Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 10:21, курсовая работа
Ал курстық жұмысымның міндеті – ақшаның – тауарлы өндірістік категориясы ретінде толық мәліметтер қарастыру. Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез - келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір - бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы;
ақша айналысының жылдамдығы.
Металл
ақша айналысы тұсында айналыстағы
ақша саны ақшаның қазына жинау құралы
қызметінің көмегімен реттеліп отырды.
Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса,
онда айналыстағы артық ақша (алтын
монета) айналыста қазынаға кетіп, ал
егер ақшаға деген қажеттілік үлғайса,
онда айналысқа қажеттілік ұлғайса, онда
айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан
айналысқа шығарылып отырады.
2.2.
Ақшаның металдық теориясы
және металл ақша айналысы
Ақшаның металлдық теориясы. Бұл теорияның өкілдеріне капиталдың алғашқы қорлануы кезеңіндегі мерконтилистер жатады. Оларға қағамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металлдармен бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күмісяғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистік сипатта, себебі бұл теорияның пайымдауынша ақшаның рөлінде алтын, күміс сияқты кез келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігі жөніндегі хабарсыз.
Ресейде
металлдық теорияның өкілі
Неміс экономистері ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын Ррталық банктің банкноталары да аталады деген. Ол кездері ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисі Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгізу идеясын ұсынады. Себебі 70-жылдардың басында жойылған Бреттон-Вудс валюталық жүйенің орнына жаңа алтын стандартын енгізуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ-тың экс-президенті Рональд Рейган саулау алдындағы күрес кезінде алтын стандарты қайта оралуы мүмкін деп санады.Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуі, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгереді. Қағаз-несиелік ақшаларды алтын қарымен жасанды түрде үйлестіру – натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкеліп соқтыруы сөзсіз, өйткені алтын қорының өсімі физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтіп бұл ақша бірлігі құнының тым аса ұлғаюына әкеліп соқтырып,қасиетінің жоғалуы т.б. пайда болды.
Адамзат құнның әр түрлі формаларын өз басына өткере отырып, яғни ақша орнына әр түрлі тауарлар қолданысынан кейін, адамзат металл ақша айналысына қол жеткізді. Металдың ақша ретінде қызмет етуінен барып одан бірте-бірте монеталар пайда бола бастады.
Көпестер классының бөлінуімен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы кезеңді сипаттайды.
Монета – ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі.
Монета бет жағы – аверс, келесі жағы – реверс, кесіндісі – гурт болып ажыратылады.
Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместері - биллонды ақшалар деп аталады.
Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсініктемелер бар:
Биметаллизм – жалпыға бірдей эквивалент рөлін екі немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күміс монеталар пайдаланылады.
Монометаллизм – жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі қолданылатын ақша жүйесі.
Түрікше
“акче” сөзі, қазақша “ақша”, яғни
“ақ” сөзінен, күміс монетаның түсіне
қарап шыққан.
Ақшаның номиналистік теориясы мерконтилистердің металлизмге қарсы іс-әрекеті болып табылады. Тауар өндірісі мен айналымының өсуіне байланысты металл монеталарды вексель, банкнота түріндегі несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстырубіртіндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардың металдыққұрамын белгіледі.
Номинализмнің
негізгі ережесі төмендегідей:
ақша идеалды есеп бірлігі болып саналады және олардың көмегімен тауарлардың айырбас құны анықталады;
Бұл бірлік ешқандай да ішкі құнға ие емес;
Сонымен номиналистер ақшаның құндық жаратылысын толық жоққа шығара отырып, оларды техникалық айырбас құралы ретінде қарастырылады. Адам Смиттің айтуынша, ақша – бұл айырбас процесін жеңілдететін техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның құны екі жақты мәнге ие деп санайды:
қандай-да бір заттың пайдалылығын көрсетеді;
басқа тауар сатып алу мүмкіндігі.
Номинализмнің мәні неміс экономисі Кнапптың еңбегінде жақсы берілген. Оның негізгі ережелері төмендегідей құрылды:
ақша – құқық тәртіптің өнімі, мемлекеттік бтліктің туындысы;
ақша – мемлекеттік хартальдік төлем құралы, яғни ол мемлекеттің төлем күшімен жасалған төлем белгілері болып табылады;
ақша
негізгі қызметі – төлем
Кнапп ақшаның мәні оның материалдық белгісінде емес, оларды пайдалану барысын реттейтін құқықтық нормасында деп жазады.
1929-1933
жж. экономикалық дағдарыс тұсында
номинализм әрі қарай дами
түседі. Сөйтіп, Дж. М. Кейнс алтын
ақшаларды “жабайылық
Сырттай қарағанда, қағаз белгілері мемлекет тарапынан жасалған – толық құнды ақшаның орнын алмастырушылар тәрізді әсер етеді деген ой туады. Шынында олар металл ақшаның номиналды құнының нақты құнынан ауытқуының көбеюі есебінен пайда болды.
Металл ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептері:
Металл ақша айналысы өте қымбат болып келеді және капитализмнің дамуымен мүмкін емес, себебі қымбат металдарды өндіру айналыс құралдарына деген шаруашылықтық қажеттілігінен әлде қайда төмен.
Монеталардың тозуы және бүлінуі.
Мемлекеттік билік пен жалған монеталарды жасаушылардың монеталарды бұзуы.
Мемлекет шығындарын қағаз ақшаларды жабу үшін шығарды. Осылайша, Солтүстік Америка өзінің тәелсіздігі үшін соғыста қаржыландыру көптеген мөлшерде “континентальдық ақшалар” шығарды.
Қағаз ақша – мемлекетің өз шығындарын табу үшін шығарылатын, әдетте металға айырбасталмайтын, еріксіз номиналға ие ақша белгісі. Тарихта олар алтын және күмістің белгілері ретінде пайда болды.
Алтынның
белгілері ретінде қағаз
Қорытынды
Менің курстық жұмысымның тақырыбы – «Ақша – тауарлы өндіріс категориясы ретінде». Курстық жұмысым 2 бөлімнен тұрады.
Курстық жұмысымның І – бөлімінде ақшаның пайда болуы, оның мәні туралы қарастырдым. Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және объективті.
Субъективті көзқарас кезінде
ақша адамдар арасындағы
Объективті көзқарас кезінде дәлелденеді: ақша - бұл жалпы эквивалент ролі бекітілген, көптеген тауарлардың дамуының нәтижесі.
Осы теорияға сәйкес ақшаның
пайда болуы тауар айырбасының
бастапқы сатысында айырбас
Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестірілді. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола бастады. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туады.
Ал ІІ – бөлімінде ақшаның айналысы, оның заңдары, номиналистік және металдық теориясы туралы қарастырдым. Ақша айналысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Яғни ақша айналасы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналым ұғымы одан кең мағынада бергендіктен ол қолма-қолсыз тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.
Ақша айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақша бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің теңдеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы ары қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитализм айналымына қызмет ете отырып, барлық жиыптық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады.
Құн
формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың
ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып
алу үшін қолдануы, ақшаның әрдайым
қозғалыста, яғни айналыста болуына
мүмкіндік жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие. – Алматы:ИздатМаркет 2004ж.
2. Сейіткасымов Ғ.С. Ақша, несие, бакнтер. Алматы: Экономика, 2001.
3. Көшенова Б. А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы/ - Алматы: Экономика. 2000ж.
4. Экономикалық теория. Әкімбеков
5. Банк ісі. Мамыров
6. Қаржы. Ілиясов, Құлпыбаев - Алматы – 2005
7. Құлпыбаев С. «Қаржы теориясы» - Алматы, 2001 ж.
8.
Крымова В. «Экономикалық
9. Шеденов Ө.Қ, Жүнісов Б.А. Байжомартов Ү.С, Жалпы экономикалық теория. Алматы Ақтөбе. 2002 ж.
10.
Аубакиров Я.Ә. «Экономикалық теория»
Алматы, 1999ж