Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 13:35, курсовая работа
Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шартты өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың босқа кеткені; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы.
Металл ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл ақшалардың монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы болып табылады. Алғашқы монеталар VII ғасырда б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болуы IX – X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс монеталар қоса жүреді.
Металл ақша айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге және алтынның ақша қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл ретіндегі мынадай қасиеттері себеп болған: оңай бөлінетіндігі, және қасиетін жоғалтпай бірігетіндігі, сақталғыштығы, өндіріу және қайта өңдеу күрделілігі . Өздерінің тұрақтылығы арқасында толық бағалы ақшалар барлық бес қызметті бірдей атқарады.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған: алтын өндірісін тауар өндірісі артынан ілесе алмағандықтан да айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады. Жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады. Алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады. Сонымен, алтын айналдысы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болып, соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды. Нағыз ақшаның орынбасарлары (құндық белгілері) – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшаларды білдіреді. Оған мыналар жатады: Құнның металлдық белгілері – арзан бағалы металлдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар; құнның қағаздан жасалған белгілері.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.
Несиелік
ақшалардың шығуы банктердің
несиелеу операциялармен
“Вексель” сөзі ағылшынша bill note – міндеттеме шоты дегенді білдіреді.
Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Банкнота (ағылылшын сөзінде «Bank-note» аударғанда «банк билеті») – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номинальдағы ақша бірліктері.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылығы бар:
мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3-6 айлық), ал банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсілкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Чектің мынадай түрлері бар:
ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
атаулы чек – аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады;
ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
есеп айырысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;
жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;
кепілдендірілген чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.
Чектің экономикалық сипаттайтын жаратылысы мынадай:
Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпарттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келнді:
Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлуге арналған төлем құралы.
Кредиттік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Қазақстан
Республикасындағы екінші
Қазіргі
кезде жалақы алуға арналған
дебеттік карточкалар да
Несиелік
карточкалар бөлшек сауда
1993 жылы 12 қарашада
Қазақстан РЕспубликасының
Қазақстан
Республикасының жасы 16-дан асқан
барлық азаматтары 100 мың сом ақша
айырбастауға құқылы болды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгенің валюталықкурсын бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңге тең болады.
Сөйтіп,
1993 ж. 15 қарашада Қазақстан тарихында
алғашқы ұлттық валюта-теңге
15 қарашадан
18 қарашаға дейінгі аралықта
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі теңгенің валюталық бағамын: 1доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі.Келесі жылдары ол бірден өссіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.
Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 жылдан бастап 200, 500, 1000 және 2000 купюрадағы ақшалар айналысқа шығарылды. 1995 жылы ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан шығып қалды, олардың орнына мыс-никельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгедегі монеталар шыға бастады.
Сонымен Қазақстан теңгесі соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталар қатарына кіреді. Қазақстан ұлттық валютасының сәтті енггізілуі, әрі қарай оның сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етеді.
Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Ал теңгенің – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды. Бұл меншікті ұлттық валютаға көшу Қазақстан өз дербес ақша-кредит саясатын жүргізу мүмкіндігіне ие болды. Осы күн тарихи датаға айналды, бұл күнді Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Күні ретінде атап өтеді.
Ұлттық валюта
– теңге Қазақстан
Ұлттық валюта – теңге (қолма-қол ақша) банкнота және монета түрінде айналысқа енгізілді.
Банкнота - Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - Өскемендегі монета сарайында дайындалып шығарылады.
Ұлттық Банк
іс жүзінде жақсы жағынан көрінген
технологияларды қолдана
Жаңа үлгідегі ақшаны айналысқа енгізу туралы шешім бірқатар объективті себептер мен қажеттіліктерден туындады. 2006 жылдың 15 қарашасында екінші қатардағы жаңа үлгідегі банкноталар айналысқа енгізілді.
Ескі үлгідегі теңгені 2006 жылғы жаңа теңгеге ауыстыру рәсімі әдеттегі нарықтық қатынастар режиміне өтті. Бүгінгі күн жаңа үлгідегі ақшалар ескі үлгідегі банкноттарды ығыстыра отырып, біздің әмиандарымыздан өз орынын алды.
Тайландтың Бангкок қаласында 2007 жылғы 7-9 мамырда үкіметтік емес халықаралық ұйымы ұйымдастырған «Валюта мәселері жөнідегі халықаралық қауымдастық» конференциясында “Ең үздік жаңа валюта” конкурсында ҚР Ұлттық Банкінің номиналы 1000 теңгесіне орын берілді. Ол біздің дизайнерлеріміз және мамандарымыздың қорғаныш элементтерін әзірлеу бойынша жұмысының нәтижесі болып табылады.