Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 09:59, курсовая работа
Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойын-ша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз - ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас кұны, ол айналымдагы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауар-ларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз жэне несиелік ақшалар баршаға аян.
.Ақша туралы жалпы түсінік және инфляция туралы
Ақша формалары мен түрлері........................................................
Ақша ағымдары туралы жалпы түсінік,мәні және мазмұны.........
Инфляция ұғымы және мәні.............................................................
Қазақстандағы инфляция ерекшеліктері.........................................
2.
2.1 Инфляция себептері мен салдары...........................................................
2.2 Қазақстандағы инфляцияның ерекшеліктері мен антиитнфляциялық саясат...............................................................................................................
2.3 ақша ағымдарының экономикадағы рөлі................................................
2.4 ақша ағымдарын жоспарлаудағы негізгі мәселелер
Инфляция – бұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ал қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеде.
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, , ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған: қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектелуі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктеп тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Инфляцияның түрлерін жіктеу.
Инфляцияны әртүрлі белгілері негізінде жіктейді. Инфляцияның мыныдай типтері болады.
Баға өсуінің қарқыны бойынша:
1.Бірқалыпты – жылына 10% - ға дейін
2.Шоқырақтау – жылына 20% - дан 200% - ға дейін.
3.Гиперифляция – жылына 1000% - ға дейін.
Экономика теориясында, жеке
Шоқырақтау (қарқынды) инфляция – экономика үшін едәуір қиын жағдай, біраз іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.
Гиперинфляция –
инфляцияның ұлттық өндіріс пен
жұмыс бастылық, көлеміне күйретерліктей
ықпал жасайтындай төтенше тез
қарқынды өсуі болып табылады. Гиперинфляциянда
бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған
процентке артқан жағдаймен сипатталады.
Гиперинфляция кезінде
Инфляция ашық және басыңқы деп ажыратылады. Біріншісі – бағаның өсуі, екіншісі – тауардың жоғарлуы.
Ашық инфляция жағдайында бағалардың өсуі және өсу қарқыны айқын байқалады және ресми түрде есепке алынады. Бірақ, бағалардың деңгейі ресми түрде өспеген болса да, құнсыздану (инфляция) жағдайы қалыптасуы мүмкін. Инфляцияның бұл түрлі тауар тапшылығынан көрінеді. Тауарлардың тапшылығына байланысты оларды ақшаға сатып алу қиындайды, яғни ақша (табыс) құнсызданады.
Ашық инфляцияны жіктеу үшін бірніше белгі қажет:
1.Бағаның өсу қарқыны (баға индексі).
2.Әр
түрлі тауар топтары бойынша
бағаның өсу деңгейінің
3.Инфляцияның
күтілуі және алдын ала
Бірінші белгі тұрғысынан жоғарыда аталып кеткендей бояу, секірмелі
және гиперинфляция деп ажыратылады.
Екінші белгі
тұрғысынан инфляцияның екі
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі (ставкасы) де өседі. Нарықта тепе – теңдік (тұрақтылық) сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке товар топтарына бағы бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі.
Үшінші белгіден күтілетін және күтілмейтін инфляцияны бөледі. Күтілу факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен халық келесі жылы баға 5 есе өсетінін білсе, онда тиімді нарық жағдайында олар келесі жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім күтілетін инфляциядан зардап шекпейді. Ал күтілмейтін инфляция жағдайында бағаның 10%- ке өсуі экономикалық жағдайды күрт нашарлатады.
Тосылған инфляциясы тосын инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды». Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан нарықта қалыптасқан жағдай бұзылады, сұраным мен баға бұрынғыдан да тез өсетін болады. Сонымен бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындардың «инфляциялық, тосу психологиясын» туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ал нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды; және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт табысын қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға деңгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.
Басыңқы инфляция жағдайында бағаны мемлекет реттейді, бұл СССР (КСРО) – да орын алған. Сондықтан тауарға сұраныстың өсуінде баға көтерілмейді (бұл нарық шартына сәйкес) және тепе – теңдіктен төмен болады. Содан дефицит пайда болады. Дефицит көлеңкелі экономиканы тудырады. Қажет тауарда іздеуді сатып алушы сатушыға қажетінен көп төлеп бұдан ақша өндірісті айналып өтіп, саудада шоғырланады. Сосын өндірушілерде тауар өндіруге ынта болмайды. Соңында сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс күшейеді.
Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенді, инфляцияның басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
Өнімнің көтерме
бағасы оларды дайындауға кететін шығындардың
өсуімен байланысты өсіп отырады. Экономиканың
әр түрлі секторларындағы
Батыс
елдерінің экономистері жасаған
теорияларда альтернативті
1.4 Қазақстандағы инфляция ерекшеліктері.
Осы
күндері Қазақстанда қалыптасып
отырған инфляцияның
Қоғамдық өндіріс кұрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.
Кеңес
экономикасының 70-ші жылдың даму кезеңдерінде
қоғамдық өндірістегі диспропорциялар
әр бесжылдық сайын тоқтаусыз
ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес
экономикасында тарихи түрде қалыптасқан
диспропорцияларды бірнеше
1)
өнеркәсіп өндірісі мен ауыл
шаруашылығы арасындағы
2)
ауыр өнеркәсіп пен жеңіл
3)
шикізат өндірісі мен дайын
(түпкі) өнімдер өндірісінің
4) әскери өндіріс пен азаматтық өндіріс арасындағы сәйкессіздік;
5) материалдық өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы диспропорция т.б.
Бұл
диспропорциялар Кеңес
Қазақстанда
қалыптасқан өндіріс аралық, оның
ішінде шикізат өндірісі мен түпкі
өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция.
Тіпті бұрынғы Одақтас
Қазақстанда жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшу терең экономикалық дағдарысты жеңумен қоса жүргізілді. Өндірістің құлдырауы экономиканың барлық салаларында жүріп жатты.
Реформаның барлық кезеңінде кейде әсіре инфляцияға арналған өршімелі инфляция экономикалық дағдарыстың дәлелді сипатыты болып табылады. Тұтыну бағалары 1992 ж. 3006 %-ды, 1993 ж. 2266 %-ды құрады. Инфляцияның айлық қарқыны көбіне 30 % мөлшерінен асты, ал 1993 ж. қараша айында ол 55 %-ға жетті. Бұл жағдай стагфляция деп аталады. 1994 ж. сегіз ай мерзімінде инфляция деңгейі 1993 ж. осы мерзіммен салыстырғанда 608 %-дан 759 %-ға көтерілді.
ҚР Ұлттық банкісі жүргізген қатаң монетарлық саясат арқасында жағдай өзгеріп, инфляция айына 18-19 % деңгейінде тұрақтанды. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 1997 ж. - 11,2 %; 1998 ж. - 1,9; 1999 ж. - 17,8; 2000 ж. - 9,8; 2001* ж. -6,4 %-ды құрады.
Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңдегі инфляция себептеріне мыналарды жатқызуға болады:
-ұлттық
экономикада өндірістің терең
құлдырауынан болған тауар
-өндірілген
өнімдерге энергетикалық,
-өз
тауарлары мен қызметтеріне
-мемлекеттік
бюджеттің тапшылығы, оны
-мемлекеттің өнімсіз шығындарының жоғары деңгейі;
-басқа
мемлекеттердегі экономикалық
Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат ақша» саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген монетарлық (ақша-қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі-үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан калыптасқан өндіріс аралық диспропорциялар қысқарғанның орнына арта түсті.