Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 20:27, дипломная работа

Описание работы

Жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы кәсіпкерліктің маңызы зор. Сондықтан да орта және шағын кәсіпкерлікті мемлекет қолдауға бар мүмкіндігін жұмсауда. Дегенменде мемлекет тарапынан шешілмей жатқан түйіткілдерде бар. Мәселен Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау аясын, оның даму барысындағы проблемаларды шешу жолдарына арналады. Шетел тәжірбиесін зерделей және тұжырымдай отырып, ең тиімді тәжірбиені іс-жүзінде орындау және ондағы кемшіліктерді түзетіп, еліміздегі орта және шағын кәсіпкерлікке ыңғайлы етіпқолданысқа енгізу. Сонымен қатар орта және шағын кәсіпкерлікті әлеуметтік талдау бұнда олардың даму тенденциясы, әлеуметтік жағдайға ықпалы, қаржы және несиелендірудегі кемшіліктер.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3
1-Тарау.Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тұжырымдамасының теориялық негіздері
1.1. Шағын және орта кәсіпкерліктің классикалық теориясы...........................6
1.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесі мен қажеттілігі..................................................................................................................12
2-Тарау. Қазіргі кездегі шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизміне әлеуметтік талдау
2.1. Қ. Р. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен қазіргі жағдайына әлеуметтік талдау (соңғы бес жыл 2003-2007 жж. немесе 2002-2006 жж.).........22
2.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау іс шараларының барысына әлеуметтік талдау жасау........................................................................30
3-Тарау.Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау тұжырымдамасын аймақтарда жүзеге асыру механизмі
3.1. ОҚО шағын және орта кәсіпкерліктің алдыңғы жылдармен салыстырғандағы мемлекеттік қолдау тиімділігіне әлеуметтік талдау жасау. ........................................................................................................................38
3.2.ОҚО әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы атты социологиялық зерттеу..........54
Қорытынды......................................................................................................68
Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................70

Работа содержит 1 файл

дипломдық жұмыс.docx

— 774.35 Кб (Скачать)

       Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың бірінші принципі - протекционизм-нарықтық қатынастардың өзімен обьективті түрде қамтамасыз етілген. Бұл принцип, шағын кәсіпкерліктің жеке өзі, мемлекеттің көмегінсіз ірі бизнеске бәсекелестік жасау үшін көп жағдайда өндірісті ұйымдастыруға қабілетсіз екендігін білдіреді. Екінші принцип бағдарламалық-мақсаттық тәсілдерді іске асырумен байланысты. Осыған сәйкес мемлекет әр түрлі мақсатты бағдарламалар түрінде шағын кәсіпкерлікке көмек көрсетеді. Бұл принцип жоғарыда толық қарастырылған.

Дифференцияциялану  принципі барлық бизнесті емес, тек  халық шаруашылығының стратегиялық маңызды бағыттарында жұмыс атқаратын  бизнесті ғана қолдау керек дегенді  білдіреді. Принциптердің бірі ретінде  мемлекеттік қолдау мемлекет пен  шағын кәсіпкерлік субъектілері арасындағы белгілі бір келісім  шарттық қатынастар мен екі жақты  жауапкершіліктің белгіленуімен жүзеге асырылуы қажет деп ұйғаратын  кепілдік пен жауапкершілік принциптері  де ұсынылуда.

Динамикалық пен қайшылықты есепке алу принципі өз негізінде кәсіпкерлік қызметтегі тұрақсыздық пен құбылмалылық сияқты факторды ескеруді ұсынады. Мемлекеттік  қолдаудың объектісі ретінде  тек жаңартпашылық (инновациялық) қызмет бойынша сипатталатын жобалар болуы  керек. 

  Шағын кәсіпкерлікті қолдау принциптерін дамыту мақсатында бұл тізімді төменгі мақсаттар жоғарғы мақсаттардың табысқа жетуінің құралы деп қарастыруды көздейтін шағын кәсіпкерлікті қолдау жүйесіндегі иерархиялық сияқты принциппен  толықтыруды  қалар едік. Шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  бағдарламалары иерархиялық  сипатқа  ие болулары  керек. Сондай-ақ ол тек мемлекеттік  деңгейді  ғана емес, аймақтарды, оның ішінде жергілікті басқару  органдарының  деңгейін де қамтуы тиіс/16/.

Шағын бизнесті қолдау мақсаттары басқарулардың әр түрлі деңгейінде   тұжырымдалады  және уақыт кеңістігі бойынша  да, мазмұны бойынша да ерекшеленеді. 3.1-суретте шағын кәсіпкерлікті  қолдау мақсаттарының келесі классификациясы  ұсынылады.


 

 

 

   

 

 

 

 

 

ЕО мүше елдері және экономикалық ынтымақтастық  пен даму ұйымы деңгейінде шағын  бизнестің рөлінің өсуі, көптеген дамыған елдерде арнайы саясат жасау  қажеттілігінің туындауына алып келді  және олардың негізгі мақсаттары мыналар:

  • Жаңа жұмыс орындарын құру;
  • Шағын кәсіпорындардың экономикалық өсуі;
  • Шетелдік компаниялар мен инвестицияларды тарту;
  • Өндірісті модернизациялау;
  • Инновациялық қызмет;
  • Технология трансферті.

Кәсіпкерлік қызметтің шетелдік тәжірибесін  талдау-нарықтық экономикасы дамыған  әр түрлі елдерде  шағын бизнесті қолдауда пайдаланылатын мемлекеттік  реттеудің жалпы қабылдаған нысаны мен әдісінің стандартты жиынтығының  бар екендігін көрсетеді. Осы  барлық шағын кәсіпкерлікті қолдаудың  әдіс-тәсілдер арсеналын мазмұны  және бағыты бойынша екі үлкен  классификациялық топқа бөлуге болады.

Мемлекеттік реттеудің тікелей әдістеріне басқару  объектісіне тікелей әсер ететін әдістер жатады. Мысалы, шағын кәсіпорындарды қаржыландыру. Жанама әдістер болса  алдын ала бағдарланған сипаттағы  ортаны қалыптастыруда қолданылады. Мысалы, өнім өндіретін кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер жасау арқылы осындай  кәсіпорындардың көбеюін ынталандырады.

  1. Меншікті қорғау – дамудың және сәттіліктің негізі.
  2. Кәсіпкерлікке толық қолайлы жағдай саясатын жүргізу.
  3. Импортталған тауарларға эмбарго енгізу.
  4. Салық тарифтерін төмендету.
  5. Банк жүйесіндегі өзгерістер.
  6. Шетел инвестициясын тарту.
  7. Кәсіпорын мен корпорация құру және акция шығару процедурасын жеңілдету/17/.

Шағын кәсіпкерлікті  қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың екі түрі болады: негізгі және қамтамасыз етуші. Негізгі бағдарламалардың мақсаты-жоспарлау, ұйымдастыру және кәсіпкерлік қызметті қадағалау. Қамтамасыз етуші бағдарламалар-бизнестің  тиісті инфрақұрылымын құру және барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету  жолы арқылы (материалдық, қаржылық, еңбектік, ақпараттық) шағын кәсіпорындарға қызмет көрсетеді.

Мемлекеттің қайта құрылған қатысты саясаты  мемлекеттік қызмет тарапынан үлкен  ұйымдық күш салуды қажет етеді  және төмендегі алты бағыт бойынша  топтастырылуы мүмкін:

  1. Шағын және орта кәсіпорындарға көмек көрсету;
  2. Кәсіпкерлікке қаржылай көмек көрсету;
  3. Кәсіпорынды басқарудың тиімді жүйесін құруда көмек көрсету;
  4. Бизнеске ақпараттық қолдау көрсету;
  5. Тиісті салық жүйесі мен басқа да реттеуші механимдер арқылы кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру;
  6. Қоғамда кәсіпкерлік орта құру.

Кәсіпкерлікті қолдаудың бұл мемлекеттік бағыттарын толығырақ қарастырайық:

Кәсіпкерлікті қолдауда мемлекет қызметінің бірінші  бағыты шағын және орта кәсіпорындарға көмек көрсету болып табылады. Бірінші бөлімде шағын бизнестің  экономиканы дамытудағы мәне мен  үлесі қарастырылған. Бұл көмек  стратегиялық сипатқа ие, себебі шағын  және орта бизнесті қолдай отырып, мемлекет ірі кәсіпорындарды дамыту үшін күшті  әлеует жасайды. Өйткені барлық ірі  кәсіпорындар, кейбір жағдайларда ғана шағын кәсіпорын ретінде өз сатысынан  өтеді. Жалпы алғанда ЕО мүше елдерде  шағын және орта бизнеске қатысты  саясат Экономика Министрлігімен немесе Сауда және Өнеркәсіп министрлігі  арқылы жүргізіледі.

Біздің  Республикада  да шағын кәсіпкерлікті  қолдаумен айналысатын арнайы мемлекеттік  орган құруға объективтік қажеттілік туды. 1997 жылы мамыр айында ҚР президентінің  жарлығымен экономика және сауда  министрлігі құрамында шағын  кәсіпкерлікті қолдайтын арнайы орган – шағын кәсіпкерлікті  қолдау агенттігі (ШКҚА) құрылды. Ресей  Федерациясында мұндай орган бұдан  ертерек – 1995 жылы маусымда құрылған және ол шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі РФ Мемлекеттік  комитеті деп аталады.

Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті  қолдау жөніндегі агентттік қызметінің негізгі бағыттары келесілер  болып табылады:

  • Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі орталық және жергілікті атқару органдарының іс-әрекетін үйлестіру;
  • Алдымен материалдық өндіріс саласында кәсіпкерліктің даму бағдарламасын дайындау және іске асыруға қатысу.
  • Шағын кәсіпкерлікке қаржылық және техникалық көмек көрсету мәселелері бойынша халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-әрекет жасау;
  • Экономиканың шағын секторына шетел инвестициясын тарту үшін қолайлы жағдайлар туғызуға қолдау көрсету.

Мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдаудағы екінші бағыты – қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудегі көмек. Барлық ЕО елдердегі  шағын және орта бизнеске оларды қаржыландыру көздерінің түрлі проблемаларын  ұтымдылықпен шеше отырып көмектеседі. Кейбір елдерде (Ұлыбритания, Голландияда  және т.б.) негізінен қарыз кепілдігін қамтамасыз ету жүйесіне күш жұмылдырылады. Көптеген елдер субсидия немесе инвестицияға деген фискалдық жеңілдіктер, жеңілдетілген  қарыз және дотациялар арқылы шағын  және орта кәсіпкрелікті қолдау үшін ерекше резервтер құрады. Кейбір елдерде  шағын бизнеске тәуекел қорларын беру тәжірибесі іске асырылады. Сондай-ақ бұл елдердің үкіметтері тәуекел  қорларының мүмкін болатын шығыдарын  компенсациялауға кепілдік береді/17/.

Қаржылай  көмек екі бағыт бойынша берілуі  мүмкін: бизнесті тікелей қаржыландыру және ғимаратттар, қондырғылар, коммуналдық  қызмет көрсетулерді және жергілікті төлемақыны төмендету арқылы жанама қаржыландыру. Шетелдік зерттеулер көрсетіп отырғандай, инвестициялық қор есебінен кәсіпорындардың тек 5%-ы ғана қаржыландырылады. Негізінен шағын бизнес жеке жинаған  ақшасының есебінен, жолдастарының, туыстарының жинаған ақшаларынан  және коммерциялық банктердің несиелерін тарту жолдарымен қаржыландырылады. Жаңа фирмаларды мемлекеттік қаржыландыру келесі 4 бағыт бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

  • Шағын бизнесті инвестициялаудың американдық компаниясына ұқсас – шағын және орта бизнесті қолдау бойынша инвестициялық қор құру. Республикада шағын кәсіпкрелікті дамытудың ұқсас қоры құрылған, оның қызметі конкурстық негізде шағын бизнес жобаларына несилер беруге бағытталған.

Қарыз және несиелерді мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз ету, оған мыналар жатады:

    • 25 жылға дейін мерзімге 750000 долларға дейінгі көлемде жай ссудалар. ШКӘ осы займның 90%-на кепілдік береді. Ссуда мөлшері орта есеппен 8 жылға дейінгі мерзімде 175000 долларын құрайды;
    • Жұмыс орындарын құру және экономиканы жандандыру жолымен аймақтардың экономикалық дамуына берілген ссудалар;
    • Шағын құрылыс фирмаларына көмек көрсетуге арналған ссудалар;
    • Энергетика саласындағы шағын кәсіпорындарды дамытуға арналған ссудалар;
    • Басшылары мүгедек шағын фирмаларға арналған ссудалар;
    • Сыртқы нарыққа шығатын шағын фирмаларға раналған несие желісі;

Қоршаған  ортаны қорғау құралы ретіндегі  - қымбат құрал-жабдықтарды қажет ететін шағын бизнесті қаржыландыру. Мысалы, ШКӘ зайымының 90%-на дейін кепілдік береді, ссуданың ең жоғарғы мөлшері  – 1 млн доллар.

  • Инвесторлар мен фирамалар арасында делдалдық қызметті жүзеге асыру. Жоғарыда аталған жарлыққа сәйкес Республикада мемлекеттік банкілерде және екінші дәрежелі банктерде тегін шоттар ашу бойынша шаралар жасалуда. Екінші дәрежелі банктерде алғашқы екзекте шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсетуге ынталандыру шараларының жүйесі қарастырылуда.
  • Кәсіпорынды тікелей қаржыландыру. Қазақстан Республикасы Президентінің соңғы шешімдеріне сәйкес экономиканың шағын секторын дамытуға 100 млн долларға дейін инвестиция салу жоспарлануда. Бұл жалпы саны 30 мың жұмысшылардан тұратын 50-60 кәсіпорын құруға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлікті қаржылай қолдауды күшейтудің басқа  да бағыттары бар. Олар шетелдерде кеңінен  тараған. Оларға жататындар:

    1. Венчурлық қорларды инвестициялауда зейнетақы қорларының қаражаттарын пайдалануға рұқсат беру.
    2. Жеке инвесторлардың инвестициялық белсенділігін ынталандыру үшін салыққа деген талапты төмендету керек.
    3. Салықтық кірістерді немесе облигациялық механизмдерді не жеке компаниялармен, не мемлекеттік агенттіктермен басқарылатын венчурлық қорларды құруға пайдалану.

 Жоғарыда  көрсетілгендей бизнеске қаржылай  қолдау көрсетуден басқа мемлекет  тарапынан ғимарта және құрал-жабдық  ұсыну түріндегі көмектер жүзеге  асырылуы мүмкін. Бұған бизнес-инкубаторлар  өте тиімді құрал ретінде қызмет  етеді/18/.

Мемлекет  қызметінің үшінші бағыты – бұл  кәсіпорынды басқарудың тиімді жүйесін  жасауда көмек қөрсету. Кәсіпорын  қызметінің тоқтатылуының басты  себептерінің біріне менеджменттің  тиімсіздігі жатады. Зертттеулердің біріндегі мәліметтер бойынша келесі салалардың бірінде қиындықтар туындаған  кезде шағын кәсіпорындар сәтсіздікке  ұшырайды: өндіріс (технологиялар, ноу-хау), маркетинг (жоспарлау және өндіріс  пен сатуды жүзеге асыру) қаржылық менеджментпен  бақылау, ұйымдық құрылым және басқару  шеберлігі. Көрсетілген кәсіпкерлікті  қолдау түрлерімен қатар мемлекет тарапынан  мынадай қосымша қызметтер көрсетіледі: тегін не төменгі бағадағы бухгалтерлік көмек, заң кеңестері, жаңа кәсіпорын  ашу бойынша кеңестер және басқа  қызмет көрсету түрлері.

Мемлекет  қызметінің төртінші бағыты – бизнеске кеңінен ақпараттық қолдау көрсету. Ол мыналарды қамтиды: бар нарықтар туралы, тұтынушыларды қалаулары  туралы, технологиялық жаңалықтар туралы, жетілдіруді қажет ететін өндірістер немесе өнімдер туралы ақпараттар беру./20/ Әлеуметтік кәсіпкерлік  корпорациялар(ӘКК)

2007 жылы  іс жүзіне асырылған жаңа да  ірі жобалардың бірі - әлеуметтік  кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК). Бұл идеяны алғаш рет Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылғы  1 наурызда қазақстан халқына  жолдауында айтқан болатынжәне  ол 2006 жылғы 30 мамырдағы Үкіметтің  №483 қулысымен бекітілді. 

2007 жылы 12 қаңтарында Елбасының Жарлығымен  ең алғашқы қанатқақты жоба  ретінде орталығы Астана қаласында  орналасқан «Сарыарқа» ӘКК ұлттық  компаниясы акционерлік қоғамы  құрылды. «Сарыарқа»ӘКК инвестициялық   жобасы ретінде кәсіпкерлердің  ұсынысымен 50 жобаның ішінен жалпы  құны 756 миллион  теңге тұратын  15 жоба таңдап алынды.Олар ауылшаруашылық  өнімдерін қайта өңдеу, отынның  баламалары түрлерін дамыту, құрылыс  индустриясы, метеллургия және  металл өңдеу, қатты тұмыстық  қалдықтарды қайта өңдеу және  т.б. салалар бойынша.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау