Қаржылық менеждмент

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 07:52, реферат

Описание работы

Қаржылық менеджмент – кәсіпорын және ұжымдардың ақша қаражаты айналымын ұйымдастыру, қаржы ресурстарының құрылуы, бөлінуі және пайдаланумен байланысты басқару мәселелерін жүзеге асыру және оған әзірлік әдісі мен принциптерінің жүйесі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

АРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МӘНІ.docx

— 55.89 Кб (Скачать)

Бас бюджет (мастер - бюджет) - барлық бөлімшелерге немесе тұтас ұйымның жұмыс жоспарының функцияларына үйлестірілген (1 сурет). Ол екі негізгі бюджеттен тұрады:

- оперативті (агымдагы) - мұнда сегментке немесе ұйымның жеке қызметтеріне (кірістер   мен   шығыстар   туралы   болжанған   есеп   беру)   жоспарланған   операциялар аударылады;

- қаржылық - мұнда ұйғарылған қаржы көздері және оларды жоспарлы кезеңде пайдаланылатын  бағыттар (күрделі  шығындар бойьшша шығын,  ақша қаражатының жоспары, жоспар балансы жэне ақшаның қозғалысы туралы есеп беру) көрініс табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КАПИТАЛ ҚҰНЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 

Капитал құны – бұл қаржыландырудың  әртүрлі типіне қажетті нақты  немесе ұйғарылған табыс.

Капитал құнының мағынасы бойынша, өндірістің факторы ретінде  капитал өзінің кез-келген формасында белгілі бір құнға ие болады.

Кәсіпорында капитал құнын  бағалау үш кезеңмен жүзеге асырылады:

        • кәсіпорынның меншікті капиталының жеке элементтерінің  құнын бағалау;
        • кәсіпорынмен тартатын меншікті капиталдың жеке элементтерінің құнын бағалау;
        • кәсіпорынның капиталының орташа өлшенген құнын бағалау.

1) Қызмет көрсетуші меншікті  капиталдың құны. Мұндай баға  кезінде: 

а) баланстық құн бойынша  есептік кезеңде қолданылатын меншікті капиталдың орташа сомасы есептеледі;

б) ағымдағы нарықтық бағада кәсіпорында  қолданылатын меншікті капиталдың орташа сомасы есептеледі;

в) кәсіпорынның таза табысы арқылы капиталдың меншік иесіне төлеу  сомасы есептеледі. Бұл сома кәсіпорын  меншік иесіне капиталды қолданғаны үшін төленетін бағаны көрсетеді.

2) Қосымша тартатын акционерлі  капиталдың құны жай акция  және  артықшылығы бар акция   бойынша дифреренциаланған баға  кезінде есептеледі.

3) Қарыз капиталы мынындай  негізгі элементтермен бағаланады:

а) қаржылық несиенің құны (банктік  және мүліктік);

б) облигация шығару арқылы тартатын капитал құны;

в) тауарлы несиенің құны;

г) есеп бойынша ағымдағы міндеттеменің құны.

Әр компанияның әрекет жасауы мүмкіндігі, оның қаржыландыру көздері болғанда ғана. Олар экономикалық табиғатымен, пайда болу әдістерімен, шұғылдану әдістері және уақытымен, тіршілік ұзақтылығымен, басқару дәрежесімен  айырылады. Бірақта, ең негізгі қаражат  көздерінің мінездемесі – бұл  капитал құны. Капитал құны концепциясының мәні – қаржы көздерінің қызмет етуі компанияға бірдей болып келмейтіндігінде тұрады. Әр қаражат көзі өзінің бағасына ие болады. Мысалы, банк несиесіне пайыз  төлеу керек.

Капитал құны шығында болмайтындай, аталған көзді қолдайтын шығындарды жабатындай табыстың ең төмен деңгейін көрсетеді. Инвестициялық жобаларды  талдауда және компанияның қызметін қаржыландыру нұсқауларды таңдауда капитал бағасын бағалауы маңызды  орын алады.

Капиталдың құнын анықтағанда  Франко Модильяни мен Мертон Миллер өз еңбектерін қосты. Өздерінің жұмыстарында қаржылық мәселелер бойынша, қатаң  ғылым түрінде капиталдың құрылымы туралы сұрақты қарастырады және зерттеуге өздерінің ойларын  ұсынады. 1958 жылы Франко Модильяни мен  Мертон Миллер әр түрлі шектеулер жағдайында капитал құрылымы фирманың құнына қатысты емес екенін және де фирма оны қаржыландыру тәсілдеріне тәуелді емес екенін дәлелдеді.


Информация о работе Қаржылық менеждмент