Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 12:36, курсовая работа
Қаржы –нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы.
Қаржы туралы ғылым ретінде экономикалық теорияның негіздеріне сүйенеді. Ол ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.
КІРІСПЕ ........................................................................................................
1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі ............................................
2. Қаржы ресурстары мен қорлары ............................................................
3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіжәне оны ұйымдастыру ұйымдастыру, құрылымы,қағидаттары ....................................................
3.1 Мемлекеттік қаржылар ..............................................................................
3.2 Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы ....................................
3.3 Үй шаруашылығының қаржысы .................................................................
4.Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту ................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ......................................................
ҚОСЫМШАЛАР ............................................................................................
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының құрамына мыналар кіреді:
1) Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық есеп негізінде жұмыс жүргізетін материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және өндірістік емес саладағы кәсіпорындардың бір бөлігі. Коммерциялық есеп рентабельді деңгейде шаруашылықты одан әрі жүргізуге жеткілікті, минималды шығындардан максималды табыс алу басты мақсаты болып табылаты шаруашылық жүргізудің әдісі.
Коммерциялық есптің ерекшеліктері:
шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржылық тәуелсіздікке ие;
қаржылық қатынастар мемлекет тарапындағы ұсақ бекітулерден тәуелсіз;
қаржы қатынастарының субъектілері жұмыстың нақты нәтижелері мен міндеттемелері өз уақытында орындалуы үшін экономикалық жауапкершілікке ие;
коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субъекті банктермен, сақтандыру ұйымдарымен және мемлекетпен әр түрлі қатынаста болады.
2) Коммерциялы емес салдағы қаржылар. Коммерциялық емес қызмет белгілі бір табыс алуды көздемейді.
Қаржыландыруға төмендегідей ресурстар пайдаланылады:
бюджеттік қаражаттар;
бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар;
халықың қаражаттары;
әр түрлі коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары;
келісім-шартқа сәйкес орындалған қызмет пен жұмысқа төленген қаражаттар;
өнімді өткізуден түскен табыс, мәдени шараларға билеттерді сатудан түскен табыс;
мүлікті жалға беруден түскен табыс;
мамандарды дайындаудан (қайта даярдаудан, біліктілігін көтеруден, т.б.) түскен табыс.
Өндірістік емес салаға, сондай-ақ, мыналар кіреді:
а) қоғамдық қаржылар, оның ішінде кәсіподақ ұйымдарының қаржылары;
ә) саяси және қоғамдық қозғалыстар қаржылары;
б) арнайы мақсатты қорлардың қаржылары;
в) қайырымдылық қорлардың қаржылары.
Қоғамдық бірлестіктер – мүдделерінің ортақтығы негізінде азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған бірлестіктер.
Қоғамдық ұйымдар қаржыларының экономикалық мазмұны ақшалай қатынастардың төмендегідей топтары мен түрлеріне ие:
әр түрлі жарналарды төлеу, материалдық көмек көрсетуге байланысты қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелері арасындағы ақша қатынастары;
қоғамдық ұйымдар қорларына жіберілетін ерікті жарналарға байланысты қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындар мен мекемелер арасындағы ақша қатынасы;
мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану бойынша қоғамдық ұйымдардың ақшалай қатынасы;
қоғамдық ұйымдардың төменгі және жоғарғы құрылымдар арсындағы ақшалай қатынастары;
қоғамдық ұйымдар және өндірістік шаруашылық құрылымдар арасындағы ақшалай қатынастар.
Коммерциялық емес мекемелердір қаржы шаруашылақ қызметі қаржылық реурстарды пайдананудың үш тәсілін үйлетіреді: өзін-өзі ақтау, сметалық қаржыландыру және шаруашылық есеп әдісі.
4. Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту
Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды (Қосымша В).
Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
1. мемлекеттің бюджет жүйесі;
2. арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
3. мемлекеттік несие;
4. жергілікті қаржы;
5. шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
6. халықтың қаржысы.
Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтадырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің ролі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы-несие нарықтық мехенизмдердің неғұлрым тиімді жұмыс істейтін секторларының біріне айналыу тиіс.
Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро- және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.
Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жаппай жалпы әлемдiк ауқымдағы және сол сияқты ұлттық деңгейдегi қаржылық қатынастардың қолданыстағы модельдерiнiң кемшiлiктерiн көрсеттi. Әлсiз жақтары мемлекеттiк реттеу құрылымында және қаржы институттарының өздерiнiң қызметiнде анықталды.
Қаржы институттарының проблемалары тәуекелдердi басқару жүйелерiнiң жетiлмеуiнде және қазiргi заманғы үрдiстерге және қабылданатын тәуекелдер деңгейiне (дәрежесi бойынша, сол сияқты және тәуекел сапасы бойынша) сәйкес келмеуiнде, корпоративтiк басқару деңгейiнiң төмен болуында, айқындылықтың жеткiлiксiздiгiнде және осының салдарынан терiс үрдiстерге сезiмтал болып отырған бизнес-модельдердiң тиiмсiздiгiнде пайда болды.
Дағдарыстан кейiнгi кезеңнiң айрықша белгiлерiнiң бiрi қаржы секторының анықталған проблемаларын жою қажеттiлiгi, жiберiлген қателердi түзету және тұрақты әртараптандырылған өсудi қамтамасыз ету болып табылады. Егемен Қазақстанның қазiргi заманғы, тұрақты және бәсекеге қабiлеттi қаржы жүйесiн құру жөнiндегi жұмысты жалғастыру қажет.
Өзiнiң әлеуетiн жоғалтпай, қалыптасып отырған нақты жағдайларды ескере отырып, пысықтау мен жетiлдiрудi талап ететiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 90 қаулысымен бекiтiлген Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейiнгi жоспарын iске асыру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.
Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарыннда – өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету.
Сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну рыногын толықтыру проблемасын шешу шаралары тұр. Қаржы шараларының ішінде иннвестицияларды оңтайластыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу режімін қатаңдандыру қажет: экономиканың төменгі деңгеінде – залалдылықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет.
Өзiнiң әлеуетiн жоғалтпай, қалыптасып отырған нақты жағдайларды ескере отырып, пысықтау мен жетiлдiрудi талап ететiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 90 қаулысымен бекiтiлген Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейiнгi жоспарын iске асыру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.
Осы Тұжырымдаманың негiзгi мақсаты басқару мен реттеудiң сапалы жаңа деңгейiне көшу бөлiгiнде қаржы секторын дағдарыстан кейiнгi кезеңде төмендегiлер арқылы дамыту болып табылады:
1. қаржы секторының тұрақтылығын арттыру;
2. ағымдағы қаржы-экономикалық дағдарыс барысында анықталған кемшiлiктерге, тұрақсыздық факторларына және құбылыстарына жол бермеу бойынша жағдайлар жасау;
3. дағдарыстан кейiнгi кезеңде макроэкономикалық шешiмдердi iске асыру құралы ретiнде инвестициялық белсендiлiктi ынталандыру;
4. инвесторлар тарапынан, сол сияқты қаржылық қызмет көрсетулердi тұтынушылар тарапынан елдiң қаржы секторына сенiмдi нығайту.
Мемлекеттiң қаржы ресурстарын жұмылдырудағы күш-жiгерi бiрiншi кезекте iшкi инвесторларға бағдарланады. Экономиканың iшкi ресурстары өзiнiң әлеуетiн сақтайды және iшкi, оның iшiнде көлеңкелi секторда айналыстағы жинақ ақшаны тез және ауқымды тарту жөнiндегi құралдарды жедел енгiзу қажет. Сонымен қатар Қазақстанның шағын экономикасына қатысты жағдайларда ресурстардың шектеулiлiгi шетелдiк инвесторлардың қаражаттары мен ресурстарын индустриализациялау бағдарламасын қаржыландыру процесiндегi жоғары маңыздылығын айқындайды.
Бұл үшiн мемлекеттiң ерте кезеңде жүйелiк тәуекелдердi және олардың көрiнiстерiн анықтау, алдын алу және еңсеру қабiлеттерiн арттыру үшiн қадағалау және реттеу жүйесiн нығайту жөнiндегi, қаржы ресурстарын жұмылдыру мәселелерiндегi мемлекеттiң рөлiн айқындау жөнiндегi, қаржы ұйымдары жүзеге асыратын қызметтiң айқындылығын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттер iске асырылады. Сонымен қатар инвесторларды және қаржылық қызмет көрсетулердi тұтынушыларды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi рәсiмдер жетiлдiрiледi. Корпоративтiк басқару және қаржы ұйымдарының тәуекел-менеджментi одан әрi дамиды.
Осы Тұжырымдамада салық және бюджеттiк қатынастарды қоса алғанда, Қазақстанның бүкiл қаржы жүйесiн дамыту мәселелерi қаржы секторын дамыту тұрғысынан ғана қарастырылады. Назарды қаржы секторына және қаржы институттарына ауыстыру салық-бюджет қатынастарының тұжырымдамалық құжаттары (Салық және Бюджет кодекстерi) жақында ғана қолданысқа енгiзiлiп, олардың экономикалық әсерiн бағалау күрделi болған жағдайда өзiн-өзi ақтады.
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалаудың қолданылып жүрген практикасы халықаралық стандарттарға сәйкес келедi. Интеграцияланған бiрыңғай қадағалау қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуге және қадағалауға шоғырландырылған, қадағалаудың функционалдық немесе институционалдық схемалары болған кезде орын алатын мүдделер қақтығысы тәуекелiн болдырмайтын қаржылық қадағалаудың неғұрлым перспективалық схемасы болып табылады.
Қаржы ұйымдарының қызметiн және қаржы нарықтарының жұмыс iстеуiн реттеу мен қадағалауды одан әрi жетiлдiру реттеу мен қадағалаудың халықаралық стандарттарын өзгертудi ескере отырып, қаржы нарығының әрбiр бөлiгiнiң жұмыс iстеу және даму ерекшелiктерiн ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
Қазiргi дағдарыс сабақтарын негiзге ала отырып, қаржы секторының субъектiлерiн реттеу мен қадағалауды қатаңдатуды жүйелiк тәуекелдердi болдырмау мақсатында алдын ала қабылданатын шаралар жүйесiн болжайтын макропруденциалдық тәсiлдi күшейту арқылы нығайту қажет. Макропруденциалдық тәсiл реттеу мен қадағалаудың жекелеген институттар мен нарықтардың сенiмдiлiгiне негiзгi назар аударылатын қолданыстағы құрылымының маңызды алғышарты және факторы болуы тиiс.
Қазiргi уақытта неғұрлым толық, жан-жақты және тиiмдi реттеу қажеттiлiгiн түсiну өсiп отыр. Тұтастай алғанда, экономика үшiн тәуекелдер туғызатын қызметтiң барлық түрiн қоса алғанда, реттеу саласын және ауқымын кеңейту, тәуекелдiң реттеу ауқымы шегiнен тыс шоғырлануын болдырмау мүмкiндiгiн зерттеу болжанып отыр. Бұл ретте реттеу ұйымдарға емес, қызметтiң түрлерiне бағдарлануы тиiс.
Қазақстанда бүгiнгi күнi қаржылық қызмет көрсетулерге қажеттiлiктi толық дәрежеде қанағаттандыруға мүмкiндiк беретiн қаржы институттарының көп деңгейлi жүйесi қалыптасты. Көптеген елдердiң халықаралық тәжiрибесi мамандандырылған салалық банктердi құрудың тиiмсiздiгiн, осы институттардың толыққанды бәсекеге қабiлеттi ортада жұмыс iстеуiне қабiлетсiздiгiн, мемлекет тарапынан тұрақты қолдау қажеттiлiгiн дәлелдеп отыр. Тиiсiнше, Қазақстанда мамандандырылған салалық банктер құру болжанып отырған жоқ.
Қазақстанның қаржы жүйесi нарықтық шоғырландырудың барынша жоғары деңгейiмен сипатталады. Әсiресе, бұл елдiң банктiк және зейнетақы секторларына қатысты. Осындай үрдiстердiң болуы және Қазақстанның қаржы секторы үшiн қазiргi дағдарыстың салдарлары аса iрi қаржы институттарының тәуекелдерi бүкiл қаржы жүйесiнiң жай-күйiне жүйелiк қысым көрсететiн дәстүрлi теорияны тағы да растайды.
Менеджменттiң сапасын арттыру және акционерлiк қоғамдардың лауазымды тұлғаларының фидуциарлық (дербес) жауапкершiлiгiн күшейту үшiн қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерiне және iрi акционерлерiне, оның iшiнде мiнсiз iскерлiк беделiн айқындау өлшемдерiн жетiлдiруге қатысты талаптары заңнамалық деңгейде қатаңдатылатын болады. Қылмыстық жауапкершiлiкпен қоса, жауапкершiлiк атқаруға дайын болу лайықты сыйақылармен және құқықтармен теңгерiлуi тиiс. Қаржы ұйымының басшысы ұйымды банкроттыққа дейiн әдейi жеткiзген жағдайда осы тұлғаға қатысты кез келген қаржы ұйымдарында басшылық қызметтi атқаруға және қаржы ұйымының қызметiне акционер ретiнде қатысуға өмiр бойы тыйым салуды енгiзу мүмкiндiгiн қарастыру қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның әлемдік тәжірбиесі