Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:53, курсовая работа
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны-бұл кәсіпорын. Меншіктің түріне, қызметтің көлеміне және оның бағытына қарамай әрбір кәсіпорын жоспарлаумен айналыса алады. Бұл белгілі бір болашаққа кәсіпорын мақсатын таңдау және негіздеу үдерісі, оған жету үшін сәйкес технологияны әзірлеу, шешімдер мен негізгі бағыттарды таңдау және негіздеу қажет. Қазіргі нарықтық экономика орталықтандырылған бас
Кіріспе: ........................................................................................................................
Негізгі бөлім:
Қаржылық жоспарлау мен болжау .....................................
1.1.Қаржылық жоспарлаудың қағидалары мен әдістері ....
1.2.Қаржы жоспарының жүйесі ...............................................
1.3.Қаржылық көрсеткіштер ....................................................
2.Жоспарды ұйымдастыру ........................................................
2.1.Бизнес жоспар моделі ...........................................................
2.2.Кәсіпорынның қаржы стратегиясы және қаржы жоспары ..........................................................................................
3. «Қазақстан текстиль компаниясы» қаржылық жоспары ..........................................................................................
Қорытынды.
Мыналар салыстырмалы көрсеткіштер болып табылады:
- табыстылықтың (рентабельдіктің ) деңгейі;
- акциялар бойынша табыстылық;
- негізгі және айналым капиталдарын пайдаланудың көрсеткіштері (қор қайтарымы, өнімнің қор сыйымдылығы, негізгі құрал-жабдықтар айналымдылығының коеффиценті, айналымның ұзақтығы);
- өтімділіктің көрсеткіштері.
Айрықшалықты көрсеткіштер банк, сақтық қызметтерінде, зейнетақы және басқа қорларда пайдаланылады.
Салық салу кезінде жиынтық жылдық табыс, жиынтық жылдық табыстар шегерімдер, салық салынбайтын табыс, айналым және импорт сияқты және басқа көрсеткіштер қолданылады.
Мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде жалпы және жеке элементтер (санаттар, сыныптар, қосалқы сыныптар, ерекшеліктер) бойынша шығыстардың көрсеткіштері қолданылады.
Жиынтық қаржы көрсеткіштеріне бюджеттің кірістері мен шығыстарының, сондай-ақ олардың жеке құрамдастарының көрсеткіштері мен олардың үлес салмақтары; бюджеттер тапшылығының сомасы; мемлекеттік бюджет кірістерінің, шығыстарының, тапшылығының ұлттық табысқа жалпы ішкі (ұлттық) өнімге қатынасы (пайызбен) және басқалары жатады.
Ұлттық шаруашылық деңгейіндегі қаржылық көрсеткіштер мемлекеттің қаржы ресурстарының ауқымы мен құрылымын, мемлекеттік бюджет және басқа қаржы жоспарлары арқылы олардың бөлінуін, экономиканың түрлі салаларының рентабелділігін және бюджетке төленетін табыстың үлесін сипаттайды. Мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың тиімділігін жалпылама бағалауды қаржы ресурстары ауқымының жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табысқа қатынасын сипаттайтын көрсеткіштер атқарады.
Қаржылық көрсеткіштерді есептеу кезінде нормалар мен нормативтер пайдаланылады, олар қаржы жоспарларын, болжамдарын бағдарламаларын ғылыми негіздеуге арналған.
Нормалар мен нормативтер салыстырмалы немесе абсолюттік шамаларда (пайыздарда, коэффицинттерде, өнімді өлшеудің натуралды бірліктерінде, уақытта, ақша өлшемінде) тұлғаланады.
Қаржылық жоспарлауда қаржы ресурстарын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың ең төменгі, орташа және ең жоғарғы шекті нормалар мен нормативтері қолданылады. Жиынтық қаржылық жоспарлауда көбінесе нормалар мен нормативтер, нақтылы шаруашылық органдарының қаржылық көрсеткіштерін жоспарлағанда – жеке – дара нормалар мен нормативтер пайдаланылады.
Қаржы нормалары мен нормативтері сондай-ақ бекітілетін және есеп-қисаптық болып бөлінеді. Бекітілетін нормалар мен нормативтер қолданыстағы
16
заңнамамен белгіленеді, есеп- қисаптықтары ішкі жоспарлауда пайдаланылады. Бекітілетіндерге салық мөлшерлемелері, әлеуметтік қажеттерге, бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдардың нормалары, есеп-қисаптықтарға аударымдардың нормалары және кәсіпорындар мен ұйымдардың қорлану және тұтыну қорларын, негізгі қорларды (капиталдарды) жөндеу қорын жасау нормотивтері және кәсіпорындар мен мекемелердің қаржы қызметін реттейтін басқалары жатады. Сондай-ақ бірыңғай нормалар мен нормативтер болып ажыратылады, мысалы, әр түрлі шаруашылық жүргізу субъектілер мен салалар үшін амортизациялық аударымдардың нормалары және сараланған - түрлі шаруашылық жүргізу субъектілерде түрліше болатын айналым қаражаттарының нормалары мен нормативтері.
Көптеген қаржылық көрсеткіштер бір мезгілде нормалар, нормативтер немесе лимиттер бола алады, мысалы, табыстылықтың деңгейі, түрлі қаржы қорларының атаулары көрсеткіштер де, нормативтер де немесе лимиттер де болып табылады. Сөйтіп, қызметтің қаржы нәтижелерін жоспарлау мен болжау процесстеріндегі қаржы механизмінің бұл қозғалмалы элементтерінің тығыз тоқайласуы, өзара байланысы мен өзара іс-қимылы байқалып отырады.
2. Жоспарды ұйымдастыру
1970-90 жылдары көптеген батыс фирмалары мен корпорациялары басқарудың және жоспарлаудың орталықтанбаған түрін таңдады. Жетекшілік етуде корпорацияда тек ғылыми – техникалық жаңалықтарды және қаржылық саясатты жоспарлау қалды. Стратегиялық басқарудың бұл функциясы АҚШ-та - 65-80 пайыз, Жапонияда 75-90 пайыз корпорацияны орталықтандырды. Жоспарлау жүйесіне корпорацияның ұйымдастырушылық құрылымдары маңызды ықпал етті. Мысалы, аймақтық құрылымдағы корпорацияларда ұзақ мерзімді жоспарлау, сатуды болжау сұрақтарында жергілікті бағытпен неғұрлым орталықтанбаған деңгейімен ерекшеленеді. Корпорация өнімді «маңызды» құрылымымен жоспарлауды орталықтандырудан ерекшеленеді: жоспарлар орталықтан жоғары тұрғандардан төменге таратылатын өнімдік бөлімшелерге беріледі.
Зерттеу тобы жұмысының бірінші кезеңі келесілерден тұрады: әрбір өндірістік операцияны зерттеу; тізбекті операциялар кешенін зерттеу; әрбір операция және операциялар кешенін сипаттауға қажетті ақпараттық мәліметтердің тізімін әзірлеу. Зерттеу тобы жұмысының екінші кезеңі – тұтынушыларды үздіксіз қамтамасыз етуге дайын өнімнің оңтайлы қорын анықтау. Үшінші кезеңде зерттеу тобы өндіріс шығындарын төмендету мүмкіншіліктерін анықтауда неғұрлым қызығушылық тұдыратын өндіріс бөлімшелерін анықтайды. Бұл өндірістік бөлімшелердегі жұмысшылардан осы бөлімшелерде өндіріс шығындарын төмендету жолдарын табуға көмектесетін тікелей сауалнама жүргізу арқылы анықталады. Зерттеу тобы жұмысының төртінші кезеңінде командалар тізімі құрастырылады. Жұмыс өндірістік кестеден ауытқыған жағдайда басшыға белгілі шешім қабылдау қажет. Зерттеу тобының негізгі шешетін мәселелерінің бірі – осындай шешімдерді нақты бұйрықтар түрінде қалыптастыру.
17
2.1. Бизнес – жоспар моделі
Бизнес жоспар ағылшын тілінен аударғанда «кәсіпкерлік іс- әрекет жоспары» деген мағынаны білдіреді. Бизнес жоспардың екі қағидалы бағыты бар:
1. Ішкі кәсіпорынның кәсіпкерлік іс- әрекетін бағалау және жобалық ұсыныстардың бағдарламаларын дайындау.
2.сыртқы- қызыққан кәсіпорындар мен ұйымдар, мемлекеттік және жергілікті ұйымдарға , сыртқы инвесторларға ұйымдық-техникалық , қаржылық- экономикалық және басқада артықшылықтары жөнінде ақпараттар жатады.
Жоспарлау тәжірибесінің мақсатына қарай бизнес жоспарлардың бірнеше түрлері белгілі: өндірістік бизнес-жоспар немесе кәсіпорынды дамыту бизнес жоспары;инвестициялық бизнес-жоспар; жаңа кәсіпорынды, жаңа тауарлармен қызметтерді құрудың бизнес жоспары; несие алу үшін бизнес жоспар және т.б.
Бизнес жоспардың құрылымы, көлемі мен құрамы кәсіпорынның мақсаттарымен, іс-әрекет түрлерімен, өлшемдерімен анықталады. Сонымен қатар бизнес жоспарды әзірлеудің ішкі логикасы мен жалпыға танымал қағидалары болуға тиісті. Бизнес жоспар мәтіні 25 парақтан аспауы қажет және келесі бөлімдерден тұрады:
1.Түйіндеме – бизнес-жоспар жасалғаннан кейін түйіндеме құрастырылады. Негізгі мақсаты ұсынылатын жобаға қаражаттарды енгізу қажеттігін далелдеу. Түйіндеме бизнес-жоспар компьютерге басылған мәтіннің үш бетіне қысқаша шолудан тұрады. Бұл жоба жарнамасы, сондықтан оның мазмұны қысқа да нақты болу қажет. Түйіндемеге түсініктеме жеткілікті дәрежеде еркін жазылуы тиіс, бірақ мәтінді бизнес-жоспардың мақсаттары мен мәселелерінен бастау керек. Кейіннен зерттелетін өндіріске қарағанда нарықтағы және саладағы кәсіпорынның өнім артықшылықтарына, кәсіпорынның ресурстарына және оның ағымдағы қаржылық ресурстарына , өндірісті және табысты жоғарылату мүмкіншіліктеріне , инвестицияның қажеттіліктеріне және оларды пайдалану бағыттарына ,қаржыландыру көздеріне және өндірістің экономикалық тиімділігін негіздеуге түсініктеме беріледі.
2.Кәсіпорын мен оның өнімінің жалпы сипаттамасы. Ең алдымен кәсіпорын іс-әрекет ететін жоспар саласына сипаттама беріледі. Кәсіпорынға симаттама берілгенде оның нарықтағы басқа ұйымдар мен компаниялардан мына ерекшеліктеріне назар аудару қажет:
18
Көбіне бизнес жоспарда өнімнің мына сипаттамасы көрсетіледі:
- өнімнің атқарымдылық мақсаты
- өнімді пайдалану мақсаты
- сапалық көрсеткіштер
- сыртқы безендіру мен қораптау
- өнімнің қазіргі кезеңдегі сатысы
- тауардың артықшылықтарына, әлсіз және күшті жақтарына түсініктеме беру
- басқа тауарлармен салыстыру
- өнімді жетілдірудің негізгі бағыттары.
3.Маркетинг жоспары.Бұл бөлімде кәсіпорын мүмкіншіліктерін нарық жағдайларына сәйкестендіретін маркетинг стратегиясына түсініктеме беріледі. Маркетинг жоспары мына бөлімдерден тұрады:
- Маркетинг мақсаттары мен стратегиялары
- Тауар нарықтарын кешенді талдау және жобалау
- Бағаның қалыптасуы
- Тауарды тарату жүйесін таңдау
- Жарнама
- Сатуды ынталандыру әдістері, клиенттерге сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
Маркетингтегі баға саясаты мыналардан тұрады:
- нарыққа шығу
- нарықтан бәсекелестерді ығыстыру
- жаңа тауарды нарыққа шығару
- «нарықтан қаймақты қалқып алу» стратегиясы ретінде жоғары пайда алу
- өнімді өндіру және сатуға байланысты шығындардың орнын тез арада толтыру
- кәсіпорынның нарықтағы үлесін кеңейту.
4. «Өндіріс жоспары » бөлімінде кәсіпорын жақындағы 2-3 жылда тиімді
19
өнім өндіруді жоспарлау жолына түсініктеме береді. Бұл бөлімнің құрылымы мен оны әзірлеу кезеңдері төмендегідей болады:
1. Өндіріс және өнімді сату бағдарламасы
2. Технологиялық үдерістің тізбегі
3. Өндірісті ұйымдастыруға қойылытын талаптар
4. Негізгі құралдарға қажеттілік
5. Жабдықтаушылар мен серіптестер
6. Айналмалы қорларға қажеттілік
7. Персоналға және еңбекақыға қажеттілік
8. Өнім өндірудің жылдық шығындары
9. Құрылыс құны
10. Экологиялық және
техникалық қауіпсіздікті
5. Ұйымдық жоспар бөлімі келесі ақпараттардан тұрады:
1. Меншік түрі жөнінде
2. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы жөнінде
3. Персонал жөнінде
4. Кәсіпорын қызметін
құқықтық қамтамасыз ету
6. «Қаржылық жоспар» бөлімінде қаржылық ресурстарға қажеттілік, жоспарланған қаржылар көздері, қаржыландыру сызбасы, қарыз алушылардың жауапкершілігі мен жобада қабылданған кепілдіктер жүйесі толық суреттелуі тиіс. Бұл бөлім негізгі болып табылады, ол бойынша жобаны жүзеге асыру шығындары жоспарланып,оның тиімділігі анықталады. Қаржылық ақпараттардың көлемі мен бөлшектенуі, оның нақты түрлері салалық ерекшелікке, бизнес-жоспар мақсатына қарай инвестициялар мен кредиторлар талаптарының әр түрлі болуы мүмкін.
Қаржы жоспары 2 бөлімнен тұрады:
1. жоспарлы – есептік құжаттар
2. бизнес- жоспарды жүзеге
асырудың тиімділік
Тәжірибеде бизнес-жоспардағы қаржылық жоспардың бірінші бөлігі көбінесе негізгі үш құжатпен көрсетіледі: табыс және шығын жоспары, ақша қозғалысы мен кәсіпкерлердің активтер мен пассивтерінің жиынтық жоспары.
7. Тәуекелдікті бағалау.Бұл бөлім мүмкін болатын тәуекелділіктерді
көрсетуі, тәуекелділіктің қаупін азайту
сақтық шаралары бойынша ұйымдастырушылық
мәселелерден тұрады. Тәуекелділіктен
сырттай қауіпсіздендірудің және өзін
өзі қауіпсіздендіру бағдарламасын ұсынады.
Тәуекелділікті анықтаудың маңыздылығы
оны дәл есептеуде емес , көбінесе жетекшінің
шеберлігіне, мүмкін болатын тәуекелділікті
алдын-ала білуіне және сол тәуекелділікті
дұрыс бағалауына байланысты. Тәуелділікті
бағалау мен анықтаудың келесідей алгоритмін
ұсынуға болады: тәуелділік тізімін құру;
оның пайда болу ықтималдылығын анықтау;
пайда болған жағдайда болатын шығын мөлшерін
анықтау; пайда болу ықтималдығы бойынша
тәуеклділіктерді топтастыру; кәсіпорын
үшін қолайлы тәуекелділік деңгейін бекіту
және тізімде неғұрлым мәнді тәуекелділіктерді
көрсету; тәуекелділік деңгейін төмендетуге
мүмкіндік беретін шаралар тізімін жасау.