Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Августа 2011 в 13:26, реферат

Описание работы

Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы болмайды.

Работа содержит 1 файл

акша.doc

— 172.50 Кб (Скачать)

 Ақша-өндiру  мен бөлу процестерiнде адамдар  арасындағы белгiлi бiр экономикалық  қарым-қатынастарды көрсететiн, тарихи  даму үстiндегi экономикалық категория  болып табылады. Экономикалық категория  ретiнде ақшаның, мәнi оның үш  қажетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады.

 • алпыға  тiкелей айырбасталу;

 • айырбас  құнының жеке формасы;

 • еңбектiң  сыртқы заттық өлшемi.

 Жалпыға тiкелей  айырбасталу формасында ақшаның  айырбастау мүмкiншiлiгiнiң бар  екенiн көрсетедi. Социализм жағдайында  бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды және тiк қоғамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi. Кәсiпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазiргi кезде тiкелей айырбастау формасында ақшаның пайдаланудың көлемi едәуiр кеңiдi.

 Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану тауарларды тiкелей өткiзумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттiң кiрiсiн қалыптастыру, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындарды басқа банктерге сатуы және т.б.

 Еңбектiң сыртқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған еңбектiң, олардың ақша көмегiмен өлшенуi мүмкiн құнын анықтау арқылы көрiнедi.

 Ғалым экономистердiң  арасында алтынның ақшалай тауар  ретiнгi ролi туралы әр түрлi көзқарас  бар. Бiреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бiрдей эквивалент және ақша қызметтерiн атқару ролiн орындауды толығымен тоқтатты дейдi. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келдi. Несие ақшалар жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде жүрдi. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерiн атқаруды жалғастыруда дейдi екiншi бiреулер. Ал, ендi ұшiншi бiреулер алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындаушы, ерекше тауар ретiндегi өзiнiң қасиеттерiн сақтап қалды дейдi.

 Жекелеген  елдердiң iшiнде алтын айналысы  жоқ. Төлем, айналыс және қорлану  құралы болып, алтын белгiлерi (қоғамдық белгiлерi) қағаз және  несие ақшалар қызмет атқарады. Бiрақта алтын дүние жүзiлiк  ақша болып қалып отыр десек,  онда ол жалпыға бiрдей эквиваленттi бiлдiредi. 
 
 
 
 

Ақшаның атқаратын  функциясы және мәні 

Ақша- маңызды  тауар

 Ақша - бұл  жалпыға бірдей маңызды тауар  болып табылады. Олар тауар айырбастың  даму нәтижесінде көптеген тауардан  бөлініп шықты. Тарихи дамудың  әр түрлі кезеңінде ақшаның ең манызды ролін тауар (мал, тері, жүн және т. б.) атқарады. Сосын бірдей түрдегі, бөлінбелі, сақталатын сапага қабілетті металдар пайда болды.

 Ақша маңызды  тауар болғандықтан, оның келесідей  спецификалық ерекшеліктері бар:

-оның тұтыну  құнында басқа тауардың құны көрсетіледі;

-оған жасалған  нақты еңбек абстрактылы еңбек  көрінісінің жалпыға ортақ формасы  қызметін атқарады;

- оның қүрамындағы  жеке еңбек тікелей коғамдық  еңбек ретінде орналасады. Тауар  мен ақшаның айырмашылығы оның  тұтынушылық құнынан көруге болады. Кез келген тауардың белгілі қажеттілікті қанағаттандыратын қайталанбайтын, ерекше қабілеттілігі бар. Мысалы, нан-тамақ қажеттілігін қанағатандырса, ал пальто-киім кажеттілігін канағаттандырады. Мұның барлығы ақшалай тауарға да қатысты. Сонымен қатар , ақшаның тауарлардан айырмашылыгы жалпы тұтынушылық құнға ие, яғни тікелей барлық тауарлармен алмасып отырады.

 Тауардың  ішкі қарама-қайшылығы – бұл  тұтыну құны мен құндылықтың  арасынан айырбас процесінде  ê¼ðóãå болады. Сондықтан тауарларды  меншіктеп -тауар және ақша òүрінде бөлінеді . Ақша-жалпыға бірдей тікелей айырбасталатын, тұтыну құнына ие спецификалық тауар болып табылады.

 Сонымен бірге,  тікелей жөне жасырынды қоғамдық  сңбектің арасындағы қарама-қайшылығы  тауарды айырбас арқылы жүргізілгеннен көрініс алады. Тауар-өндіруші керек емес затты қоғамға ақшаны өндіріп алу үшін сата алмайды, сол сияқты оның жеке еңбегі мұндай жағдайда қоғамда ешқандай орьш алмайды. Егер ол тауарды сататын болса, онда оның тауарының қоғамга кажет болғаны. Жеке өндірушінің тауарды ақшаға сатқаны, олардың ецбегін қоғам бағалағанын байқауға болады.

 Сондықтан,  ақша-жалпыга ортақ балама ролін  атқарушы спецификалық тауар  болып табылады . Тауар шаруашылығында  олар жеке өндірушілердің қоғамдық  еңбегін есепке алатын механизм болып табылады.

2.2. Ақша-айналым  құралы ретінде

 Ақшаның атқаратын  әрбір функциясы тауар айырбас  процссінен ксліп шығатын тауар  өндірушілердіц байлалыс формасы  ретінде әлеуметтік-экономикалық  жағының ақша мазмұнын көрсетеді.  Ақша бірнеше функцияны атқарады:

-құн өлшеуші;

-айналым құралы  ретінде;

-қорлану құралы  ретінде;

 Ақша айналым  құралы функциясы кезінде тауарды  өткізу уақытында делдал болып  табылады. Тауарды қолдан-қолға өткізуде  оның айналым сферасына үнемі  итере отырып, тұтьнушыға жеткізе  де отыра, ақша үздіксіз қозғалыста жүреді. Сатушы тауарьн сата сала, басқа тауарды сатып алуға асықпайды. Ақшаның делдалдық көмегі арқасында осы уақытша және тура келмсйтін кеңістікті жеңе аламыз.

 Айналымнан  кететін, өз қүньн өткізіп қоятын, ақшаның тауардан айырмашылығы сату және сатып алу процесін қамтамасыз ете отырып, ақша айналым құралы ретінде өз орнын табады. Көбінесе, біздс ақша айналым құрал функциясын атқаруда - мемлекеттік, коопсративтік, коммерциялық саудада, базарда тауарды сатып алу кезінде орындалады.

 Ақшаның айналым  құралы ретінде атқаратын функциясының  ерекшелігі келесідей болып табылады:

1. ол нақты  ақша түрінде орындалады;

2. бұл функцияда  ақша-тауар айырбас кезінде делдал  болып қызмет атқарса , онда  оны нағыз ақша емес/алтын/, оның  орнын басатын-ақша белгісі орындайды.

 Ақша айналым  құралы функциясын және қажетті  айналым санын орындағандықтан,  сатылған тауарлар бағасы мсн  массасы арқылы анықталады. Егер  ақша массасы тауар массасынан  жоғары болса, онда бұл олардың  құнсыздануына -инфляцияға әкеледі. 

2.3.Ақша құн  өлшеуші

 Құн өлшеу  функциясы - тауар өндірісі жағдайындағы  нәтижесінен келіп шығады. Бұл  дегсн, оның бағаны анықтау  кезінде делдалдық қызметті атқаруда, барлық тауарлардың құнын өлшейтін  қабілетке ие болып келеді. Материалдың  құны болып тек сол тауар өзінің меншікті құнынан тән болса. Сондықтан, алтынды қазып алу үшін жұмсалатын қоғамдық еңбек қүнды жасаушы болып табылады. Сол себепті бұл функцияны толық ақшалар /алтындар/ орындайды. Ақша еңбекпен жасалатын құнды көрсете алады.

 Ақша құн өлшеу функциясы кезінде оймен ұсынылады. Тауар бағасын белгілеуде-оны тауар формасына айналдыру, тауарды ақшаға айырбастамастан бұрын оның қүны өлшенеді. Тауарды өлшеуде нақты ақшаның қажеті болмайды, себебі еңбек өнімін теңестіру оймен жүзеге асырылады. Сондықтан, ақша тауарды өлшемейді, қайта тауар ақшаның көмегімен өлшенеді, себебі олар ақша сияқты адам еңбегінің өнімі болып табылады.

 Тауар ақшалай  көрініс құнын тапқан соң, баға  түрінде көрсетіледі. Ақшаның  айналым кезінде алтынның бағасы  болмады. Ақшаға баға коя алмайсың, оны құны өзімен анықтала алмайды.

 Ақша бағаның  орнына-тауар санын керсететін, оны  сатып алу қабілетіне ие. Құн  өлшеу функциясы тауардьщ ақшаға  қатынасьн көрсететін жалпы балама  сияқты. Бірақ, тауардың бағасын  анықтау үшін баға масштабы қажет. Баға масштабы-бұл бір елдің ақша өлшеміне алған және барлық тауарлардың бағасын өлшеу үшін қызмет атқаратын металдың салмақ мөлшері болып табылады. 
 

2.4.Ақша қорлану  құралы ретінде

 Қорлану құралы  – бұл болашақта сатып алу  қабілеттілігін қамтамасыз ететін және тауар мен қызмет керсетуді сатқаннан кейін сақталатын активтер. Активтер – бұл қозғалмалы және қозғалмайтын мүлік, игіліктер, ақша қаржылары, құнды қағаздар, ресурстар, негізгі және өндірістік қорлар, яғни экономикалық қызметте қолданылатын немесе оларды жұмсаушы субьекті үшін табыс көзі ретінде пайдаланылуға болатын қоғамдық байлықтың барлық элементтері. Мысалы, адамдар өз байлықтарын бағалы, үй, акция және облигация т.б, көптеген түрде сақтай алады. Ақша осы функцияны орындауда қолайлы болып келеді, себебі оған өтімділік сипаты тән. Өтімділік-бұл активтерді төлем құралы ретінде пайдалану мүмкіншілігі мен активтердің номиналды құнын өзгертпестен сақтау қабілеттілігі болып табылады. Анықтау бойынша ақша өтімділікке бүтіндей тән. Олар төлем құралы ретінде пайдаланылатын болғандықтан және олар өлшеу функциясын орындағандықтан, баға масштабында номиналды құнын өзгертпейді.

 Мысалы 1. Федералды  үкіметтің қысқа мерзімді құнды  қағаздарды шығарғанына қарағанда,  жеке корпорациялардың айналымға  шығарған акция мен облигациясынын өтімділігі төмен. Бұл активтердің бағасы уақыт ағынында маңызды түрде қатты өзгеріп отырады жоне жасалатын келісімде басқа құнды қағаздарға қарағанда, оның төленетін төлемі жоғары.

 Мысалы 2. Қозғалмайтын  мүлік/ үй,әмбебап,ферма / өтімсіз болып келеді. Бұл қозгалмайтын мүліктің нарықты бағасы өте өзгермелі жәнс оны келісім жасағанға шейін айту қиын. ‡йді сатып алушы-ны немесе жерді сатып алушыны іздеу көп уақыт алады, ал келісім жасағандағы шығыңдар /жарнама беру, заңды түрде орналастыру төлемі/ одан да жоғары болуы мумкін.

 Міне, нақты  ақшаны кейбір банк есеп-шоттарына  салу, меншік иелеріне ешқандай  проценттік табыс әкелмейді.

 Инфляцияның  жиі болуына байланысты ақша  қорлану құралы ретінде өзінің  жоғары өтімділік тартымдылығын жоғалтады. Егер күннен күнге доллар немесе теңгеге аз тауар сатьш ала алатын болсаң, онда адамдар сол уақыт аралығында ақшаның құнын ақша формасында сақтағысы келеді. Бізге белгілі, мысалы, кейде гиперинфляция кезінде жүмысшылар ай сайынғы еңбек ақы емес, күнделікті еңбек ақыны талап етеді. Себебі, олар өз ақшасын келесі күнге бағаның өскеніне шейін жүмсағысы келеді. Гиперинфляция – бұл инфляцияның жоғарғы темппен өсуін көрсетеді, яғни жылына бірнеше 100 процентке деңгейі жетуі мүмкін.

 Гиперинфляция  орын алған елдерде жергілікті валюта - қорлану құралы ретінде, құн өлшеуші ретінде бөлшектеп қолданылмауы мүмкін. Көп адамдар өзінің ұлттық валютасын жаратқысы келмей, тікелей ақшаны долларға немесе басқа елдің ұлтгық валютасына айырбастайды. Кейін сауда жасаған кезде қайта айырбастайды.

 Ақшаның қорлануы - тауар өндірісінің үздіксіз  дамуына қажетгі жағдай болып  табылады. Тауар өндірісі жағдайындағы  қорлану екі формада жүргізіледі:

- банктердің, кәсіпорындар, ұйымдардың есеп-айырысу және  депозиттік есеп шотындағы ақша құралының қалдықтары түріндегі коғамдық қор;

-халықтың банкіге  салымдарды салу, облигация түрінде  сақтаудың жеке қоры.

 Тауар өндіруші  өзінің, өндірісін кеңейту үшін  яғни құрал-жабдықтарды, шикізатты,  отынды сатьш алу үшін тапқан  табысының бір бөлігін ақша формасында жинау қажет. Сонымен бірге, ақшаны жинауға жеке тұлғалар да тырысады /мысалы: керекті заттарды сатып алу үшін машина, үй / 
 
 
 
 
 
 
 
 

 Тарау 3. Ақша  айналымы және ақша жүйесі

3.1 Ақшаның шығу  тарихы

 Ақша ерте  заманда пайда болды. Ол өнімнің және міндетті түрде тауар өндірісінің даму шарты болып табылады. Ақша ертеден бастап болған соң, ол адам өркениеті дамығанда немесе одан бұрын болуы мүмкін. Ғасыр бойында ақша үнемі өзгеріп отырады және оның қазіргі жағдайы бітетін және соңғы фаза болып табылмайды. Ақша жаратылысын ізденудегі маңызды жаңалық (немесе ашу) – бұл оның тауардан пайда болуы. Айырбастың дамуы келесідей құның формасы жолымен туындады :

1. қарапайым  немесе кездейсоқ, яғни ерте  кезде бір тауар басқа тауардың  құнын көрсететін еді, (құндары бір- бірімен сәйкес келуі керек ).

2. толық немесе  өрістетілген (дамыған) - айырбастың  дамуына байланысты құнын көрсететін  форма. Мұнда ірі қоғамдық еңбекті  бөлумен, мал шаруашылығымен және  жер шаруашылығымен айналысатын  тайпаға бөлуге тура келді .

 Осыған байланысты  бұған көптеген қоғамдық еңбек  заттары жатады, ал әрбір тауар  көптеген тауарға қарама - қарсы  тұрады;

3. жалпыға ортақ,  құн формасы. Тауар өндірісінің  және айырбастың болашақта дамуы  жергілікті базарда (маңызды ) басты айырбас ролін атқаратын, жеке тауарлардың тауар әлемінен бөлініп шығуына әкелді (тұз , жүн, мал және т. с.с.) немесе тауар әлемінен тауарды бөліп қарауға әкелді . Бұл форманың ерекшелігі тек бір тауарға ғана бекітілген жоқ, әр түрлі уақытта оны алма кезекпен түрлі тауарлармен алмасып орындап отырды .

4. ақшалай формадағы  құны - келешекте айырбасқа түсетін  бір тауардың нәтижесі жалпыга  ортақ эквивалент екендігіндегі  ролін бөліп корсетеді . Айырбастың  дамуы мен әлемдік базарды  құрудагы мұндай роль асыл  металдар мен - алтын және күміспен бекітілген. 
 

Информация о работе Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік