Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 13:35, курсовая работа
Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шартты өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың босқа кеткені; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы.
Ұлттық валюта – теңгенің он бір жыл айналымда болуы, Қазақстанның бүгіні мен ертеңіне теңгені енгізуді тарихи маңыздылығын объективті түрде баға беруге мүмкіндік береді.
Ал 1993 жылдың наурызында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» жаңа Заңы қабылданды. Соған сәйкес ҚР Ұлттық Банкінің басқару құрылымдары терең өзгерістерге ұшырады. Сонымен, Қазақстан Ұлттық Банк заңды түрде танылды, ал шын мәнісінде ол 1992 жылдың бас кезінен нақты жұмыс істей бастаған болатын. ҚР Президенті ұлттық валютаның 1993 жылы 15 қарашасынан айналысқа енгізілетіні туралы Жарлыққа қол қойды. Осылайша 1993 жылдың 15 қарашасы ұлттық валютаның туған күні деп саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі