Қаржылық дағдарыстың пайда болуының сыртқы және ішкі факторлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2012 в 16:37, курсовая работа

Описание работы

Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүр-лі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іс-керлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өң-делуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшы-лыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағ-дайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................... 3-6
1-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері...................................................................................................................... 7
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты....................... 7-16
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі................................................................................................. 17-31
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері......................................................... 32-38
2- бөлім. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау.................................................................................................... 39
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының
жалпы сипаттамасы............................................................................................. 39-40
2.2. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау................................................. 41-45
2.3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау............................................... 46-51
2.4. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................... 52-59
2.5. Кәсіпорынның табыстылығын талдау........................................................ 60-64
2.6. Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау............................... 65-70
3-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары........................................................................................................... 71-75
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен
төлем қабілеттілігін арттыру.............................................................................. 76-79
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен
іскерлік белсенділігін арттыру.......................................................................... 80-83
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру..................................................... 84-85
Қорытынды........................................................................................................ 86-88
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................... 89-94
Қосымшалар......................................................................................................... 91-9

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері.doc

— 754.00 Кб (Скачать)

   О.В.Ефимов өзінің "Қаржылық жағдайды қалай талдау керек" деген еңбегін-де талдау әдістемесін, әрбір шаруашылық жүргізушінің маңызды міндетінің бірі болып табылатын және де кәсіпорынның төлеу қабілеті мен өтімділігіне қосымша баға беруге мүмкіндік беретін мүліктік массаның кұрылымын баға-лаудан бастайды3.

   И.М.Лоханина мен 3.К.Золкина [19] алдымен есеп беруді құрастырудың са-пасын тексереді, содан кейін оны оқуды жүргізіп, соның негізінде кәсіпорын-ның қаржы жағдайын бағалайды, одан кейін кәсіпорынның мүліктік жағдайына және оның қалыптасу көздеріне, қаржылық дербестігіне және талдау қабілетті-гіне тереңдетілген талдау жасайды.                                        

   Кәсіпорынның  қаржы жағдайын талдаудың соңғы (ерекше) әдістемесін А.Д.Шеремет  пен Р.С.Сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен

қаржылық  жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі; кә-сіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау; кәсіпо-рынның іскерлік белсенділігін және төлеу қабілетін талдау.   

    Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңде өзгерісін салыстырмалы аналитикалық баланс-нетто бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық тұрақты-лықты абсолюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша кәсіпорынның қар-жылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бас-тапқы пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеті мен қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.                                                                                      

   В.А. Андреев [20] және В.В. Ковалев [21] кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалауға байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады: экспресс-талдау және тереңдетіп талдау. Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты - бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын және қаржылық жағдайын бағалау болып табылады. Оның шеңберінде қойылған мақсатқа көр-некті және жай қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған санының динамикасына есеп, бақылау және талдау жүргізіледі.                                                                

Тереңдетіліп  нақтыланған талдау экспресс-талдаудың бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты - шаруашылық субъектісінің қар-жылық жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңде қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорының болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылау дәрежесі аудитордың өзі-нің ықыласына байланысты. Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі ке-шенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылы-тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.

2- бөлім. «Халлибуртон  Интернэшнл Инк.»  компаниясының қаржылық  жағдайын талдау. 

   2.1. «Халлибуртон Интернэшнл  Инк.» компаниясының  жалпы сипаттамасы. 

   «Халлибуртон  Интернэшнл Инк.» компаниясы 1919 жылы құрылған. Оның негізгі қызметі  мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скаважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтау-мен айналысу болып табылады.

   Компанияның орталық офисі  Хьюстонда (Техас штаты) орналасқан.

   Жұмысшылар саны 85 мың адамды құрайды.

   Кәсіпорынның  әлемнің 120 мемлекетінде бөлімшелері  бар, солардың қатарында Қазақстан да бар. Қазақстандағы кәсіпорынның бөлімшесі Каспий-дегі мұнай жобаларын әзірлеумен айналысады.

   Компанияның айналымы 2006 жылы 30,5 млрд. АҚШ долларды құрады.

   Соңғы 12 жылда «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы Нарьян-Марда, Няганда, Ханты-Мансийскте, Пермьде, Тюменьде, Нижневартовскте, Нефтеюганскте, Сургутте, Губкинскте, Ноябрьскте, Архангельскіде, Мегионда, Радужда, Охада, Тенгизде, Ақтөбеде, Атырадау, Актауда, Астраханда, Причал-да, Небит-Дагта, Туркменбашыда және Южно-Сахалинскте жобаларды іске асырумен айналысты.

   Компанияның Energy Services Group бөлімшесі мұнай және газ саласында қызмет етеді және скажиналар құрастыру, оларды аяқтау және жөңдеу бойынша қызметтер көрсетеді.

   Компанияның екінші білімшесі Halliburton Engineering and Construction Group теңіздегі платформаларды, мұнай  және газ өңдеу зауыттарын жабдықтаумен және өндіріс объектілерін салумен , жөңдеумен айналысады.

   Әлемнің 30 халықаралық тәуелсіз компанияларымен  бірлесіп қызмет ету тәжірибесі бар.

   «Халлибуртон  Интернэшнл Инк.» компаниясы Қазақстанда  Қашағанды иге-ріп жатқан Agip KCO консорциумымен, «Казахойл Актобе» компаниясымен және «Тенгизшевройлмен» (ТШО) қызмет жасайды.

   «Халлибуртон  Интернэшнл Инк.» компаниясының  басқарушылық құрылы-мы төмендегі 1- суреттетен көруге болады. 

     

   

   

     
 

   Сурет-1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының басқарушылық құрылымы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   2.2. Кәсіпорынның мүліктік  жағдайын талдау. 

   Баланс  активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кә-сіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

   Қаржылық  есептің маңызды элементі болып  саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және олар-да болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның же-ке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.                                                                                                           

   Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы  дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алай-да, кәсіпорын мүлік құныньщ өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі ба-ланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтар-лықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.                                                  

   Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.                                             

   Баланс  мәліметтері бойынша активтердің  құрамы мен олардың таратылуына  талдау жасау үшін келесі 3-аналитикалық кесте құрылады.      
 
 
 
 
 
 
 

   Кесте-3

   «Халлибуртон  Интернэшнл Инк.»  компаниясының баланс активтерінің құрамы мен құрылуы.

   Активтер Сомасы, мың тг.    Құрылымы, %    Өзгеріс (+ ; -)
 
    
Жыл басында Жыл соңында Жыл басында Жыл соңында Мың тг. Үлес салмағы, %
Ұзақ  мерзімді активтер                              
Негізгі құралдар 147 795    210 260    40,03    58.44    +62 465    +42,26
Аяқталмаған өндіріс 45 300    17 280    12,27    4,80 -28 020    -61,85
Ұзақ  мерзімді қаржылық салымдар 18 590    18 590    5.03    5.17    0    0
Алдағы  кезең шығындары     395    655    0,11    0,18    +260    +65,82
Жиыны    212 080    246 785    57.44    68,60    +34 705    +16,36
Қысқа мерзімді активтер              0,00    0,00    0    0,00
Тауарлы-материалдық  қорлар 57 780    53 600    15,65    14,90 -4 180    -7,23
Дебиторлық  борыш 91 595    47 525    24,81    13,21 -44 070    -48,11
Қысқа мерзімді қаржылық салымдар    0    670    0,00    0,19    +670     
Ақша  қаражаттары    1 505    5 470    0,41    1,52 +3 965    +263,46
Басқа да қысқа мерзімді активтер    6 290    5 715    1,71    1,58    -575    -9,14
Жиыны    157 170    112 980    42,56    31,40    -44 190    -28,12
Барлығы    369 250    359 765    100,00    100,00    -9 485    2,57

   Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасы-ның есепті жылы 9 485 мын теңгеге немесе 2,57%-ға кемігенін көруге болады. Бұл кәсіпорын дамуының  теріс нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді тал-дай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет.                                                                                                           

4-кесте  мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ағымдағы және ұзақ мерзім-ді активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 14,88 пунктке аз болса (42,56-57,44), жыл аяғында ол  37,2 пунктке (52,33-47,67) дейін төмендеді және 31,40%-ды құ-рады.                                                                                                                                    

Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мо-бильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін си-паттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмыс-ты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы  жағымды өзгеріс болып табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскенді-гін көрсетеді.                                                                                       

   Талдау  жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл  коэффициенттің деңгейі жыл басында 0,43 (157170:369250), ал жыл соңында 0,31 (112980:359765) құрады. Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш - мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағым-дағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.                                                                                                                                      

   Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерек-шіліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің дең-гейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.                                                                                         

   Талданып  отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш  деңгейі жыл басында - 0,74 (157170:212080), ал жыл аяғында – 0,46 (112980:246785) құрайды. Бұл коэффи-циент деңгейі иммобильді қаражаттардың өсу қарқыны мобильді қаражаттар-дың өсу қарқынан артуының нәтижесінде кеміп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни иммобильлді қаражаттар 1,2 есеге (246785:212080) өссе, ал екіншілері - 28,12%-ға (-44190:157170 100) азайған. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақ-тылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтер-мен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұ-рақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасы-ның коэффициентінен артық болуы керек.                                                   

   Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде  қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның  материалды-техникалық  базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалы-ның маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.                 

   Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құны-ның (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы Негізгі құ-ралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің бар-лық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.                                               

   Біздің  мысалымыз бойынша баланс валютасындағы негізгі құралдардың қал-дық құнының үлесі жыл басында - 40,03%-ды, ал жыл соңында - 58,44%-ды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәнінен 8,44 пунктке асып отыр.                                 

   Әрі қарай ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет. Кес-теде келтірілген мәліметтер кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жағымсыз динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қортындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер-яғни ақша қа-ражаттары бір жылда 3965 мың теңгеге немесе 263,46%-ға артқан болса, ал қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар жыл соңында - 670 мың теңгені құра-ды.                                                                                                             

     Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 7,23%-ға төмендеді және ол жыл аяғында 53600 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 0,75 (15,65-14,90) пунктке азайған. Бұл жағдай, материалды айналым каражаттары-ның құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқтығын көрсетеді.

Информация о работе Қаржылық дағдарыстың пайда болуының сыртқы және ішкі факторлары