Қаржылық дағдарыстың пайда болуының сыртқы және ішкі факторлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2012 в 16:37, курсовая работа

Описание работы

Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүр-лі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іс-керлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өң-делуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшы-лыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағ-дайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................... 3-6
1-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері...................................................................................................................... 7
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты....................... 7-16
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі................................................................................................. 17-31
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері......................................................... 32-38
2- бөлім. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау.................................................................................................... 39
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының
жалпы сипаттамасы............................................................................................. 39-40
2.2. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау................................................. 41-45
2.3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау............................................... 46-51
2.4. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................... 52-59
2.5. Кәсіпорынның табыстылығын талдау........................................................ 60-64
2.6. Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау............................... 65-70
3-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары........................................................................................................... 71-75
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен
төлем қабілеттілігін арттыру.............................................................................. 76-79
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен
іскерлік белсенділігін арттыру.......................................................................... 80-83
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру..................................................... 84-85
Қорытынды........................................................................................................ 86-88
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................... 89-94
Қосымшалар......................................................................................................... 91-9

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері.doc

— 754.00 Кб (Скачать)

К = Д / А

   Мұнда, К - капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;

                Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

                А - авансталған капитал.

   Біздің  кәсіпорын үшін капиталдың жалпы  айналымдылық коэффициенті жыл басында  – 0,99 рет; жыл соңында– 1,05 рет болды.

   Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның жалпы капиталын (барлық ресурс-тарды) пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер  жыл басында кә-сіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 99 тиын, ал жыл соңында 1теңге 5 тиын келтірді.

   2. Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылы-ғын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайда-ланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың шамасына бөлу арқылы есептей-ді.

   Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық дең-гейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады.

   Алайда  бұл жерде жалпы заңдылық былайша  болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің тө-мен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін білдіреді.

   Біздің  кәсіпорын үшін негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті жыл басында – 2,47 рет; ал жыл соңында – 1,79 рет болды.

   Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның негізгі құралдардың пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер жыл басында кәсіпорында негізгі құ-ралдардың әрбір бірлігі 2 теңге 47 тиын келтірсе, жыл соңында 1 теңге 79 тиын келтірді.

   3.Меншікті  капиталдың айналымдылық  коэффициенті. Ол мына формула бойынша қаралады:

К = Д / С

   Мұнда:  К - меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті;

                 Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

                 С - меншікті капиталдың шамасы.

   Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудығ артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншікті иелері тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жаңдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Керісінше, коэффициенттің төмендігі меншікті капиталдың бір бөлігінің әрекетсіз жатқандығын білдіреді. Бұл тұста коэффициент, меншікті қаражатты осы жағдайға сай келетін табыс көзіне салу қажеттігін көрсетеді.

   Біздің  кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі  жыл басында – 1,21 рет, ал жыл соңында  – 1,26 рет болды.

   Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның меншікті капиталдың пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді.Егер жыл басында кәсіпорында меншікті капиталдың әрбір ақша бірлігі 1 теңге 21 тиын, ал жыл соңында 1 теңге 26 тиын келтірді.

   4. Ағымдағы активтер немесе айналым капиталының айналымдылық коэф-фициенті. Ол өнім сатудан түскен табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағым-дағы активтердің орташа шамасына қатынасымен анықталады:

   К = Д / Т

   Мұнда:  К - ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;

                 Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

                 Т - ағымдағы активтер.

   Ағымдағы  активтердің (айналым капиталының) айналымдылық коэффи-циенті олардың айналым жылдамдығын, яғни зерттелген кезеңдегі барлық ай-налым қаражатының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы активтердің айна-лымдылығының үдеуі олардың қажеттілігін кемітеді де, кәсіпорындарға халық шаруашылығының мұқтажы үшін (абсолюттік босату) немесе қосымша өнім өңдіруге (салыстырмалы босату) айналым қаражатының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді.

   Айналымның  жылдамдауы нәтижесінде айналым қаражатының заттық эле-менттері босайды, шикізат, материалдар, отын қорлары мен аяқталмаған өнді-рісті істеу аз қажет болады, демек, бұрын осы қорлармен іске салынған ақша ресурстары босап шығады. Босаған ақша ресурстары кәсіпорынның ең өтімді активтерін арттырады, нәтижесінде оның төлем қабілеті бекіп, қаржылық жағ-дайы жақсарады.

   Біздің  кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі  жыл басында – 2,32 рет, жыл соңында  –3,34 рет болды.

   Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның ағымдағы активтердің пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді. Егер жыл басында кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 2 теңге 32тиынал жыл соңында 3 теңге 34 тиын келтірді.

   5.Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті кә-сіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көр-сетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғұрлым азы-рақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айна-лым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер етеді.

   Өндірістік  қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) құны бойын-ша есептелетіндіктен, қорлардың айналымдылық коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.

   Онда  есептеу мына формуламен іске асырылады:

К = S / З

   Мұнда: К - материалдық айналым құралдарының айналымдылық          

   коэффициенті;

   S - сатылған өнімнің толық өзіндік құны;

   З - өндірістік материалдық қорлар.

   Неғұрлым  айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, соғұрлым қор-лар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсендегенін көрсетеді.

   Біздің  кәсіпорынымызда сатылған өнімнің  өндірістік өзіндік құны негізінде  есептелген материалдық айналым  құралдарының айналымдылық коэффициенті жыл басында  – 6,52 рет; жыл соңында – 6,65 рет болды.

   6. Дебиторлық борыштың  айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың шамасына қатынасымен анықталады:

К = Д / Д

   Мұнда:  К - дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;

                 Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

                 Д - дебиторлық борыш.

   Дебиторлық  борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыш-тың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген ком-мерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді. 

   Біздің  кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэффи-циенті жыл басында – 3,98 рет; жыл соңында – 7,93 рет болды.

   7.Кредиторлық  борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сату-дан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың  шамасына қаты-насымен анықталады:

К = Д /К

   Мұнда:  К - кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;

                 Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

                 К - кредиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.

   Біздің  кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэф-фициенті жыл басында – 8,23 рет; жыл соңында – 9,01 рет болды [1]. 
 
 
 
 
 

   3-бөлім.  Кәсіпорынның қаржылық  жағдайын жетілдірудің  негізгі бағыттары. 

   Кәіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық жалғасы – кәсіпо-рын қызметінің кемшіліктерін жою жолдарын іздеу болып табылады.

   Жағымсыз  жағдайлардың ауқымына байланысты кәсіпорын жағдайын же-тілдіруге қажетті іс-әрекеттер көлемі анықталады. Жеңіл қаржылық дағдарыс кезінде ағымдағы  қаржылық жағдайды бірыңғайлау, яғни ақша қаражаттары-ның кірістері мен шығыстарын үйлестіру жеткілікті. Ал терең қаржылық дағда-рыс жағдайы қаржылық жағдайды тұрақтандырудың барлық ішкі және сыртқы механизмдерін қолдануды қажет етеді. Кәсіпорынның жағдайы аппаттық дең-гейге жеткенде қаржылық жағдайды жетілдірудің жолдарын іздестіру қажет, ал табылмаған жағдайда кәсіпорынды жою туралы шешім қабылдауға мәжбүр бо-лады [24].

   Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын тұрақтандырудың ішкі механизмдері ең алдымен кәсіпорынның ағымдағы төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге ба-ғытталуы тиіс. Ағымдағы төлем қабілетсіздікті жою мақсатында кәсіпорын қар-жылық жағдайды жетілдіру бойынша оперативтік шаралар жүргізу, яғни ағым-дағы шығыстарды азайту және кейбір активтерді сату қажет. Осыдан кейін ал-дағы кезеңде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын  қамтамасыз етуге бағыт-талған тактикалық шаралар жүргізілуі қажет. Кәсіпорынның толық қаржылық тұрақтылығының негізгі шарты ол – ұзақ мерзімді қаржылық теңдікті қамтама-сыз ету болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның стратегиялық шаралары қаржылық тұрақтылықты  ұзақ мерзімде уақытқа дейін сақтап тұруға бағытта-луы тиіс. Кәсіпорынды дағдарыстан алып шығу үшін қаржылық жағдайды тұ-рақтандырудың ішкі және сыртқы механизмдерінің жиынтығынан құралатын кәсіпорынды сауықтыру бойынша бизнес – жоспар жасалынады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырудың бағытттарын қарастырайық  (сурет-24):                       

   

   сурет–2  Қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттары. 

   Кәсіпорын меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігін азайту мақ-сатында жаңа акциялар мен облигациялар шығаруы мүмкін. Бірақ жаңа акция-ларды шығару олардың бағамдарының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сон-дықтан батыс елдерінде көбіне облигацияларға көп жүгінеді.

   Кәсіпорынның  банкроттығының алдын алу жолдарының бірі ол – акциялар бойынша дивидендтер көлемін азайту немесе төлеуден уақытша бас тарту. Бі-рақ бұл шараны іске асыру үшін кәсіпорын акционерлерін қаржылық сауық-тыру бағдарламасының  нәтиже беретіндігін және болашақта дивидендтер көле-мінің өсетендігіне сендіру қажет [24].

   Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын сауықтырутырудың маңызды көзі – факторинг, яғни кәсіпорынның өзінің дебиторлық борыштары бойынша талап ету құқықтарын банке немесе факторинг компанияларға сатуы болып табылады.

   Кәсіпорынның  материалдық техникалық базасын жаңартудың ең тиімді жол-дарының бірі – лизинг. Ол инвестициялаудың бір түрі болып табылады. Ли-зингтік операциялар бойынша жедел амортизацияны пайдалану өндіріс құрал-дарының оперативті түрде жаңартып отыруға мүмкіндік береді.

   Кәсіпорынға үлкен табыс әкелетін тиімді жобаларды  іске асыру мақсатымен кредиттер  тарту да кәсіпорынды сауықтырудың негігі бағыттарының бірі болып табылады [25].

   Меншікті  капиталдың жетіспеушілігін азайтудың  бір жолы ол – оның айна-лымдылық жылдамдығын арттыру болып табылады.                                 

   Меншікті  қаржы ресурстарынының көлемін  арттыру жолдары:

-тұрақты шығындар сомасын азайту

-айнымалы шығындар сомасын азайту

-жедел амортизацияны пайдалану

-пайдаланылмайтын мүліктерді сату

-сыртқы әлеуметтік және тағы да басқа бағдарламалардан бас тарту, инвестициялық белсенділікті төмендету.

   Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттарыныың бірі өндіріс табыстылығын арттыратын  ішкі резервтерді іздеу болып табылады. Оған өнді-ріс қуаттылығын толық пайдалану, өнімнің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін арттыру, өзіндік құнды азайту, материалдардық, еңбек және қаржы ресурста-рын үнемді пайдалану жатады [24].

   Тәжірибеде  кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі үш про-блема кездеседі:

-Төлемқабілеттіліктің төмен болуы, яғни ақша қаражаттарының жетіспеушілігі. Бұған кәсіпорынның кредиторлар, жұмысшылар және бюджет алдындағы мін-деттемелерін өтеуге қаражаттарының жетіспеушілігі дәлел бола алады.

-Меншік иелерінің мүдделерін толық қанағаттандырмау. Бұған меншік иелері алатын табыстарының олардың салған салымдарына қарағанда әлдеқайда төмен болуы дәлел бола алады.

-Қаржылық тәуелсіздігінің немесе қаржылық тұрақтылығының төмендеуі. Тәжірибеде қаржылық тұрақтылықтың төмен болуы болашақта міндеттемелер-ді өтеу бойынша қиыншылықтар тудыруы мүмкін, ал бұл өз кезегінде кәсіпо-рынның кредиторларға тәуелді болуына алып келеді. Жоғарыда жасалынған талдау негізде біздің кәсіпорында алғашқы екі проблеманың (өте төменгі төлем қабілеттік және рентабельділік) қаржылық тәуелсіздігіне келсек, ол ұзақ мер-зімді қарыздардың жоқ болуы және кәсіпорын қызметінің негізінен меншікті капиталмен қаржыландырылуына байланысты кәсіпорын кредиторларға тәуелді емес, яғни қаржылық тұрақты. Талдау барысында анықталған кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлсіз жақтары негізінен төлемқабілеттілік пен рен-табельділіктің төмен болуынан туындап отыр. Осыған байланысты біз кәсіпо-рынның қаржылық тұрақтандыру үшін төлемқабілеттік пен рентабельділікті арттыру жолдарын іздеу керек деген қорытындыға келеміз 5.

Информация о работе Қаржылық дағдарыстың пайда болуының сыртқы және ішкі факторлары