Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Августа 2011 в 13:26, реферат

Описание работы

Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы болмайды.

Работа содержит 1 файл

акша.doc

— 172.50 Кб (Скачать)

3.2 Металдық, қағаз  ақша және несие ақшасыныц  даму эволюциясы

 Ақша бірнеше  тауарлар (мал, жүн және т.б)  ролін атқарғанда және көптеген  қүн формасынан өткенен кейін  адамзат метал түріндегі ақша  айналымына келді. Металдың ақша түрінде қызмет атқару процесінен бірте - бірте теңге {монета ) ақшалар келе бастады .

 Теңге (немесе  монета)- бұл сыртқы көрінісі, салмағы  бар, заңмен белгіленген формадағы  металдан жасалган ақша белгісі  .

 Мемлекет - сынаманы (теңгедегі металдың құрамы ), мөлшерін , түрін , эмиссия тәртібін және т.б . белгілейді.

 Егер теңгенің  номиналды құны ондагы металдың (алтын, күміс) құрамының құнымен  сойкес болса, онда ол толық  бағалы ақша .

 Теңгенің  ақша айналым тарихында келесідей  ұғымдар бар: 1.Биметализм -қос металды валюта : күміс пен алтын заңды төлем құралы болып саналатын ақша жүйесі. Бұл жүйе бойынша күміс пен алтын айналымда тең праволы.

2. Монометализм - ақша жүйесі , бұл жүйеде бір  метал жалпыға бірдей балама  және ақша айналысының негізі  ретінде қолданылады, яғни кұн өлшемі ретінде тек бір ғана метал (күміс, алтын) қолданылатын ақша жүйесі .

 Метал түріндегі  ақша айналымының спецификалық  заңы метал ақшаның айналым  сферасынан қазынаға үнемі орын  ауыстыру нәтижесінен және керісінше  , толық бағалы ақшаның айналымдағы саны тауар және төлем айналым тұтынушылығына бейімделуінен тұрады, яғни айналым үшін кажетті ақша санымен теңестіріледі .

 Қағаз ақшаның  пайда болуы - капитализм тұсында  тауар өндірісінің дамуына байланысты  ақшаны қосымша тұтыну айналымы  мен метал түріндегі айналымының объективті заң қалыптылығымен негізделеді .

 Қағаз ақша  – бұл лажсыз номинал берілген, әдетте тиынға пайдаланбайтын  және мемлекет өз шығындарының  орнын толтыру үшін шығаратын  ақша белгілері.

 Метал ақшадан  қағаз ақшаға өтудің бірқатар себептері бар:

1. Метал түріндегі  ақша айналымы өте қымбатқа  түседі және капитализмнің дамуы  мен мәні бойынша мүмкін емес  болып келеді, өйткені айналым  құралында - шаруашылықта тұтыну  өсімінен құнды металдар артта  қалып қояды. Метал ақшаның  орнына қағаз ақшаның келуі ақша айналымында шығындарды үнемдеуге қабілетті болып келеді.

2. Теңгенің өшірілуі  жөне тозуы .

3. Қағаз ақша  белгісінде шығарьлу құны мемлекет  шығын орнын толтыру үшін керек  б .т.

 Мемлекет  кез келген мөлшерде қағаз  ақшаны айналымға шығара алады, бірақ оны сатып алу күшіне ендіруге қабілетті емес. Бірақ, артық шығарылған қағаз ақша олардың құнсыздануына алып келеді.

 Қағаз ақшаның  құнсыздануы, яғни артық ақшаның  шығарылуы ақша айналымының заңының  бұзылуына әкеледі. Мұны инфляция  деп атайды .

 Ақшаның құнсыздануы  әр түрлі себептерден болады:

- әскери және  өндірілмеген шығындар , бюджет тапшылығын  жабу үшін айналымға артық  ақшаның шығарылуы ;

- төлем балансының  пассивті түрде болуы . Бұл  кезде әлсмдік ақшаға сияқты  алтынға деген сұраныс өсіп кетті , ал қазіргі жағдайда тұрақты валюта деп аталады . Тұрақты валюта - меншікті айналымына, сондай –ақ басқа валюталардың курсына қатысы бойынша тұрақты валюта, ал алтынмен және басқа құндылықтармен қамтамасыз етілген;

- еңбек өнімділігінің  төмендеуі және тауар массасының қысқартылуы және тағы басқалар .

 Қағаз ақшаның  құнсыздануы экономикамыздың тұрақсыздығына  әкеледі.

 Несие ақшалары  – бұл несие қатынасының дамуынан  туындаған ақша формасы; қазіргі  төлем есеп айырысу механизмінің  негізі . Несие ақшасы кредиторляр мен несие алушылар арасында ссудалық капиталдың жүру қозгалысын көрсетеді .

 Несие ақшасының  негізгі түрлері: вексель, банкнот,  чек, несие карточкасы жатады.

 Вексель - халықаралық саудадағы төлем  міндеттемесінің кең тараған  формасы. Бұл вексель ұстаушының белгілі уақытта вексель сомасын төлеуге право беретін борыш міндетгеме қағазы б.т. Вексель коммерциялық несиенің пайда болуынан несие саудасының негізінде туындады.

 Коммерциялық  несиелеу - бұл сатушылар сатылған  тауарларға төлсмді кейінге қалдыру түрінде сатып алушыға тауар күйінде беретін кредит, яғни кәсіпорындардың бір- бірін несиелеу . Вексельдің екі түрі бар:

 қарапайым  және аударымды .

 Жай вексель  - бұл қарыз алушымен жазылады . Мұнда вексель ұстаушының вексель  берушіге белгілі сома ақшасын міндеті түрде төлеу міндеті .

 Аударым вексель  - ол бір адамның екінші адамға  белгіленген мерзімінде белгілі  бір соманы үшінші адамға төлеу  жөніндегі сөзсіз орындалуға  тиісті ұсынысы б.т. Сондықтан  вексель ақша есеп айырысу  мен несиенің құралы б.т.

 Несие ақшасының  кең тараған түрі банкнот б.т.  Банкнот - капитализмнен бұрын  вексель айналым базасында пайда  болды. Ол вексель мен қағаз  ақшадан ерекшеленеді. Банкноттың  вексельден ерешелігі :

- мерзімі бойынша:  вексель мерзіміне қарай борыш  міндетгемесін көрсетеді (3-6 ай ), ал банкнот мерзімсіз борыш міндетемесін көрсетеді ;

- кепілдік бойынша  : вексель айналымға жеке кәсіпкерлермен  шығарылып, жеке кепілдікке ие  болса, ал банкнот қазіргі кезде  орталық банкілермен шығарылып  және мемелекетгік кепілдікке ие. Банкнот айналымы - айтып өткендей орталық банктср шығарган банк билеттерінің айналым құралы мен төлем құралы ретінде қолданылады .

 Чек –  бұл арнаулы құжат, онда чскке  қол қойған адамның ағымдагы  шот есебінсн белгілі бір соманы  бсру немесе аудару туралы банкігс берілген жазбаша құжат. Чектердің келесідей түрлері бар :

1. атаулы чек  - белгілі бір адамның атына  жазылатын чек, оның таратылуы  шектеулі болады;

2. ордерлі чек-белгілі  бір адамның пайдасына немесе  оның бұйрығы бойынша жазылып  берілетін чек, яғни чек ұстаушы оны индоссаменттің көмегімен жаңа иеленушіге бере алады.

3. ұсынушының  чегі-ұсынушыға жазылып берілетін  чек. Ол қарапайым тапсыру арқылы  беріледі.

4. акцептелген  чек-банкімен берілетін чек немесе  келісім, ол өзінде көрсетілген  соманы алушының шотына қаржының келіп түсуіне кепілдік береді. Акцепт-бұл айырбас туралы құжат.

 Чектің экономикалық  жаратылысы мынадан тұрады: біріншіден, банкідсн нақты ақшаны құрал  ретінде алу; екіншіден, төлем  және айналым құралы ретінде  жүреді; үшіншіден, нақтысыз есеп айырысудың құралы ретінде жүрсді. Көбінесе чектер ақшалай және есеп-айырысу түрінде болады. Ақшалай чектер бойынша банктен нақты ақшалар алынады, ал есеп-айырысу чектері ордерлік сипатқа тән болып келеді. Есеп шотта ақшасы бар адамдарға арнайы чек кітапшасы беріледі. Чек кітапшасындағы чектср тауар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуда есеп-айырысу үшін қолданылады. Клиент есеп-айырысу чек кітапшасын алу үшін банкіге арыз және тапсырмамен барады. Банк төлем тапсырысы негізінде есеп-айырысу шотынан ақшаны бөліп шығарьш, оны жеке шотқа брон жасайды. Чек кітапшасыньң иесі-өз жабдықтаушысымен сатып алған тауарын чек түрінде жазып беру арқылы есептеседі. Кәсіпорын-жабдықтаушы бұл чекті өз банкісіне береді, онда чекте көрсетілген сома тез арада өзінің есеп-айырысу шотына келіп түседі. Сондықтан, чек несиелік ақша түрінде қолданылады.

 Ақша жүйесі  туралы ұғым, оның элементтері  және негізгі түрлері

 Елімізде  ақша айналымын ұйымдастыру жалпы  мемлекеттік заңдармен реттелуді  керсететін ақша жүйесі болып табылады. Әрбір елдің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

 ҚР-ның ақша  жүйесі Президенттің жарлығына  сәйкес 1995 ж. 30 наурызда «ҚР-ның Ұлттық  банкі туралы заңы күшке енген.  Жарлықта ақша айналымын ұйымдастырудағы  құқықтар негізі және формалары,  оның ішінде ақша айналымын ұйымдастыратьн және реттейтін ақша белгісінің эмиссиясы мен арнайы ақша бірлігін белгіледі.

 Ақша жүйесі  келесідей элементтердеп тұрады:

1.Ақша өлшем  бірлігінің аттары. ҚР-ның ақша  өлшем бірлігі 100 тиыннан тұратын  1 теңге болып табылады.

2.Ақша белгісінің түрі. Бұл айналымда алтын немесе күміс ақшалардың белгілі бір мөлшерінің орнына жүретін ақша белгілері, олар-тиын, теңге, қағаз ақшалар.

3. Эмиссия тәртібі.  Бұл нақты ақшаны шығару, оның  айналысын ұйымдастыру және оны  айналыстан алып тастау. Эмиссия бұл ақша мен бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.

4.Ақша түрлері-бұл  заңды түрде төлем құралы болып  табылады: ақшалай және несие  ақшасы.

5.Валюталық  курс-бір ақша өлшем бірлігінің  басқа ақша бірлігінде білдірілетін  бағасы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ақшаның түрлері 

Ақша, пайда болғаннан  бері бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Бірақ, бұл өзгеріс оның тек сыртқы түріне ғана тиді, ішкі мағынасы өзгерген жоқ. Ақшаның сыртқы түрінің өзгеру себебі, оның жұмыс істейтін жағдайларымен, яғни қоғамдағы болған өзгерістермен байланысты. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, адамзат өмірінің бастапқы кезінде жалпыға бірдей баламаның (ақшаның), маңызын әртүрлі тауарлар атқарған (оның ішіне мал да кіреді). Бара бара, өндіру мен алмастырудың көлемінің өсуіне байланысты, жалпыға бірдей баламаның маңызын бір текті, оңай бөлшектенетін, сақтағанда бұзылмайтың тасымалдауға қолайлы тауардың орындауы керек болды. Осының салдарында өмірге кесектелген қола, мыс, күміс, алтын ақшалар келді, Одан кейінгі қоғамдық дамудың нәтижесінде, кесек металл ақшаның орнына, металдан дайындалған монеталар пайда болды, оның ішінде алтын ақша да бар. Бұл ақшаның кесек ақшадан айырмашылығы, оған қажетті деректер (мемлекеттің аты, гербісі, басылған жылы, тағы басқалар) басылатын. Бұл сол кездегі ақшаның жетілдірілген түрі болды.

Ең бірінші  метал ақша, біздің заманымыздан бұрынғы, үшінші ғасырда Римде басылған, ал біздің заманымыздан бұрынғы 7-8 ғасырларда, Мидия мемлекетіңде және Ежелгі Грецияда басылған. Басқа, Европа елдерінде және Ресейде өз металл ақшасын басу, ІХ-Х ғасырларда басталған. Сөйтіп, металдан жасалған ақша өте ұзақ өмір сүрген. Мысалы, Ресейде, 5-10 сомдық алтын ақша, бірінші империалистік соғыс басталғанға дейін қолданылған.

Алтын ақшаның  жеке өзіндік құны бар. Сондықтан  ол ешуақытта, тіпті инфляция кезінде де құнсызданбайды. Осыған байланысты алтын ақша өз бетімен айналымға қанша керек екенін шамалай алады. Егер айналыстағы алтын ақша, керек мөлшерден артық болса, олар айналымнан шығып, қазынаға сақталуға ауысады, ал егер айналыс керегі алтын ақшамен қамтамасыз етілмесе, олар қайтадан ешқандай кедергісіз айналысқа енеді. Мұндай жағдайда, айналысқа қанша ақша керек екенін анықтап, оны тәртіптеп жатудың ешқаңдай керегі жоқ.

Дегенмен, алтын  ақшаны пайдаланудың бірқатар киындықтары  бар. Біріншіден, алтыннан ақша басу, алтын шығарумен тығыз байланысты, ал алтын шығарудың, өз кезегінде, қымбатқа түсетіні белгілі. Екіншіден, айырбастау операциясының өсуі, айналыстағы ақшаның көбейуін керек етеді, ал ол үшін алтын шығаруды көбейту керек. Осыған байланысты, қымбатқа түсетін алтын ақшаны, арзанырақ ақшаға ауыстырудың қажеттілігі туды. Сөйтіп, өзінің жеке құны жоқ, қағаз ақша белгісі пайда болды.

Қағаз ақша. Ең бірінші  қағаз ақша ХІ-ғасырда Қытайда  шықты. Содан кейін VІІ-ғасырдың аяғыңда  Солтүстік Америкада, ал ХVІІІ-ғасырдың аяғында, ХІХ-ғасырдың басында Англияда шығарылған. Ресейде 1769 жылы "ассигнация" деп аталатын қағаз ақша шығарылды.

Қағаз ақшалар  алтынға, не күміске айырбасталынбайды  және оны үкімет тек мемлекеттік  бюджеттің тапшылығын жабу үшін ғана шығарады. Осыған байланысты қағаз ақша мөлшерден артық шығып кетіп, құнсыздануы мүмкін, ал бұл өз кезегінде, инфляциялық жағдайға (ахуалға) әкелетіні анық. Бұл қағаз ақшаның өзіне тән ерекшелігі.

Информация о работе Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік