- Экономиканы
әкімшілік реттеу әдістері кәсіпкерлік
қызметке елеулі ықпал етеді. Кейбір
кәсіпорындардың жекелеген салаларын
мемлекеттік реттеу көбінесе әкімшілік
әдістермен, сондай-ақ антимонополиялық
саясат арқылы жүргізіледі.
Кәсіпорынның
қаржылық жағдайының шарттарын анықтауда
экономикалық жағдайы шешуші рөл
атқарады.
- Экономикалық
циклдың дағдарыс, тоқырау, өрлеу, шарықтау
сияқты фазаларымен және экономикалық
дамудың жалпы ұлттық өнім көлемі,
ұлттық табыс, инфляция мен жұмыссыздық
деңгейі сияқты макроэкономикалық
көрсеткіштермен анықталатын жалпы
экономикалық конъюктура. Жалпы алғанда
қандай да бір уақыт аралығында қалыптасқан
экономикалық қатынастардың жағдайын
қалыптастырады.
- Мемлекет
экономикасының табиғи ресурстармен қамтамасыз
етілуі өндірістің негізгі даму бағыттарын
анықтайды, ал ол өз кезегінде экономикадағы
табыс нормасына, сонымен қатар
кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер
етеді.
- Экономикада
қаржы ресурстарына қол жеткізу
қаржы нарығының даму деңгейімен
анықталып, кәсіпорынның қосымша ресурстарды
тартуына немесе тежеуіне әсер етеді.
- Еңбек нарығының
жағдайы мен даму деңгейі кәсіпорынның
қызметіне бірнеше қырынан әсер етеді.
Мезодеңгей кәсіпорынның жағдайына, оның
қызметінің негізгі шарттарын қалыптастыра
отырып әсер етеді. Шешуші рөлді мына факторлар
атқарады:
- Нарықтың
даму деңгейі – жаңадан дамып келе жатқан
салалар мен жаңадан зерттеліп, құрылып
келе жатқан нарықтардың тәуекел деңгейінің
жоғарылығымен сипатталады.
- Нарықтағы
бәсеке деңгейі – жекелеген немесе бір
топ кәсіпорындардың баға деңгейіне әсер
ету мүмкіндігі. Кәсіпорынның қаржылық
жағдайына және осы кәсіпорынға деген
несие берушілердің көзқарасына, сенімділігіне
ықпалы зор.
- Кәсіпорынның
өніміне деген сұраныстың тұрақтылығы
мен сұраныстың төлем қабілеттілігінің
деңгейі кәсіпорынның осы шақтағы қаржылық
жағдайын, сондай-ақ болашақтағы қызмет
ету мүмкіндігін анықтайды.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының
негізгі шарттарын кәсіпорын басшыларының
бақылауы анықтайды. Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығына әсер ететін ішкі факторларға
мыналарды жатқызамыз:
- Кәсіпорынның
өмірлік циклы – кәсіпорын қызмет етуінің
алғашқы сатыларында кәсіпорын өзіндік
(меншіктік) қаражаттары аз болса, сыртқы
көздерден қосымша қаражат тартуға мәжбүр
болады. Одан бөлек жабдықтаушылармен
қалыпты қарым-қатынас орнату мен тұрақты
тұтынушыларды қызықтыру біраз уақытты
талап етеді. Едәуір дамыған сатысында
кәсіпорынның нарықта үлесі, тұрақты несие
берушілері, сенімді жабдықтаушылары
мен әрі қарай даму стратегиясы қалыптасады.
Бұндай кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
жоғары болады.
- Кәсіпорынның
көлемдік сипаты – корпоративтік (корпорациялық)
типтегі кәсіпорындардың қосымша капитал
тартуда, қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз
етуде мүмкіндігі кішігірім кәсіпорындар
мен бір ғана тұлғаның иелігіндегі кәсіпорындарға
қарағанда әлдеқайда жоғары болады.
- Кәсіпорынның
өсу қарқынының динамикасы – кәсіпорынның
тұрақты бірқалыпты дамуы бір жағынан
кәсіпорынның қаржылық жағдайының
беріктігінің нәтижесі болса, екінші жағынан
қаржылық қатынастардың беріктілігі мен
қаржы нәтижелерінің жақсаруынан.
- Кәсіпорынның
алдына қойған мақсаттары мен міндеттері
– бұл фактор кәсіпорынның қаржылық жағдайын
анықтаудың бірнеше шарттарын біріктіреді:
- Шешуші
рөлді кәсіпорын дамуының стратегиялық
бағыттарының дұрыс қалыптастырылып,
өңделіп, бекітілуі және тактикалық шараларды
анықтаумен қоса алға қойған мақсаттарға
жетуге деген ынтасы атқарады.
- Сыртқы
орта шарттары мен қоғамдық тұтыну арасындағы
мақсаттардың сәйкестігі.
- Кәсіпорынның
құрылымы – басқару теориясында қатаң
қызметтік құрылым мен иілмелі дивизиондық
құрылымдық бөлімшелері бекітіледі.
Қатаң
қызметтік құрылым типінде кәсіпорын
құрылымдары қатаң түрде анықталған
функцияларды орындайды, сонымен қатар
кәсіпорынның нақты ұйымдастырған
құрылымы бар.
Иілмелі
дивизуалды құрылымдық бөлімшелер тактикалық
шараларды жүзеге асыру үшін арнайы
құрылымдық элементтерді қалыптастырып,
оларды қажетті кадрлармен және техникамен
жабдықтайды.
- Персонал
– кәсіпорын жұмысшыларының мамандандырылуы,
әсіресе басқару органдарының жоғары
дәрежеде мамандандырылуы өте маңызды,
өйткені кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
басқару органдарының қабылдаған шешімдерінің
дұрыс не бұрыстығына байланысты,
сонымен қатар кәсіпорынның даму
бағыты мен саясаты көбінесе басқару
органдарының жеке басының артықшылықтары
мен мақсатына тәуелді анықталады.
- Технология
– қолданылатын технологиялардың қазіргі
заман талабына сай болуы өнімнің сапасына
және кәсіпорынға келіп түсетін пайда
мен ақша ағымдарының кәсіпорын төлеміне
әсер етеді.
Кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығы кәсіпорынның
қаржылық және нақты ресурстарын
ұйымдастыру мен басқару тиімділігіне,
кірістер мен шығыстардың тепе-теңдігіне,
өндіріс процесінің үзіліссіздігін
қамтамасыз ететін жоғары дәрежедегі
өтімділік активтерінің болуына
байланысты.
- Өзіндік,
сырттан қосымша тартылған және қарызға
алынған қаражаттар бойынша қаржыландыру
көздерінің арақатынасының оптималды
деңгейін сақтау.
- Нақты нарық
шарттарына, сонымен қатар кәсіпорынның
қызмет ету саласына сәйкес кәсіпорынның
айналмалы және айналымнан тыс активтерінің
құрылымын оптималды түрде қалыптастыру.
- Өнімді
өндіру мен өткізу процесінің үзіліссіздігін,
кәсіпорын ресурстарының айналымын қамтамасыз
ету үшін жабдықтаушылар мен тұтынушыларды
қатаң сұрыптау (тщательный отбор), яғни
ақшалай және материалдық ресурстардың
түсімдерінің тұрақтылығы. Жабдықтау
шарттары мен төлемдері бойынша келісім-шартты
алдын-ала құру.
- Инвестициялық
саяатты, баға саясатын және сату саясатын
нақты жоспарлау мен оны жүзеге асыру.
- Кәсіпорынның
жалпы қызметіне және оның барлық құрылымдық
бөлімшелеріне үнемі оперативтік бақылау
жүргізіп отыру.
- Нәтижелерді
талдау жұмыстарын жүргізу мен кейінгі
қызметін бақылау.
- Стратегиялық
дамудың бағыттарын анықтап, тактикалық
мәселелердің орындалуын қамтамасыз ету.
Жоғарыда
аталып өткен шарттардан басқа кәсіпорын
қызметінің қаржылық нәтижесіне бухгалтерлік
принциптер, алғашқы мәліметтер алынған
есептік әдістер ықпал етеді.
Кәсіпорынның
қаржылық жағдайына әсер ететін шаруашылық
қатынастардың тиімділік факторы
да бар.
ІІ-тарау.
Қаржылық жағдайды бағалау
әдістерінің жүйесі
2.1.
Қаржылық жағдайды
талдау әдістері.
Қаржылық
талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті
оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды.Олардың
ішінен алты негізгі әдісті бөліп
қарастыруға болады:
- көлденең
талдау;
- тікелей талдау;
- трендтік
талдау;
- салыстырмалы
талдау;
- факторлық
талдау;
- қаржылық
коэффиценттер әдісі.
Көлденең
талдау – есеп берудің әрбір позициясын
өткен кезеңмен салыстыру.Ол өткен
кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік
есептің түрлі баптарының абсолюттік
және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға
мүмкіндік береді.
Тікелей
талдау - әрбір есеп позициясының жалпы
нәтижеге тигізетін әсерін айқындай
отырып,қорытынды қаржылық көрсеткіштердің
құрылымын анықтау.Ол жалпы баланс
немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды
көрсеткіштегі жеке баптардың үлес
салмағын анықтауға мүмкіндік береді.Мысалы
ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын
мүлкінің жалпы құнындағы,яғни баланс
валютасындағы үлес салмағы және
т.б.
Тікелей
және көлденең талдаулар бір-бірін
толықтырып отырады.
Трендтік
талдау барлық көрсеткіштер 100 % деп
алынатын базистік жыл деңгейінен,
бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы
ауытқуын есептеуге негізделеді.Басқаша
айтқанда ,трендтік талдау әрбір есеп
позициясын бірқатар өткен кезеңддермен
салыстыруды және трендті,яғни жеке
кезеңдердің дербес ерекшеліктері
мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған
көрсеткіш динамикасының негізгі
тенденциясын анықтауды көрсетеді.Трендтің
көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің
мүмкін болатын маңызы қалыптасады,ал
одан кейін перспективті,болжамдық
талдау жүргізіледі.
Қаржылық
талдаудың нарықтық экономика жағдайында
көбірек таралған әдісі әр түрлі
қаржылық коэффиценттерді пайдалану
болып табылады.
Коэффиценттер
салыстырмалы шамалар болып табылады,оларды
есептеу кезінде шамалардың біреуін
бірлік ретінде алып, ал екіншісін
бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді.Қаржылық
коэффиценттерді есептеу баланстың
жеке баптарының арасында болаты н
өзара байланыстарға негізделген.Олар
кәсіпорынның (корпорацияның) қаржылық
жағдайын кезекті факторлық талдау
үшін алғашқы база болып табылады
және олар талдау нәтижесінде талдау
жүргізушіге жасырын құбылыстарды
ашуға мүмкіндік береді.
Салыстырмалы
талдау – фирманың, еншілес фирмалардың,
бөлімшелердің және цехтардың жекелеген
көрсеткіштері бойынша есебінің
құрама көрсеткіштерін шаруашылық
ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың
көрсеткіштерін орташа салалық және
орташа жалпы экономикалық мәліметтері
бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен
салыстырғандағы шаруашылық аралық
талдау болып табылады.
Факторлық
талдау – бұл жекелеген факторлардың
қорытынды көрсеткішке тигізетін
әсерін зерттеудің детерминдік ( анықтау)
немесе реттелмеген тәсілдер көмегімен
талдау.Сонымен қатар факторлық
талдау қорытынды көрсеткіштерді оның
құрамдас бөліктеріне жіктегенде –
тура, ал оның жеке элементтерін жалпы
қорытынды көрсеткішке біріктіргенде
ол – кері (синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыды
аталған әдістермен қатар, қаржылық
жағдайды талдауда экономикалық, сондай-ақ
экономикалық және математикалық статистиканың
дәстүрлі әдістері қолданылады.
Қорыта
айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын
талдауда аудиторлық түрлі әдістер
мен тәсілдерді қолдануға еркі бар.Оларды
ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің
дәйектілігіне байланысты дұрыс
әдсті таңдай отырып, аудитор қаржылық
жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді
талдауды жүргізе алады,сондай-ақ объективті
және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың
нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының
өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.
2.2.
Қаржылық тұрақтылықтың
абсолютгі көрсеткіштері
тауарлы-материалдық
қорлардың, олардың
қалыптасу көздерімен
қамтамасыз етілу дәрежесін
көрсететін көрсеткіштер.
Тауарлы-материалдық
қорлардың қалыптасу көздерін сипаттайтын
үш негізгі көрсеткіш анықталады:
1.
Меншікті айналым капиталының
бар болуы. Бұл көрсеткіш меншікті капитал
мен (баланс пассивінің I бөлімі) ұзақ мерзімді
активтердің (баланс активінің I бөлімі)
арасындағы айырма ретінде анықталады.
Ол меншікті айналым қаражаттарын сипаттайды.
Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда оның
көбеюі кәсіпорынның қызметінің болашақтағы
дамуын көрсетеді.
Мак
көрсеткіші бірқатар маңызды талдау коэффициенттерін
есептеп табу үшін пайдаланылады: кәсіпорынның
ағымдағы активтерін жабу коэффициенті
(бұл көрсеткіштің нормативті мәні 0,1-ден
төмен болмау керек), тауарлы-материалдық
қорларды жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің
нормативті мәні 0,6-дан төмен емес) және
тағы басқалары.