Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:18, курсовая работа
Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - 3бет
I-тарау.Жинақтаушы зейнетақы қорлары,мақсаты мен міндеттері _ _ _ _ -4бет
1.1 Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару_ _ _-4бет
1.2 Қ.Р.Жинақтаушы зейнетақы қорлары_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - 9бет
1.3 «Ұлар Үміт» Жинақтаушы зейнетақы қоры _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - 13бет
1.4 «МЖЗҚ»Жинақтаушы зейнетақы қоры _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _-15бет
II-тарау. «Халық банк Жинақтаушы зейнетақы қоры»_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ -21бет
2.1 Қордың 2015-жылға дейінгі мақсаттары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - 21бет
2.2 Қ.Р халықты зейнетақымен қамту_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _-24бет
III-тарау.Зейнетақы қорының статистикалық көрсеткіштері және оны талдау_ _ _-27 бет
3.1 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қорларының статистикалық көрсеткіштерін талдау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ -27бет
Қортынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ -30бет
Пайдаланылған әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - 3бет
I-тарау.Жинақтаушы зейнетақы қорлары,мақсаты мен міндеттері _ _ _ _ -4бет
1.1 Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару_ _ _-4бет
1.2 Қ.Р.Жинақтаушы зейнетақы қорлары_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - 9бет
1.3 «Ұлар Үміт» Жинақтаушы зейнетақы қоры _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - 13бет
1.4 «МЖЗҚ»Жинақтаушы зейнетақы қоры _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _-15бет
II-тарау. «Халық банк Жинақтаушы зейнетақы қоры»_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ -21бет
2.1 Қордың 2015-жылға дейінгі мақсаттары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - 21бет
2.2 Қ.Р халықты зейнетақымен қамту_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _-24бет
III-тарау.Зейнетақы қорының статистикалық көрсеткіштері және оны талдау_ _ _-27 бет
3.1 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қорларының статистикалық көрсеткіштерін талдау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ -27бет
Қортынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ -30бет
Пайдаланылған әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ -31бет
Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты жолдауында «Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру қажет» екендігін алға қойды, сонымен қатар «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Казақстан Республикасының халқына Жолдауында: «...іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін халықаралық стандарттармен сәйкестендіреміз» деп атап өтті . Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру,зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы елдер жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған.
Жолдауда көрсетілгендей зейнетақы мөлшерін ұлғайту арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру көзделген. Ол үшін қазіргі таңда елдегі жинақтық зейнетақы жүйесін дамыту арқылы бұл мақсаттарға қол жеткізуге болады.
Қазақстанда нарықтық реформалардың нәтижелілігіне қарамастан, халықтың зейнетақылық қамтамасыз етілуі қазіргі талаптарға сай емес. Қазақстан үшін зейнетақылық қамтамасыздандыру реформасы 1998 жылдан басталады. Айта кету керек, зейнетақы реформасының негізгі принциптері жалпы алғанда дұрыс анықталған. Реформа бастапқы сатыда оң нәтижелер әкелді: зейнетақыны кешіктірмей беру және зейнетақыылық қамтамасыз етуде жағдайдың тұрақтануы. Бірінші рет зейнетақы жарналары екі негізгі функцияларды атқара бастады – салымшылардың нақты зейнетақысын көбейту және мемлекеттің экономикасын инвестициялау. Нақты зейнетақы жарналарының көлемін халықтың мемлекеттің экономикасын дамытуға салымдары ретінде есепке алу керек, себебі жинақтық жүйенің зейнетақы жарналары мемлекеттік бюджетке түспейді, ол капитал нарығының дамуына бағытталады.
I-тарау.Жинақтаушы зейнетақы қорлары,мақсаты мен міндеттері.
1.1 Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару .
Зейнетақы Қоры– зейнетақы төлеуге арналған мақсатты қор. Зейнетақы қоры қаражаты салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің, жеке еңбек қызметімен айналысушы азаматтардың міндетті сақтандыру жарналары есебінен құралады.
Зейнетақы қоры мынадай арнаулы міндеттерді атқарады:
-сақтандыру жарналарын жинайды; қызметкерлер мен басқа да азаматтардың жұмыста жарақат алып зақымдануы салдарынан немесе кәсіптік сырқатқа ұшырауы салдарынан болған мүгедектік бойынша немесе асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік зейнетақы есептеу үшін олардың денсаулығына зиян келтірілгеніне кінәлі жұмыс берушілер мен азаматтардан ақша өндіріп алады;
-қор қаражатын капиталға айналдырады, сондай-ақ, оған ерікті жарна тартады;
-салық органдарының қатысуымен қорға міндетті сақтандыру жарналарының уақытылы және толық түсуін бақылайды;
-сақтандыру жарналары бойынша барлық санаттағы төлемшілердің мемлекеттік деректер қорын ұйымдастырады;
-қор құзыретіне қатысты мәселелер бойынша үкіметаралық ынтымақтастықты жолға қояды.
Зейнетақы қорының қаражаты:
-жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынан;
-жеке еңбек қызметімен айналысушы азаматтардың сақтандыру жарналарынан;
-әскери қызметшілерге және зейнетақы төлеу жөнінен оларға теңестірілген азаматтарға, мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге, олардың отбасыларына әлеуметтік зейнетақы төлеуге, балаларға, жалғызілікті аналарға жәрдемақы төлеуге, Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардан зардап шеккендерге, экологиялық апат аймақтарындағы азаматтарға берілетін жеңілдіктерге, т.б. арналып, елдің республикалық бюджетінен бөлінген қаражаттан;
-ерікті жарналардан құралады. Қазақстан Республикасында жүргізілген зейнетақы реформасының нәтижесінде өз активтерін халықтың қаражат есебінен қальштастыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары қурылды. Зейнетақымен қамтамасыз етудін жаңа жүйесі 1997 жылдың 20 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес оның нақты жұмысына, ең бастысы — зейнетақы жинағының сақталатындығына кепілдік береді.
1999 жылдың басында ҚР Үкіметінің қаулысымен міндетті зейнетақы жарнасын төлеудің тәртібі өзгертілді. Алайда бүл арада аударудың тетігі өзгеріссіз қадды. Міндетті зейнетақы жарнасы бұрынғыша жұмыс берушінің есебінен емес, жұмысшының табысынан 10% мөлшерінде ұсталады. Міне, осы тәртіпті заңдастыру арқылы ғана зейнетақы жинағының меншікті құқығын бекітуге болатын еді. Оның үстіне, әрбір келісімшарт бойынша салымшыныц есеп кітапшасы ресімделеді. Тағы бір кепілдікке мынау жатады: жұмыс беруші кызметкердің келісімінсіз зейнетақы келісімшартын бұза алмайды.
Жинақтаушы зейнетақы қор — бұл ҚР заңында белгіленген тәртіппен зейнетақы жарнасын тарту және зейнетақы төлеу бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратыи заңды тұлға.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың міндетті жарнасын шоғырландырып, оларды әр түрлі бағалы қағаздарға орналастыру арқьшы қордың инвестициялық портфелін қалып-тастырады. Олар мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына (МЖЗҚ) және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына (МЕЖЗК) бөлінеді.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры заңды тұлғаны білдіреді. Оның құрылтайшысы —мемлекет. Мемлекет салымшылардан міндеіті зейнетакы жарнасын алады және зейнетақы алушыларға зейнетакы төлейді. Сонымен бірге зейнетақы активтерін қалыптастырьш, оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктің депозиттеріне, халыкаралық қаржы ұйым-дарының бағалы қағаздарына инвестициялайды.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры — салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын алуды әрі зейнеткерлердің зейнетакысын төлеуді, сондай-ақ зейиетақы активтерін қалыптастыру және оларды инвестициялау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын занды тұлға. Ол міндетгі қорларға қарағанда ерікті зейнетақы жарнасын да тарта алады. Ерікті зейнетақы жарнасын салымшылар заңда және зейнетақы келісімшартында белгіленген тәртіппен және мөлшерде өз бастамасы бойынша енгізеді. Зейнетақы активтері ЖЗҚ-дан зейнетақының төленуін қамтамасыз етеді әрі жүзеге асырады. Қор зейнетакы активтерін инвестициялау арқылы инвестициялық табысқа қол жеткізеді.
Жоғарыда аталған ЖЗҚ түрлерінен өзге ашық ЖЗҚ мен корпорациялық ЖЗҚ-ны бөліп көрсетуге болады.
Ашық ЖЗҚ салымшының зейнетақы жарнасын оның жұмыс орнына және тұрғылықты жеріне қарамастан қабылдай береді. Резидент болып табылатын заңды және жеке тұлғалар да, резидент емес завды және жеке тұлғалар да оның қүрылтайшылары мен акционерлері бола алады. ҚР резидент емес қатысушысы бар ашық ЖЗҚ — бұл 25%-дан да көп дауыс берушінің акциялары төмендегілердің меншік иесінде немесе басқаруында болатын зейнетақы коры:
• ҚР резиденті еместер;
• 50%-дан да көп акциясы ҚР резидент еместердің меншігінде немесе басқаруында болатын ҚР резидентінің занды тұлғасы;
• ҚР резиденті еместерінің, бағалы қағаздарына атаулы ие болып табьшатын ҚР резиденттері.
Корпоративтік осы қордың акционері және құрылтайшысы ретінде алға шығатын ҚР бір немесе бірнеше заңды тұлғасының алушы-жұмыскерлері үшін құрылады.
Ашық ЖЗҚ қызмсті кезінде немесе оған құрылтайшы болған кезеңде бірде бір тұлғаның дауыс құқығы бар акцияның жалпы санында 25%-дан артық акцияны тікелей немесе жанама иеленуге, өкім жүргізуге немесе басқаруға құқығы бол-майды. Корпоративтік ЖЗҚ-да мүндай щектеулер жоқ. Алайда зейнетақы жинағының нақты кұны кеміген жағдайда соңғы акционерлердің, жауапкершілігі үлкен болады, орі инвестиция-лық табыс ысырабының орнын толтырады.
Зейнетақы активтерін алғашкыда ЗАБК (зейнетақы актив-терін басқару компаниясы) ғана орналастыра алады. ЖЗҚ жарна түсімін кастодиан-банктің шотына орналастырады, ал ЗАБК үш күниің ішінде оларды әр түрлі бағалы кдғаздарға орналастыруга міндетті. Бір ЖЗҚ тек бір ғана ЗАБК-мен кедісім-шартқа отыра алады, ал Компания өз кезегінде бірнеше ЖЗҚ-ға кызмет көрсете алады. Бүгінгі танда оның атауы өзгерген; ЗАИБЖҮ — зейнетакы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын үйьм. Жинақтаушы зейнетакы қорларына инвестициялық портфельді қалыптастыру барысында активтерді дербес орналастыруына рүксат етілген.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар:
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында құрылады.
Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент емес жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және (немесе) уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым бiр мезгiлде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы активтерiн басқаруға шарт жасасуға құқылы.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар:
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында құрылады.
Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент емес жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алады.
Рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі бір рейтінгін иеленген заңды тұлға қаржы ұйымы ғана Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы немесе акционері бола алады. Рейтинг агенттіктерінің тізбесі мен ең төмен рейтингті уәкілетті орган белгілейді.
Оффшорлық аймақта тіркелген коммерциялық ұйым мәртебесі бар заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалар тікелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
Шет ел қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық жарғылық қоры Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдардың жарияланған жиынтық жарғылық капиталының елу процентінен аспауы керек.
Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің кемінде үштен бірі Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі мен басқармасының Қазақстан Республикасының резиденті емес мүшелері қаржы рыногында қызметін жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжірибесін куәландыратын құжаттарды табыс етуге міндетті.
Дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамы жиынтық түрінде:
1) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаның;
2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың меншігінде немесе басқаруында жүрген Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаның;
3) Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің меншігіндегі немесе басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым болып табылады.
1.2 Қ.Р.Жинақтаушы зейнетақы қорлары.
Қазақстанның заманауи зейнетақы жүйесі ҚР Үкіметі еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі тұжырымдамасын мақұлдап және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы қабылданған 1997 жылдан бастап өз жұмысын бастады. Жаңа ереже ынтымақтастықты жүйеден ақырындап бас тарта отырып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізін құруға жасалды.
Өткен жүз жылдық соңында зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері ерекше шиеленіс жағдайларында болды. Оған себеп бір жағынан нарықтық экономика механизміне өту болса, екінші жағынан - өткен жүз жылдықтың 90 жылдарындағы Қазақстанға тән әлеуметтік-демографиялық фактор болды.
Әрекет еткен ынтымақтастықты зейнетақы жүйенің шарттарында инфляцияның жоғарғы өсу қарқыны және халық арасындағы жұмыссыздық, ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) көлемінің төмендеуі, бюджеттік тапшылық зейнетақы төлемі жөніндегі қарыздардың пайда болуы мен ұлғаюына себеп болды және тіпті әлеуметтік кепілдіктің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету мүмкін болмады. Сайып келгенде, халықтың ынтымақтастығына негізделген зейнетақымен қамсыздандырудың таратушы жүйесінің айқын тұрақсыздығы қалыптасты. Қажетті зейнетақы шығыстарын жеткілікті қаржыландырылмауымен байланысты мәселелерге демографиялық мәселелер қабаттасты. Осылардың бірқатары қазақстандықтардың орта өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы фонында халықтың жас құрылымы формасының өзгеруімен және туылудың қысқару нәтижесінде халықтың қартаю үрдісінің жеделдеуімен байланысты болды. Жұмыссыздар деңгейінің өсуі және бейресми және толық емес жұмыспен қамтылу еңбек нарығына келеңсіз ілгеру басушылыққа алып келді, осылардың салдарынан жарналары ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінің қаржылық көзі болған халықтың бір бөлігі міндетті зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінен шығуына алып келді. Халықтың жұмыс істейтініне болжанған өсуді төмендету және зейнетақы жүктемесін шамадан тыс күшейту, жұмыскер және зейнеткер ретінде өмір сүру деңгейінің нашарлауын ескерту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің болашақта зейнетақы төлемдерін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында, осы толғағы жеткен мәселелерді шешудің баламалы жолы ретінде зейнетақы жүйесін реформалау жүргізілді.
Зейнетақы реформасының негізі етіп чилилік үлгі қабылданды. Чилидегі зейнетақы жүйесі таратып тұратын механизмді ұстамайды және қызметкердің жеке шотына қаражатты толықтай жинақтауға және жарналарды капиталдандырып отыруға негізделген. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енуші әрбір адам дербес шот алып, онда оның зейнетақы жарналары аккумуляцияланып, оның мөлшері анықталып белгіленеді. Бұл қаражаттар жеке зейнетақы қорларында жиналып, салымшылар зейнетақы жасына жеткенше олар зейнет төлемдерінің көздеріне айналады. Чилилік жүйе негізінен басқа қазақстандық үлгі өзіндік ерекшелігін және басқа елдердің тәжірибесін бейімдеп қабылдады, сол себепті әлемдік тәжірибедегі ең табыстылардың бірі болып саналады.
Информация о работе Қазақстан Републикасында Зейнетақымен қамтамасыз ету қорының қаржылық реформасы