Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 19:08, курсовая работа

Описание работы

Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты - бағалы қағаздар нарығының негізгі мәнін ашып, оның құрамдас бөліктерін және Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын зерттеу болып табылады.

Курстық жұмысты жазу барысында келесі міндеттер қойылған:

•Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы;
•Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау;
•Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму перспективаларын анықтау.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3


1 Бағалы қағаздар нарығының дамуының теориялық негіздері.........................5


1.1 Нарықтық экономикадағы бағалы қағаздардың мәні....................................5

1.2 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы.......................................................11


2 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау.........................17


2.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы.....17

2.2 Бағалы қағаздар нарығының қазіргі кездегі жағдайын талдау..................19


3 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары............23


3.1 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының реттеу мәселелері..................23

3.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары...................................................................................................25


Қорытынды............................................................................................................27


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29

Работа содержит 1 файл

Курсовая работа макро ценные бумаги.doc

— 268.50 Кб (Скачать)

Акциялар  нарықтың негізгі  индикаторлары ретінде

                                                                                                                        Кесте 3

Индикатор аты Ағымдағы  мәні,19.11.2010 Тренд Тарихи  үлкен мәні Тарихи  кіші мәні
Капитализациялау,

млн USD

57 128,0 +736,3 99 474,5 813,9
Келісім көлемі, мың USD 1 993,9 + 1 183,0 2 603 147,8 0,0
KASE индексі 1 644,13 +1,51% 2  876,17 69,48

Ескерту: индикаторлардың осы тобы акциялардың биржалық нарығының параметрлерiн мысал келтiредi; мәліметтер www.kase.kz сайтынан алынған   

KASE индексі

                                                                                                                   Сурет 1

Ескерту: мәліметтер www.kase.kz сайтынан алынған  

KASE индексі

          Ол индекстің өкілдік тізіміне кіретін, яғни сол жасалған уақытында  акцияның нарықтық бағасының қатынасын білдіреді. Бұл еркін айналыста болатын акция есебінің капитализациялауымен анықталады. KASE индексі

әрбір өкілдік индекс тізіміне кіретін акциямен жасалған мәміледен кейін

қайта есептелінеді.  

Акцияның  капитализациялануы

                                                                                                                                          Сурет 2                               

Ескерту: мәліметтер www.kase.kz сайтынан алынған  

Акцияның  капитализациялануы

           KASE – тің ресми тізіміне енген акцияның нарықтық бағасы.

Өлшем бірлігі: млн USD

Индикаторды жаңарту уақыты: әр жұмыс күні сайын,  сауда біткеннен кейін 17.00-ден  20.00- ге дейін.

Индикатордың  «өмір сүру уақыты»: 1 жұмыс күні.

Трендтің  «өмір сүру уақыты»: 1 жұмыс күні.

Келісім көлемі

Акцияның  сату- сатып алу секторындағы мәмілелердің жиынтық көлемі

Индикаторды жаңарту уақыты: әр жұмыс күні сайын,  сауда біткеннен кейін 17.00-ден  20.00- ге дейін.

Индикатордың  «өмір сүру уақыты»: 1 жұмыс күні.

Трендтің  «өмір сүру уақыты»: 1 жұмыс күні.

                 Соңғы жылдары Қазақстандағы қор нарығының қатысушылары көбейіп келе жатыр. 1998 жылы зейнетақы қорын реформалағаннан кейін, нарықта инвестициондық климат жақсарды. Жинақы зейнетақы қоры өзінің инвестициялық жұмысын атқара бастады. Олар қаражатын Ұлттық компаниялардың бағалы қағаздарына (Казақойл, Қазақтелеком және т.б.) және мемлекеттік бағалы қағаздарына (Халық Банк ноталарына және т.б.) сала бастады. Сонымен қатар эмитент - компаниялар өзінің акциялары мен облигацияларын шығара бастады.

         Осы бөлімді аяқтай келе Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дамып келе жатқаны сөзсіз және бағалы қағаздар нарығының үлкен потенциалы мен жарық болашағы бар деп айтуға болады. 

  

3. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары

3.1. Қазақстанның  бағалы қағаздар нарығының реттеу  мәселелері 

    Бағалы  қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу механизмі келесі бағытта жүзеге асады:

    1.Мемлекет бағалы қағаз нарығын реттеп, ұйымдастыратын заң жүйесін қабылдайды. Бұл заңдар:

    - акционерлік   қоғамдардың қалыптасу  тәртібін анықтайды және    реттейді;

    - бағалы қағаздарды шығару тәртібін  және акцияны шығаруға рұқсат  алу түрлерін анықтап реттейді;

    - бағалы қағаздармен жүргізілетін  операциялардан түсетін пайдаға салық кeciмдepiн реттейді;

    - биржаның қызметін және бағалы  қағаздармен жүргізілетін операциялар  түpлepiн анықтап реттейді.

    2.Мемлекет   мекемелері   нарық   субъектісі ретінде   бағалы  қағаздар   рыногына шығады.

    Қаржы  ресурстарын   жинау   үшін мемлекет облигациялар, қазыналық міндеттемелер (қысқа мepзiмдік облигациялар) сияқты бағалы қағаздарды айналымға шығарады.

    3.Ұлттық    банктің ақша-несие  саясаты арқылы  бағалы  қағаздар   рыногына    ықпал жасайды. Басқаша айтқанда, қор рыногындағы жағдай айналымдағы ақша көлемін реттеумен және несиені қолдау саясатымен тығыз  байланысты. Ақша массасын қысқа мерзімде реттеу үшін Ұлттық банк қазыналық міндеттемелерді сатады және қайта сатып алады. Бағалы қағаздардың  бұл  түрін коммерциялық банктерден басқа   ipi   фирмалар, зейнетақы   қорлары, сақтандыру  компаниялары сатып алады. Облигацияларды сатып алғанда олар көбіне чек түрінде төлейді. Ұлттық банк бұл чектерді төлеуге коммерциялық банкке ұсынады, сондықтан олардың төлем қорлары белгілі сомаға қысқарады.

    Бұл облигацияларды Ұлттық банк сатып алғанда    коммерциялық банктердің резервтері өседі. Нақты экономикалық жағдайға байланысты мемлекеттік қағаздар  сатылады   немесе сатылып алынады. Мысалы, елде жұмыссыздық деңгейі жоғары болса, онда банк ашық рынокқа шығын мемлекеттік қағаздарды көптеп сатып алады  және  сонымен бipгe  резервтерін арттырады. Бұл өз кезегінде ақшаны арзандатады, несие   алу   жеңілдейді, іскерлік белсенділігі артады, инвестиция өсіп, жаңа жұмыс орындары ашылады.

    Бағалы  қағаздар рыногына Ұлттық банктің есептеу пайызы ықпал етеді. Ұлттық банк басқа банкілерге несие бере алады. Бұл міндеттемелерд есептеу деп аталады. Есептеу кeліciмін, яғни қарыз төлемін төмендетіп Ұлттық банк міндеттемелер   eceбiн  қолдайды, оны   көтеру ставкасы жоғарлаған күні пайыз өседі, ал акциялар мен облигациялар курсы төмендейді және керісінше, есептеу монополиясы төмендегенде акциялар мен облигациялар бағамыөседі. 
      Міндетті резерв  қорларының  нормасы   да бағалы қағаздар нарығына әсер   етеді. Банк несиені   тез  қысқарту  үшін міндетті резерв нормасын   өсіреді.   Ал   егер  несиені   кеңейту қажеттілігі  туындаса,   банк   резерв мөлшерін қысқартады.

    Несие  кеңейгенде  қарыз пайызы  төмендейді,       ақша алу жеңілдейді. Осындай ic әрекеттің нәти жесінде, акциялар мен облигациялардың пайызы банк пайызынан  жоғары болса, олар күрт көтеріледі.

    Резерв  нормасы өскен болса, ақша алу  қиын дайды, қарыз пайызы өседі, ал акциялар мен облигациялардың төлем пайызы төмен  болса күрт төмендейді.

    Банк  резервтерін өзгерту қаржы саясатының өте қуатты құралы екені белгілі. Сондықтан, банк   міндеттемелерді есептеу және қысқа мерзімдік облигацияларды сату сияқты емес, резерв нормасын өте сирек екі-үш жылда бip рет ғана өзгертеді.

    Ұлттық  банктің бағалы қағаздар рыногына ықпал жасау жолымен акцияларды сатып алуға, несие   беруге   де   болады. Мысалы,   АҚШ-тауар Федералды резерв жүйесі акция сатып алушылар үшін міндетті түрде өз қорынан төленетін қаржы мөлшерін белгілейді ал қалған соманы олар несие арқылы төлей алады екен.

    Бағалы  қағаздар рыногына мемлекет бюджетінің тапшылығы да әсер  етеді.  Бюджет тапшылығын   толтыру   мақсатында  мемлекет облигациялар шығарады.  Осыған байланысты мемлекет қарыз пайызының  төмен болуына мүдделі. Банк пайызы төмен болғанда, мемлекеттік қағаздарды арзан пайызбен   орналастыруға болады. Пайыз мөлшерін төмендету үшін айналымдағы ақша массасын  арттыруға тура келеді. Ал бұл болса, жоғары пайызбен шығарылған акциялар мен облигациялардың курсын өcipeтiн болады.

    Банкілердің, корпорациялардың және тұрғындардың  қолында  өзгермелі пайызды  облигациялар өте көп жиналған жағдайда мемлекет қарыз бойынша пайыз деңгейін төмендетіп ұстап тұру үшін жеңіл несие алу саясатын жүргізеді. Мұндай   әрекет   бунның   алдында   келтірілген жағдайда ұқсас, жоғары пайызды акциялар мен облигациялардың курсын көтеруі мүмкін.

    Қазақстан Республикасы батыс елдерінің бірқатар қаржы инвестициялық құрылымдары  мен келісімге келіп, өзінің орта мерзімдік облигацияларын Еуропада орналастырды.

    Қазақстанда бағалы қағаздар рыногы толыққанды дамып, жоғары деңгейде қызмет eтуi үшін ұллтық өндіріс пен ішкі ұлттық рынок жүйесін тереңдету қажет. Қазақстан экономикасының өндірістің құрылымының одан әpi жетілуі тұрғындардың  қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып, экономиканың нақты секторына жұмсауды қажет етеді. Одан қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің мүмкіншілігін нығайтып,  олардың салымшыларға беретін сақтандыру кепілдіктерін жоғары  деңгейге көтеру  қажеттілігі  туындап отыр.

    Бағалы  қағаздар нарығының дамуы және оның тиімді жұмыс жасауы Қазақстандағы ұлттық капитал мен табыстардың өсіп шоғырлануына тікелей байланысты.\№3,77бет\ 
         Сонымен, бағалы қағаздар нарығы ұлттық экономиканы одан әpi дамытуда қолданылатын өте қуатты да икемді құрал екені белгілі. 
Қазақстанның  болашағы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, өзінің қолындағы табиғи ресурстары   мен байлығын дұрыс та ұтымды пайдаланып, іске асыруына байланысты болып табылады.
 

  • 3.2. Қазақстан  Республикасындағы бағалы қағаздар  нарығының даму перспективалары 
  •     Бағалы  қағаздар нарығын (БҚН) дамыту тұтастай алғанда мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi алғышарт жасауға  ықпал етедi. Бұдан басқа, белгіленген  шаралар өтімді бағалы қағаздар тізбесін кеңейтуге, корпорациялық басқаруды, эмитенттердің және БҚР-ның басқа да қатысушыларының ақпаратты ашу тәртібін жетілдіруге ықпал етеді.

        Мемлекеттік қарыз алу және акциялардың мемлекеттік  пакетін басқару  тәртібін жетілдіру, халықтың инвестициялық мәдениетiнiң деңгейiн арттыру жөніндегі шаралар өткізіледі. Бағдарламада Қазақстанда сертификатталған халықаралық инвестициялық талдаушылардың келуiне қажеттi жағдайлар жасау, инвесторлардың құқықтарын қорғауды жоғарылату, бағалы қағаздар рыногына қатысушыларды қадағалау мен реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру көзделеді.

        Болжанып  отырған кезеңге арналған саясат мынадай мәселелерді шешуді қамтиды:

        -    кредиттік рейтингтік бағалауларды, оның ішінде бағалы қағаздардың листингі және институционалдық инвесторлардың активтерін инвестициялауға қойылатын талаптарды белгілеу кезінде қазақстандық ұлттық уәкіл бойынша қолдануды кеңейту;

        -  бағалы қағаздар рыногының бірқатар индектерін әзірлеуін қамтамасыз ету бойынша ақпараттық және талдамалық агенттіктермен жұмыс;

        -  дефолт жағдайына бағалы қағаздар рыногы лицензиаттарының жекелеген тәуекелдерді еркін сақтандыруын ынталандыру;

        -  бағалы қағаздар рыногының лицензиаттарын бағдарламалық техникалық қамтамасыз етуге және бағдарламалық қамтамасыз етуді сертификаттауға қойылатын талаптарды әзірлеу;

        -  сауда-саттық ұйымдастырушысының, орталық депозитарийдің, оның ішінде номиналды ұстаушылар мен тіркеушілердің ақпаратты резервтік көшіру және сақтау жүйесіне қойылатын талаптарды белгілеу.

        Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының үнемі  өсіп отыратын инвестициялық әлеуеті, сондай-ақ қаржы рыногының өзге де қатысушыларының инвестициялық белсенділігінің артуы Қазақстанның бағалы қағаздар рыногын серпінді дамытуға қолайлы әсер етеді.

        Агенттік  бағалы қағаздар рыногын реттеуді халықаралық  стандарттарға, ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ, өзге де халықаралық ұйымдар шеңберінде тиімді біріктіру талаптарына сәйкес келтіру жөніндегі іс-шараларды өткізеді. /№7/

    Информация о работе Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары