Ақша - өндірістік категориясы ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 10:21, курсовая работа

Описание работы

Ал курстық жұмысымның міндеті – ақшаның – тауарлы өндірістік категориясы ретінде толық мәліметтер қарастыру. Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез - келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір - бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Работа содержит 1 файл

курсовойэтн.doc

— 129.50 Кб (Скачать)

Кіріспе 

   Ақша - тарихи дамыған экономикалық категория. Ақша адамдарға ежелден таныс. Бiрақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зеттей келiп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметтерiн, маңызын жан - жақты ашып, жауап бердi. Ақша - тауар өндiрiстiң өнiмi. Ол қоғам дамуының әрбiр сатысында өндiрiс және айырбас процесiнде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғам экономикалық әр түрлi үлгiсiне өткенде ақшаның маңызы арта түседi. Орталықтанған - жоспарлы экономикалық ақшаның мәнi шектеулi болды. Ақша, негiзiнен есеп жүргiзу және бақылау құралы ретiнде қосалқы қызмет атқарды.  Жоғарғы басқару органдары әрбiр кәсiпорынның шығаратын өнiмiне натуралды және құн көрсеткiштерi түрiнде өнiмнiң көлемiне және түрiне жоспар бекiттi. Сол сияқты өнiм бағасын да орталық органдар бекiттi. Өндiрiлген өнiм тұтынушыларға келiсiм - шарт бойынша натуралды өлшеммен бөлiндi. Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебi әр түрлi меншiк жағдайында жұмыс iстейтiн тауар өндiрушiлер өндiретiн және сататын өнiмнiң көлемiн, түрiн және бағасын бекiтуге дербестiк алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргiзуде төлем қабiлеттi сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескерiлiп, өнiмнiң шығару көлемi, түрi бағасы тағайындалады.

      Менің курстық жұмысымның тақырыбы – «Ақша - өндірістік категориясы ретінде».

   Курстық жұмысымның мақсаты – ақшаның пайда болуы, оның мәні және оның өндірістік категориясы ретінде зерттелуі.

      Ал  курстық жұмысымның міндеті – ақшаның – тауарлы өндірістік категориясы ретінде толық мәліметтер қарастыру. Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез - келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір - бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

      Карл  Маркс былай дейді: ақшаларды  жоя отырып, біз қоғамдық дамудың  ең жоғарғы сатысында болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм - ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.

      Ақша - жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде  қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

  Ақшаның  пайда болуының зерттелуінде  екі көзқарас бар: субъективті  және объективті.

     Субъективті көзқарас кезінде  ақша адамдар арасындағы саналы, тиімді келісімнің нәтижесінде  пайда болды деп көрсетіледі.

      Объективті көзқарас кезінде  дәлелденеді: ақша - бұл жалпы эквивалент ролі бекітілген, көптеген тауарлардың дамуының нәтижесі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І. Ақшаның пайда болуы мен қажеттілігі

    1.1. Ақша - тауар өндірісінің категориясы: пайда болуы және мәні. 

  Ақшаның  пайда болуының зерттелуінде  екі көзқарас бар: субъективті  және объективті.

     Субъективті көзқарас кезінде  ақша адамдар арасындағы саналы, тиімді келісімнің нәтижесінде  пайда болды деп көрсетіледі.

      Объективті көзқарас кезінде  дәлелденеді: ақша - бұл жалпы эквивалент ролі бекітілген, көптеген тауарлардың дамуының нәтижесі.

      Осы теорияға сәйкес ақшаның  пайда болуы тауар айырбасының  бастапқы сатысында айырбас кездейсоқ  сипатта болды, бір тауар екінші  тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте-бірте айырбас мөлшері қалыптасады.

     Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестірілді. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола бастады. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туады.

      Бірте-бірте көптеген тауардың ішінен біреуі бөлініп  шықты, мысалы, мүйізді ірі қара мал. Оған барлық тауарлар айырбасталды. Осы бір тауарда басқа тауарлардың құны белгіленді. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ақшаның тауар жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.

       Ақша - бұл жалпы эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар.

      Бірнеше жүз жылдықтар бойы  көптеген халықта ақшаның ролі мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент ролін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:

            1. Сапалық біртектілік;

            2. Сандық (еркін) бөлінуі;

            3. Қолайлылығы (алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күші кетеді);

            4. Сақталуы.

  Алтын - еңбек сыйымды және сирек металл. Әлемдегі ерте заманнан қазіргі кезге дейінгі қазылып алынған алтынның мөлшері 100 мың тоннаға бағаланады.

      Әдеттегі тауар ретіндегі алтын тұтыну құнына және құнға ие. Алтынның тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т.б. Алтынның құны еңбек құн теориясына сәйкес алтынды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады.

      Алтын жалпы эквивалент ретінде  мынадай қасиеттерге, ерекше тұтыну  құны мен құнның ерекше формасына ие. Ерекше тұтыну құнын оның басқа тауарлардың құнын өзінің құнына теңестіру қасиетінен көруге болады. Алтын құнының ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбасталуы формасы ие болуынан көрінеді.

      Ақшаның осы заманғы концепциялары XVІІ-XVІІІ ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды. Ең алдымен бұл ақшаның металдық, номиналдық және сандық теорияларына байланысты.

      Бірақ, алдыңғы теориялар жаңа  жағдайға сәйкес басқа формада  дамиды. Егер бұрын негізгі назар ақшаның пайда болуына, мәніне, құнының қалыптасуына бөлінсе, осы заманғы ақшаның теориялары сол концепциялардың рыноктық экономиканың дамуына қарай әсер етуін зерттеу саласына көңіл бөледі.

      Ақшаның металдық теориясы капиталдың  алғашқы қорлану кезеңінде пайда болды. Оның өнімдері меркантелистер, яғни У. Стаффорд, Т. Мом, Д. Норк, және т.б. Олар ақшаның қызметтерін қазына ретінде және әлемдік ақша ретінде абсолюттеді және осының негізінде ақшаны асыл металдармен теңестірді. Мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.

     Ақшаның номиналды теориясын  құрушылар римдік және ортағасырлық  юристер болып табылады. Кейінірек  оны Дж. Беркли (Англия) мен Дж. Стюарт (Шотландия) дамытты. “Металлистерге” сын айта отырып, олар ақшаның басқа қызметтерін - айналыс құралы мен төлем құралын абсалюттеді. “Номиналистер” ақшаны тауарлар айырбасына қызмет ететін шартты белгі, есеп бірлігі ретінде көрсетті және ол мемлекеттік  биліктің өнімі болып табылады деп есептеді.

               
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2. Ақша – тауарлы өндіріс категориясы ретінде 

      Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының  болуына негізделеді. Кез - келген тауар  айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір - бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

      Карл  Маркс былай дейді: ақшаларды  жоя отырып, біз қоғамдық дамудың  ең жоғарғы сатысында болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм - ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.

      Ақша - жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде  қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

      Ақша  тауардан дами отырып, тауар болып  қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға  бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К. Маркс айтқандай: " Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген ".

   Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының бір шама жоғары дамуы нәтижесінде  пайда болғандығы ертеректен бізге  белгілі. Ақшаның жаратылысының  зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызады.

   Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі – зат, оны тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бырақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбнкпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтаңда әрбір тауар Қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.

     Айырбас құн тауарлардың өзінен  бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша. Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас – бұл бір тауар өндірушіден, екінші біруіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал=бидай=балта), яғни, тауардың түріне, сапасына, формасына және тағайындалуынабайланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшеуіне ортақ негіз болуы қажет.

   Мұндай  негізге тауарлардың құны, демек  тауар өндірісі процесінде жұмсалатын және сол затқа айналып отырған  қоғамдық еңбек жатады. Тек қоғамдық еңбек қана тауарларды өлшенетін  жасайды. Нарықта бұл тауарды  екінші бір таурға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардыңда құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас құнның(1 мал=1 қап бидайға)ұғымы туындайды.

   Айырбас құны – бұл тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте  айырбасталу қабілетін білдіреді.

   Натурал шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның жан-ұясының қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырды. Егер тааурдың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес. Демек, айыпбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса жнткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның өндіруші үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс.

   Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын  түрде болады және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін  табады және бір-біріне ауысады.

   Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, құнның алғашқы формасы -  өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның жай және кездейсоқ формалары қолданылады  ( 1 балта = 1құмыра ).

   Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.

   Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айрбасталатын тауар – барлық басқа тауарлардың бір-біріменөзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Яғни айырбас құнның екінші формасы қалыптаса бастады. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда, көбіне бір тауар басқа да көптеген балама-тауарлардың айырбасында жүрген. Тауарлар айырбасының дамуы құнның үшінші формасы – бұл құнның жалпылама формасы қалыптаса бастады. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақашалрда “өгіз” деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі “пекуния” (ақша)  “пекус” (мал) сөзінен шыққан. “Рупа”(мал)сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы “рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де “мал” деген атауға ие болды.

Информация о работе Ақша - өндірістік категориясы ретінде