Ақшаның пайда болу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 09:59, курсовая работа

Описание работы

Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойын-ша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз - ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас кұны, ол айналымдагы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауар-ларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз жэне несиелік ақшалар баршаға аян.

Содержание

.Ақша туралы жалпы түсінік және инфляция туралы
Ақша формалары мен түрлері........................................................
Ақша ағымдары туралы жалпы түсінік,мәні және мазмұны.........
Инфляция ұғымы және мәні.............................................................
Қазақстандағы инфляция ерекшеліктері.........................................


2.

2.1 Инфляция себептері мен салдары...........................................................

2.2 Қазақстандағы инфляцияның ерекшеліктері мен антиитнфляциялық саясат...............................................................................................................

2.3 ақша ағымдарының экономикадағы рөлі................................................

2.4 ақша ағымдарын жоспарлаудағы негізгі мәселелер

Работа содержит 1 файл

курсавой АНБ.docx

— 99.16 Кб (Скачать)

1.-сурет.

Филлипс қисығы. Қисық сызықтың жылжуы стагфляциялық  жағдайды көрсетеді.

     Батыс тәжірибесі көрсеткендей, Филлипс кисығын  қысқа мерзімдік экономика жағдайында қолдануға болады, ал ұзақ мерзімде (5-10 жыл) жұмыссыздық пен инфляция қатарласа өседі. Ұзақ мерзімде Филлипс  заңдылығы сақталмайды және оны  белгілі бір жағдайлармен түсіндіруге  болады.

     Осы жағдайлардың арасында сұранымды ынталандыру  саясатының орны ерекше. Мәселе мынада: үкіметтің жұмыссыздықты қысқарту мақсатында жүргізген іс-әрекеттері қысқа мерзімдік, уақытша ғана нәтиже береді екен.

     Айталық, номиналды еңбекақының өсуіне байланысты еңбек ұсынысы артады. Сонда Филлипс  қисығы концепциясына сєйкес инфляцияның  өсуі жұмыссыздықты қысқартуы мүмкін. Номиналды жалақының өсуі осы  инфляцияның өсуіне байланысты жүреді. Бірақ уақыт өткен сайын инфляцияның  өсу қарқыны номиналды жалақының  өсуінен артады, сондықтан нақты  жалақы төмендейді. Еңбек ұсынысы өспейтін болады.

     Номиналды жалақы өскенде, кәсіпкерлер де еңбек факторына   қосымша   сұранысты   қысқартады.   Жұмысшылардың номиналды жалақыны  инфляция  деңгейінен  артық көтеру талабы кєсіпкерлер үшін тиімсіз болады, бұл нақты пайданы азайтады.  Сондықтан кәсіпкерлер косымша жұмысшыларды жұмысқа алуды тоқтатады, ал белгілі жағдайда олар жұмыс орындарын   қысқартып,   жұмыссыздықты   арттырады.   Бұл мәселеге 60-шы жылдары американ экономисі М. Фридмен ерекше назар аударған еді. Оның айтуынша, жұмыссыздықпен инфляция арқылы күресу тиімсіз, керек десеңіз, қауіпті іс-әрекет екен. Еңбекақы мөлшерлемесінің номиналды өсуі табыстың нақты өсуіне сәйкес еместігі анықтылған соң инфляциямен бірге жұмыссыздық өсетін болады, яғни стагфляция басталуы мүмкін.

     Филлипс қисығын жұмыссыздық пен инфляция баламасын, талдау құралы ретінде тек  баяу инфляция жағдайында қолдануға  болады деген пікір бар. Ал тосын инфляция жағдайында (мысалы, 70-ші жылдары энергия ресурстарына бағаның тосын өскен кезіндегідей) бағалардың күрт өсуі жұмыссыздықты бұрынғыдан да жоғары көтеріп жіберуі мүмкін. Басқаша айтқанда, статистикалық деректердің негізінде жасалған Филлипс қисығы ұзақ мерзім үшін тұракты экономикалык заңдылықты көрсетпейді.

     Филлипс қисығының орнына 1979 ж. бастап АҚШ-та және Англияда «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деп аталатын теория қолданылатын болған. Бұл теорияның мәні мынадай: ұзақ мерзімде жұмыссыздықтың деңгейі  оның табиғи деңгейінен артпаса ғана қоғамда баяу инфляция калыптасады, ал баяу инфляция экономиканың өсуіне, қоғамның оңды дамуына әсер ететін фактор болады.

     Қоғамдағы жұмыссыздық деңгейі оның фрикциондық  және құрылымдық түрлерінен құралған болса, жұмыссыздықтың табиғи (тепе-тең) деңгейі еңбек нарығының құрылымымен  анықталады.

Бірақ жұмыссыздықтың табиғи деңгейін сақтап, инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге  арналған экономикалық саясат әрқашан  оңды нәтиже бере бермейді. Бұл саясаттың  жақсы жақтарын ескере отырып мынадай  бір мәселені білген дұрыс: жұмыссыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін төмендегенде де бағалардың өсуі бірден тоқтамайды екен, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса береді. Бұған қоса соңғы онжылдықта Батыс елдерінің көбінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі өсіп отыр.  Мысалы, АҚШ-та жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 60-жылдары 4%-ке тең болса, 80-жылдардың екінші жартысында 6-7%-ке дейін өскен екен.

     Инфляцияның экономикалық субъектілердің экономикалық жағдайларына ықпалы қарама-қайшылықты болып келеді.  Жоғары  инфляция  бизнеске  қауіп  төндіреді  және   инвестиция көлемін кемітеді. Әдетте, инфляция тұрақты табыс алушылар үшін тиімсіз  (бюджет  сферасындағы кызметкерлерге,   несие берушілерге және жинақ иелеріне). Бағаның деңгейіне қарағанда табыстары тез өсетіндер үшін оның келеңсіз салдарынан құтыларлықтай мүмкіндік бар. Табыстың кеңейтілген көздері, мысалы, қаржылық активтер мен қозғалмайтын мүліктер, өздерінің иелерін инфляциядан бір мезгілде ұтып та, ұтылып та қалуларына жеткізеді. Инфляция, сондай-ақ, мемлекетке пайдалы да бола алады, мәселен, бюджеттің жетімсіздігін ақшаны бопырлата басып шығару есебінен қаржыландырып, инфляциялық  салық  алады.

     Инфляциялық салық - үкмет айналымға косымша ақша шығарудан алатын салық, яғни мемлекет баспа станогы арқылы өз табыстарын ұлғайтады. Инфляциялық салық басқа салықтарға ұқсамайды, оның іс-әрекеті бүркемелі түрде жүргізіледі. Ақшаның артық басылуы бағаның өсуне ықпал етеді, бұл ақша құнын жоғалтуға (жоюға) әкеледі. Сондықтан инфляциялық салық ақшасы бардың бәріне салынады.

   Антиинфляциялық саясат. Антиинфляциялық саясаттың мақсаты инфляцияны басқарушылық етіп, ал оның деңгейін едәуір бірқалыпты етіп жасау. Ол үшін ақшалай – несиелік, бюджеттік, салықтық әдістері, кірістер саласындағы іс-шаралар, сондай-ақ тұрақтандырудың әртүрлі бағдарламалары қолданылады. Инфляциямен күресудің әдістері тура және жанама болуы мүмкін.

  1. жанама әдістер: а) оларды орталық банктың басқаруы арқылы ақшаның жалпы салмағын реттеу; ә) оларды орталық банктердің басқаруы арқылы коммерциялық банктердің несиелік және есептілік пайыздарын реттеу; б) коммерциялық банктердің міндетті қорлары, орталық банктердің ашық базарда құнды қағаздармен операциялары.
  2. Тура әдістер: а) мемлекеттің несиелерді және сонымен  бірге ақшалай салмақты тура және тікелей реттеуі; ә) бағаларды мемлекеттік реттеу; б) жалақыны мемлекеттік (кәсіподақтармен келісу бойынша) реттеу; в) сыртқы сауданы, капиталды әкелу мен әкету және валюта бағамын мемлекеттік реттеу.

Антиинфляциялық саясаттың бірнеше жіктеулері бар. Мысалы, ортодоксальды және гетеродоксольды.

    1. Ортодоксальды нұсқасы экономикаға мемлекет жағынан аз араласудың классикалық емес тұжырымдамасына негізделген. Бюджеттің теңгерілу және айналымда ақшалай салмақтың өсу темпін ұстап тұру проблемаларын шешуде оның қызмет саласын шектеуді ұсынады.
    2. Гетеродоксальды нұсқа экономикалық үрдістердің барысына аса белсенді мемлекеттік араласуды көздейді, соның ішінде: баға мен жалақының өсімін уақытша тоқтатып тастау; кәсіпкерлікті және халықтың жинақтарын ынталандыру жөніндегі шаралар, ең алдымен салықтық ауртпалықтарды төмендету арқылы; нарықтық инфрақұрылымды дамыту және өмірге маңызды салалар мен өндірістерді қолдау; сыртқы сауда мен валюталық операцияларды реттеу.

      Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс-шаралар арқылы инфляцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?

      Бүл екі ұшты мәселе әртүрлі елдерде ерекше жағдайларға байланысты шешіледі екен. Мысалы, АҚШ-та және Англияда инфляциямен күресу мәселесі мемлекет деңгейіне көтеріліп қойылады. Басқа бірталай елдерде инфляцияға икемделу іс-шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады (табыстарды индексациялау және т.б.) .

      Инфляцияға  карсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс теориясының өкілдері зерттейді) белсенді бюджет саясаты жүргізіледі - сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраньм жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады. Бірақ 60-70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады.

      Екінші әдістемені жана классикалық бағыттағы экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға ақша-несие арқылы реттеу әдісін кояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталық банк айналымдағы ақша  көлемін өзгертсді және қарыз пайызы (процент) кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.

      Басқаша айтқанда, мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс-шаралар жүргізуі қажет. Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуіп ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын (бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т.б.) толық жою мүкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен-өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде ипфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.

      Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс-шаралар саясатын қолдану кажет. Бұл шаралар жиынтығын келесі схема түрінде сипаттауға болады. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты, біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күрсу, т.б.) нарықтың тиімді кызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.

      Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.

      Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс шаралары, нақты айтқанда,  жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.

      Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.

      Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсірсді; қосымша өнім өндіретін кәсіпорындарға әртүрлі жеңілдіктср береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді.

      Күнделікті  сұранымды қысқарту аркылы да инфляцияға қарсы әсер етуге болады. Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін арттыруға болады. Сонда қор сақтау нормасы артады, ал тұтыну шығындары қысқарады.

      Инфляцияға қарсы саясаттық байланысты инфляциямен күресу шығындары туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты арттырып, өндіріс көлемін қысқартуы мүмкін. Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1%-ке төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2%- ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4%-ке төмен калыптасады.

      Инфляцияны ауыздықтау үшін көптеген елдер үкіметтсрі 60-шы жылдардан бастап табыс пен бағаны реттеу саясатын жүргізген еді. Бұл саясат негізінен табысты шектеуге бағытталған. Саясат инфляциямен күресудің нарықтық емес, әкімшілік әдісіне жақын болғандықтан, қойылған мақсатқа әрқашан жеткізе  бермеген.   АҚШ  тәжірибесі   көрсеткендей,  табысты тежеу саясаты, түптеп келгенде, ұзақ мерзімде тұрақты нәтиже бермеген. 1971-1974 жылдары АҚШ үкіметі жалақы мен баға деңгейін тікелей реттеу тәртібін қолданған екен. 70-жылдардың соңында табыс  пен бағаны  тікелей  реттеу тәртібі жойылып, оның орнына орындауға міндетті емес үкіметтің ұсынысы   ретінде   сақталған   болатын.   Ал   80-жылдардың басында президент Р. Рейганның әкімшілігі  бұл мәселемен     айналысатын мемлекет мекемелерін таратып жіберген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Ақшаның пайда болу тарихы