Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 09:59, курсовая работа
Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойын-ша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз - ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас кұны, ол айналымдагы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауар-ларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз жэне несиелік ақшалар баршаға аян.
.Ақша туралы жалпы түсінік және инфляция туралы
Ақша формалары мен түрлері........................................................
Ақша ағымдары туралы жалпы түсінік,мәні және мазмұны.........
Инфляция ұғымы және мәні.............................................................
Қазақстандағы инфляция ерекшеліктері.........................................
2.
2.1 Инфляция себептері мен салдары...........................................................
2.2 Қазақстандағы инфляцияның ерекшеліктері мен антиитнфляциялық саясат...............................................................................................................
2.3 ақша ағымдарының экономикадағы рөлі................................................
2.4 ақша ағымдарын жоспарлаудағы негізгі мәселелер
Үкімет "Стратегия-2030" сәйкес инфляция қарқынының жыл ішінде 5-6% шамасында болуына ұмтылып отыр. Мұндай нәтижеге жету үшін Үкімет:
-
ақшалай-несиелік және
-
ішкі инвестициялық
-жинақтаушы зейнетақы
- бюджеттік жетіспеушілікті
- мемлекеттік құнды кағаздардың
айналым мерзімін ұзартады
Жалпы
алғанда, инфляцияға қарсы саясаттың
ұзақ мерзімдік стратегиялық жєне
күнделікті жүргізіліп отыратын
ағымдық, тоқтаусыз тактикалық
түрі болды. Монетарлық саясат
негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын,
айналымдағы ақша көлемін кадағалап
реттейтін тактикалық саясат түріне
жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда,
мысалы, гиперинфляция кезінде,
бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне
айналуы занды. Бірақ, жалпы алғанда,
дамыған Батыс елдерінің
2.1Инфляцияның себептері мен салдары
Инфляция негізінен
Дисбаланстің себептерін әртүрлі жағынан түсіндіруге болады. «Инфляция» ұғымының теоретикалық негізі өзінің арсеналында үш негізгі бағыттан тұрады: инфляцияның Кейнс теориясынан; монетаристік сандық тұжырымдамадан; төтенше шығындардың теориясынан.
Инфляцияның Кейнс теориясы
Бағаның өсуінің шын мәніндегі
инфляциялық себептерден
Инфляцияның
пайда болу себептері сыртқы да,
ішкі де болуы мүмкін. Сыртқы себептерге
көбінесе мыналар жатады: сыртқы саудадан
түсетін түсімдердің қысқаруы, сыртқы
саудалық және төлем балансының теріс
сельдосы, шикізат пен мұнайға
бағаның бірнеше есе өсуімен
сүйемелденетін құрылымдық әлемдік
дағдарыстар (шикізаттық, энергетикалық,
экологиялық). Қазақстандағы инфляциялық
құбылыс, мысалы, қазақстандық экспорттың
маңызды бабын құрайтын жағармайға
әлем нарығында бағаның құлауын
күшейтті, сондай-ақ астықтардың едәуір
импорты жағдайларында астық
нарығындағы қолайсыз коньюнктура.
Банктердің ұлттық валютаны шетелдіктердікіне
айырбастауы қағаз ақшаларының
қосымша эмиссиясына
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайдың (конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс қарқынды да, ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді.
Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер етеді, экономнкада «Танзи-Оливер әсері» деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді XX ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері ашып зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді.
Экономиканың интеграциялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады.
Инфляция және жинақтар. Инфляция жинақтардың иелеріне қатты нұсқан келтіруі мүмкін. Бағаның өсуімен нақты құн немесе сатып алушылық қабілет қара күнге деп жинақталған жинақтар азаяды. Инфляция кезінде банктегі жедел есеп шоттардың, сақтандыру полистарының, жыл сайынғы түсімдердің және көзделген ауыр жағдайларды жеңіп шығу үшін бір кезде жетіп отырған басқа да қағаздай активтердің нақты құны. Әрине, жинақтардың барлық нысандары пайыз әкеледі, бірақ дегенмен егер инфляция деңгейі пайыздық мөлшерден асатын болса, онда жинақ құны түсетін болады.
Инфляция және несиелі қарым – қатынастар. Инфляция сондай-ақ дебиторшы мен несиешінің арасындағы кірістерді бөледі. Әсіресе, көзделген инфляция несие берушілердің (қарыз берушілердің) есебінен дебиторшыларға (қарыз алушыларға) пайда әкеледі. Инфляция соңғы екі онжылдықта сатып алушыға күтпеген бақыт әкелді, мысалы, 60-шы жылдардың ортасында қойылған пайыздық мөлшермен үйлер кепілге қойылды. Бір жағынан, инфляция салынып тасталғандарға берешектің нақты ауыртпалығын едәуір жеңілдетті. Екінші жағынан, үйлердің номиналды құны бағаның жалпы деңгейінен жылдамырақ өсті. Номиналды ұлттық кіріс, демек, салық жиындары да инфляция кезінде өседі, ал мемлекеттік қарыздың мөлшері өспейді. Бұл инфляцияның үкіметке мемлекеттік қарыздың ауыртпалығын жеңілдетеді. Инфляция осындай пайданы үкіметке әкелгендіктен, кейбір экономистер ашық түрде сұрақ қояды: қоғам үкіметтің ынта қоятындығына сене ала ма? Шынында да, Бразилия сияқты кейбір елдер бір кезде өздерінің қарыздарының нақты құнын төмендету үшін инфляцияны соншалықты кең қолданды, қазір несие берушілер қарызды өздерінің валютасында емес, америкалық доллармен немесе қандай да бір басқа тұрақты валютада алуына мәжбүрлейді. Бұл инфляцияның елдің ішінде қолдануын болдырмайды. Кез келген инфляция ел ішінде төлеуге қажетті қарыздың құнын емес, оның валютасының нақты құнын төмендетуге әкеліп соқтырады.
Инфляция және салықтар. Инфляциядан болатын шығындардың тағы да бір маңызды элементі (дүрыс күткен жағдайларда, бірақ институттардың толық емес бейімділігі) салық жүйесінің инфляциялық үрдістерге бейімделу тауқыметтерінен пайда болады. Мұнда екі ірі проблема бар. Біріншіден, баға деңгейінің өсуінен салық төлемдерінің үлесі нақты кірістердің жалпы көлемінде өседі, осылайша салықтардың прогрессивті өсімінің эффектісі туады. Егер салықтар кейінгісінің көлеміне қарамай-ақ номиналды кірістерге тұрақты пропорцияда тұрса, онда ешқандай жағдайда адамдар салық түрінде өздерінің кірістерінің бірдей бағаның деңгейінен байланысты болатын пайыздарын төлеуші еді. Салық салу нормасында оның прогрессивті нысанын қолданған кезде номиналды кірістердің деңгейімен бірге ұлғаю бет алысы болады, онда инфляция номиналды кірістердің өсіміне келе отырып, нақты кірістердегі салықтардың да үлесін өсіреді. Екінші меселе капиталдың салық салуымен байланысты. Капиталға салық салу кірістері жақсы кездерде де күрделі мәселе болып жүрді. Мұндай капиталдан түскен табысқа кіріс ретінде немесе арнайы, аса төмен мөлшерлеме ретінде салық салынуы керек пе, деген негізгі сұрақ туындайды. Экономикада инфляция пайда болған кезде осы проблема одан сайын қиындай түсті, өйткені капиталдың өсімі нақты табыстарға қарағанда инфляцияға аса жедел әсер етеді. Бірде бір елде капиталға салық салуға инфляцияның әсерінен болатын салдарлардың бейтараптандыруында айтарлықтай табысқа қол жеткізе алмады. Салықтар саласындағы кейбір мамандар инфляциядан болатын залалдардың көбі, оның нақты салық салу капиталын өсіруінде де санайды.
Инфляцияның әлеуметтік салдары да бар, ол ұлттық табыстың қайта бөлінуіне әкеледі, тұрғындар үшін инфляция қосымша салық сияқты, бағалардың өсу қарқыны номиналды (ақшалай) табыстың өсуінен жоғары болады, сондықтан нақты (реалды) табыс азаяды. Инфляцияның зардабы әсіресе табысы шектеулі әлеуметтік топтар үшін ауыр болады.
Филлипс қисығы.
Инфляция жұмыссыздыққа да айтарлықтай ықпал жасайды. 1958 жылы ағылшын экономисі О.Филлипс осы ықпалды өлшеп көрсететін сұраным инфляция үлгісін (моделін) жасап ұсынған екен. 1861-1956 жылдар аралығында Ұлыбритания статистика мәліметтерін қолданып Филлипс еңбек ақы келісімдері мен жұмыссыздық деңгейлерінің арасындағы кері қатынасты білдіретін қисық сызықты (функцияны) анықтаған.
Филлипстің
анықтауынша, Англияда жұмыссыздықтың
2,5-3%-тен артық өсуі бағалар мен
жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан
жұмыссыздықтың қысқаруы баға мен еңбек
ақының өсуін қалыптастырады деген
қорытынды шығады. Басқаша айтқанда,
ұлттық экономикада жұмыссыздықты
инфляцияның өсу қарқынын арттыру
арқылы қысқартуға болады. Кейіннен американ
экономистері Р. Солоу және П. Самуэльсон
Филлипс қисығын жетілдіріп, оның жаңаша
үлгісін жасап берген. Олар Филлипс моделінде
еңбек ақы мөлшерлемесін (ставкасын) тауар
бағаларының өсу карқынымен ауыстырады.
Бұл түрінде Филлипс қисығы белгілі экономикалық
саясатты жүргізу үшін, ең алдымен, жұмыспен
қамту, экономиканың өсуі, бағаларды тұрақтандыру
жағдайларын анықтауда қолданылады.