Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 13:07, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүгінгі таңда тұтас алғанда еліміздегі экономикалық жаңарудың «локамативі» болуға қабілетті дамыған өңірлік орталықтардың экономикалық қызметін жандандыруға,сондай-ақ өңірлердің ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған осы заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы қажет. Мұның бәрі де Қазақстанның 2015 жылға дейінгі даму стратегиясында бейнеленуге тиіс», - деп атап көрсетті.
Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап нарықтық экономикаға көшуге бейімделді.Қазіргі таңда Қазақстан ойдағыдай істеп жатқан нарық экономикасын құрды.Нарықта Қазақстан экономикасын тұрақтандыру үшін қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдалануды қарастыру, оның шешу жолдарын табу болып табылады. Бұл орайда қаржының әлеуметтік- экономикалық мәнін түсіне білудің, Оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың,Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
І. ҚАРЖЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................5
1.1 Қаржының мәні, мазмұны....................................................................................5
1.2 Қаржының атқаратын қызметтері мен рөлі........................................................7
1.3 Қаржы жүйесін басқару және оның қағидалары................................................8
1.4 Халықаралық қаржы жүйесі..............................................................................12
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН
ТАЛДАУ....................................................................................................................17
2.1. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің қалыптасуы......................17
2.2. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің ахуалы.........................................................................................................................19
2.3. Қаржы нарығының экономиканың дамуына жасаған ықпалы.....................24
2.4 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың жолдары......................................................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................34
Төлем баланстарының орнықты және ұзақ тапшылықтары экономиканы күрделі қайта құруды, сауда тосқауындары мен басқа шектеулерді қажет етеді, ұлттық валютаның құнсыздануына, елдің сыртқы берешегінің көбеюіне соқтырады.
Экспорт-импорт
операцияларын жүргізуде
ІІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
2.1
Қазақстан Республикасындағы
қаржы жүйесінің қалыптасуы
«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.
Біртұтас қаржы жүйесі — өзінің мәні жағынан мынадай түрлі ұғымдарды білдіру үшін қолданылатын термин:
а) бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары мен буындарының жиынтыгы;
ә) елдің қаржы мекемелерінің жиынтыгы, оларға қаржы мекемелері мен салық қызметінің барлық құрылымдық бөлімдері жатады.
Қазақстан Республикасында
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен — мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын — мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады.. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды."Жүйе" термині өзара байланысты элементтердің түрлі критерийлері бойынша сыныпталатын қосалқы жүйелердің іс-қимылын білдіреді.
Терминнің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесі сыныптамасының қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мынандай екі сфераны қамтиды:
1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталық-тандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;
2)
кәсіпорыңдардың
Қаржы
жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе
болып табылады, оған кіретін элементтердің
(қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен
және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі
өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатгалады:
қаржы, бір жағьшан, өндірістік қатынастардың
бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар
жүйесінің элементі болып келеді, екінші
жағынан, өзінің функционалдық өзіндік
ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден
тұратын жүйе болып табылады. Қаржыларда
функционалдық қосалқы жүйелер ретінде
мыналарды атауға болады: салық, бюджет,
сыртқы экономикалық, қаржы жоспарларының
(болжамдарының), қаржылық бақылаудың
заңнамалық қамтамасыз етілуінің және
басқа қосалқы жүйелері.
2.2
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан
Республикасының қаржы
жүйесінің ахуалы
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы (басты) элемент жүйенің басқа элементтерінің арасында алдыңғы орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы болып табылады. Қаржы жүйесінде мұндай элемент (сфера) болып бірінші кезекте мемлекеттік бюджеттен көрінетін мемлекеттің қаржысы болып саналады.
Материалдық
өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің қаржысы
Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақша қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас жасайды.
Қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Қаржының
материалдық мазмұны өзінің көрінісін
қаржы ресурстарын
Қаржы жүйесі ұғымымен қатар қаржы-кредит жуйесінің жалтылама ұғымы да бар, оған каржы жүйесінің буындары ғана емес, сондай-ақ, кредит жүйесі де қамтылады. Қаржы-кредит жүйесі бірлескен түрде көбінесе материалдық өндіріс сферасында қызмет етеді, өйткені кредит мекемелері өндірістік емес сфераға жатқанымен өндірістік емес сферада несие қатынастары шектелінген.
Өзінің ортақ кағидалы біртұтастығына қарамастан, қаржы қатынастарын ұйымдастырудың нысандары мен олардың сыртқы көрінісі әр түрлі. Бұл мағынада қаржы құрамы туралы айтуға болады.
Жалпы қаржы жүйесінің құрамы — бұл қаржы қатынастарының әр турлі сфералары мен буындарының жиынтығы, қатынастардың бұл процесінде түрлі ақша қорлары құрылып, пайдаланылады. Нәтижесінде ол өзінің ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының сфералары мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесінің құрамын құрайды. Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асыруға қызмет ететін нақтылы қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.
Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпы мемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.
Жергілікті
қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды
кұрамы болып табылады. Жергілікті қаржының
әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы
бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген
функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің
әкімшілік-аумақтық құрылысымен және
оның саяси-экономикалық бағыттылығымен
анықталады.Мысалы:
1-кесте.
Қортынды %-бен | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 |
Түсімдер | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 |
Салық түсімдері | 98,6 | 98,0 | 98,3 | 98,4 | 98,3 |
Әлеуметтік салық | 21,3 | 18,9 | 19,5 | 17,8 | 16,6 |
Мүлік салығы | 4,6 | 2,8 | 3,3 | 3,2 | 2,9 |
Жер салығы | 1,4 | 1,1 | 0,9 | 0,7 | 0,6 |
Сыртқы экон.қызметтен түске салық | 3,6 | 3,5 | 4,1 | 5,1 | 4,5 |
Салықтан тыс түсімдер | 6,8 | 6,6 | 9,9 | 5,6 | 4,5 |
Кредиттеу есебін қоспағандағы шығыстар. | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 |
Қорғаныс | 3,7 | 3,4 | 4,3 | 4,5 | 4,4 |
Қоғамдық тәртіп | 6,9 | 7,9 | 8,5 | 9,3 | 8,6 |
Білім беру | 16,8 | 14,1 | 14,0 | 14,5 | 13,9 |
Денсаулық сақтау | 9,6 | 9,0 | 8,2 | 8,5 | 8,4 |
Көлік және байланыс | 2,7 | 6,3 | 5,8 | 6,9 | 7,7 |
Мәдениет,спорт т.б. | 2,6 | 2,9 | 2,4 | 2,7 | 3,2 |
2005-2009 жылдардағы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің
құрылымы
2010 жылғы және ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы экономика дамуының қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы-нын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы нақтыланды.
Тұтастай алғанда, 2011 жылға арналған ЖІӨ-нің жалпы көлемі 6 725 млрд. теңге мөлшерінде немесе 8,3%-ға нақты өсуі болжанып отыр. Орташа жылдық инфляция 5,7 %-дан 7,6%-ға дейінгі межеде көзделген. Мұнайға (Вгеп маркалы) әлемдік бағаның түзетілген болжамы бір баррель үшін 55 АҚШ доллары.
2011 жылғы республикалық бюджетті нақтылау 2010 жылғы екінші жарты жылдықтан бастап Ұлттық қор қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімге арналған тұжырымдамасының қолданысқа енгізілуіне бағытталған, бұған сәйкес елдің барлық мұнай кірістері қорға аударылады.
Бюджеттің кіріс бөлігі мұнай емес сектордың есебінен ғана қалыптасатын болады. Егер мұнай емес сектордан түсетін кірістер қалыптаскдн республикалық бюджет шығыстарының денгейін жаппайтын болған жағдайда, онда осы айырмашылықты жабуға кепілдік берілген трансферт түрінде Ұлттық қордан қаражат жіберіледі. Бұл ретте, кепілдік берілген трансферт бюджеттік даму бағдарламалары ғана қаржылан-дырылады.
Мұнай және мұнай емес кірістерді есепке алудың жаңа тетігін қолданысқа енгізу кезінде және барлық мұнай кірістерін Қорға есепке алудын салдарынан 2011 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің болжамы 39,6 млрд. теңгеге азаяды [12, 56 б.]
Бекітілген бюджетте жоспарланған даму бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыру үшін және бюджетті нақтылау кезінде қабылданған қосымша шығындар үшін 2011 жылдың екінші жартысында ұлттық қордан республикалық бюджетке 124,6 млрд. теңге кепілдік берілген трансферт жіберілетін болады.
Макрокөрсеткіштерді нақтылауды және Ұлттық қор қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тетігін іске асыруды ескере отырып, 2011 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің жалпы көлемі 1 576,9 млрд. теңге (ЖІӨ-ге 18,1%) мөлшерінде немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 85 млрд. теңгеге өсумен қалыптасты, шығыстардың көлемі 1 703,1 млрд. теңгені (ЖІӨ-ге 19,5 %) немесе 97,5 млрд. теңгеге өсумен тапшылық 126,3 млрд. теңгені құрайды.
ЖІӨ-нің нақтыланған көлеміне пайыздық қатынаста тапшылық өзгеріс-сіз 1,4%-да қалды, ал абсолютті мәнде 2010 жылғы республикалық бюджетті атқару қорытындылары бойынша пайдаданылмаған бюджет қаражатының еркін қалдықтарын тарту мақсатында 12,5 млрд. теңгеге ұлғайды.