Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның әлемдік тәжірбиесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 12:36, курсовая работа

Описание работы

Қаржы –нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы.
Қаржы туралы ғылым ретінде экономикалық теорияның негіздеріне сүйенеді. Ол ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................
1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі ............................................
2. Қаржы ресурстары мен қорлары ............................................................
3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіжәне оны ұйымдастыру ұйымдастыру, құрылымы,қағидаттары ....................................................
3.1 Мемлекеттік қаржылар ..............................................................................
3.2 Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы ....................................
3.3 Үй шаруашылығының қаржысы .................................................................
4.Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту ................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ......................................................
ҚОСЫМШАЛАР ............................................................................................

Работа содержит 1 файл

Курсов Асем.doc

— 285.00 Кб (Скачать)

Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар.

Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.

Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады.

Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпат жүйесі болып табылады, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өздігінен өмір сүре алмайтындығымен анықталады.

     Қаржыларда функциялық қосалқы жүйелер ретінде салық,бюджет, сыртқы экономикалық, қаржы жоспарлары (болжамдары), қаржылық бақылаудың заңнамалық қамтамасыз етілуі және басқалар сияқты қосалқы жүйелерді атауға болады. (Қосымша А)

Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және  меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.

Қаржы жүйесін сыныптаудың функциялық критерийінен басқа қаржы субъектілерінің (қаржылық қатынастардағы қатысушылардың) белгісі бойынша сыныптау қолданылады бұл қаржы жүйесін буындар бойынша: мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысына межелеуге мүмкіндік береді.

Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай  негізгі қағидаларды қанағаттандыруы тиіс:

-                     қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастырының аса кең шеңберін қамти алады., бұл жалпы категория болып табылатын қаржыға ғана тән қасиет;

-                     тұтастай алынған қаржы жүйес әрбір нақты  сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.

Қаржы қатынастарының орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.

Қосалқы қаржы жүйесі бір-бірінен өзгеше өмір сүре алмайды:

1.      қаржы бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып табылады;

2.      екінші жағынан, өзінің функциялық қосалқы жүйелер ретінде: салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржылық жоспарлау, қаржылық бақылау, автоматты басқару, кадрмен қамтамассыз ету.

Қаржылық сфераны салалық және буындар бойынша: мемлекеттің қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржысы, халықтың (үй шаруашылығының) қаржысына  шектеуге мүмкіндік береді. (ҚР-ның салық жүйесінің сызбасын қарау керек.)

Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидалар қойылған:

1.      Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Бұл қағида жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.

2.      Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағиданың талаптары қаржы қатынастырында ұлттық теңдікті қамтамассыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрудағы оның көрінісі мемлекеттік және әкімшілдік-аймақтық  құрылымына сай келуі.

3.      Қаржы жүйесі бірлігінің қағидасы орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделген. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында, олардың қозғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр.

4.      Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидасы қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айырықша  қаржы аппараты  сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджет ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру республиканың қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.

Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамассыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.

Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің  рөлі мен мәні  шұғыл артады. Қаржы-кредит нарықтық механизмдердің неғұрлым тиімді жұмыс істейтін секторларының  біріне айналуы тиіс.

Қаржы және  ең алдымен бюджет жүйесі  жалпы ішкі өнімнің өсуіне және ұлттық табысқа, макро және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмалардың және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.

3.1 Мемлекеттік қаржылар.

Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамассыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады.

Мемлекеттің қаржысы республикалық, жергілікті деңгейде жүргізіледі Мемлкетітік қаржыға мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары кіреді.

Мемлекет қаржысының құрамында республикалық және жергілікті деңгейде қалыптасатын бюджеттік қатынастар мен өзара байланыстар маңызды рөл атқарады. Бюджеттің көмегімен  мемлекетке  ұлттық табыстың едәуір бөлігі жұмылдырылады.

Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын кірістіреді.

Экономикалық және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың деңгейіне қарай мемлекеттің қаржысы жалпымемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) қаржылар болып  бөлінеді. Мұндай сан алуан қаржылық байланыстардың арқасында мемлекет аумақтық,  салалық спектрлерде көптеген экономикалық жәнеәлеуметтік процестерге ықпал жасай алады. Осыған орай  мемлекеттің қаржы  қатынастарын топтастыруда мемлекеттің қаржылық құрылымын мынадай түрде өрсетуге болады (Сызба  1):

 

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысының құрамы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет қаржысының құрамында республикалық және жергілікті  деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік қатынастар мен өзара байланыстар маңызды рөл атқарады.  Бюджеттік қатынастар арқылы  мемлкеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық әдіспен қайта  бөлінетін ұлттық табыстың бір бөлігі жұмылдырылады.

ҚР аумағында жаплпы функциялады орындау үшін республикалық бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық функциялардыв орындауға, қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға байланысты мемлекеттің шығыстарын қамтамассыз етуге арналады.

Жергілікті  бюджеттер көбінесе  экономикалық күштерді реттеуге бағытталады, жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнімнің бәсекелестігін арттыруға, аумақтық инфрақұрылымды жасауға, еңбек ресурстарының ұдайы өсуі  жөніндегі шығындарды қаржыландыруға  бағытталады.

Бюджеттен тыс қорлар- арнаулы мақсатты аударымдар мен жеке нысаналы  шараларды қаржыландыру ( әлеуметтік  қамсыздандыру қоры және зейнетақы қоры).

Мемлекеттік кредит қатынастары кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың бос ақшасын жұмылдыруға және оларды  мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруды  қамтамассыз ету үшін билік органдарына уақытша беруге байланысты пайда болады.

Экономикалық жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және оны қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.

Ішкі ұлттық өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыс көлемі жедел қарқынмен өседі. Бұл сипат мемлекет қаржысына тән сипат. Бұл құбылыс 19 ғасырдағы неміс экономисі Вагнердің заңы («Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы)» ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес өнеркәсіп саласы дамыған елдерде мемлекеттің шығындары  өндіріс көлеміне қарағанда жылдам өсуі тиіс. А.Вагнер мемлекеттік белсенділіктің өсуін үш фактормен байланыстырады:

1.                    экономика дамуының нәтижесінде экономикалық тірліктің күрделенуімен және еңбек бөлінісінің тереңдеуімен;  бұл мемлекет тарапынан тиімді және ұтымды экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолданудың қажеттілігіне жеткізеді;

2.                    техника мен технология дамуы  капиталға деген қажеттілікті тудырады; мемлекет монополиялардың қызметін реттеу үшін техникалық шарттар бойынша олар құрылатын өндірістерге қатысуы тиіс;

3.                    көрсетілетін қызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға  төзбейтін білім беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет белсенділігін көрсетеді.

Вагнердің заңы нарықтық шаруашылықтың белгілі бір шектеулігін және экономикалық процестерді мемлекеттік реттеудің қажеттілігін дәлелдейді.

Мемлекет қаржысының функциялары экономикалық категория болып табылады: бұл- бөлу мен бақылау фукнциялары.

Бөлгіштің функциядағы мемлекетің қаржысын неғұрлым толық сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қимылдарының қажеттілігінен туындайтын құрамдас қосалқы функцияларды бөліп көрсеткен жөн:

- орналастыру қосалқы функциясы қоғамдық тауарлар, игіліктер мен қызмет көрсету нарықтық жүйе арқылы қамтамассыз етілуі мүмкін емес. Мемлекеттің оларды өндіру және халықты қамтамассы ету үшін ресурстар бөлуі және орналастыруы қажет.

- қайта бөлгіштік

- тұрақтандырудың қосалқы жүйесінің іс-әрекеті сыртқы сауда мен төлем балансының жай-күйінің  нәтижелерін ескере отырып, жұмыспен қамтуға, бағаны тұрақтандыру мен экономикалық өсудің қолайлы дәрежесін қамтассыз етуге саяды. Сонымен бірге  мемлекеттік бюджеттің шығыстары мен салық салудағы өзгерістер бойынша қатаң шектеулі шараларды қолдана отырып, мемлекет жиынтық сұранымға ықпал жасайды.

Мемлекеттік сектордың жұмыс істеуі мемлекеттік меншіктің болуына негізделген. Меншікті жіктеу тұрғысынан мемлекеттік заңды ұйымдардың мүлкі мен мемлекеттік қазына болып ажыратылады.

Мемлекеттік қазына республикалық және жергілікті қазына болып бөлінеді:

Республикалық қазынаға кіреді:

1.      республикалық бюджеттің қаражаттары

2.      мемлекеттің алтын-валюта қаражаттары

3.      мемлекеттік меншіктің айырықша құқығының  мүлкі (жер, оның қойнауы, өсімдік пен жануарлар әлемі, табиғи ресурстар)

4.      республикалық меншікке жататын оқшауландырылмаған мүлік

Жергілікті қазынаға кіреді:

Жергілікті  бюджеттің қаражаттары

Коммуналдық меншікке жататын оқшауландырылмаған мүлік

Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.

1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің елдің ортақтандырылған бюджет  қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.

2. Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны.

Оның негізгі қалыптасу көздері:

Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның әлемдік тәжірбиесі