Ақша - өндірістік категориясы ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 10:21, курсовая работа

Описание работы

Ал курстық жұмысымның міндеті – ақшаның – тауарлы өндірістік категориясы ретінде толық мәліметтер қарастыру. Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез - келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір - бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Работа содержит 1 файл

курсовойэтн.doc

— 129.50 Кб (Скачать)

   Сонымен қатар ақша ретінде сонау Ежелгі Спарта кезеңдерінде басқада металдарды да пайдалына бастады. Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын пайдаланылды.

   Металл  ақшалардың артықшылығы, олар – біркелкі, төзімді, ұсақталынады және т.б. Металл ақшалардың кең таралуына ақша есебінің салмақтық жүйесі нақтылана түсті.

   Кейін келе металдардың арасында басты  роль алтын мен күміске өте  бастады, өйткені лолар жалпы  сапаға ие болды           

       Құнның жалпы балама формасының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар – ақшалай формасы қалыптасты. Құның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Ол тауар рөлін бағалы металлдар: алтын және күміс атқарды. Сонымен ақша дегеніміз – бұл барлық тауарлардың құнын бейнелейтін, жалпыға балама ретінде пайдаланылатын ерекше тауарды білдіреді. Әрине металлдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шынжыр, және т.б. формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы “драхма” “ бір уыс шеге”деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, білезік түрінде пайдаланылды.

   Бірақ б.э. дейін XIII ғасырда салмағы көрсетілген  құймалар пайда бола бастады. Осындай  себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фует) салмақ бірліктері атауымен аталады.

   Ақша  объективті қажетті тауарлар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар  айналысы құралы  және ізбасары болып  табылады. Тауар мен ақша бір бірінен  бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес.

   Ақша  тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді. Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама ролі тарихта алтынға бекітіледі. Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың  құнын бейнелеуі бұл, оның табиғи қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және таттанбайтындығына байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қоры сирек болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болады.

   Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар  ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін  орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер алтынның жартылай  демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді.

   Жекелеген елдердің ішінде алтынның айналысы жоқ. Төлем айналысы жоқ.Төлем, айналыс  және қорлану құралы болып, алтын  белгілері – қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақта алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.

 
 
 
 
 
 
 

1.3. Ақшаның қоғамдағы ролі мен қызметтері. 

   Ақша  бірқатар қызметтер атқарады. Классикалық  саяси экономия бес қызметін көрсетті: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қорлану (жинау) құралы (қазына), әлемдік ақша.

      Осы заманғы экономикалық ғылым  негізгі екі топқа бөледі: құн  өлшемі мен айырбас құралы.

       Ақшаның құн өлшемі ретіндегі  қызметі ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабілетінен тұрады.

      Бұл үшін қолдағы ақшаның қажеті  жоқ, яғни, құн өлшемі қызметін  санадағы ойлы ақшалар да атқара  алады. Басында ақшаның бұл қызметті  атқаруы үшін өзінің құны болу  керек болды. Бұл қызмет алтынға бекітілді.

       Алтынның құнында көрсетілген  тауардың құны баға деп аталады. Тауардың құны неғұрлым көп  болса, солғұрлым ол алтынның  көп мөлшеріне теңестіріледі. Яғни, тауардың бағасы тауардың құнына  тура тәуелді болады. Тауардың  бағасына тауардың құны ғана емес, алтынның құны да әсер етеді: егер ол көтерілсе, тауардың бағасы түсуі керек және керісінше. Еңбек құн теориясының бастапқы жағдайлары осындай шиеленіскен көптеген факторлардың көрсетілген категорияларымен тікелей байланыста қарастырылады.

       Ақша - айналыс құралы қызметін Т-А-Т формуласы бойынша тауарларды айырбастауда делдалдық ролін орындаған кезде атқарады. Бұл формула екі актіге бөлінеді: сату Т-А және сатып алу А-Т. Тауардың оны сатып, ал сатып алуды кейінге қалдыруына болады және ақшаны өзінде ұстай тұруына болады. Сол кезде басқа біреу өз тауарын сата алмайды. Яғни, бұл қызметтің орындалуына байланысты ұдайы өндіріс дағдарысының формальді мүмкіндігі туындайды.

        Айналыс құралы ретіндегі ақша  монета және қағаз ақша формасында  болады.

        Монета - бұл ерекше формасы мен пробасы бар металдың кесегі. Монета деген сөздің пайда болуы б.э.д. ІV ғасырдағы Ежелгі Римнің ақша белгілері басылып шығарылған Юнона-Монета деген храмның атымен байланысты.

        Алтын- жұмсақ металл және айналыстағы  алтын монеталар салмағын жоғалтады. 2600 ж. ішіндегі алтын монетаның айналыстағы жалпы жойылу шамасы 20 мың т. алтын болды. Тозып қалатын монеталар сапасы және өлшемі кеми бастайды, ал ақша айналыс құрал қызметін үздіксіз атқаратындықтан, алтын ақшаларды арзан металл, қағаз ақшаларға ауыстыру қажеттігі туады.

       Қағаз ақшаның өзінің құны  болмайды, сондықтан құн өлшемі  қызметін атқармайды, тек алтынның баламасы болып табылады.

        Қағаз ақша ең бірінші XІІ ғасырда-ақ Қытайда, Ресейде Екатерина ІІ-ң 1769 жылы пайда болды. Қалыпты тауар айналысын қамтамасыз ету үшін айналыстағы қағаз ақшаның саны айналысқа қажетті алтын ақшаның санына сәйкес келуі керек. Егер айналыстағы қағаз ақшаның саны алтыннан көп болса, онда ол құнсызданады, оның сатып алу қабілеті төмендейді, ал тауарларға баға көтеріледі.

       Тауарларға бағаның көтерілуіне  себепкер ақшаның құнсыздануы  инфляция деп аталады.

       Жалпы түрде айналысқа қажетті  ақшаның саны тауарлардың бағаларының  қосындысын біртекті ақша бірлігінің  айналысының санына бөлу арқылы  анықталады. қалыпты жағдайларда, ақша байлықтың абсолютті көрінісі болып табылады және үлкен өтімділікке ие, яғни тез өтелу қабілетіне ие.

       Егер бір тауарды сатқаннан  кейін уақытша айналыс тоқтаса, алтын-ақша айналыс сферасын біртіндеп  тастап шығады және қазынаның құрылуы артады. Алтын жеке қолдарға жинақталды. Алтын қазына қызметін алтын кесек, монеталар, алтын немесе күмістен жасалған әшекей-бұйымдар формасында атқарады.

       Қазынаның жаппай артуы тауарлы-ақша  айналысының бұзылуы кезінде  және қоғамдық толқулар кезеңінде көрінеді. Керісінше, тауарлы-ақша қатынастарының жандануы кезеңінде қазына айналыс құралына қайта айналады - осылай қозғалыстар арқылы тауарлы-ақшалы қатынастар стихиялы реттелді.

        Қазіргі кезде алтын айналыстағы  ақша массасын стихиялы реттеуші ролін атқаруын қоя бастады. Себебі, ақша белгілерін алтынға еркін айырбастау жоқ.

       Бүгінгі күні алтын қазыналық  қызметін атқаруды шектелген  масштабта мемлекет пен жеке  тұлғалардың сақтандыру қоры  ретінде басқа да қымбат бағалы  игіліктермен қатар жалғастыруда.

       Мемлекеттік және жеке адамдардың  алтын қорлары жалпы байлықты  құрайды. Қағаз ақшалар қазына бола алмайды. Себебі, өзінің құны жоқ, бірақ қорлану құралы қызметінде көрінеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

II. Ақшаның  айналысы

      2.1.  Ақша айналысы мен заңы 

   Қайта кезеңіне дейін “ақша айналымы”  мен “ақша айналысы”үғымдары  арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға  қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Яғни ақша айналасы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналым ұғымы одан кең мағынада бергендіктен ол қолма-қолсыз тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.

   Ақша  айналысының объективті негізі –  тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Тауар өндірісі тұсында  тауарлар әлемі: тауар және ақша бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар  туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің теңдеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы ары қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитализм айналымына қызмет ете отырып, барлық жиыптық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады.

   Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып  алу үшін қолдануы, ақшаның әрдайым  қозғалыста, яғни айналыста болуына  мүмкіндік жасайды.

   Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.

   Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мұмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу  ұшін қолданылуы мүмкін.

   Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының  соммасынан әрдаым артық болады. Ақшаның  тек  сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үшін, бакнтен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін қолданылады.

   Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауар айналысы, сондай-ақ  несиелік және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

   Ақша  айналысының құрылымына қолма-қол  ақшалар айналысы мен қолма-қолсыз ақшалар айналысы кіреді.

   Қолма-қол  ақшалар айналысы нақты ақшалар  қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі – қолиа-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қолақшаның қолдануын шектеу, есеп айырылысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі. 

   Банк  жүйесін реформалау және ақша банкнотасын  өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолиа-қол  ақшамен байланысты жағдайды түбірімен  өзгертті.Осыған байланысты 1992-1993 жж. қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген дерективті саясаттың орнына республыкамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғы шарттары жасалынды.

      Қолма-қолсыз ақшалар айналысы  – қолма-қолсыз ақшалар айналымының ақшаларының қозғалысы.

   Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық  карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).

   Қолма-қол  ақша мен қолма-қолсыз ақщалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отруынан байқалады.

   Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:

   өнімді  өндіру және сату процесін, яғни таурлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

   таурлы  емес сипаттағы есеп айырысулармен  байланысты ақша айналымы;

   ақша  айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден  өтті және металл, қағаз, несие ақшалар  көмегімен жүзеге асырылды.

   Осындай жағдайларда айналысқа қажетті  ақша санына өндірістің дамуының шарттарына тәуелді болып келетін әр алуан факторлар ықпал етеді. Оның біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады. Сонлай-ақ шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік тауарлар және көрсетілген қызметтер бағаларының деңгейіне байланысты да анықталады.

   Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді:  

   несиенің  даму дәрежесіне, себебі қаншалықты тауарлардың  басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет  етіледі;

Информация о работе Ақша - өндірістік категориясы ретінде