қаржылық жоспарлау мен болжау

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:53, курсовая работа

Описание работы

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны-бұл кәсіпорын. Меншіктің түріне, қызметтің көлеміне және оның бағытына қарамай әрбір кәсіпорын жоспарлаумен айналыса алады. Бұл белгілі бір болашаққа кәсіпорын мақсатын таңдау және негіздеу үдерісі, оған жету үшін сәйкес технологияны әзірлеу, шешімдер мен негізгі бағыттарды таңдау және негіздеу қажет. Қазіргі нарықтық экономика орталықтандырылған бас

Содержание

Кіріспе: ........................................................................................................................

Негізгі бөлім:

Қаржылық жоспарлау мен болжау .....................................
1.1.Қаржылық жоспарлаудың қағидалары мен әдістері ....
1.2.Қаржы жоспарының жүйесі ...............................................
1.3.Қаржылық көрсеткіштер ....................................................
2.Жоспарды ұйымдастыру ........................................................
2.1.Бизнес жоспар моделі ...........................................................
2.2.Кәсіпорынның қаржы стратегиясы және қаржы жоспары ..........................................................................................
3. «Қазақстан текстиль компаниясы» қаржылық жоспары ..........................................................................................

Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

каржылык жоспарлау жане болжау.doc

— 302.00 Кб (Скачать)

           Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты – болжаған дамуды қамтамассыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын анықтау.

             Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді – реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттерді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизация және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляцияның болжанған деңгейі, Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары.

          Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлұм толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығыстарды қысқарту резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейту мүмкіндіктері анықталады. Өндірісте қолда  бар материялдық ресурстарды айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді,

                                                                                                                                              7

құрылыстын сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындарын қысқартуды және т.б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылыды. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан қоғамдық өндірістің процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.

       Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді:

- орталықтандырылған және  орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) – орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. орталықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бөліністер мен биліктің жергілікті органдарының нақтылы жоспарлар жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелілігін арттырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.

         Биліктік жергілікті органдары бюджеттерінің олардың аумағында орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілері қызметінің нәтижесіне тәуелділігін белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде аймақтардың қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып келеді. Сонымен бір мезгілде жалпы мемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақтылығының, қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтуде, тиімділікті арттыруда оның рөлін арттыру қажет;

- бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектісінің дамуының белгіленген параметрлері дәлелденіп анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған қарасты субъектілердің жоспарлы жобаламаларын кіріктіреді.Мемлектік деңгейде жасалынатын қаржы жоспарлары (мемлекеттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді;

- жоспарлаудың үздіксіз қағидаты перспективалық және жылдық (ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспективлық жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субъектілерді, олардың нақтылы даму перспективаларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүкіндік

                                                                                                                                                                      8

береді; бұл қағидат  шығыстардың көпшілігі үшін, әсіресе  мемлекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде  қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік-түрлендірме  әдісі – жоспарлау, бағдарламалау  және бюджет жасау:

жоспарлау өзіне мақсаттар  мен міндеттерді қалыптастыруды және баяндауды кіріктіреді;

бағдарламалау деп мақсатқа жету үшін пайдаланылатын құралдардың  қолда барын іріктеуді және жаңаларын  табуды түсінеді;

бюджеттеу– жалпы көпжылдық бағдарламаларды қаржы жылдары бойынша жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу процесі.

        Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылыры :

1. Экстраполяция (немесе коеффиценттер) әдісі. Оның мағынасы қаржалық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңінен жетістіктерді және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:

-мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтерді анықтауды есепке алмайды;

-материялдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.

2. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.

3.  Бағдарламалық мақсатты әдіс түрлі деңгейде жүзеге асырылатын бағдарламалардың базасында қаржылық жоспарлау әдістерінің бірі ретінде рынок жағдайларында дамиды. Бағдарламалық  мақсатты әдісті пайдаланатын қаржылық жоспарлаудың әдісі:

- басымдықтарды белгілеу;

- қаражаттарды жұмсаудың тиімділігін арттыру;

- баламалы нұсқаны таңдауға  сәйкес қаржыландырудың тоқтатылуы.

 4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға: ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға: ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік берді.

5.  Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.

6. Математикалық үлгілеу әдісі: процесстің үлгісін құру және оның қаржы саласына көшіру.

        Объективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру

                                                                                                                                              9

оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әр түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі ережелері ретінде дамытудың барлық дәуірі, кезендері үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың механизмі, өндіргіш күштердің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.

        Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік – мақсатты. Ведомстволық және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң, әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.

        Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік-мақсатты қағидаттар кеңінен қолданылатын болады. Аумақтық қаржылық жоспарлау әкімшілік-аумақтық бөліністердің қаржы рессурстарын анықтауға мүмкіндік береді; рессурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді қылып қоюға көмектеседі; объективті себептер бойынша рессурстардың тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.

         Қаржылық жоспарлауда предметтік-мақсатты қағидат белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдармаларды қамтамасыз ету үшін қаржы рессурстарын нақтылы қалыыптастыруға және пайдалануға бағытталған.

         Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкішаруашылық резервтерді табуға мемкіндік береді.

Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.

Үшінші кезеңде  сметадағы тапсырмалар және кірістердің  баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстармен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

             1.2. Қаржы жоспарының жүйесі

 

         Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаттары болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістерді) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен қамтамассыз етілуін көрсетеді.

          Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді:

                                                                                                                                            10

жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.

          Жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесін жүзеге асыратын қайта бөлу процесстерін белгілейді.

          Нысаны бойынша олар әрқашан жиынтық жоспарлар болап табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министірліктердің, ведомостволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиынтық қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.

           Қазіргі кезде жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік, салалық, аумақтық жоспарларды кіріктіреді. Мыналар жалпымемлекеттік болып табылады: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар.

           Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған дамудың жалпы мемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы министірлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігі айналысады. Аймақтарда баланстың есеп-қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс.Жиынтық қаржы баланысында мемлекеттің, меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттерге (әлеуметтік-мәдени шараларға, қорғанысқа, басқаруға) оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.

             Баланстың кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.

             Шығыстар бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар (күрделі  жұмсалымдарды қаржыландыру, айналым қаражаттарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субъвенциялар); сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар; әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар; басқару мен қорғаныс шығыстары; қысқа мерзімді кредит салымдарының және ұзақ мерзімді кредит беруге  арналған қаражаттардың өсімі.

Информация о работе қаржылық жоспарлау мен болжау