарамастан, бұл біздің еліміздің экономикасында болған позитивті процестер негізінде дамып бара жатқан жас, динамикалық және перспективті нарық болып табылады. Сонымен бірге, бұл нарық мемлекеттің қаржы ресурстарын қайта бөлу жүйесінде үлкен роль ойнайды, және нарықтық экономиканың қалыпты жұмыс істеуіне қажет. Сондықтан бағалы қағаздар нарығын қалпына келтіру және дамуын реттеу үкіметтің алдында тұрған негізгі тапсырмалардың бірі болып табылады. Мен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы әрі қарай дамып, әлемдік деңгейге жетуіне сенім білдіремін.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
Информация о работе Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары