Қаржылық менеждмент

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 07:52, реферат

Описание работы

Қаржылық менеджмент – кәсіпорын және ұжымдардың ақша қаражаты айналымын ұйымдастыру, қаржы ресурстарының құрылуы, бөлінуі және пайдаланумен байланысты басқару мәселелерін жүзеге асыру және оған әзірлік әдісі мен принциптерінің жүйесі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

АРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МӘНІ.docx

— 55.89 Кб (Скачать)

Егер фирма несие саясатын жеңілдетсе, әдетте сату көлемі артады. Жеңіл несие саясатын қалыптастыру несиені төлеу мерзімін ұзарту, несиені  төлеу қабілеттілігі стандартын төмендету, дебиторлық берешекті жинақтау саясатын жұмсарту, шегерімдер ұсыру  арқылы жүзеге асырылады. Осы әрекеттердің әрқайсысы фирманы қосымша шығындарға әкеледі. Фирма өз клиенттеріне несие  бере жағдайын келесі шартпен ғана жеңілдете алады: шығынның көбюі  кірістің көбеуінен аспаған жағдайда.

 

 

 

 

 

 

 

 

АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ  САЯСАТЫ

 

“Кәсіпорынның ақша ағымы” түсінігі біріктіріліп, жалпыланған; оның құрамына шаруашылық қызметті қамтамасыз ететін әртүрлі ақша ағымдары енеді.

Кәсіпорынның ақша ағымын басқару үрдісі келесі нақты ұстанымдарға негізделген:

  1. Ақпараттық нақтылық ұстанымы. Ақша ағымын басқару үшін қажетті ақпараттық базамен қамтамасыз ету керек.
  2. Теңгерілімділікті қамтамасыз ету ұстанымы. Басқарудың біртұтас мақсаттары мен тапсырмаларына бағынатындықтан, кәсіпорынның ақша ағымдарының түріне, көлеміне, уақытша мерзімге және де басқа да сипаттамаларына қарай теңгерілімділігін қамтамасыз ету.
  3. Тиімділікті қамтамасыз ету ұстанымы. Бұл ұстанымды жүзеге асыру үшін кәсіпорынның қаржылық инвестицияларын жұмсау арқылы оларды тиімді пайдалану қажет.
  4. Өтімділікті қамтамасыз ету ұстанымы. Бұл ұстаным қарастырылып отырған мерзімнің әрбір уақытша интервалы арасындағы жағымды және жағымсыз ақша ағымының сәйкес синхронизациясын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

Ақша ағымын басқарудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның дамуы барысында ақша қаражатының түсімі мен шығынын теңгерілуін және олардың уақыт аралығында синхронизациялануын жүзеге асыра отырып қаржылық тепе-теңдікті сақтау.

Ақша ағымын тиімді басқаруда  келесі негізгі ережелер жоғары роль атқарады:

      • ақша ағымдары шаруашылық қызметтің барлық салаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
      • ақша ағымын тиімді басқару кәсіпорынның стратегиялық дамуы барысында қаржылық тепе-теңдікті қамтамасыз етеді;
      • ақша ағымын оңтайлы құру: төлемдерді жүзеге асырудағы кез-келген қателік еңбек өнімділігі мен дайын өнімді өткізу деңгейінде кәсіпорын қорын құруға жағымсыз әсерін тигізеді;
      • ақша ағымын басқару кәсіпорынның капитал айналымын жылдамдатудың негізгі қаржылық тұтқасы болып табылады;
      • ақша ағымын тиімді басқару кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі тәуекелін төмендетеді.

 

Ақша қаражатын басқаруда келесі жұмыс атқарылады:

      • ақша қаражатының айналым уақытын есептеу;
      • ақша ағынын талдау және болжау;
      • ақша қаражатының оңтайлы дәрежесін анықтау;
      • қаржылық бюджетті құру.

Ақша қаражаты айналымнан шығарылған кезең – қаржылық кезең деп аталады.

Ақша ағынының қозғалысын талдау есеп беру кезенінің мәліметтері  бойынша келесі бағыттар бойынша  жүзеге асырылады: ағымдағы іс-әрекет, инвестициялық қызмет, қаржылық қызметі, ақша қаражатымен байланысты өзге де операциялар. Ақша қаражатының қозғалысын талдау екі тәсілдің біреуімен жүзеге асырылады: тура әдіс, жанама әдіс.

Ақша ағынын болжау дегеніміз  – ақша қаражатының қозғалысын талдау схемасы бойынша, бірақ болжап отырған  кезеңде ғана, ақша қаражатының мүмкін болатын түсімі мен жылыстауын есептеу. Болжау статистикалық мәліметтер және деректік мәліметтерді талдау негізінде  жүргізіледі.

 

ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ

 

Бақылаумен қатар басқару  қызметінің маңызды бір саласында жоспарлау жатады. Ол алдағы уақытта орындалуы тиіс әрекеттерді анықтау процесі болып, табылады.

Қаржылық жоспарлау – мемлекеттің қаржысымен байланысты қатынастарын реттейтін құқық саласы. Қаржылық жоспарлау экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың негізгі бөлігі болып, қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі болып табылады. Қаржылық жоспарлаудың спецификасы ақша түрінде жасалуынан құралады. Қаржылық жоспарлаудың негізгі объектісі болып: қор мен түсімдерді құру және оларды қайта бөлу, орталықтан және орталықсыздандырудың ақша құралдарының қорларын құру және пайдалану.

Қаржылық жоспарлау – ақша ресурстарын құру, бөлу, қайта бөлу және пайдалану процестерін жоспарлы түрде басқару. Ол кез – келген жүйелерді басқарудың маңызды бөлігінің негізгі (болжау, тікелей басқару, бақылау қызметтерін мен қатар) басқару қызметі. Жоспарлау барысында алға қойылған мақсаттың орындалу тәртібі, әдістері мен тәсілдері ескертіледі.

Жоспарлау басқару элементі болғандықтан, қаржылық саясаттың ең жақсы құралы болып табылады. Қаржылық жоспарлау кәсіпорының дамуын қамтамасыз ететін ақша құралдарының барлық табыстар мен шығыстардың бағытын жоспарлайды. Қаржылық жоспарлау қаржылық жоспардың  құрылымы мен белгілеуіне байланысты қамтамасыз етіледі.

Қаржылық жоспарлау объектісі  болып, мемлекет пен шаруашылық субъектілердің қаржылық қызметі болып, ал жалпы  нәтижесі – қаржылық жоспарды құру болады. Әрбір жоспарда бөлімшелерге және несиелік жүйеге байланысты, белгілі  уақыт мерзіміне шығыстар мен  түсімдер анықталады (әлеуметтік сақтандыруға салымдарды аудару, бюджет төлемдерді, банк несиесін төлеу және т.б.). Сонымен қаржылық жоспарлау объектілері болып:

- барлық жүйедегі төлем  негізінде өнім өткізуден (жұмысты  орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен  ақша қолма – қол, қолма  – қолсыз, бартер, валюта;

- пайда, оны құру, бөлу  және пайдалану;

- арнайы мақсаттағы қорлар: тұтыну, жинақтау, жарғылық, сақтандыру  оларды құру, бөлу және пайдалану;

- бюджетке төленетін төлемдер  көлемі және бюджет емес қорларға  басқа да аударымдар.

Жоспарлау келесідей сипатталады:

1) Экстенсивті әлеуметтік  – саясаттық және экономикалық  құбылыстарды қамтитын үлкен  көлем;

2) Интенсивті жетілдірілген  техниканы пайдалану;

3) Тиімділікпен қаржылық  басқарудың қойылған мақсаттарына  жету.

Жоспарлауды ұйымдастыру  – кәсіпорын көлеміне тәуелді. Шағын  кәсіпорындарда қаржылық басқаруды  бөлу керек емес, оны жетекші өзі  жалғыз жүргізе алады. Ал үлкен кәсіпорындарда жоспарды құру жұмыстарын орталықсыздандыру  негізінде болуы тиіс. Бөлімдерге бөлу негізінде әрбір бөлім өз учаскесінде жұмыс істеп, болашақта  оны жетілдіру жолдарын жетік  біледі. Жоспар (бюджет) бөлімдері бір  – бірінен оқшауанып жұмыс  істемейді. Есептеу кезінде, мысалға, жоспарлы өткізім бағаларының көлемін  білуі қажет.

Қаржылық жоспарлаудың негізгі  мақсаттары:

1) өз қорлар мен құралдары  арқасында кәсіпорынның өндірістік  және әлеуметтік дамуын қамтамасыз  ету:

2) мемлекеттік реттеу жүйесінің  оңтайландыру мен өндіріс көлемін  ұлғайту арқылы пайданы өсіру,  яғни нақты пайданы өсіру және  салық салуды оңайландыру;

3) кәсіпорынның қаржылық  тұрақтылығын қамтамасыз ету,  өзінің міндеттемелері алдында  уақытылылық төлеу мүмкіндігі.

Қаржылық жоспарлау тәсілдері:

а) автоматты (егер инфляция бар болса, онда мәліметтер инфляция коэффициентіне көбейтіледі);

б) статистикалык  (алдағы  жылдардағы   шығындарды   қосып  алдағы жылдар санына көбейту);

в) нөлдік қойма (барлык позициялар жаңадан (нөлден) саналады. Бұл тәсіл накты қажеттілікті санап, оларды мүмкіндіктермен қиыстырады).

Жоспарлау максаттары:

Әртурлі кэсіпорындарда жоспарлардың әртурлі мақсаттары болуы мумкін. Жоспарлардың қызметтері кәсіпорынның түрі мен мөлшеріне байланысты әртурлі мағынада кездеседі.

Қаржылық болжау – қаржылық жоспарлаудың басты элементі – кәсіпорынның жоспарлы бюджетін есептеудің негізін құрайды, ол әдетте құраттардың толық жинағын құрайды: өткізу жоспары, өндіру жоспары, запастар бюджеті, тікелей материалды шығындар жоспары, еңбекақы жоспары, өндірістік, өнімділік және әкімшілік шығыстар жоспарлары, кірістер туралы жоспарлы есеп беру, ақша құралдары (ағымдар) қозғалысының жоспары, төлем күнтізбесі және, ақырында, жоспарлы баланс. Қаржылық болжаудың жіберілім нүктесі болып сату болжамы және оларға сәйкес шығыстар табылады; соңғы нүктесі және мақсаты – сырттан қаржыландыруды қажет ететін есеп.

Қаржыландыру қажет (талап) ететін болжаудың басты бағыттары:

    1. Сату болжауы статистикалық және басқа да әдістерпмен құрастыру
    2. Ауыспалы шығындар болжауын құру
    3. Сатылымның қажетті көлеміне қол жеткізу үшін қажетті, негізгі және айналым активтері инвестицияларына болжау жасау
    4. Құралдар көздерінің рационалды құрылымының нышандалу принципін есепке ала отырып сырттай қаржыландырудағы қажеттілікті есептеу және сәйкес көздерді іздестіру

Қаржылық болжаудың екі негізгі  әдісі бар:

    1. Бюджеттік – ақша ағымдары концепциясы негізінде құрылған және бизнес – жоспардың бөлімін есептеугеарналған
    2. а) “сатудан түскен пайыз әдісі” (бірінші мадификация)

    б) “формула  әдісі” (екінші мадификация)

Барлық есептеулер үш тұжырымдама  негізінде жасалады:

    1. Ауыспалы шығындар, ағымдағы активтер және ағымдағы міндеттемелер сатылу көлемін пайыздардың белгілі көлеміне өсіргенде (ұлғайтқанда) орташа сонша пайызға ұлғаяды
    2. Негізгі құралдар құнының ұлғаю пайызы бизнестің технологиялық шарттарына сәйкес айналымда ұлғайтудың берімен пайызы бойынша және болжанған кезеңнің басына есептелінген жиелік болжаған негізгі құрамдар бойынша, өндірістің қолма қол құралдарының материалдық және моральды дәрежесі юойынша есептеледі
    3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер мен акционерлік капитал болжамға өзгеріссіз алынады. Бөлінбеген пайда таза тадыстың дивидендтерге және өткізілген өніиінің таза рентабельдігенің нормасы есебінен болжанады: базарлық кезеңнің бөлінбеген табысына болжанған таза табыс қосылады және дивидентер есептелінді (болжанған таза табыс, таза табыстың дивидентерге бөліну номасы көбейтілген).

Осының барлығын есептеп, қажетті активтерді пасивтермен  өтеу үшін қанша пассив жетіспейтіндігін анықтайды – бұл сырттан қаржыландырудың  қажетті толықтаушы сомасы болып  табылады. Бұл соманы сонымен қатар  формула арқылы есептеп шығаруға болады.

Формулардан көрініп тұрғандай, сырттан қаржыландырудағы қажеттілік активтер көп болса сонша көп болады, түсімдер өсімінің барысы және таза табысты дивидентерге бөлу нормасына байланысты; пассивтер қаншаға көп болса және өткізілген өнімінің таза рентабельдігі неғұрлым  көп болса, соғұрлым аз болады.

Осыған байланысты, қалауыңыз  бойынша өткізіоген өнімінің таза рентабельдігін (болашақтағы) есепке алуға болады, сонымен қатар таза табысты дивидентерге бөлудің прогностикалық нормасын есепке алуға болады. 

Қаржылық жоспарлаудың құрамдас бөлігіне бюджеттік процесс жатады, яғни болашақ іс - әрекеттеуде қаржы ресурстарын қолдану және қалыптастыру. Қаржы жоспарлары табыстар мен шығыстардың өзара байланысын қамтамасыз етеді, кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі көрсеткіштеріне байланысты.

Кәсіпорында бюджеттеу процессі бюджеттік көрсеткіштердің орындалуын бакылау және басқару, жалпы қаржылық және оперативті бюджетті құрастыру салаларындағы жұмыстарды біріктіреді.

Бюджет дегеніміз – бұл жоспардың сандық орындалуы, белгілі мерзімдегі табыс пен шығысты сипаттайтын және капиталды жоспарда берілген мақсаттарға жету үшін тартылуы. Бюджеттің берілгендері болашақ қаржылық операцияларды жоспарлайды, яғни ұйғарылған әрекеттерді орындау ұшін кұрылады. Осы бойынша кәсіпорын қызметінің тиімділігін бақылау және бағалау негізі ретінде бюджеттің рөлі анықталады.

Бюджеттік жоспарлау - кұрылымдық бөлімшелер немесе ұйымның қызмет салалары бойьшша жеке бюджеттерді әзірлеу процесін білдіретін жоспарлаудың детальданған деңгейі. Бюджет - әдетте жоспарланған кірістер мен шығыстарды көрсетуші белгілі бір кезең уақытына дейін әзірленіп, қабылданған акшалай түрдегі сандық жоспар. Бюджет жауапты орталықтардың жоспарын орындауын бағалаудың негізі болып табылады.

Бюджеттегі ақпаратқа  деген негізгі талаптар келесідегі: жеткіліктілік, артықтықсыз, айқындылық және жететіндік. Әр кәсіпорын бюджетті құрастыру формаларын өзі таңдайды.

Бюджетті құрастыру жұмысы бірнеше этаптардан тұрады:

  • болжау және сату бюджетін дайындау;
  • күтілген өндіріс көлемін анықтау;
  • өнімді өндіру және өткізуімен байланысты шығындарды есептеу;
  • ақша ағымын есептеу және талдау;
  • жоспарлы қаржылық есепті құру.

Жоспар оперативті, әкімшілікті, стратегиялық деп бөлінеді. Мезгілі бойынша қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және келешекті (жылдан көп) болуы мүмкін. Детальданған бюджеттер ең көп дегенде әлдеқайда қысқа кезеңге белгілеумен бір жылға жасалады.

Бюджеттік жоспарлаудың сатыларына мыналар кіреді: барлық жауапты орталықтарды жоспарлау; кызметті бағалауда пайдаланатьш көрсеткіштерді анықтау; жаңа ахуалға байланысты жоспардағы ықтимал өзгерістерді талқыға салу; ұсынылған түзетпелерді ескеру арқылы жоспарды түзету.

Бюджет қызметіне мыналар  жатады: көзделген мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлайды; әр түрлі қызметтерді жэне жеке бөлімшелерді үйлестіреді; өз мақсаттарына ұмтылатын жауапты орталықтардьщ басшыларын ынталандырады; жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанын бағалаудың негізі болады.

Информация о работе Қаржылық менеждмент