Қазақстан Републикасында Зейнетақымен қамтамасыз ету қорының қаржылық реформасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:18, курсовая работа

Описание работы

Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

Содержание

Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - 3бет
I-тарау.Жинақтаушы зейнетақы қорлары,мақсаты мен міндеттері _ _ _ _ -4бет
1.1 Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару_ _ _-4бет
1.2 Қ.Р.Жинақтаушы зейнетақы қорлары_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - 9бет
1.3 «Ұлар Үміт» Жинақтаушы зейнетақы қоры _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - 13бет
1.4 «МЖЗҚ»Жинақтаушы зейнетақы қоры _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _-15бет
II-тарау. «Халық банк Жинақтаушы зейнетақы қоры»_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ -21бет
2.1 Қордың 2015-жылға дейінгі мақсаттары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - 21бет
2.2 Қ.Р халықты зейнетақымен қамту_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _-24бет
III-тарау.Зейнетақы қорының статистикалық көрсеткіштері және оны талдау_ _ _-27 бет
3.1 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қорларының статистикалық көрсеткіштерін талдау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ -27бет
Қортынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ -30бет
Пайдаланылған әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Работа содержит 1 файл

jamal.doc

— 199.00 Кб (Скачать)

  Қабылданған стратегия жəне қалыпты - консервативті инвестициялық саясат, салымшылар саны мен жинақталған зейнетақы қаражатының көлемі жөнінен нарықта көшбасшы ретіндегі позицияны сақтауға себепші, сондай - ақ салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына мүмкіндік беретін инвестициялық кірістің қалыпты деңгейін қалыптастырады.

  Орта мерзімді болашақта МЖЗҚ клиенттік базаның өсуін, инвестицияланатын зейнетақы активтерінің көлемдерінің, инвестициялық кірістің артуын жəне сəйкесінше капитализацияның артуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, Қазақстан үшін алдыңғы қатарлы жинақталған зейнетақы қаражатын жоспарлау мен қалыптастыру технологияларын пайдалана отырып салымшылармен жұмысты ұйымдастыруда жаңа əдістерді əзірлеу міндетін жүктейді.

  Міндеті : МЖЗҚ – салымшылармен бірлесе отырып дəулетті зейнеткерліктің негізін қалайтын зейнетақы қоры.

  Сипаты : МЖЗҚ - қаржылық жағынан табысты, жедел жəне тұрақты дамып келе жатқан зейнетақы қоры.

1. Стратегиялық мақсаттар

Клиенттер мен инвесторлар үшін тартымдылығын арттыруға бағытталған «МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ негізгі стратегиялық мақсаты: Қызметімізде, оның сапалы көрсетілуіне баса назар аудару арқылы қаржылық жетістіктерге қол жеткізу.

Негізгі стратегиялық мақсаттың бөліктері ретінде қаржылық жəне сапалық сипаттағы міндеттер қабылданады .

1.1. Қордың капитализациясы мен зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыру - қаржылық бағдар болып табылады.

1.2. Қызмет сапасына ұмтылыс, шынайы берілгендік - өз жұмысында коммуникацияның қазіргі заманғы жабдықтарын жəне ақпаратты өңдеу мен сақтаудың автоматтандырылған жүйелерін пайдаланатын жоғары білікті мамандардың Қор клиенттеріне мінсіз жəне уақытылы қызмет көрсетілуін ұйымдастыру арқылы көрінуге тиіс.

  Шешілуі стратегиялық мақсаттардың табысты іске асырылуын қамтамасыз ететін міндеттер .

1. Сенімді зейнетақы қорының мəртебесін нығайту .

2. Зейнетақы активтері бойынша номиналдық кірістіліктің ең жоғары мүмкін

деңгейіне жету – инфляция деңгейінен асатын жинақталған зейнетақы қаражатының өсуін қамтамасыз етуге арналған міндет .

3. Басқарудың транспарентті жүйелерін ендіруге – мүдделі тараптардың мүдделерін сақтау мақсатында қызмет нəтижелерін талдау жəне бизнес үдерістерді бақылау, тəуекелдерді басқару кіреді.

4. Қаржы кеңесшілерінің институтын құру – салымшылармен қарым - қатынастардың жаңа деңгейі мен сапасын қалыптастырады .

5. Материалдық жəне техникалық жағынан жабдықталған, салымшыларға қызмет көрсету орталықтарының желісін құру – қызметкерлерге эргономикалық еңбек жағдайын тудырып , жəне клиенттерге жайлы қызмет көрсете отырып, жұмыстарды жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде қазіргі заманғы технологияларды пайдалану .

  МЖЗҚ жүзеге асыратын қызмет, бірінші кезекте зейнетақы кірісінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету арқылы көрінетін салымшылардың мұқтаждықтарын іске асыруға бағытталған. Бұдан келе, дамудың осы кезеңінде Қордың бағыты мен міндеті қалыптастырылды. Қор өзінің міндетін табысты іске асыру үшін бұдан бұрынқабылданған бағыттың жалғасы болып табылатын позициясын айқындап алды.

  МЖЗҚ ұстанатын құндылықтар :

  Қол жетімділік: Филиалдар мен агенттік пункттердің тармақталған желісі Қазақстанның барлық өңірлеріндегі тұрғындарға зейнетақы қызметтерін көрсетуге мүмкіндік береді . Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында, зейнетақымен қамсыздандыру туралы сауалдарға жауап беретін, « жедел желі » жұмыс істейді.

  Айқындылық: МЖЗҚ қызметін корпоративтік басқару стандартына сəйкес жүзеге асыратын , есептілігін қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына сəйкес жүзеге асыратын ұйым , үнемі өзінің ағымдағы қаржылық жағдайы туралы мəліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отырады . Қордың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен ынтымағы жарасқан, өз қызметінің нəтижелерін үнемі жариялап, зейнетақы нарығындағы оқиғаларға түсінік береді.

  3.1. Капитализация мен инвестициялық тартымдылығын арттыру.

  Қордың капитализациясын жəне сəйкесінше инвестициялық тартымдылығының артуына зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кіріс көлемі, сондай - ақ зейнетақы активтерінің басқаруындағы Қордың пайдасын есептеу кезінде негізгі болып табылатын мəндердің көлемі əсер етеді.

  Осыған байланысты, алдағы кезеңде бар салымшыларды ұстап қалу мен жаңа салымшыларды тарту арқылы жинақталған зейнетақы қаражатының көлемін арттыру жоспарланып отыр . Сонымен қатар, зейнетақы активтерінің құнының артуына инвестициялық стратегия əсер етеді, оның мақсаты зейнетақы активтерінің номиналды инвестициялық кірістілігінің ең жоғары деңгейіне жету болып табылады .

  3.2. Қызмет көрсету сапалылығына шынайы берілгендік, ұмтылыс.

  Сапалық көрсеткіштерді дамыту - зейнетақымен қамсыздандыру қызметімен байланысты қызметтердің қосымша кешенін қатар алуға мүдделі салымшыларды ұстап қалу мен келуіне тікелей əсер ететін маңызды фактор болып табылады, осылайша клиенттерге қызмет көрсету форматы жетілдіріледі.

  Сапалық дамуды сипаттайтын көрсеткіштер ішінде мыналар қаралады :

1) бизнес - процесстер мен ақпараттық жүйелердің қаржы нарығының жəне заңнамасының өзгеріп тұратын жағдайларына жедел түрде бейімделу;

2) жоғары білікті мамандардың клиенттерге қызмет көрсетуі;

3) зейнетақы реформасы мен зейнетақымен қамсыздандыру мəселелері бойынша халықпен ақпараттық - түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;

4) Интернет арналары бойынша интерактивті қызмет көрсетуді қосқандағы, өзара əрекеттесудің кез келген мүмкін жəне қорғалған арналары арқылы қызмет көрсету;

5) қаржы нарығының қатысушыларымен, Қордың салымшылары мен қызметкерлерімен өзара əрекеттестікте əділдік жəне айқындылылық ұстанымдарына шынайы берілгендік, ұмтылыс.

  Осылайша, Қордың қаржылық жағдайын дамытумен қатар , алдыға қойған мақсаттарды іске асыру, жинақталған зейнетақы қаражатын сақтауға, көбейтуге жəне оны төлеуге, сондай - ақ зейнетақымен қамсыздандырудың отандық жүйесін дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді қарым - қатынастарды құру арқылы азаматтарды əлеуметтік қорғау мүддесіне арналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               II-тарау. «Халық банк» Жинақтаушы зейнетақы қоры.

               2.1  Қордың 2015-жылға дейінгі мақсаттары.

  Қазақстанның ең ірі зейнетақы қоры – Халық Банкі ЖЗҚ-ның 1998 жылы ақпанда негізі қаланды. «Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ» АҚ зейнетақы жарналарын тарту бойынша, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар нарығында инвестициялау жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Зейнетақы қорының сауатты инвестициялық саясатты жүргізу арқылы инвест-кіріс бойынша ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген қаржыгер-инвесторлардың кәсіби командасы бар. Қордың сайтында инвестициялық портфель ашық және әрқашан қол жетімді www.halykfund.kz. Халық Банкінің зейнетақы қорында РА Сараптамасы рейтингтік агенттіктің шәкілі бойынша ең жоғары А++ рейтинг (тек қана сенімділіктің деңгейі жоғары-ең жоғары).   Қордың еліміздің зейнетақы қорларының арасында ең ірі, серпінді дамитын клиенттік базасы бар. Халық Банкінің ЖЗҚ салымшыларының саны 2010 жылы 2 000 000 адамнан артты, бұл Қазақстанның барлық салымшыларының 25 пайыздан астамын құрайды, ал Қор Қазақстанның ЖЗЖ барлық зейнетақы жарналары нарығының 32 пайыздан астам үлесін қамтып отыр. Қор қызмет көрсету сапасын жақсартумен белсенді жұмыс істейді, салымшыларға қолайлы болу үшін арнаулы ақпараттық қызмет көрсетулерді дамытады. Қордың дамыған өңірлік желілері бар, 18 филиалы және Қордың диструбутивтік желісінің 200 бірлігі бар.

  Қор мыналарды ұсынады:
Салымшыларға:
1) міндетті және ерікті зейнетақы жарналарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында «мобильдік агент» қызмет көрсетуі бойынша шарт жасауды;

2) Қордың сайты арқылы әлемнің кез келген жерінде, сондай-ақ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ банкомат желілері арқылы жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты алуды;

3) почта немесе электрондық адрес бойынша зейнетақы шотынан үзінді жазбаны алуға;

4) Halyk Fly дисконт-клубына қатысуға: Қазақстанның аумағында сауда және қызмет көрсететін 500-дей кәсіпорындарында жеңілдік алуға;

5) SMS-банкинг арқылы жарналардың түсімі туралы хабарламаны алуды;

6) Halyk Group компанияларынан жеңілдік берілген қызмет көрсетулерді пайдалануға;

7) зейнетақымен қамсыздандырумен байланысты даулы жағдайлар туындаған кезде кәсіби заңдық қолдау алуға;

  Ұйымдарға:
1) зейнетақы жүйесі бойынша, оның ішінде төлем құжаттарын қалыптастыру бойынша кеңес пен практикалық көмек алуға;

2) филиалда қаржылық және инвестициялық сауаттылықты арттыру мақсатында компания қызметкерлері үшін тұсаукесерлерге тапсырыс беру, шалғай жерлерге, вахталық кенттерге бару мүмкіндігі;

3) аударым жасалған зейнетақы жарналарын қайтармас үшін деректерді алдын ала салыстыру түрінде көмек алуға;

4) ерікті кәсіби зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі арқылы қызметкерлерді мадақтау мүмкіндігін алуға;

5) МТ-102 форматының тізімін қалыптастыру бойынша тұрақты жаңартылатын меншікті бағдарламалық қамтамасыз етуді алуға.

     Сіздің қаржыңыз  қалай жұмыс жасайды :

Жинақтаушы Зейнетақы жүйесінде қаржы жолы келесідей болып табылады:

Салымшы жарнаны ЗТМО арқылы өз зейнетақы шотына салады.

Зейнетақы қоры барлық шоттардағы қаржыны жинап алып әртүрлі құнды қағаздарға немесе басқа да қаржылық құралдарға инвестициялайды. Бұл іс кастодиан банкі арқылы жүзеге асады.

Одан әрі орналастырылған қаржы не табыс әкеледі, не шығынға ұшырайды. Табыс/шығын барлық құралдар бойынша қосылады да күнделікті салымшылардың шоттарына үлестіріледі, комиссия мөлшері 15% құрайды, бұл сомма зейнетақы қорының жеке табысы болып саналады.

Жинақталған инфляция деңгейін онымен қоса салымшының барлық жарналарын төлеуді мемлекет өз мойнына алады

  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еліміздің қаржы нарығындағы жетекші  қаржылық топ әрі бөлшек бизнес қызметін көрсетуші қазақстандық ірі банк болып табылады. Банк өзінің республика аумағы бойынша барынша кеңінен таралған филиалдық желісі арқылы  5,9 миллионға жуық жеке тұлғаға, 60 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілеріне және 300-ге жуық ірі корпоративтік клиентке қызмет көрсетеді.  Қаржылық топ халыққа, оның ішінде жалпы тұрғындарға және шағын және орта бизнес өкілдеріне, сондай-ақ корпоративтік клиенттерге алуан түрлі қаржылық қызмет ауқымын (банктік қызметтер, зейнетақылық жинақ, сақтандыру қызметі, лизинг (жалға беру), брокерлік-дилерлік қызмет, активтерді басқару қызметі) ұсынады.   Халық Банкі сондай-ақ өзінің Ресейдегі, Грузиядағы және Қырғызстандағы Халық Банкінің Зейнетақы қоры отандық жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында "Еуропалық стандарттарға сәйкес өнім мен қызмет сапасына қол жеткізгені үшін" номинациясында "EUROPEAN QUALITY AWARD" еуропалық сапа" халықаралық наградасының алғашқы, әрі жалғыз иегері атанды.

  Бұл жоғары награда марапат еуропалық стандарттарға сай өнім мен қызметтің жоғары сапасы үшін тағайындалады.

  Марапаттан үміткерлерді іріктеу Еуропалық Бизнес Ассамблеясының аналитик мамандарының ұлттық әріптестер, іскерлік БАҚ, елшіліктер, коммерциялық палаталар, сауда өкілдіктері және ақпарат агенттіктерінің мәліметтерін зерттеу барысындағы ұсыныстары негізінде жүргізілді.

  Қордың басты стратегиялық мақсаты — Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорлар арасындағы көшбасшылық позициясын сақтап қалу, салушыларға (алушыларға) арналған инвестициялық табысты, тәуекелдің қисынды дәрежесінде қамтамасыз ету, Қордың бәскекелестікке қабілеттілігін және қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру.

  Қордың міндеті (миссиясы)

  Қазақстан Республикасының Зейнетақылықке қатысты қызмет көрсету нарығының көшбасшысы болып табылатын Қор, өз салушыларының (алушыларының) дәулеттілігін арттыру мақсатымен және олардың байқуатты, мамыражай болашаққа деген сеніміне сүйене отырып, өз қызметін адал, ашық және кәсіби тұрғыда атқарады. Қор, Қордың әрбір қызметкерінің потенциалын дамытуға, олардың кәсібилігіне және жоғары корпоративтік мәдениетке негізделген табысты, ең үздік қаржылық компаниялардың бірін құру жолында еңбек етіп келеді.

  Қор өзінің қызмет жолында төмендегідей құндылықтарды жетекшілікке алады:

 -  Қор қызметінің ашықтығы және мөлдірлігі, зейнетақылық жинақтар құпиясын құрайтын ақпараттарды қоспағанда;

- Қордың қызметіне қатысты қабылданатын шешімдердің негізділігі;

- Дистрибуциялық желілердің жүйелі дамуы мен қызмет көрсетудің электронды тәсілдерінің арқасында, салушыларға (алушыларға) көрсетілетін қызметтердің максималды қолжетімділігі;

- салушылардың (алушылардың) аманат етіп сеніп тапсырған ақшалай құралдарының қауіпсіздігіне және тиімді басқарылуына деген жауапкершілік;

- факторлардың анализіне және мүмкін болған тәуекелдердің ескерілуіне негізделген, салмақты инвестициялық саясат;

- ағымдағы, перспективалық және стратегиялық мәселелердің оңтайлы шешілуі үшін, қызметкерлердің кәсіби және жеке тұрғыдан өсуіне қаражат бөлу;

- салушылардың мүмкіндігінше разы болулары үшін, көрсетілетін қызметтердің сапасын үздіксіз жақсартып отыру;

- халықтың Зейнетақылық нарықтағы ең үздік қызмет түрлерін дұрыс таңдай білулері үшін, олардың қаржылық сауатын арттыру;

- салушылардың мүдделері үшін, команданың барлық мүшелерінің қызметтегі нәтижеліліктерін арттыру мақсатында командалық рухты дамыту;

- команданың ортақ жұмысына деген жауапкершілікті бөлісуі және алға қойылған мақсаттарды түсінулері үшін, әрбіз қызметкердің бойынан көшбасшылық қабілеттерді дамыту;

- көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және Қордың қаржылық және уақытша шығындарын қысқарту мақсатында, заманауи компьютерлік технологияларды, инженерлік-техникалық жетістіктерді енгізу;

- жігерлілік және креативтілік, инновацияларға деген қабілеттілік, сондай-ақ әрбір қызметкердің және жалпы Қордың командасының жұмысын жақсарту мақсатында енгізілетін жаңа шешімдерді қолдап, қуаттау;

- Қордың алға қойған мақсаттарға қол жеткізуі үшін, күнделікті және актуалды мәселелердің жаңаша шешімдерін қарастыру.

   Жоғарыда келтірілген құндылықтар негізінде Қор өзінің салушыларымен (алушыларымен), қоғамымен, акционерлерімен, сонымен қатар өзінің қызметкерлерімен арада байланыс құрып, үзбейді; жаңа мақсаттар қояды және оларға қол жеткізу жолдарын анықтайды.

                 2.2 Қ.Р халықты зейнетақымен қамту.

Бүгінде Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз етудің үш дәрежелі жүйесі қалыптасқан:

  Бірінші дәрежесі-мемлекеттік негіздегі зейнетақы;

  Екіншісі-міндетті зейнетақы жарналары есебінен болатын ортақ жүйе мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан тұратын зейнетақы;

Информация о работе Қазақстан Републикасында Зейнетақымен қамтамасыз ету қорының қаржылық реформасы