Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 07:52, реферат
Қаржылық менеджмент – кәсіпорын және ұжымдардың ақша қаражаты айналымын ұйымдастыру, қаржы ресурстарының құрылуы, бөлінуі және пайдаланумен байланысты басқару мәселелерін жүзеге асыру және оған әзірлік әдісі мен принциптерінің жүйесі болып табылады.
Сондықтан, қаржы салымдарын бағалау барысында, қаржы салымдарының мерзімі әртүрлі екенін ескере отырып, одан түсетін пайданың көлемін анықтау қажет. Ақша ағымдарын дисконттау әдісі – бұл ақша құнының уақыт бойында өзгеріп отыратынын есепке ала отырып, бағалау әдісі.
Ағымдағы бағаға пайыз қою арқылы болашақта қолма – қол қаражат алу үрдісі – дисконттау деп аталады, ал алынған қолма – қол қаражат көлемі - дисконтты баға деп аталады.
Пайыздар деп капиталды әртүрлі формада (несие, ссуда) қарызға беруден немесе өндірістік және қаржылық сипаттағы инвестициядан түскен табыс.
Пайыздарды есептеу үшін екі әдіс қолданылады:
Барлық есептеу кезеңінде алғашқы ақша жиынтығына қолданылатын пайыздар жай пайыздар деп аталады және келесі формуламен есептелінеді:
I = PV*n*r, (1)
I – табыс көлемі немесе пайыздық төлем;
PV – алғашқы капитал;
n – қаржы операцияның ұзақтығы (жыл);
r – ондық бөлшек түріндегі пайыз мөлшері (мысалы 10% = 0,10).
Егер қаржы операциясының ұзақтығы бір жылға толмаса, онда n = t / T, мұнда t – күнмен есептелінген қаржы операциясының ұзақтығы, Т – бір жылдағы күн саны.
Күрделі пайыздарды есептеу – дисконттауға қарсы үрдіс, себебі қазіргі кезде қолда бар ақшаның болашақтағы құны күрделі пайыздар көмегімен анықталады:
I = PV*((1 + rс)n – 1) (2)
Ақшаның болашақ құны (FV) – бұл қазіргі кезде инвестицияланған ақша қаражатының болашақтағы құны.
Ақшаның ағымдағы құны (PV) – болашақ ақша ағынының дисконтталған құны.
Әр түрлі қаржы операциялары бойынша есептеулер жүргізу барысында, көп жағдайда эквиваленттік пайыздық ставкаларды анықтау қажеттілігі туындайды.
Балама пайыздық мөлшерлемені
қаржы операцияларын таңдау мүмкіндігі
болған жағдайда және әр түрлі пайыздық
мөлшерлемелерді дұрыс
Қаржылық және коммерциялық есептеулердегі негізгі ұғымдардың бірі болып аннуитет табылады. Аннуитетті төлемдердің схемасының логикасы қарыздық бағалы қағаздарды бағалауда, инвестициялық жобаларды талдауда және аренданы талдауда қолданылады.
Аннуитет – бұл дүркін-дүркін төленетін ақшалай сома (жарна, рента немесе табыс). Сақтық ісінде ол рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру жөніндегі төлемдердің шамасын (мөлшерін) көрсететді.
1) Мерзімді аннуитетті
есептеу. Аннуитет ақша
2) Мерзімсіз аннуитет. Егер
ақша түсімдері ұзақ уақыт
бойы жалғастырылса аннуитет
мерзімсіз деп аталады.
ТӘУЕКЕЛДІК МЕНЕДЖМЕНТ – ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ЭЛЕМЕНТІ
Тәуекелдік дегеніміз мүмкін болатын қауіп шығындары. Қаржылық менеджерге тәуекелдік – бұл қолайсыз мүмкіндігі. Тәуекелдік – бұл экономикалық дәреже, ол болатын немесе болмайтын оқиғаны көрсетеді. Тәуекелдік – қаржылық дәреже де болады. Сондықтан, тәуекелдіктің көлемі мен дәрежесіне қаржылық механизм арқылы әсер етуге болады. Осындай әсер ету арқылы қаржылық менеджменттің тәсілдерімен ерекше стратегияның көмегімен орындалады. Стратегия мен тәсілдер жиынтығы тәуекелдікті басқару механизмін ұйымдастырады, яғни тәуекелдік – менеджментті.
Сондықтан тәуекелдік – менеджмент – бұл қаржылық менеджменттің бөлімі. Тәуекелдік – менеджменттің функциялары: болжау, ұйымдастыру, реттеу, үйлестіру, ынталандыру, бақылау.
Тәуекелдік менедждмент
дегеніміз нарықтық қатынастар мен
тәуекелдікті басқару жүйесі. Тәуекелдік
менеджменттің құрамына басқару
тактикасы мен стратегиясы
Стратегия – бұл дұрыс және тиімді болжауға негізделген басқару және жоспарлау өнері. Тәуекелдік менедждменті стратегиясының ережелері келесі:
Ұтысты барынша көбейту ережесінің мәні: капитал салымдарының мүмкін болатын тәуекел вариаттарының ішінен ең тиімді нәтиде беретін вариант таңдалады, яғни инвестор үшін ең аз тәуекел жағдайында кірісті брынша көбейту варианты.
Мүмкін болатын оңтайлы
нәтиже ережесінің мәні: ықтимал нәтиже
инвестор үшін тиімді және қаржы менеджерін
қанағаттандыратын вариантты
Практикада нәтиженің оңтайлы ықтималдығымен нәтиженің оңтайлы ауытқуы үйлесіп қолданылады. Көрсеткіштердің ауытқуы оның дисперсиясынан, орта квадраттық ауытқуынан және вариация коэффициентінен көрінеді.
Тәуекел капитал салым жасауға шешім қабылдау ережесі шешім варианттарын таңдау әдістерімен толықтырылады.
Тәуекелдік дәрежесін төмендету үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Соның ішінде ең көп таралғаны:
Сақтандыру дегеніміз – кәсіпорындардың, ұйымдардың, тұрғындардың, ақша қорының құрылуымен байланысты, мүліктік және мүліктік емес мүдделерін қорғайтын заңдық және нарықтық қатынастар жүйесі, сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру ақысын және зиянды өтеу үшін жиналатын ақша қоры.
КАПИТАЛДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ. КАПИТАЛ ҚҰРЫЛЫМЫ
Капитал – қаржы менеджмент ішіндегі ең жиі қолданылатын экономикалық категория. Капитал мағынасына мынадай сипаттамалар беріледі:
Кәсіпорынының барлық капиталы
айналымнан тыс және айналыстағы
активтер болып екіге бөлінеді. Капиталды
қызмет атқару мерзіміне қарай негізгі
активтер және айналымдағы активтер
деп екіге бөледі. Негізгі активтер
негізгі құралдардан, материалдық
емес активтерден, аяқталмаған құрылыстан
құралады. Айналыстан тыс активтер
шаруашылық субъектісінің материалдық-
Капитал құрылымы өзінің шаруашылық
қызметі кезіндегі кәсіпорында
қолданылатын, меншікті және қарыздық
қаржылық қорлардың қатынасын
Кәсіпорында капиталды басқару келесідей негізгі қызметті шешуге бағытталған:
Капиталды басқару кәсіпорынның шаруашылық қызметінің әр түрінде оны тиімді қолдануды қамтамасыз етумен және әр түрлі көздерден белсенді құрылуымен байланысты басқару шешімдерін шығару және құру тәсілдері мен принциптерінің жүйесін көрсетеді.
ҚАРЖЫЛЫҚ ЛЕВЕРИДЖ
Пайда және осы пайданы алу үшін шығындалған активтердің арасындағы байланыс леверидж көрсеткішімінің көмегімен сипатталады.
Леверидждің бір түрі – бұл қаржылық леверидж – ұзақ мерзімді пассивтер құрылымы мен көлемін өзгерту арқылы кәсіпорынның пайдасына әсер ету мүмкіндігі. Қаржылық левериджінің көлемі кәсіпорынның қаржылық тәуекелдігі дәрежесіне тура пропорционал және акционерлерден пайда нормасын талап етеді. Қаржылық леверидж жоғарлаған сайын кәсіпорынның қаржылық тәуекелдігі арта түседі.
Қаржылық леверидж (қаржылық тәуекелдің шамасы) қарыз міндеттемелерімен немесе компания капиталы құрылымында артықшылығы бар акциялармен анықталады. Қаржылық левериджді бағалаудың бір тәсілі: пайызды және салықты төлегенге дейінгі пайданың акция пайдасына әсерін анықтау. Егер пайызды және салықты төлегенге дейінгі пайда төмендесе, қарыз қаражат есебінен қаржыландырылатын компаниялар акция пайдасын жағымсыз өзгерістерімен жолығады, бұл өзгерістер пайызды және салықты төлегенге дейінгі пайда өзгерісіне қарағанда көп болады.
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ (ӨНДІРІСТІК) ЛЕВЕРИДЖ
Пайда және осы пайданы алу үшін шығындалған активтердің арасындағы байланыс леверидж көрсеткішімінің көмегімен сипатталады.
Леверидждің бір түрі – бұл операциялық (өндірістік) леверидж - өзіндік құн құрылымын және шығарылым көлемін өзгерту арқылы жалпы көлем табысына әсер ету мүмкіндігі. Ол бірқалыпты және өзгеріп отыратын шығындар қатынасымен сипатталады.
Операциялық леверидж (операцияның тәуекел шамасы) компанияның тұрақты шығындарын басқара алу қабілетімен анықталады. Егер тұрақты шығындар көп болса, компанияның өндірістік леверидж дәрежесі өте жоғары болады. Өндірістік леверидж жоғары болған сайын, ұжымның өндірістік тәекелі арта түседі.
Операциялық леверидж сату көлемінің
өзгеруінің пайызды және салықты
төлегенге дейінгі пайдаға
ФИРМАНЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУЫҚТЫРУ ӘДІСТЕРІ
Кәсіпорынды кризистік қаржылық жағдайдан шығаруға бағытталған тұрақтандыру шаралары жүйесінде оны сауықтыру маңызды роль атқарады.
Сауықтыру – бұл кәсіпорынның
қаржы жағдайын жақсарту бойынша
шаралар жүйесі, ол кәсіпорынды банкрот
деп жаиялаудан немесе оны жоюдан
құтқаруға бағытталған
Фирманың қаржы жағдайын жақсарту шаралары оңшау және жалпы болып бөлінеді. Оңшау шаралар жеке жақсартуларға, ал жалпы шаралар бүкіл өндірісті сауықтырады.
Сонымен қатар шаралар өте тез мерзімді, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Ұзақ мерзімді шаралар мерзімсіз, яғни үнемі шараларға айналуы мүмкін.