Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 13:35, курсовая работа
Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шартты өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың босқа кеткені; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы.
Кіріспе
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Ақша теориясын XX ғасырдың бірінші жартысында А.Маршал, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т.б. сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.
Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шартты өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың босқа кеткені; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.
Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар.
Ақша – бұл тауар айналысының құралы және ізбасары. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналыссыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін алтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауалардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілгі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.
Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебi әр түрлi меншiк жағдайында (мемлекеттiк, кооперативтiк, жеке) жұмыс iстейтiн тауар өндiрушiлер өндiретiн және сататын өнiмнiң көлемiн, түрiн және бағасын бекiтуге дербестiк алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргiзуде төлем қабiлеттi сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескерiлiп, өнiмнiң шығару көлемi, түрi бағасы тағайындалады.
Ақша
нарықтық экономикада ақша - несиелiк
реттеуде айналыстағы ақша
Ақша - өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
Жалпыға тікелей
айырбасталу формасы, оның кез келген
материалдық бағалы затқа айырбасталатынын
сипаттайды. Екінші тауарларды сатумен
байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар
өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен
өлшеуге болатын құнын
Курстық жұмыстың міндеті, ақша жүйесі теориясы. Ақша жүйесі, ол барлық ақша түрлерінің және валюталық бағамның басты элементі болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі міндетіне ресми ақшалардың бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы сонымен қатар монеталарды жасау кіреді. Курстық жұмыс тек қана ақша жүйесін теориялық бағытта қарастырып қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтарын қарастырады. Курстық жұмыс негізінен екі тараудан және бірнеше тақырыпшалардан, талдау мен қорытындыдан тұрады.
Бірінші, тарауда Қазақстанның ақша жүйесі туралы жазылған. Мұнда ақша жүйесінің элементтері және типтері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы зерттелген. Екінші тарауда Қазақстан Республикасының ақша агрегаттарына, ақша массасына талдаулар жасалынып, тиісті диаграммалары тұрғызылған.
I тарау. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.
Ақша жүйесі – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады.
Ақша жүйесінің мынадай типтері болады:
– металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауарды тікелей бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;
– несиелік және қағаз ақшалар айналысы, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі. Металл ақша жүйесі екіге бөлінеді:
Биметаллизм – жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын және күміс) негізделген ақша жүйесі.
Биметаллизмнің үш түрі болады:
– қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;
– қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген;
– ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталар жасауға ерік берілді.
Биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн төлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етілді. Сөйтіп, биметаллизм ақша жүйесінің орнына монометаллизм ақша жүйесі келді.
Монометаллизм – бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.
Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай үш түрге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиз (алтын валюта) стандарты.
Алтын монета стандарты – бұл еркін бәсеке тұсындағы капитализм талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:
– алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды;
– алтын монеталарды құюға рұқсат етілді;
– толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;
– алтын және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын болды.
Алтын құйма стандартының алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайларда ғана айырбасталады. Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг сияқты.
Алтын девиз стандарты – банкноталардың алтынға, шетел валютасына айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валютасына тәуелділігін көрсетеді. Германия, Австралия, Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын девиз стандарты бекітілген.
Қазақстан
Республикасының ақша
тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;
Ақша
агрегатының құрылымы тұрақты
қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы
құралдарының дамуына
Ақша массасы бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
Ақша массасы көлемінің өзгеруіне айналыстағы ақша массасының өзгермелігімен қатар оның айналым жылдамдығы да әсер етеді. Ақшаның айналым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға: экономиканың циклмен өркендеуіне, экономикалық дамудың қарқынына, бағаның өзгеруіне, сонымен бірге таза монетарлық факторларға, яни төлем айналымының құрылымына, несиелік операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы процент деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді.
Ақша массасы айналымның баяулаулы – ұлттық жиынтық өнімді орналастыру коеффицентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, ло жоғары конъюнктураның барлығын және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айналысы жылдамдығы айналыстағы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша неғұрлым көп айналыс жасаса, соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды. Ақша айналысының баялауы шаруашылық субъектілерінің ақша қорын жинауға ұмтылсын және ақша массасының құрлымында банктердегі ұзақ мерзімді салымдардың ұлғаюын көрстеді.
Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:
Ақша
жүйесінің типі: ақша - ерекше тауар
ретінде жүруіне, яғни жалпыға
ортақ эквивалент болуына немес