Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 12:36, курсовая работа
Қаржы –нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы.
Қаржы туралы ғылым ретінде экономикалық теорияның негіздеріне сүйенеді. Ол ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.
КІРІСПЕ ........................................................................................................
1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі ............................................
2. Қаржы ресурстары мен қорлары ............................................................
3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіжәне оны ұйымдастыру ұйымдастыру, құрылымы,қағидаттары ....................................................
3.1 Мемлекеттік қаржылар ..............................................................................
3.2 Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы ....................................
3.3 Үй шаруашылығының қаржысы .................................................................
4.Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту ................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ......................................................
ҚОСЫМШАЛАР ............................................................................................
1. арнайы мақсатты салықтар, займдар;
2. бюджет субсидиялары;
3. қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
4. түрдегі жарналар.
Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің қаржы резерві ролін атқарады.
3. Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану.
Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жатқызуға болады, біраұқ көптеген ғалымдар оны қаржымен байланысты дербес категория деп тұжырымдайды.
Сақтандыру – сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін залалды мақсатты сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.
Сақтандыру өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке сақтандыру, мүлікті сақтандыру, жауапкршілікті сақтандыру және т.б. тәрізді негізгі звенолары бар ерекше сала.
3.2 Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысының негіздері мен сыныптамалары
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы – бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарның негізігі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырып, мұнда матералдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржы сферасының шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарын шоғырландырады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамассыз етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдық-жеткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаражат, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина,. Ақпарат, маркетин және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын біріктіреді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.
Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты жасауға пайдалануы арқылы болып жатады. Табыстың бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға – мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждықтарға, өндірісті кеңейтуге және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономиксында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілермен, жоғары ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында жүзеге асырылады. Субъектілер арасындағы өзара қарым-қатынастарды бақылау жеткізілген тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде бақылау кезінде, несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы төмендегідей ірі ақша қатынастарына топтастырылады:
◦ кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындар төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивиденттер мен пайыздар төлеу және алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қадыптасады);
◦ өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбеке ақы төлеу, сыйлық қорын жасау, табысты бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын таратуды (бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады);
◦ мемлекетпен – бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарын қалыптастырғанда;
◦ банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк несиелерін алу, оларды қайтару, несиелер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асырылады);
◦ сақтық органдармен – мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
◦ жоғары ұйымдармен – ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер бойынша және басқалар);
◦ құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын (салымдарын) төлеу кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады);
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына тән белгілер:
1. Қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
2. өндірістік құралдардың міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың болуы.
3. Жоғары белсенділік, шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;
4. шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс, қызмет көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер – кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар, компаниялар, фермерлер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар, ұлттық компаниялар), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады.
Межелеудің ең жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет сфераларына (материалдық және материалдық емес) жатқызу болып табылады.
Сыныптаманың басқа бір белгісі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің сипаты – коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудың маңызды белгісі меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі болып табылады.
2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысының ерекшеліктері
Кәсіпорындарды ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндірістік-шаруашылық қызметін қаржыландыруға, шаруашылықты жүргізудің нәтижелеріне әкеп соғады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін жалға бергенде айырықша төлем – жалға берілген мүлік құнының амортизациялық аударымдарын, жалға беру мерзімінің өтуіне қарай объектілерді жөндеу үшін жалдаушының жалға берушіге беретін қаражаттарын, жалға алынған мүлікті қоғамдық қажетті пайдаланудан түсетін пайданың бір бөлігі кіретін жалгерлік ақы қолданылады.
Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметінің мынадай қаржылық нәтижелері бөлінеді және пайдаланылады: жалпы табыс, пайыздық табыс, дивидендтер, үлестік табыстар, бюджеттің және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.
Үлестік жарна негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың - шаруашылық серіктестіктерінің, кооперативтердің, бірлескен кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасуы және алынған табыстарды әрбір қатысушының үлесіне сәйкес кейінгі бөлудің ерекшеліктерімен анықталады. Мұндай кәсіпорындардың құрылтайшылары мен қатысушылары өздерінің салымдарын ақша қаражаттары, мүліктің түрлі түрлері, мүлікті құқықтар түрінде жүзеге асырады.
Экономикада едәуір орынды мемлекеттік сектор алады. Бұл секторда кәсіпорындардың мынадай түрлері жұмыс істейді:
1. шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар: бұл құқықтық мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын зағңнамада белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы блып табылады;
2. жедел басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар. Бұл құқық қазыналық кәсіпорынның меншік иесінен алған және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмалары мен мүліктің мақсатына сәйкес заңнамалық актілерде белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын заттық құқық болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті жүргізудің тиімді ұйымдық-құқықтық нысандарына шетелдік фирмалар қатысқан бірлескен кәсіпорындар болып табылады. Бірлескен кәсіпорындардың мүлкі шартта анықталған мөлшерде қатысушылардың салымдары есебінен құрылады. Бірлескен кәсіпорындар заңнамамен белгіленген салықтарды төлейді. Кәсіпорын капиталындағы үлес уағдаластық бойынша анықталады. Қажетті кепілдіктер, оның ішінде олардың салықтарды төлегеннен кейін қалған табысының бір бөлігін валюта түрінде шет жаққа аударуға, ұлғаймалы өндіріске жұмсалымға салу мүмкіндігіне, басқаруға қатысуға, олардың меншігін құқықтық қорғауға кепілдіктер беріледі.
Экономиканың кооперативтік секторы бірыңғай ұлттық шаруашылық кешені буындарының бірі болып табылады. Қазіргі кезде кооперация жүйесінде кооперативтердің екі негізгі түрі - өндірістік және тұтыну кооперативтері жұмыс істейді.
Өндірістік кооператив коммерциялық ұйым және заңды тұлға болып табылады. Ол кәсіпкерліктің кез келген түрімен айналысуға құқығы бар.
Кооператив жыл сайынғы пайдасына аударымдар жасаудың есебінен резервтік капитал құра алады, ол кооперативтің несие берушілер алдындағы міндеттерінің орындалуымен қамтамассыз етуге және көзделген шығыстарды өтеуге арналады. Оның пайдасы жыл қортындысы бойынша анықталады. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленгеннен кейін қалған пайда кооперативтің толық қарамағында қалады және оның мүшелерінің жалпы жиналысы мен кооперативтік құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға бөлінеді.
Тұтыну кооперативі сауда-саттық және тұрмыстық қызмет көрсету арқылы өзінің мүшелерін және басқа азаматтардың қажеттіліктерін қамтамассыз етеді.
Материалдық өндіріс саласында Материалдық емес өндіріс саласында
1) алғашқы табыстардың құрылуымен, материалдық өндірістің шаруашылық бөлімшерінде ішкі шаруашылық мақсаттағы жарғылық қорды қолдау қорларын құрумен және пайдалануымен байланысты. Олардың бірі өндірістік қажеттілікті, екіншісі тұтынушылар қажеттігін қанағаттандыруға пайдаланады; 1) саланың немесе мекеменің бюджетпен арақатынасы. Осының негізінде бюджет қаржылары есебінен денсаулық сақтау, мәдениет, ағарту және т.б. салалық қаржылар қалыптасады;
2) айырбас жүргізбейтін, қайта бөлу сипатына ие шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында пайда болады; мұнда қаржы ресурстарының ағымы қордан тыс түрде жүргізіледі (айыппүлтөлеу және алу, жарна төлеу, қаражаттарды басқа кәсіпорындардың акция, облигацияларына салу, т.б.); 2) басқарудың салалық ұйымдары, ведомствоішілік және ұйымішілік арасында. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілер иелігіндегі салалық мақсатты ақша қаражаттарын (еңбекақы төлеу, күрделі жөндеу және т.б.) пайдаланумен сипатталады. Мекеме, ұйым ішінде қаржы қатынастары еңбекақы және экономикалық ынталандыру қорларын құрумен байланысты туындайды; арнайы мақсатты ақша қаражаттарын қайта бөлумен байланысты;
3) шаруашылық жүргізуші субъектілер мен сақтандыру ұйымдарының арасында сақтандыру қорларын құру және пайдалануға байланысты туындайтын қаржы; 3) әр түрлі саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, оның ішінде әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы және т.б. бюджеттен тыс қорларды құру және бөлумен байланысты ақша қатынастары;
4) шаруашылық жүргізуші субъект және банк арасындағы ссуда алуға, оларды өтеуге пайыз төлеуге, банктерге уақытша бос ақша қаражаттарын беруге байланысты пайда болатын қаржылар; 4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің тұтынушылармен және демеушілермен арасында ақша қатынастары. Оның негізінде өндірістік емес саладағы мекемелер мен ұйымдардың қаржы көздері құрылады.
5) орталықтандырылған қорларды құру және пайдалануға байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекетпен қатынасы;
6) шаруашылық жұргізуші субъект және басқарудың жоғарғы құрылымы арасындағы қаржылар (қаржы ресурстарын сала ішінде қайта бөлу шегінде «вертикалды өзара байланыс»).
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржылық жүйенің саласы ретінде қоғам экономикасының негізін құрайды, себебі мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер қалыптасады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржыларының шеңберінде материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының көп бөлігі шоғырланады, сол арқылы қоғамдағы ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі қамтамасыз етіледі.
Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның әлемдік тәжірбиесі