Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2012 в 23:13, курсовая работа
Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Кіріспе ...................................................................................................................3
I бөлім. Ақша қаражаты...................................................................................5
1.1 Ақша қаражатының түсінігі ..........................................................................5
1.2 Кәсіпорындағы касса және кассадағы ақша қаражаты түсінігі..................7
II бөлім. Кассадағы ақша қаражат есебі, оның құжатталуы …....……….9
2.1 Кассадағы ақша қаражаты қозғалысын құжаттық рәсімдеу ......................9
2.2 Кассалық кітапты жүргізу және касса бойынша есеп беруді тапсыру
әдісі .................................................................................................................13
2.3 Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының кіріске алынуы ................16
2.4 Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының шығысқа шығарылуы .....18
2.5 Кассадағы ақша қаражатының синтетикалық және талдау есебі ............19
Қорытынды .........................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер тізімі ........................................................................25
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада қабілетті активтер есептелінеді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың ақшаларынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.
Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Ақша баламалары – бұл
Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары, алынған вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іссапар шығындары үшін аванс ретінде берілген сомалары, жұмысшылар мен қызметкерлердің басқа дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатпайды. Оларды бухгалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.
Овердрафт – дегеніміз кәсіпорынның иелігінде, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш болып есептеледі. Овердрафт кәсіпорындар мен ұйымдардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы қалдық соиадан артық болған уақытта ғана пайда болады. Егер овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома кәсіпорынның балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатында бөлек көрсетілуі тиіс.
Ақшалай қаражатқа міндеттемені жедел төлеу үшін қолдануға болатын қаржы ғана кіреді. Оларға қаржылық мекемелердегі ағымдағы шоттағы қалдықтар, қолма-қол ақша қаражаты, монеталар, валюта мен субъект кассасына нақты берілетін ақшалай құжаттар (жай чектер, кассалық ордерлер, клиенттердің чектері, ақшалай аударымдар және басқа да есеп айрысу құралдары) жатады.
Мысалы, «Азияавто» жеке шаруашылық
серіктестігінің өз қолма-қол кассасы
бар. Себебі, біздің серіктестік автокөлік
сатумен айналысқандықтан, бізде қол астымызда
қолма-қол ақшаның болуы үлкен рөл атқарады.
Касса – арнайы жабдықталып, дабылдатқыш
орнатылған. Сонымен қатар сақтандыру
ұйымдарымен сақтандырылуда. Кассада
бүкіл шаруашылық операциялар тіркеліп
отырғандықтан, онда арнайы ақша қаражатын
сақтауға арналған сейф орнатылған. Бүкіл
операцияларды тіркеп отыру үшін және
ақша қаражатын қабылдап, оны шаруашылық
қажеттіліктер үшін босатуға кассаға
жауапты тұлға қажет. Кассаға жауапты
тұлға – кассир болып саналады. Кассирді
жұмысқа алмас бұрын, шаруашылық серіктестігі
мен жеке тұлғаның арасында келісімшарт
жасалынады. Яғни, сол келісімшарт бойынша
жеке тұлға кассир ретінде жұмысқа алынады
және кассаға жауапты тұлға болып саналады.
Яғни, ЖШС «Азияавто» кассирі Муканова
К.М. Кассада жүргізілетін барлық шаруашылық
операцияларды тіркеу соның мойнында.
2.1 Кассадағы
ақша қаражаты қозғалысын құжаттық рәсімдеу
Есеп-қисап құжаттамаларын қолмен өңдеу, сол сияқты автоматтандырылған өңдеу кезіндегі кассаға ақшаның түсуі кассалық кіріс ордерімен (№КО-1) (ҚОСЫМША) бір данада рәсімделіп, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды.
Кассалық операциялар қолма-қол ақша қабылдаған соң бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға қол қойған кірістік кассалық ордермен рәсімдейді. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдаған туралы түбіртек (квитанция) (ордердің қиынды бөлігі) беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир “Төлем таңбаларын анықтау тәртібін” басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен (цифрмен) жазылады.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс (№КО-2) (ҚОСЫМША) ордерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен, ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені – жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: “Сенімхат бойынша” деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.
Еңбекақы, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақылар мен сыйлықтар төлеу, ақшаны беру мерзімі жалпы сомасы жазу түрінде көрсетілуімен ұйым жетекшісі мен бас бухгалтер қол қойған төлем ведомостері бойынша жүзеге асырылады. Оның қас бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне еңбекақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты тегінің тұсына мөртаңба соғады немесе “Депозитке салынды” деп қолмен жазып, белгі соғады, берілген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуы тиісті сома жазылады. Егер төлемді кассир емес, өкілетті адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: “Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы)” деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерлерінің толтырылған күні мен номері, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың нысаналы мақсаты көрсетіледі (жалақы, сыйлықтар, степендиялар, іссапарға төленген және басқа да шығыстар). Егер ақша қаражатының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.
Кіріс және шығыс кассалық құжаттарды тіркеу үшін “Кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу журналы” қолданылады (ҚОСЫМША, №КО-3), шығыс құжаттарға бөлек, кіріс кассалық құжаттарға бөлек журнал ашылады. Бұл журналда мыналар көрсетіледі:
Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарын, олардың дұрыс рәсімделуін, ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен күнін, айы мен жылын көрсете отырып “Алынды” немесе “Төленді” деп белгі соғады.
Кассадағы сақталатын ақша қаражаттары мен қатаң есептегі бланкілеріне тексеру, есеп саясатында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі. Оны кәсіпорын жетекшісі тағайындайтын комиссия жүргізеді. Тексеру нәтижелері қолға берілетін ақша қаражаттарын түгендеу Актісімен (№ТҮГЕНДЕУ-15) және құндылықтарды түгендеу тізімдемесімен және қатаң есептегі құжаттар бланкілерімен (№ТҮГЕНДЕУ – 16) рәсімделеді.
Кассада
анықталған артық шыққан ақша қаражаттары
кіріске алынады, кем шыққан ақша
қаражаттары кассирден
Қолға берілетін ақшадан өзге, кассада акциялар, мемлекеттік зайымдардың акциялары, вексельдер, чек кітапшалары, өзге де бағалы қағаздармен қатаң есептегі бланкілер сақталуы мүмкін.
Қатаң есептегі бланкілерге мыналар жатады: асханадан тамақ алуға, белгілі бір ас қабылдауға, оқу орындарының асханаларынан тамақ алуға, емдеу профилактикалық ас қабылдауға берілетін абонементтер, қызметкерлерге тегін арнайы тамақ босатуға арналған талондар (сүт немесе соған тең тамақ өнімдері) және басқа да Билеттер, талондар, абонементтер және қатаң есептегі өзге де бланкілер, материалдық құндылықтар ретінде, оларды сатып алынған нақты өзіндік құны бойынша 1350 “Өзге қорлар” шотында есепке алынады. Материалға жауапты тұлғалар бланкілер есебінен кіріс-шығыс кітабында қатаң есептегі бланкілер есебі бойынша әрбір атауы және нақты құны бойынша жүргізіледі. Бланкілердің кіріс және шығыс операциялары қатаң есептегі бланкілерде кіріс шығыс (накладной) құжатымен рәсімделеді. Материалға жауапты тұлға ай сайын бухгалтерияға қатаң есептегі бланкілердің қозғалысы туралы есеп береді. Белгілерді (бланкілерді) өткізуге дайындау кезінде, субъект жетекшісі арнайы тағайындайтын комиссия материалға жауапты адамның қатысуымен қапшықтарды ашып, бланкілерді әр парақ бойынша түгендеп, санап шығады. Ашылған қапшықтағы бланкілерді парақтап санап шығу кезінде анықталған нәтижелер абонементтерді, талондарды және өзге де белгілерді тексеру нәтижелері туралы Актіге жазылады. Актіде алшақтықтар анықталған жағдайда, орауындағы құлақша қағаздағы деректер мен қапшықтан шыққан нақты белгілер жазылады. Акт негізінде белгілерді (бланкілерді) жасаушыларға талап білдірілуі мүмкін. Тамақ алуға берілетін абонементтерге және өзге белгілерге оларды сатуға дайындау кезінде субъектінің мөрі басылады.
Есеп саясатында белгіленген мерзімдерде кассада сақталатын ақша қаржаттары мен қатаң есептегі бланкілерге тексеру жүргізу қажет. Оны субъект жетекшісі тағайындайтын комиссия жүргізеді.
Кассалық операциялар есебін компьютерлендіру кезінде, сондай-ақ кассалық құжаттарды өңдейтін бағдарламалық құралдар жұмысының дұрыстығына тексеру жүргізіледі. Оның бұзылуына кінәлі тұлғалар белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады. Ақша қаражаттары мен қатаң есептегі бланкілерді тексеру нәтижелері қолға берілетін ақша қаражаттарын түгендеу Актісімен және құндылықтар мен қатаң есептегі құжаттар бланкілерін түгендеу тізімдемесімен рәсімделеді. Кассада анықталған артық шыққан ақша қаражаттары кіріске алынады. Бұл операция дебет бойынша 1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотында және кредит бойынша 6280 “Басқа да кірістер” шотында көрсетіледі. Кем шыққан ақша қаражаттары мен бағалы қағаздар кассирден өндіріледі:
1280
“Өзге қысқа мерзімді
1010
“Кассадағы теңгемен ақша
Қатаң есептегі бланкілердің кем шығуынан субъектіге келтірілген шығын олардың нақты құны негізінде есептеледі. Осыған орай келесі шоттар корреспонденциясы жасалады:
Кассадағы қатаң есептегі бланкілердің кем шығуы анықталды:
а) нақты өзіндік құн мен көрсетілген құн арасындағы айырма бойынша:
1280
“Өзге қысқа мерзімді
1350
“Өзге қорлар” шотының кредиті, субшот
“қатаң есептегі бланкілер.”
б) көрсетілген құны бойынша:
1280
“Өзге қысқа мерзімді
3520 “Алдағы кезеңнің кірістері” шотының кредиті.
Қатаң есептегі бланкілердің жетпейтін құны кассаға салынды:
1010
“Кассадағы теңгемен ақша
1250 “Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі” шотының кредиті, субшот “кем шығу, жетпеу және талан-тараж бойынша дебиторлар.”