Ақша мәні, мен мақсаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 15:30, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде ақша және қаржы шаруашылығы, ақша – несие жүйесін реформалау, қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын соңды болмаған жаңа ақша қатынастары, қаржы институттарының жаңа түрлерінің пайда болуы, нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды ақша жүйелерінің қалыптасуы, жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негізделген бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруд

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
1 – тарау. Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері
1.1. Ақшаның шығу тегі, пайда болу кезеңдері................................................5
1.2. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні..........................................9
1.3. Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы..................13
2 – тарау. Қазақстандағы ақша реформаларын қалыптастырудың тиімді жақтары
2.1. ХХ ғасырдың басы мен орта шеніндегі ақша реформалары..................18
2.2. Кеңестер одағынан тәуелсіздік алғанға дейінгі ақша реформасының мәні......................................................................................................................22
2.3. ҚР тәуелсіздік алғаннан кейінгі ақша реформасын тұрақтандыру мен қалыпқа келтірудің шешімді жолдары мен мәселелері.................................25
Қорытынды......................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер............................................

Работа содержит 1 файл

Ақша мәні, мен мақсаты.doc

— 135.00 Кб (Скачать)

  1990 ж. нақты ақшаның эмиссиясы  25 илрд рубльді құрады, бұл 1981-1985 жж. қоса алғандағыдан біршама   үлкен. Қыруар ақша массасы бос тұтыну нарығына сәйкес келмеді.

  1991 ж. қаңтарда «1961 жылғы 50 және 100 рубльдік  үлгідегі ақша бірліктерін  КСРО Мембанкінде төлем ретінде  қабылдауды және олардың айырбастау  тәртібін тоқтату мен азаматтардың  салымдарынан қолма-қол ақша беруд  шектеу туралы» Президеттің Жарлығы мен КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысы қабылданды. Айналысқа 1991 ж. шығарылған жаңа купюралар енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаны жаңа ақшаға айырбастауына не бары үш күн берілді.

  КСРО  ыдыраған соң кеңес валютасы –  рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға кірмейтін елдерді қоса алғанда, тәуелсіз мемлекетер аумағында айналыста жүре берді. Әр түрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің саяси тәуелсіздікке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономиканың социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін еместігіне байланысты біртұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.

  КСРО  ыдыраған соң ақшаны дезинтеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп және бұрынғы кеңес мемлекеттерінің  меншікті ұлттық валюталарын енгізілуімен аяқталды.

  КСРО  республикаларының егемендігі жарияланғаннан кейін барлық 15 ұлттық банктер бір-біріне тәуелсіз түрде орталық банк ролін  атқара бастады. Мұнадй салдардың біріне несиелік экспансиялау жатты. Мысалы, Украина Ұлттық банкі 1992 ж. маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды өткізді. Бұл мысалды ТМД елдерінің көптеген орталық банктері қайталады. Ресей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке айналғанымен де кейбір КСРО-ның бұрынғы республикалары өздерінің ішкі тұтыну нарығын басқа республикалардың сатып алушыларынан «қорғау» мақсатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар, Украинада, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды.

  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен екі күн өткен соң айырбас мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.

  Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды  ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанға  қарай жаппай ығысуына жол берді.

  1992 ж. бірінші жартысында-ақ Қазақстан  Республикасының жетекшілері ендігі  жерде рубльден күдер үзіп, өз  валютасын шығаруға бетбұрыс  жасаған болатын. Жаңа ақшаларды  шығаруға ағылшынның «Харрисон»  фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 ж. 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғалатын 18 дәрежесі бар.

  1993 ж. 12 қарашада Қазақстан Респубоикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан  Республикасына Ұлттық валютаны  енгізу туралы» Жарғыға қол  қойды. Осы жарғысен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта – теңге енгізілді.

  КСРО  Мембанктінің және 1992-1993 жж. Ресей үлгісіндегі  қазыналық және банктік билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды.

  Қолма-қол  ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдар мен міндеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргізілді.

  Қазақстан Респубоикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль шегінде  ақша айырбастай алды. Айырбас бір  рет қана жүргізіліп, ол туралы төлқұжатқа белгі соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны 6 ай мерзім ішінде пайдалануға құқысыз болды. Лимиттен асқан қаражаттардың шығу тегіннің заңдылығын арнайы құрылған комиссия тексерді. Комиссияның шешімі бойынша бұл қаражаттар мерзімнен бұрын босатылды.

  15 қарашадан 18 қарашаға дейінгі  аралықта халық теңгемен және  рубльмен де есеп айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалармен,  сол сияқты бөлшек сауданы  жүзеге асырушы және халықка  ақылы қызмет көрсететін тұлғалардың  ақшалай түсімдері күнделікті қабылданды: теңгеде – шексіз, 1961-1993 жж. 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500 рубльдегі ақшаларды 1993 ж. шілдедегі ақшалай түсімдердің орташа шамасынан аспайтын сомада, 1,3 коэффициентке түзетілген шамада қабылдады.

  Кәсіпорындардың баланстарындағы рубльмен берілген активтер мен пассивтер екі күн ішінде (15-16 қарашада) қайта есептелінді. Қолма-қол ақшаны айырбастау және активтер мен пассивтерді қайта есептеу кезеңінде банктер клиенттермен операциялар жүргізбеді.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі теңгенің валюталық бағамын: 1 доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі. Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.

  Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын  қажет етті. 1994 ж. бастап 200, 500, 1000 және  2000 купюрадағы ақшалар айналысқа шығарылды. 1995 ж. ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан шығып қалды, олардың орнына мыс-никельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгедегі монеталар шыға бастады. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының жүз жылдық мерейтойының құрметіне 100 теңгелік күміс монеталар шығарылды. 1995 ж. аяғында «Жібек жолы» жиынтығын құрайтын жоғары сыныпты төрт алтын монеталар шығарылды. Жалпы салмағы 57,54 г құрайтын жиынтығына 1, 2, 5 және 10 мың теңгелік алтын монеталар кірді. Жиынтық 816 доллар тұрды.

  Сонымен Қазақстан теңгесі соңғы жылдары  тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталарға  шексіз айырбасталды және біршама тұрақты  валюталар қатарына кіреді.

  Қазақстанға ұлттық валютаның сәтті енгізілуі, әрі қарай оның сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етеді.

 

      Қорытынды

     Ақшаның пайда болуы мен жайлы біркелкі шешімін тапқан жоқ. Экономикалық мктеп  өкілдерінің бірі ерте дүниедегі  грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны – белгілі  шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі ретінде қарады. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны – мемлеет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.

            Ақшаның пайда болуын түсіндіру  үшін, «тауар құны қатынасында  қорытындылатын, құнның  даму көрінісіне  көз салып, оның қарапайым терең  байқалатын бейнесін, көзді алатын  ақшалай түріне дейін қарау  керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы  да жойылады».

      Сонымен барлық ақша айналысы қолма – қол және қолма – қолсыз ақшалар болып бөліне отырып, олар қазірде ерекше айналым сипатына ие болып отыр. Сондай  - ақ ақша айналымы:

    • өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлық сипаттағы есеп айрысулармен байланысты ақша айналымын;
    • тауарлы емес сипаттағы есеп айрысулармен байланысты ақша айналымы;
    • ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл қағаз, несеи ақшалар көмегімен жүзеге асырылады.

       Міне  осындай игі шараларды жүзеге асыру барысында біз өзіміздің  ақша айналымын реттестіре аламыз.

       Алпауыт шет елдік капиталдар айналымын  отандық саудаға араласуының  нәтижесінде біздің төл теңгеміздің  тегеуріні өз үлесін аздап төмендетуде. Сол себепті ақша реформасын жүйелеу  көзқарастары өзіндік сипатқа ие бола отырып, жаңа толықтыруларды талап етеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ғ.С. Сейтқасымов «Ақша,несие, банктер»; А; 2001 ж;
  2. Я. Әубәкіров «Экономикалық теория негіздері» А; 1998 ж;
  3. Экономика: Учебник/Под.ред. А.С. Булатова. – М., 1995 г;
  4. Агапаво Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика: Учебник/Под.ред. А.В. Сидоровича. – М., 1997 г;
  5. Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леуский А.И., Тарасевич Л.С. Макроэкономика. СПб., 1997 г;
  6. Долан Э. Макроэкономика. СПб., 1994 г;
  7. Кейнс Дж. М: Общая теория занятости, процента и денег/Антология экономической классики. – М., 1992 г;
  8. Мэнькю Н.Г. Макроэкономика. – М., 1994 г;
  9. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика – М., 1993 г;
  10. Хейне П. Экономический образ мышления. – М., 1991 г;
  11. Прикладная экономика. Пер.с.англ. – Алматы: ТОО «Книга», 1997 г;
  12. Дайджест экономической теории – М.: Аналатика – Пресс, 1998 г;

Информация о работе Ақша мәні, мен мақсаты