Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 20:27, дипломная работа
Жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы кәсіпкерліктің маңызы зор. Сондықтан да орта және шағын кәсіпкерлікті мемлекет қолдауға бар мүмкіндігін жұмсауда. Дегенменде мемлекет тарапынан шешілмей жатқан түйіткілдерде бар. Мәселен Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау аясын, оның даму барысындағы проблемаларды шешу жолдарына арналады. Шетел тәжірбиесін зерделей және тұжырымдай отырып, ең тиімді тәжірбиені іс-жүзінде орындау және ондағы кемшіліктерді түзетіп, еліміздегі орта және шағын кәсіпкерлікке ыңғайлы етіпқолданысқа енгізу. Сонымен қатар орта және шағын кәсіпкерлікті әлеуметтік талдау бұнда олардың даму тенденциясы, әлеуметтік жағдайға ықпалы, қаржы және несиелендірудегі кемшіліктер.
Кіріспе.........................................................................................................................3
1-Тарау.Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тұжырымдамасының теориялық негіздері
1.1. Шағын және орта кәсіпкерліктің классикалық теориясы...........................6
1.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесі мен қажеттілігі..................................................................................................................12
2-Тарау. Қазіргі кездегі шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизміне әлеуметтік талдау
2.1. Қ. Р. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен қазіргі жағдайына әлеуметтік талдау (соңғы бес жыл 2003-2007 жж. немесе 2002-2006 жж.).........22
2.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау іс шараларының барысына әлеуметтік талдау жасау........................................................................30
3-Тарау.Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау тұжырымдамасын аймақтарда жүзеге асыру механизмі
3.1. ОҚО шағын және орта кәсіпкерліктің алдыңғы жылдармен салыстырғандағы мемлекеттік қолдау тиімділігіне әлеуметтік талдау жасау. ........................................................................................................................38
3.2.ОҚО әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы атты социологиялық зерттеу..........54
Қорытынды......................................................................................................68
Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................70
33,7% - істің жай-жапсарын жоғары кәсіби деңгейде білу
29,5% - көзін жеткізе білуі
28,7% - тәртіптік
24,7% - бастамашылдық, іспен әуестенушілік
20,5% - мінездің қайраттылығы
18,0% - сыпайлылық
15,5% - тілектестік
15,5% - өз бетінше іс атқара білушілік
12,5% - сырт пішінінің тартымдылығы
9,0% - мінездің жұмсақтығы.
Ұйымдастырушылық
қабілеттердің артықшылығын, жоғары
білімнің және кәсіпкер-менеджер мен
маркетологтың әмбебап
Кәсіпкерлердің қызметін реттейтін негізгі заңдар бойынша хабардар болу бизнеске тең құқықта катысудың маңызды факторы болып табылады. Егер 23,0% заңнаманы білуден хабары бар болса, 29,5% - заңдардан хабары жоқ, бірақ үлкен қызуғышылық танытады. Бұл өз қызметінде заңгерлік кеңес беру, кәсіпкерлердің қызметін реттейтін заңнамалық актілер бойынша жетілдіретін тренингтер әдістерін қолданатын үйлестіруші орталықтар кұрудың кажеттілігі барын дәлелдей түседі.
Сұралғандардың 30,5%-ы өз қызметінде ҚР гендерлік теңдік Стратегиясын іске асырудын шынайы «пайдасы» бар деп түсінеді, өйткені ол бірінші кезекте әйелдер арасындағы гендерлік стереотиптерді өзгертуде жағымды үрдісті қалыптастыруға мүмкіндік береді. 19,0%-ы әйелдер өз қызметінде осы мемлекеттік құжатқа сүйенуге болады деп сенеді. 11,5%-ы құжаттарды ресімдеу, кредит алу рәсімдері айтарлықтай жеңілденеді деп санайды. Сұралғандардың 30,5%-ынын өз қызметінде Стратегияны іске асырудың шынайы «пайдасы» бар деп түсінуі фактісінің өзі бірінші кезекте әйелдер арасындағы гендерлік стереотиптерді өзгертудегі жағымды үрдіс болып табылады.
Респондентердің 41,5%-ы үйлестіруші ұйымдар - ОҚО бойынша бизнес-орталықтарының желісін өрістету қажетті шарт болып табылады деп санайды. Іріктеп алынғандар әйелдер арасында «тәжірибелі» кәсіпкерлер де «жаңадан бастаған» кәсіпкерлердің де бар болуы фактісін назарға алсақ, істі жаңадан бастаған бизнес-ханымдардың «жауап беруге қиналамын» деген жауаптарын осындай орталыктардың рөлі туралы шынайы ақпараттың жоктығына, оларды бақылаушы органдар ретінде қабылдауға, олардың іс жүзіндегі консультациялық және ақпарат беруші функцияларын жете бағаламаушылыққа байланысты берілген деп бағалауға болады.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына Жолдауында екінші басымдық (Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру) бойынша өңірлерде «кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамышылығын іске асыру» көкейкесті стратегиялық міндеті айкьшдалған.
Үйлестіруші органдардың (бизнес орталықтарының) негізгі функциялары:
36,0% - кәсіпкерлік негіздеріне үйрету;
17,0% - қаржылық қаражаттар мен субсидиялардың бөлінуіне қолғабыс
ету;
16,5% - заңгерлік мәселелер бойынша кеңес беру;
16% - экономикалық мәселелер бойынша кеңес беру;
14,0% - әйелдер лидерлігіне үйрету;
10,7% - тәжірибе алмасу бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру;
9,7% - психологиялық кеңес беру;
8,2% - көрмелер ұйымдастыру;
5,7% - конкурстық гранттар.
Жауаптардың алуан түрлігі оларға үйлестіретін, кеңес беретін, біріктірен функциялары берілген көп функционалдық бизнес орталықтарының болу қажеттілігі туралы айғақтайды. Бизнес орталықтарын кұру идеясы жаңадан пайда болмасадағы, гендерлік қағидаттар контесінде бизнес саласындағы гендерлік кемсіту проблемаларын шешуде кәсіпкерлерге тең дәрежеде қарау, кәсіпкер әйелдердің баскаруға қолжетімділігін жеңілдету олардын басымды стратегиясы болуға тиіс.
Социологиялық сұрау нәтижелері бойынша қорытынды
1. Осы заманғы онтүстікқазақстандық кәсіпкер әйелдер үшін бизнес қызметінің жағдайлары бизнесті отбасылық міндеттермен ұштастаса іске асуда.
Сұралғандар әйелдердің басым бөлігі (54,7%) бизнес ісіне басшылық жасайды; 39,2%-ы - отбасылық бизнесте, 6%-ы біріккен (үлестік) бизнесте басшы болып табылады. Облыстың экономика саласында табыспен ілгері басып келе жатқан кәсіпкер әйелдердін тобы қалыптасқан.
2. Тауарларды базарларда сатып өткізу бизнес қызметінің басымды саласы болып табылады.
3. Сұралғандардың жартысынан көбі (66,5%) бизнес ісінде өз отбасының мықты қолдауына ие. Бұл орайда кәсіпкер әйелдер маркетингте ғана емес, сонымен бірге бизнестің өнеркәсіптік, өндірістік және басқа да салаларында әрекет етуде.
4. Респонденттердің 43,5%-ы өз бизнесінің күй-жайын тұрақты орташа деңгейде деп бағалаған.
5. Негізгі проблемалардың қатарына респонденттер бәсекелестіктің күштілігін, материалдық құралдардың жеткіліксіздігін, бизнес аясын кеңейту қажеттілігін (банктен кредит алу проблемасын) жатқызады.
6. Респондеттердің пікірінше, бизнесті дамытуға қажетті ресурстарға ең әуелі банктен кредит алу шарттарын жеңілдету, бизнесті жоспарлауға үйрету, заңгерлік кеңестер жатады.
7. ОҚО-дағы әйелдер кәсіпкерлігін табысты дамытудың негізгі шарттары на бизнесті жоспарлау, Оңтүстік Қазақстан облысының әйелдер үкіметтік емес ұйымдарындағы әйелдер лидерлігі жөніндегі тренингтік бағдарламалар бойынша оқыту тәжірибесін кеңейтуді, сондай-ақ жоғары білім алуды жатқызуға болады.
8. Сұралғандардың 30,5%-ы өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2006 - 2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын іске асырудың шынайы «пайдасы» бар деп түсінеді, бұл бірінші кезекте әйелдер арасындағы гендерлік стереотиптерді езгертудегі жағымды үрдіс болып табылады.
9. Шағын несиелер кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрестің, өзін-өзі жұмыспен қамтудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың, отбасылық және жеке кәсіпкерлікпен айналысудың белсенді түрлерінің бірі болып табылады.
10. Әйелдер кәсіпкерлігі Оңтүстік Қазақстан облысынын аудандарында барынша проблемалық сипатта дамуда. Бұл жерде бизнес саласы болып, негізінен, маркетинг, ұсақ сауда табылады, ал өнеркәсіптік және өндірістік бизнес қызметтері сирек кездеседі.
11. «Көлдеңінен шеттету» феномені бірте-бірте артта қалып барады, оның тұсында әйелдер белгілі бір кәсіптер мен қызмет салаларында «әйелдер мамандықтары» бойынша жүмыс істеуші еді.
СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ СҰРАУЛАР НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ҰСЫНЫМДАР
Облыс аудан және қала әкімдеріне, облыстық департаментер мен басқармалар басшыларына, ОҚО үкіметтік емес ұйымдары өкілдеріне мыналар ұсынылады:
• Тұрғындарға арналған тренингтік және ақпараттық бағдарламаларымен өздерін көрсеткен үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен әріптестікте аудан орталықтарында бизнес орталықтарын ашуға бастамашыл болу.
• Кедейшілікке қарсы күрес және өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында отбасылық, үйдегі бизнес қызметтері бойынша өз ісін ашу бары сында әйелдерге ақпараттық және тренингтік қолдау көрсету жөніндегі гендерлік жобаларды дамытып, кеңейту.
• Оларды бизнес орталықтарының құрамына енгізу үшін, сондай-ақ істі жаңадан бастағандармен тәжірибе алмасу үшін облыстың кәсіпкер әйелдері жөніндегі деректер банкін ашуға белсенді қолғабыс ету.
• Кәсіпкер әйелдерге ақпаратық, құқықтық, кәсіптік кеңестер беру үшін облыстық интернет-сайтын қалыптастыру (ОҚО Bisness-woman).
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға белсенді қатысушылары – шағын және орта бизнес субъектілері – кәсіпкерлер, жеке адамдар, бизнесмендер екендігі бегілі. Республикамызда шағын және орта бизнестің дамуына жан-жақты жағдайлар интенсивті түрде жасалынуда. Мәселен, елімізде бағдарламалар жасалынып оның мақсат-міндеттері айқындалды. Сол боойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Шағын және орта кәсіпкерлік тек қана экономиканың белсенді түрде дамуымен қатар, қоғамның әлеуметтік құрылымының да өзгеруіне өз септігін тигізуде. Қазіргі Қазақстан Республикасында кәсіпкерлердің беделі жоғары, олар қоғамның әлеуметтік құрылымында маңызды тұлғалар болып табылуда. Мәселен, әшілердің өнер адамдарынанда беделі жоғары. Мемелкетіміз шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы қоғамда орта тапты көбейте түседі. Н.Назарбаев өзінің жодауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Мемелекетімізде орта тапты қалыптастырамыз деген. Бұл өз кезегінде орта тап көбейген кезде мемлекетте тұрақтылық пайда болады. Біздің мемлекетімізде қоғамның әлеуметтік құрылымы пирамида тектес онда жоғары тап пирамиданың басында ортаңғы бөлігінде орта тап аз мөлшерде мәселен 10-15 пайыз, ал төменгі тап 80 пайызды құрайды. Бұдан шығатын нәтиже төменгі таптың басымдылығында. Ал егерде орта таптың басымырақ болу үшін немесе ҚР әлеуметтік құрылымының бағыты, мақсаты дамыған елдердегідей қоғамның әлеуметік құрылымын ромбы тәріздес құру. Онда орта таптың құрамы көбейеді 30 пайызды құрайды. Сонымен шағын және орта кәсіпкерлік қоғамның әлеуметтік құрылымына әсер береді. Ол сонымен қатар әлеуметтік жағдайға әсерін береді, жаңа жұмыс орындарының ашылуы жаңа индивидтер өздеріне қажетті жұмыспен айналыса алады.
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін ең алдымен оған экономикалық жағдай керек. Олар: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері, тұтынушылардағы ақша қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орынның және жұмыс күшінің артық-кемдігі, еңбек ақы қорының артық-кемдігі, несие беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек т.б. кәсіпкерлікпен айналысу үшін нарықтық инфрақұрлымы болуы керек: банктер, шикізат, материялдар, құрал-жабдықтар сатушылар, заң, бухгальтерлік т.б. қызмет көрсететін органдар, еңбекке орналастыру агенттігі, оқу орындары, жарнама, көлік, сақтандыру, байланыс, ақпарат т.б. мекемелер.
Кәсіпкерлік іспен айналысу үшін әлеуметтік жағдай керек. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру және қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы шарт. Оған қоғамның рухани даму дәрежесі және діни нормалар ықпалын тигізеді. Әлеуметтік жағдай әр бір адамның жұмыс орнындағы жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты.
Нарықтық
қарым-қатынасы жақсы дамыған елдерде
мың тұрғынына шаққанда 45-тен 75-ке
дейін шағын кәсіпорындар келеді
екен, ал мемлекетімізде 41% бірлікті, облысымызда
54% бірлікті құрап, оның өрлеуі әлі қарқындап
өсуде. Бүгін Қазақстанда шағын
кәсіпкерлікте жұмыс
Шағын кәсіпкерлік
облыс экономикасының дамуында
өзінің маңызды орнын тауып, шағын
кәсіпкерліктің белсенділігінің едәуір
арту нәижесінде халықты жұмыспен қамту,
рынокты отандық
Қорытындылай келе кәріс ғалымының сөзімен аяқтағым келеді. Ким У Джунгтің айтуынша «Кәсіпкерлік – күн астынан орын алу үшін аяусыз күрес. Ісіңіз қаншалықты көп болса, соншалықты көп күресіп, соншалықты көп жазалануға тура келеді. Егер кәсіпкер пессимизмге түсіп кетсе, онда ол көтеріле алмайды. Сүйікті іске өзіңді, қалдықсыз беруің керек, ал егер сіздің берілуіңіз қоғам дамуына көмектессе, онда мұның өзі де аз іс емес».
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау