Ақша мәні, мен мақсаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 15:30, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде ақша және қаржы шаруашылығы, ақша – несие жүйесін реформалау, қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын соңды болмаған жаңа ақша қатынастары, қаржы институттарының жаңа түрлерінің пайда болуы, нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды ақша жүйелерінің қалыптасуы, жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негізделген бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруд

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
1 – тарау. Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері
1.1. Ақшаның шығу тегі, пайда болу кезеңдері................................................5
1.2. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні..........................................9
1.3. Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы..................13
2 – тарау. Қазақстандағы ақша реформаларын қалыптастырудың тиімді жақтары
2.1. ХХ ғасырдың басы мен орта шеніндегі ақша реформалары..................18
2.2. Кеңестер одағынан тәуелсіздік алғанға дейінгі ақша реформасының мәні......................................................................................................................22
2.3. ҚР тәуелсіздік алғаннан кейінгі ақша реформасын тұрақтандыру мен қалыпқа келтірудің шешімді жолдары мен мәселелері.................................25
Қорытынды......................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер............................................

Работа содержит 1 файл

Ақша мәні, мен мақсаты.doc

— 135.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ 

Кіріспе..................................................................................................................3

1 – тарау. Ақшаның  мәні және атқаратын  қызметтері

1.1. Ақшаның шығу  тегі, пайда болу кезеңдері................................................5

1.2. Ақшаның қажеттілігі  мен экономикалық мәні..........................................9

1.3. Ақша қызметтері  және олардың қазіргі жағдайдағы  дамуы..................13 

2 – тарау. Қазақстандағы ақша реформаларын қалыптастырудың тиімді жақтары

2.1. ХХ ғасырдың басы мен орта шеніндегі ақша реформалары..................18

2.2. Кеңестер одағынан тәуелсіздік алғанға дейінгі ақша реформасының мәні......................................................................................................................22

2.3.  ҚР тәуелсіздік алғаннан кейінгі ақша реформасын тұрақтандыру мен қалыпқа келтірудің шешімді жолдары мен мәселелері.................................25 

Қорытынды......................................................................................................29 

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................30 

 

      Кіріспе

      Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде ақша және қаржы шаруашылығы, ақша –  несие жүйесін реформалау, қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын соңды болмаған жаңа ақша қатынастары, қаржы институттарының жаңа түрлерінің пайда болуы, нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды ақша жүйелерінің қалыптасуы, жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негізделген бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.

      Айналыста жүре отырып, ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы қызметтерін атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарыздарды өтеуге жұмсалуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін.

      Өмірлік тәжірибе көрсеткендей ақша айналысын ақша айналамынан бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма – қол және қолма – қолсыз деп қатаң түрде шектеулі ғалымдар онша қабылдай қоймайды.

      Жалпы айтар болсақ Қазақстан Республикасының  ақша жүйесі 1995 жылы наурыздағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар» Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Яғни мұнда ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша бірлігінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.

           Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа  тауардың құны бейнеленеді және  оның  делдал ретінде қатысуыменен  тауар өндірушілер арасында еңбек  өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

     Жалпыға бірдей эквивалент ролі  тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың  құнын бейнелеу қасиеті, оның  табиғи қасиеті емес. К.Маркс   айтқандай: «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген».

     Таңдалған курстық жұмыстың мақсаты – ақша түсінігі мен ақша айналымын анықтай  отырып, қазіргі қазақстандағы ақша несие саясатының негіздерін зерделеуді қамтиды. Қазір бізде үлкен экономикалық даму кезеңінде ақша реформасының да біраз өзгеріске келгені байқалуда. Сол себептен бұл жұмыстың тақырыбы өте ауқымды. 
       1 – тарау. Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері

1.1. Ақшаның шығу тегі, пайда болу кезеңдері

      Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық  формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісінің қатынасы бойынша  айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауарларының өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша».

     Әрбір ерекше тауар міндетті  түрде тұтыну құны ретінде  көрінеді. Оның құны жасырын түрде  болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.

     Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде  бір тауардың басқа бір тауарға  кездейсоқ айырбасталынуы барысында,  айырбас құнның жай немесе  кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай және т.б.).

     Тауар өндірісінің дамуы барысында  кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы  тауар массасының ішінен барынша  жиі айырбасталатын тауардың  бөлініп шығуымен құнның жай  формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.

     Тауар айналысының тарихи эволюциялық  даму процесінде жалпы құндық  эквивалент немесе ресімделінбеген  ақша формасын, әр түрлі тауарлар  қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін  тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр  түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе; тундрада – бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарды. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде  пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда «өгіз» деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі «пекуния» (ақша) «пекус» («мал») сөзінен шыққан. Рупа («мал») сөзі үнділердің ақша бірлігінің  атауы «рупия» негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де «мал» деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген «біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады». Ол кездегі қазынашы «малшы», қазына, қазына жинау орны – «мал ұстайтын орын» деп аталынды.

      «Капитал» сөзінің шығуы да  малменнен байланысты, өйткені ескі  герман тілінде бұл сөз мал  басы санының көптігін білдіре  отырып, меншік иесінің байлығын  көрсетті.

     Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі және т.б.). Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдарының бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5450 руб. күміс пен 7000 руб. жүн табылды.

     Жылы теңіздердің жағасын мекендеген  тайпалар айналыс құралы ретінде  бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың келесі атауларысақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б. Көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарында алғашқы ақшалардың қызметін атқарды. Американдық үнділердің  белдіктерінде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың келбет-кескінін көрсете өрнектеліп, былғары белдіктерге көрік берді. Бақалшақтарды Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбас құралы ретінде пайдаланылды.

     Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың  ең бір тұрақты формасы болып  табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны – қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса қымбас – қызыл түсті (ронго) пайдаланылды.

     Әлемде әр түрлі «экзотикалық»  ақшалар болған. Каролин аралдары  тобына кіретін Яв аралында  осы күнге дейін феи ақша  айналысында қызмет етеді. олардың  формасы дөңгелекше тас түрінде  келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай «монеталардың» диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.

     Юлий Цезарь патшалығының тұсында  ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.

          Металл ақшаларының артықшылығы,  олар – біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және т.б. Металл ақшалардың  кең таралуымен ақша есебінің  салмақтық жүйесі нақтылана түсті.

     Кейін келе металдардың арасында  басты роль алтын мен күміске  өте бастады, өйткені олар жалпы  эквивалент үшін аса қажетті  сапаға ие.

     Әрине, металдар бұған дейінгі  ақша формаларын бірден ығыстырып  шығарып тастаған жоқ. Ұзақ  уақыт бойы металл ақшалар тауар формасымен сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға , шеге, шынжыр және т.б. формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы «драхма» «бір уыс шеге» деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде пайдаланылды.

      Бірақ б.э. дейін ХІІІ ғасырда  салмағы көрсетілген құймалар  пайда бола бастаған. Осындай  себепке байланысты көптеген  ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталады. Алғашқыдағы белгілі массасы бар формасыз металл ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады.

 

1.2. Ақшаның қажеттілігі  мен экономикалық  мәні

     Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

     Бірақ ХҮІ ғасырдың басында  (1516 ж.) утопиялық социализмнің негізін  қалаушы Томас Моор өзінің  «Жаңа утопия аралы және мемлекеттің  үздік құрылымы туралы алтын  кітап» деген еңбегінде: «Алдау, ұрлау, тонау... кісі өлтіру заң  тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрылмай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді. Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жойылар еді».

     Ол аздай Т.Моор тағы былай  деді: «Қай жерде болсын барлық  нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін  болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының  болуы мүмкін емес».

     ХІХ ғ. Социал утопистері –  Прудон, Оуэн, Грей және басқалар  ақшаға теріс көзқараста болды.  Прудон тауар өндірісін сақөтай  отырып, ақшаны жоюдың жобасын  ұсынды және оны дәлелдемек  болды.

     Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан (1917) кейін, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіп өнімдеріне тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның бәрі сәтсіз аяқталды. С.Г.Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері – тредаларды, ал ағылшын экономисі Смит Фальтнер энергетикалық бірліктерді – энедаларды пайдалануды ұсынды.

     Осыған байланысты К.Маркс былай  дейді: ақшаларды жоя отырып, біз  қоғамдық дамудың ең жоғары  сатысында (коммунизмде) болуымыз  мүмкін немесе ең төменгі   сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа)  қайта оралар едік. Қанша дегенмен  де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.

Информация о работе Ақша мәні, мен мақсаты