Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2012 в 16:37, курсовая работа
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүр-лі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іс-керлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өң-делуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшы-лыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағ-дайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Кіріспе..................................................................................................................... 3-6
1-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері...................................................................................................................... 7
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты....................... 7-16
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі................................................................................................. 17-31
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері......................................................... 32-38
2- бөлім. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау.................................................................................................... 39
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының
жалпы сипаттамасы............................................................................................. 39-40
2.2. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау................................................. 41-45
2.3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау............................................... 46-51
2.4. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................... 52-59
2.5. Кәсіпорынның табыстылығын талдау........................................................ 60-64
2.6. Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау............................... 65-70
3-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары........................................................................................................... 71-75
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен
төлем қабілеттілігін арттыру.............................................................................. 76-79
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен
іскерлік белсенділігін арттыру.......................................................................... 80-83
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру..................................................... 84-85
Қорытынды........................................................................................................ 86-88
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................... 89-94
Қосымшалар......................................................................................................... 91-9
Есепті
жылы дебиторлық борыш та әжептеуір азайған.
Егер оның көлемі жыл басында - 91595 мың
теңгені құраса, жыл аяғында ол - 47525 мың
теңгені құ-райды немесе 48,11%-ға төмендеген,
ал ағымдағы активтер құрамындағы оның
үлесі 11,6 пунктке азайды (24,81-13,21).
Айта
қеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына
дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес,
онын көлемі, қозғалысы және түрі, яғни
бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді.
Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық
борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп
айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруа-шылық
қызметтегі объективті процесс болып
табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта
есептеулер тәртібінін бұзылуы нәтижесінде
туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды
нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан
да, оны меншікті қаражатты толығымен
айналымнан шығару деп есептеуге бол-майды,
өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің
нысаны болып табыла-ды да кәсіпорынның
төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.
Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты
және өтелмеген болып екіге бөлінеді.
Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі
өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша
тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар
жатады. Өтелмеген деби-торлық борыш айналым
қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және
қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді.
Осыған байланысты талдаушы оның құрылы-мын
зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық
борышты анықтауы тиіс [1].
2.3.
Кәсіпорынның төлем
қабілеттілігін талдау.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңыз-ды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады.
Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтер-дің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.
Өтімділіктің
екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші
тұжырымдама бойынша өтімділік:
кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін
өтеу қабілеті-лігі ұғынылады. Ал екінші
тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл
ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына
айналуға дайындығы мен жылдамдығы.
Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойьшша да, келіп түсу уақы-ты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мә-нінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілі-гін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу ке-рек.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:
А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.
А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.
А3. Баяу өткізілетін активтер. Бұларға тауарлы-материалдық қорлар жатады.
А4. Қиын өткізілетін активтер. Бұлардың құрамында ұзақ мерзімді актив-тер жатқызылады.
Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады:
П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттеме-лер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көле-мінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.
П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.
П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топ-тар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынас-тарда саналады:
Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір то-бы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса ба-ланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.
Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртін-ші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бо-йынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төр-тінші теңсіздікті “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең экономика-лық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарт-тарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының ба-рын дәлелдейді.
Баланстың топтастырылған баптарын 4-кесте түрінде көрсету орынды бола-ды.
Кесте-4
«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының мәліметтері негізінде баланс активінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы.
Жалпы баланс өтімділігі мына формуламен анықталады:
К
= (А1+0,5А2+0,3А3)/(П1+0,5П2+0,
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 1,3;
жыл соңында – 1,07;
Бұл көрсеткіштің қолайлы мәні 0,9 болып табылады.
Алайда бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қа-тар, кәсіпорынның төлем қабілеттігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиы-нымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданыла-ды.
Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті. Олар туралы төмен-де айтылады.
Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттігін анықтау анықтау үшін кә-сіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және да-йындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен қол-данылады.
Үш көрсеткіш жиі қолданылады:
-абсолютті өтімділік коэффициенті;
-аралық өтеу (жабу) коэффициенті;
-жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.
Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.
Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздар-дың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:
Ка.ө 0,2 0,5
Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі.
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 0,02;
жыл соңында – 0,1;
Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүр-гізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер бойынша түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.
Аралық
өтеу коэффициентінің қалыпты
Кар.ө 1
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 1,5;
жыл соңында – 0,98;
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді жіне дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, соны-мен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.
Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады:
Кағ.ө 2
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 2,6;
жыл соңында – 2,2;
Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді.
Жалпы
алғанда соңғы екі өтімділік
коэффициенттерінің шамалары талап
етілген шектеуге жауап бергенімен,
жыл соңында олардың мәндері
азайып отыр. Сондықтан алдағы уақытта
бұл құбылыстың қайталанбасы үшін, оның
се-бептерін анықтаған жөн.
2.4.
Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын талдау.
Талдау
жүргізушінің келесі әрекеті баланс
активінің құрылу көздерін талдау болады.
Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі,
оны сатып алу және оны құ-рылуы да, кәсіпорынның
өзінің де, қарызға алынған капиталдың
да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін
есте сақтау керек. Ал меншікті капитал
мен қарызға алынған капиталдың арасындағы
қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көр-сетеді.
Нарық
қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі
және оның дамуы көбі-не өзін өзі қаржыландырумен,
яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге
асырылады. Тек ол капитал жетпегенде
ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде
қиын болса да сырттан тартылған капиталдан
қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын
алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес.
Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы
активтерінің құрастырылу көздерін шектеу
керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны
қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір
кезең-дерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден
жоғары, яғни қосымша қажеттілік ту-ғанда,
ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен
және коммерциалық несиеле-рімен жабылады.
Активтердің
қорлану көздерін талдау кезінде
меншікті және қатыстырылған капиталдың
көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру
кезеңіндегі олардың өз-геру себептері
анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде
өз меншігіндегі капи-талға басты назар
аударылады, себебі өз қаражаттарының
қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының
барлығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капитал-дың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсет-кіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, ав-тономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффи-циентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтай-ды:
Ктс = Мк:Ак
Мұндағы:
Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;
Информация о работе Қаржылық дағдарыстың пайда болуының сыртқы және ішкі факторлары