Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2012 в 23:13, курсовая работа
Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Кіріспе ...................................................................................................................3
I бөлім. Ақша қаражаты...................................................................................5
1.1 Ақша қаражатының түсінігі ..........................................................................5
1.2 Кәсіпорындағы касса және кассадағы ақша қаражаты түсінігі..................7
II бөлім. Кассадағы ақша қаражат есебі, оның құжатталуы …....……….9
2.1 Кассадағы ақша қаражаты қозғалысын құжаттық рәсімдеу ......................9
2.2 Кассалық кітапты жүргізу және касса бойынша есеп беруді тапсыру
әдісі .................................................................................................................13
2.3 Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының кіріске алынуы ................16
2.4 Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының шығысқа шығарылуы .....18
2.5 Кассадағы ақша қаражатының синтетикалық және талдау есебі ............19
Қорытынды .........................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер тізімі ........................................................................25
«Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша» есебі. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі.
Субъектінің оперативтік кассасындағы
қолма-қол ақша есебі. Қоғамдық тамақтандыру
мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне
байланысты олардан түсетін түсімнің
басым көпшілігі қолма-қол ақша қаражаттары
бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік
кассасының есебін жүргізуге тура келеді.
Оперативтік касса, әдетте , сауда залында
орналасады.
2.2 Кассалық
кітапты жүргізу және касса
бойынша есеп беруді тапсыру
әдісі
Қолға берілетін және қабылдайтын ақша қаражаттарын сақтау үшін әрбір ұйымның кассасы болады.
Касса – бұл ақша сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме. Операция жүргізілетін уақытта есіктер ішкі жағынан жабылады, сейфтің және темір шкафтың кілттері кассирде сақталады, ал кілттердің көшірмелері мөрленген пакетте кәсіпорын басшысында болады. Қабылданған құндылықтардың сақталуы үшін материалдық толық жауапкершілік көтеретін кассир кассалық операцияларды жүргізеді.
Оған арналған бөлме кассалардың өрттен қорғау белгілерімен және құралдарымен нығайтылып, техникалық жарақтануы туралы Ұлттық Банк талаптарына сәйкес, оңаша бөлініп, жабдықталған болуы тиіс. Кәсіпорын жетекшілері кассадағы ақшаның, сол сияқты банктен әкелу кезіндегі және банкке тапсыру кезіндегі ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Кәсіпорынға жататын қол ақшаларын кассада сақтауға рұқсат етілмейді.
Кассалық операцияларды кассир жүргізеді, ол материалды жауапты тұлға болып табылады. Кассирді жұмысқа қабылдау кезінде ол кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен танысады, толық жеке материалдық жауапкершілік туралы онымен шарт жасалады және кассирдің қызмет міндеттемелеріне қол қояды. Кассир болмаған кезде толық материалдық жауапкершілік жайлы шарт жасасқан бухгалтер кассалық операцияларды атқарады.
Кассадағы ақша қозғалысының есебі касса кітабында жүргізіледі (Қосымша), ол номерленіп, бау өткізіліп, жетекшінің, бас бухгалтердің қолдарымен және мөрмен расталған болуы керек. Түсу мен жұмсау бойынша барлық операцияларды кассир 1 жылға ашылатын кассалық кітапқа жазады. Кассалық кітаптағы жазбалар көшірме арқылы 2 дана болып жүргізіледі. Кіріс және шығыс кассалық ордерлеріндегі жазбалар басталмас бұрын кассалық кітапта күн басындағы ақша қалдығы көрсетіледі. Жұмыс күнінің соңында кассир күні бойғы операциялардың қорытындысын есептейді және күн соңындағы ақшаның қалған қалдығын шығарады. Кассалық кітап беттерінің екінші даналары жыртылады және кассирдың есебі болып қызмет етеді.
Касса кітабының екі жартысы да бірдей номерлермен номерленеді. Барлық кассалық операциялар парақтың үзілмейтін бөлігінің беті жағынан (“күннің басындағы қалдық” жолынан кейін) бастап жазылады, жазбас бұрын әуелі парақтың жартысы бүктеледі (үзілетін бөлігі қалған парақ бөлігінің астына салынады). “Ауыстырғаннан ” кейінгі жазуларды жалғастыру үшін парақтың үзілетін (жыртылатын) бөлігін екінші жаққа қайырады (яғни үзілмейтін бөліктің беткі жағынан) парақтың үзілмейтін бөлігінің келесі бетіндегі көлбеу сызықтар бойынша жазуларын жалғастырады.
Есеп беретін бланкі сол күн ішіндегі операция соңына дейін үзілмейді. “Оның ішінде еңбек ақы” жолындағы төлем ведомостілері бойынша жалақыға кассадан шығысқа есептен шығарылмаған сома көрсетіледі.
Касса кітабында ақша кімнен алынғаны және кімге берілгені, корреспонденциялық шот және кіріс пен шығыс сомасы құжатының номері көрсетіледі. Есеп беру (күн) соңында кассир жиынын есептен шығарады және есеп беру (күн) соңына қалдықты шығарады. Кітапта расталмаған өшірулер мен түзетулерге жол берілмейді. Түзету кассирдің және бас бухгалтердің қолдарын қою арқылы расталады. Касса кітаптарын жүргізу мен кассалық операцияларға бақылау жасау бас бухгалтердің міндеті болып саналады.
Кассалық операциялардың көлемі үлкен болмаған кезде, кассалық есеп беруді 3-5 күнде бір рет жасауға рұқсат етіледі.
Күн сайын немесе 3-5 күнде бір рет жұмыс күнінің соңында кассир кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу арқылы бухгалтерияға қолхатпен есеп береді. Кассирдің берген есебіндегі корреспонденциялық шоттарға белгі соғылады, содан соң оның деректерін 1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті және кредиті бойынша есеп-қисап тізімдеріне ауыстырады. Ай соңында тізімдерде келесі есеп беретін айдың 1-не қалдық шығарылады, ол кассирдің берген есебінің қалдығына және 1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шоты бойынша бас кітапқа сәйкес келуі тиіс.
Кассалық операцияларды бақылау процедуралары міндетті түрде аяқ астынан жоспарсыз түрде жүргізіледі. Кассадағы аудиттік операцияларға кірісерден бұрын, мынадай ережелерді сақтаған жөн:
1.Чектер
мен чектік кітапшаларды
2.Кассалық кітап бойынша кассадағы қалдық ақшаны келесі күнге көшіру тәртібі;
3.Кассалық
кітап бойынша есептегі ақшаны
әр сайын есептеп, бір күн
бұрын кіріс пен шығысты
4.Касса кітабындағы ақша операциялары мен кассадағы ақша тізімінің сәйкес келуін тексеру;
5.Кіріс
пен шығыс бойынша кассалық
кітаптағы ақша ағымының
6.Кіріс пен шығыс ордерін тіркеп, күнтізбе арқылы тексеру;
7.Кассалық
операцияларды мекеменің
Инвентаризация кезінде кассадағы ақшаның жалпы саны тексеріледі.
Инвентаризацияға
арнайы акт толтырылады. Егер де кассада
ақша жетіспеушілігі анықталса, немесе
ақшаның артық болу себебі актіге
жазылады. Кассадағы бланктер саны
саналып, олардың номерлері
Сонымен қатар, кассалық операцияларды тексеру кезінде мынадай тәртіпті есте сақтау қажет:
1.Кассир мен жазба түріндегі келісім шарттың болуы, материалды жауапкершілігі жөнінде және де кассалық операцияларды жүргізу жөнінде;
2.Кассалық
операцияны жүргізу жөніндегі
нұсқауға байланысты ақшаны
3.Қазақстан
Республикасының жергілікті
4.Кассалық
құжаттардың өз уақытында
5.Мемлекет
мекемеде қалған ақша лимитін
бақылап отыруын қадағалау;
2.3 Кәсіпорын
кассасындағы ақша қаражатының кіріске
алынуы
Кассаға ақша кірістелген кезде 1010-«Кассадағы теңгемен және валютамен ақша қаражаты», шоты дебеттеледі, онда кассадағы ұлттық және шетел валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады, төмендегі шоттары кредиттеледі:
1030-«Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен және шетел валютамен ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық валютамен және шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1250-“Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда қызметкерлердің:
активтерді сатып алуға есеппен берілген ақша қаражаты, қызметтерге ақы төлеу, қызметтік іссапарлар мен басқалар, кызметкерлерге берілген карыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысына байланысты операциялар, сондай-ақ ұйымға қызметкер келтірген материалдық шығынды (кемшін шығу талан таражға салу, бүліну және басқалар) өтеу жөніндеп есеп аиырысу және қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі,
6010-«Өнімді сатудан және қызметтер керсетуден түсетін кіріс», онда өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар ескеріледі, және оларға ұқсас операциялар көрсетіледі;
Ақша кассаға түскен кезде 1010 - «Кассадағы теңгемен және валютамен ақша қаражаты» шоты дебеттеледі және келесі шоттар кредиттеледі:
6010-«Өнімді сатудан және қызметтер керсетуден түсетін кіріс» және басқа да шоттар-кассаға алынған түсімнің сомасына;
1210-«Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар сатылған өнім және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
Кәсіпорынның кассасына түскен түсімді өткізгенде –1010 шоты дебеттеледі де, ал 1010-«Кассадағы теңгемен және валютамен ақша қаражаты» субшоты кредиттеледі.
ЖШС «Азияавто»
кассасына ақша қаражатының кіріске
алынуы:
№ | Шаруашылық операция мазмұны | Д | К | Сома, тг |
1 | Өткізілген өнімнен түскен түсім кассаға келіп түсті | 1010 | 6010 | 3067200 |
2 | Сатып алушылар мен тапсырушылар берешегін кассаға тапсырды | 1010 | 1210 | 6847000 |
3 | Ағымдағы банктік шоттан келіп түсті | 1010 | 1030 | 4000000 |
4 | Қызметкер түгендеу кезінде жетпеген немесе пайдаланбаған соманы кассаға қайтарды | 1010 | 1250 | 780000 |
5 | Құрылтайшыдан салым ретінде кірістелді | 1010 | 5110 | 85000 |
6 | Қайтарымсыз заңды тұлғадан келіп түсті | 1010 | 6220 | 64000 |
7 | Аванс ретінде сатыпалушылардан кассаға кірістелді | 1010 | 3510/4410 | 57500 |
8 | Пошта бөлімінен жолдағы ақша қаражаты алынды | 1010 | 1020 | 1000000 |
9 | Өз акцияларының сатылғаннан түскен түсімі кірістелді | 1010 | 5210 | 3404500 |
10 | Оң бағам айырмашылығы анықталды | 1010 | 6250 | 875000 |
11 | Валюталық шоттан кассаға түсті | 1010 | 1012 | 682000 |
Барлығы | 29862200 |
2.4 Кәсіпорын
кассасындағы ақша қаражатының шығысқа
шығарылуы
Кассадан ақша берілген кезде 1010-шоты кредиттеледі және келесі шоттары дебеттеледі:
3350-«Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек», мұнда қыз-меткерлерге қызметкерлер тиісті қызметтерді көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде толық көлемде төлеуге жататын сыйақылар (демалыс жәрдемақыларынан және үлескерлік құралдарымен өтемақы төлемдерінен басқа) және еңбекақы телеу бойынша өзге қысқа мерзімді берешектер есепке алынады;
2150-«Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда қызметкерлерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысымен байланысты операциялар, сондай-ақ қызметкердің ұйымға бір жылдан асатын мерзімде келтірген материалдық зиянды (кемшін шығу, ұрлау, бүлдіру және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу көрсетіледі;
1030-«Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен
және шетел валютамен ақша қаражаты»,
онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық
валютамен және шетел валютасымен ақша
қаражатының қозғалысы есепке алынады;
ЖШС «Азияавто»
кассасынан ақша қаражатының шығысталуы:
№ | Шаруашылық операция мазмұны | Д | К | Сома |
1 | Жеткізушілер мен мердігерлерге төленді | 3310/4110 | 1010 | 2108200 |
2 | Банктік қарыз қайтарылды | 3010/4010 | 1010 | 300800 |
3 | Есептелген сыйақылар аударылды | 3380 | 1010 | 983400 |
4 | Корпорациялық табыс салығы төленді | 3110 | 1010 | 300672 |
5 | Бюджетке айып төленді | 7210/7470 | 1010 | 212000 |
6 | Ағымдағы банктік шотқа босатылды | 1030 | 1010 | 2640000 |
7 | Теріс бағам айырмашылығы анықталды | 7430 | 1010 | 308000 |
8 | Еңбекақы төленді – төлем ведомос бойынша | 3350 | 1010 | 200850 |
9 | Пошта бөліміне тапсырылды | 1020 | 1010 | 645200 |
10 | Түгендеу барысында сома кем шықты – кінәлі адам белгісіз | 1280 | 1010 | 145600 |
11 | Жетпеген сома жауапты тұлғаның мойнына жүктелді | 1250 | 1010 | 145600 |
12 | Жеткізушілерге аванс берілді | 1610 | 1010 | 74320 |
Барлығы | 7889042 |