Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:18, курсовая работа
Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - 3бет
I-тарау.Жинақтаушы зейнетақы қорлары,мақсаты мен міндеттері _ _ _ _ -4бет
1.1 Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару_ _ _-4бет
1.2 Қ.Р.Жинақтаушы зейнетақы қорлары_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - 9бет
1.3 «Ұлар Үміт» Жинақтаушы зейнетақы қоры _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - 13бет
1.4 «МЖЗҚ»Жинақтаушы зейнетақы қоры _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _-15бет
II-тарау. «Халық банк Жинақтаушы зейнетақы қоры»_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ -21бет
2.1 Қордың 2015-жылға дейінгі мақсаттары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - 21бет
2.2 Қ.Р халықты зейнетақымен қамту_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _-24бет
III-тарау.Зейнетақы қорының статистикалық көрсеткіштері және оны талдау_ _ _-27 бет
3.1 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қорларының статистикалық көрсеткіштерін талдау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ -27бет
Қортынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ -30бет
Пайдаланылған әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Үшіншісі-ерікті және кәсіби зейнетақы аудару есебінен қосымша төлеу;
2005 жылы Қазақстанның барлық азаматтарына үш мың теңге мөлшерінде мемлекеттік негіздегі зейнетақы енгізілді.Бұдан әрі негізгі зейнетақы төлеу мөлшері республикалық бюджет туралы заңда қарастырылады.Зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ жүйесі-кәсіпорындардың,
Міндетті және ерікті зейнетақылық жарналар болады.Міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуді жеке және заңды тұлғалар,сондай-ақ кәсіпкерлікпен және өзге де қызметтермен айналысатын жеке тұлғалар жүзеге асырады.Ерікті зейнетақылық жарналарды жеке және заңды тұлғалар зейнетақылық шарттарға сәйкес мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына төлейді.Қазақстанда 1997 жылдан бастап жинақталу зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істейді.Бүгінде зейнетақымен қызмет көрсететін әр түрлі фондлар бар.
Реформа мезетінен қазіргі уақытқа дейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің принцптері болып:
-зейнетақы жүйелерін мемлекеттік реттеу;
-зейнетақы қаржы жинақтарын қалыптастыру үшін азаматтарды жинақтаушы зейнетақы қорын таңдау құқығымен қамтамасыз ету;
-азаматтарды белгіленген зейнетақының аз мөлшерімен қамтамасыз етуге тікелей мемлекеттік кепілдік беру;
-зейнетақы және басқа әлеуметтік қамтамасыз ету формаларына шек қою;
-зейнетақы қаржы жинақтарын қалыптастыруға еңбекке қабілетті жастағы әр азаматтың қатысуы міндеттілігі;
-еңбекке қабілетті азаматтардың қартайған шағында өздерін зейнетақымен қамтамасыз етуіне жеке жауапкершілігі;
-жинақтаушы зейнетақы қорларына ақша салудың қауіпсіздігі мен сақталуының халыққа тиімділігі;
-жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақыға азаматтардың мұрагерлік құқығын қамтамасыз ету;
-әр азаматтың өз еркімен қосымша зейнетақымен қамтамасыз етілу құқығы;
-азаматтардың зейнетақысын сақтауы инвестиция арқылы экономикаға қосқан үлесі болып табылады;
III-тарау.Зейнетақы қорының статистикалық көрсеткіштері және оны талдау.
3.1 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қорларының статистикалық көрсеткіштерін талдау.
Қазақстан Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қорына жоғары баға берген себебіміз – маусым айындағы есеп бойынша қордың зейнетақы қаражаты 614, 2 миллиард теңгені, зейнетақы жарналары 450 миллиард теңгені, таза инвестициялық табыс сомасы 148,8 миллиард теңгені құраған.Мұнымен қатар Халық банкі жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметі дефолттық қағаздардан алынған шығынның төмен деңгейімен сипатталады. Олардың қоржындағы үлесі сәуір айында бар болғаны 0,21 пайызды құрады. Бұл қордың тәуекел менеджментінің сапалы жұмысын дәлелдейді және рейтингтік бағалау деңгейіне оң әсерін тигізді.
Рейтинг деңгейінің жоғары болуына мұнымен қатар өткен 3 және 5 жылдық мерзім кезінде салымшылар табысының жоғары болғандығы да әсер еткен.
Сондай-ақ мәліметтер бойынша елде «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысы ілгерілей бастағаны, бұған қоса, жекелеген адамдардың зейнетақы салымына байланысты екінші деңгейлі банктердің де қызметіне жүгіне бастағаны белгілі болып отыр.
Осыған орай мамандар «біздің еліміз зейнетақы нарығына 1998 жылдан бері араласа бастады. Осы уақыт аралығында жинақтаушы зейнетақы қорларының қызмет ауқымы әжептәуір кеңейді» дейді. Жалпы, осы зейнетақы қорларын таңдауға байланысты мамандар мынадай жайттарды ескеру қажеттігін алға тартады. Әрине, зейнетақы қорын таңдау әр салымшының өз қалауына байланысты. Дегенмен қорды таңдау кезінде бірнеше параметрді бөліп атауға болады, олар – акционерлердің құрамы, акционер компанияның беделі, қордың стратегиясы, маркетингтік белсенділігі, қызметкерлерінің біліктілігі, аймақтық желісінің тарамдалуы, менеджменттің дамуы, кіріс көрсеткіштері, қаржы жағдайының тұрақтылығы.
01.01.12 ж. Жағдай бойынша ЖЗҚ -дағы жинақталған зейнетақы қаражатының үлесі:
«Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ» АҚ-ның жинақталған зейнетақы қаражаты 2012 жылғы 01 қаңтарда 877 млрд. теңгеден асты, яғни қызметінің басынан бастап жинақталған қаражаттың 33,1%.
«Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ» АҚ-ның міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар ЖЗШ-ның саны 2012 жылғы 01 қаңтарда 2 263 946 болды, яғни жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық салымшыларының 27,8% құрады.
«Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ» АҚ-ның есептелген инвестициялық кірісі 2012 жылғы 01 қаңтарда 227 млрд. теңгеден асты, яғни қызметінің басынан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық есептелген инвестициялық кірісінің 32,4% құрады. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша меншікті капитал 14 473 млн . теңгені құрады . Қордың меншікті капитал бойынша нарықтық үлесі 16,2% құрайды . Соңғы бес жыл ішінде МЖЗҚ меншікті капиталыныңқұны 6,4 есеге артты . МК орта жылдық өсім қарқыны 61% құрайды.
2007 жəне 2008 жылдардағы капитал кірістілігінің төмендеуі, жарғылық капиталдың ұлғаюымен жəне қаржы құралдарының құны мен кірістілігінің төмендеуімен байланысты , бұл жағдай 2009 жылы өзгерді жəне 2008 жылға қарағанда 12.2 пайыздық тармаққа өсуді көрсетті. Капитал кірістілігінің орта жылдық деңгейі 14% құрады.
2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша МЖЗҚ жинақталған зейнетақы қаражатының құны 293,4 млрд. теңгені құрады . 2009 жыл үшін жинақталған зейнетақы қаражатының құны 19.5% өсті.
Соңғы 5 (бес) жыл ішінде жинақталған зейнетақы қаражатының көлемі бойынша Қордың нарықтық үлесі 2005 жылдың қорытындылары бойынша 19%-дан 2009 жылдың қорытындылары бойынша 15,8%- ға дейін төмендеу үрдісі орын алды. Дəл осы кезеңде МЖЗҚ салымшыларының саны 2,3 млн. адамнан 1,7 млн . дейін немесе 23,6% кеміді. 1 жеке зейнетақы шотындағы жинақталған зейнетақы қаражатының орташа сомасы 55 мың теңгеден 158 мың теңгеге дейін өсті. 2010 жылға дейін «МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ ұзақ мерзімді корпоративтік стратегия шеңберінде жоспарлы кезеңге қабылданған мақсаттар мен міндеттер , Қорды жетілдіру мен оның сапалы дамуына бағытталған.
МЖЗҚ ағымдағы жағдайын, сондай - ақ қазіргі қауіптерді ескере отырып, 2010-2012 жылдар аралығында қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, алдыға қойған мақсаттарға жету көзделіп отыр. Көрсетілген орта мерзімді кезеңдегі жоспарланған іс - шараларды іске асыру нəтижесінде дамудың қаржылық жəне сапалы көрсеткіштеріне қол жеткізу жоспарланып отыр.
Алғашқы қазақстандық зейнетақы қоры . МЖЗҚ Қазақстан ұйымдарының ішінде алғашқылардың бірі болып ISO 9001:2000 халықаралық стандарт сəйкестілігіне растау алды . Қор өз қызметінде жинақталған зейнетақы қаражатын жоспарлау бойынша менеджер - қаржы кеңесшілерін дайындау бағдарламасын құруды жəне іске асыруды жоспарлауда.
Стратегиялық мақсатты таңдаған кезде негізгі ұстаным ретінде Қор акционерлері мен салымшыларының мүдделері ескерілді, бұл өз кезегінде қабылданған құндылықтарды, ал дəлірек корпоративтік басқару жүйесін дамыту мен жетілдіру қажеттілігін айқындайды; Қордың республиканың бар аймағына енуін қамтамасыз ететін қатысуды кеңейту; клиенттерге қызмет көрсету мен кеңес беруден бастап төлемді жүзеге асыру мен есепті деректерді дайындауға дейінгі жүзеге асырылатын бизнес - процесстердің əрбір кезеңіндегі жұмыс тиімділігін арттыру.
Зейнетақы - бұл қартайғанда, толық немесе ішінара еңбек ету қабілеттігінен, асыраушысынан айырылған және заңда көзделген басқа жағдайларда азаматтарды қамтамасыз ету үшін берілетін ай сайынғы ақшалай төлемақы, қызмет атқарған уақыттағы табыстың бір бөлігі. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері тек қана жұмыс өтіліне және зейнетақыны есептеу үшін берілген орташа айлық табыс деңгейіне байланысты болады.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылы маусымның 20-сындағы заңның қабылдануымен байланысты зейнетақы реформасы басталды. Оның мәні - 1997 жылғадейін өмір сүрген зейнетақымен қамтамасыз етудің зейнетақы қорларын қалыптастыру кезіндегі ұрпақтардың ынтымақтастық қағидатынан дара қорланымдардың қағидатына көшуде болды. Бұл үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының жүйесі (соның ішінде Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры) және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қарастырылған. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры жалақының барлық түрлерін, әр алуан сыйлықақыларды, үстеме ақыларды, үстемелерді қоса, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын заңи тұлғалардың, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің, адвокаттар мен жекеше нотариустардың ай сайынғы ақшалай немесе натуралдық нысандағы табысынан (жұмыс берушінің материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе басқадай материалдық пайда түріндегі табыстарын қоса) он пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары нысанында аудару жолымен қалыптасады. Бұл кездің есебінен жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының зейнетақы қорланымдары қалыптасады. Зейнетақы қорланымдарын қалыптастырудың басты мақсаты азаматтарды қартайғанда әлеуметтік қамтамасыз ету. Осыған байланысты жұмыскердің ай сайынғы табысынан ұсталатын және азаматтардың дара шоттарында жиналатын міндетті зейнетақы жарналары - бұл қатаң нысаналы ақша, график бойынша дүркін-дүркін төленетін төлемдер негізінде оның арналымы қарттықты қамтамасыз етуде болып табылады.
Зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жүзеге асырылады.
1. Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы, Қазақстан Республикасының заңы. –Алматы. 1998.
2. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңы. – Алматы. 2002.
3.Алибаев А.Накопительная пенсионная система Казахстана: цифры, факты, комментарий. Алматы 2000
4.Аналогический отчет " Финансовый сектор, состояние проблемы и перспективы" Ассоциация финансистов Казахстана. 2005
5.Баймұратов Бұқаралық ақпараттар құралдары
6.Дереккөз: БаймуратовУ.Б.,ТулепбаевК.П. "Пенсионная реформа: итоги, проблемы : Банки Казахстана" 2002. 7
7.Дереккөз: "Статистический ежегодник Казахстана" 2004 Под ред. Абдиева К.С. Алматы 2004
8.Жолдау 2008 жылы 8 ақпан
9.Нугманова К.Ж. Неправительственные организации базовая основа гражданского общество. Казахстан Спектр. Научный журнал 2003.4
10.Нурмаганбетова Е.Т. " Анализ рынка пенсионных услуг Казахстана по итогам первого квартала 2004 года.Рынок ценных бумаг Казахстана. Май 2004
11.Саханов Н.У. " Аналитический обзор. Уровень и структура влияния неправительственных организаций в Казахстане" спектр развития 2004.1
12." Қазақстан қаржы нарығы " Алматы . Экономика. 2007
13.Нұрымов А.А Қаржы
14.Яндекс беттері
15.Google беттері
16.Википедия беттері
17.Жас Алаш сейсенбі, 22сәуір. 2008ж.
18.Айғақ газеті жұма,4 сәуір.2008ж.
19. Оңтүстік Қазақстан сәрсенбі,7 наурыз. 2012ж.
20.Егемен Қазақстан бейсенбі, 8ақпан.2007ж.
32
Информация о работе Қазақстан Републикасында Зейнетақымен қамтамасыз ету қорының қаржылық реформасы