Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Августа 2011 в 13:26, реферат

Описание работы

Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы болмайды.

Работа содержит 1 файл

акша.doc

— 172.50 Кб (Скачать)

6.Мемлекеттің  экономикалық қызметі және мемлекеттік  қаржы түсінігі

 Кез келген  қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының таңдап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі мына функцияларда білінеді:

1) экономикалық  дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;

2) монополиялық  қызметті шектеу және бәсекелестікті  қорғау;

3) табыстар мен  байлықты қайта бөлу;

4) экономиканы  тұрақтандыру;

5) ресурстарды  тұрақтандыру.

 Нарықтық  жүйе табыстар мен байлықты  алғашқы бөлуде айтарлықтай теңсіздікті тудыратындықтан, мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың табыстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің, жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады. Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық жағдайдың ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылуы және инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды қамтиды.

 Экономикалық  ресурстарды қайта бөлу 2 жағдайда  нарықтық жүйенің жетілмегендігінен  барып туады:

1) бірқатар тауарларды  өндірудің тепе-теңдік көлемінің  олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы; 

2) ресурстарды  бөлуден нарықтың бас тартуы  немесе қоғамдық тауарларды, игіліктерді  және қызметтер көрсетуді ұлғайту  мен өндіру үшін оларды жеткілікті  бөлмеу.

 Мемлекеттің  қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын  орындау үшін оны қажетті ақша  ресурстарымен қамтамасыз ететін  елдің қаржы жүйесінің маңызды  сферасы болып табылады. Экономикалық  мәні жағынан мемлекеттің қаржысы  мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1. Ақша түсінігі 

  

1.1 Ақшаның жалпы  эквивалент және экономикалық  категория ретіндегі түсінігі. Ақша  қызметінің эволюциясы. 

  

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар  өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар — бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат) оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе коғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның коғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну кұнның алу кұралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша . 

Әрбір ерекше тауар  міндетті түрде тұтыну кұны ретінде  көрінеді. Оның кұны жасырын түрде  болады және тек қана ақшаға теңестіру  жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар  бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады. 

Тауар өндірісінің  өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар — барлық басқа тауарлардың  бір-бірімен өзара айырбасталу  кұралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы кұндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы кұндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Кұнның жалпы кұндық формасы ақша формасына айналды. 

  

Тауар айналысының  тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы кұндық эквивалент немесе ресімделінбеген  ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад  өз эквивалентін алға тартады. Әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі.  

Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі  халықтарда бір мезгілде әр түлі эквиваленттер  болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек  бөлінісінің нәтижесінде мал  бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе; тундрада – бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда "өгіз” деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі "пекуния” (ақша) "пекус” ("мал”) сөзінен шыққан. "Рупа” ("мал”) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы "рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де "мал” деген атуға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. Былай деген "біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады”. Ол кездегі қазынашы "малшы”, қазына, қазына жинау орны – "мал ұстайтын орын” деп аталынды. 

      Капитал сөзінің шығуы да малменен  байланысты, өйткені ескі герман  тілінде бұл сөз мал басы  санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті. 

Солтүстік    халықтары    ең    бірінші    тауар    ретінде    айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды. Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде колданды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды. 

Әлемде әр түрлі  экзотикалық ақшалар болған. Каролин  аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи акша айналысында  қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай "монеталардың" диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады. 

Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде  кұлдарды пайдаланды. Сонымен, бір кұлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді. 

Өнер мен жер  игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің  жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар  эквиваленттер пайда болды. Бұл  аз бұзылатын әсімдік өнімдері —  зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар, тағы басқа.. 

Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі  ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионосий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды. 

XVII ғасыр Солтүстік Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер колданылды. 

Металл ақшаларының  артықшылығы, олар — біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және тағы басқа. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебі салмағының жүйесі нақтылана түсті. 

Кейін келе металдардың  арасында басты роль алтын мен  күміске өте бастады, өйткені  олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті  сапаға ие. 

Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және тағы басқа формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы драхма - бір уыс шеге деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазанның, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде пайдаланылды. 

Монеталардың  пайда болуы — ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады. 

Егер де монетаның  номиналды құны, сол монетаның құрамындағы металдың құнына тең болса, онда ол – толық құнды ақша болады. Ал, толық құнсыз ақшаны біз – билонды ақша деп атаймыз. 

Монеталық ақша айналысының тарихында мынандай түсініктер қалыптасқан: 

Биметаллизм –  Жалпы эквивалент ролін екі металл, яғни, алтын мен күміс атқарады. 

Монометаллизм – Жалпы эквивалент ролін ақша жүйесі ретінде бір металл атқарады. 

Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналасынының болуына  негізделеді. Кез келген тауар айналасында  ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды. 

XIX ғасырда социал утопистері — Прудон, Оуэн, Грей және басқалар акшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды. 

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама  эквивалент. 

Ақша — жалпы  бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді  және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді. 

Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға  бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: "Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет коғаммен берілген". 

Алтын жалпыға  бірдей эквивалент рөлін орындау  үшін ең бір

 лайық тауар  болып қалып отыр.        Біріншіден, ол ерекше табиғи  сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі,  бұзылмайды, тот баспайды, тек қана "патша арағында" ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары кұнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соғады. Алтынды колдану жылдан-жылға өсуде. Ол әртүрлі салаларда пайдаланылады - электроникадан бастап, зергерлік-іскерлікке дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі. 

Ресей XIX ғасырдың 20 -жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндігі үлесі 40 %  кұрады. 

Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның  ішінде 60-сы жұмыс істеп тұр. 

Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен      бірге      электронды-есептеуіш      және      компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де колданылады. 

Жасанды алтынды  ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты  толғандырды. Бұнымен ежелгі уақыттарда алхимиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар жүргізулері  нәтижесінде  нағыз  алтынды алды. Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ақшаның пайда болуы

Ақша реформаларын қарастырмас бұрын, сол ақшаның  не екенiн және оның шығу тегiн қарастырып алайық. Күнделiктi өмiрiмiзде кездесетiн, үнемi қолданыста болып жүрген ақшаға тұсiнiк бер десе, “жәй ғана қағаз  ақша, монета” деп айта салатын  едiк.Ақша-бұл қатысуымен қоғамдық қатынастар туындап пайда болатын экономикалық категория; ақша дербес формада құн өлшемi, айналыс төлем және жинақ құралы бола алады.Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-бiр шарт және өнiм болып табылады. Тауар- бұл сату мен айырбастау ұшiн жасалынған еңбек өiнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi (зат), оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар фирмасын қабылдайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойныдалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттыңң рәсуә болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтанда әрбiр тауар қажеттi тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi.Алғашқы қауымдық құрылыс, кезiнде бiр тауардың басқа бiр тауарға кезейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнының жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта=5 құмыра, 1 қыт=1 қап бидай және т.б.). Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты неғұрлым жиi айрбасталатын, тауар-барлық басқа тауарлардың бiр-бiрiмен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келiп, құнның толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына жасырын тұрде өту басталды. Бiрақ оның ролi тауарға нық бекiтiлмеген едi. Бiртiндеп жалпы құндық эквивалент ролiн белгiлi бiл тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық эквивалент немесе рәсiмделiнбеген ақша формасын әртүрлi тауарлар қабылдады.Әрбiр тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентiн алға тартады. Бiр халықтың өзiнде әртүрлi уақыттарда және әртүрлi халықтарда бiр мезгiлде әртүрлi эквиваленттер болды. Сонымен, бiрiншi iрi еңбек бөлiнiсiнiң нәтижесiнде мал бағушылардың бөлiнiп шығуымен мал айырбас құралына айналды. Олардың белгiлi-бiр түрлерi табиғи климаттық жағдайларда нақты сол отарда айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейiт аудандарда-тұйе; тундрада-бұғы жалпы құндық эквивалент қызметiн атқарды. Малды жалпы эквивалент ретiнде пайдаланғаны туралы нақты дәлелдер әртүрлi қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерiнде табылған заттарда кездеседi. Гомердiң көне Троя батырлары туралы поэмасында өгiздi құн өлшемi ретiнде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда “өгiз” деген атау ойып өрнектелiп жазылып жүрдi. Латынның сөзi ”пекуние” (ақша) ”пекус” (мал)сөзiнен шыққан. “Рупа” (мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы ”рупия” негiзiнде жатыр. Ежелгi Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейiн де ”мал” деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 былай деген: “бiздiң жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан-10 гривен және боярлардан 18 гривеннен тұрады”. Осы кездегi қазынашы “малшы”, қазына, қазына жинау орны-мал ұстайтын орын деп аталынды. “Капитал” сөзiнiң шығуы да малменен байланысты, өйткенi ескi герман тiлiнде бұл сөз мал басы санының көптiгiн бiлдiре отырып, меншiк иесiнiң байлығын көрсеттi. Солтүстiк халықтары ең бiрiншi тауар ретiнде айырбас үшiн, жүндi пайдаланды. Ежелгi скандинавтар көлемi бойынша әртүлi тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерiн пайдаланды (ұкi және т.б.). Құс жүндерi Солтүстiк Сiбiр халықтарында, ал аң жүндерi Солтүстiк Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретiнде пайдаланылды. Жүн ақшалар Моңғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кеңiнен таралды. Ежелгi Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бiрi болды. Ежелгi русь елiнде жұн ақша жүйесiнiң бүгiнi болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5450 руб. күмiс пен 7000 руб жүн табылған. Жылы теңiздердiң жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретiнде бақалшақ (раковиндi) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ ақшалардың келесi атаулары сақталынды бұлар: чангос, цимбис, бонгес, хайкве және т.б. Көлемi түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендiрулер түрiнде жiпке тiзiлгендерi Ежелгi Үндi елiнде, Қытайда, Үндiқытайда Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарына алғашқы ақшалар қызметiн атқарды. Американдық үндiлердiң белдiктерiнде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдар келбет-кескiнiн өрнектеп, былғары белдiктерге көрiк бердi. Бақалшақтарды Солтүстiк Американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында аиырбас құралы ретiнде пайдаланылды. Кейiн келе металдардың арасында басты роль алтын мен күмiске өте бастады, өйткенi олар жалпы эквивалент үшiн аса қажеттi сапаға ие. Әрине металдар бұған дейiнгi ақша формаларын бiрден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келдi. Темiр ақшалар күрес, таға, шеге, шынжыр және т.б. формаларды ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы “драхма” “бiр уыс шеге” деген мағынаны бiлдiредi. Мыс ақшалар қазандық құмыра қалқан түрлерiнде айналыста болды. Күмiс және алтын ақшалар жүзiп, сырға, бiлезiк түрiнде де пайдаланылды. Бiрақ б.э. дейiн ХIII ғасырда салмағы көрсетiлген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бiрлiктерi фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бiрлiктерi атауымен аталады. Алғашқыдағы белгiлi массасы бар формасың металл ақшаларды кейiн келе әр түрлi массадағы бiркелкi формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады. Монеталардың пайда болуы – ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады. “Ақша-зат емес, ол-қоғамдық қатынас”. Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келедi. Бұл дегенiмiз қоғамнан бөлiнген адамдар үшiн ақша керек еместiгiн бiлдiредi. Робинзон Крузоға олар керек болмаған. Батып бара жатқан кемеден құтқарылып алынған заттар оған адам алғы баспайтын аралда қажет болған.

Информация о работе Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік